Материалдар / Мақала "Алтын күз"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала "Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2018
1028
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алтын күз

Күз. Жыл мезгілдерінің ішіндегі ең бір адамзат баласына көтеріңкі көңіл күй мен тамаша әсер сыйлайтын ғажайып шақ. Онымен қоймай бірден бір еңбекке және ұйымшылдыққа баулыйтын мезгіл деседе болады. Жыл бойғы мол азығымызды да осы бір берекелі күз береді емес пе?! Осыған орай сары желекке оранған Алтын күздің қақ ортасы қазан айының жиырмасыншы жұлдызында М.Маметова атындағы шағын жинақталған негізгі орта мектебінде дәстүрлі «Алтын күз – 2017» байқауы өтті. Бұл байқау мектеп директоры Б.Ж Турабаев ағамыздың сөзінен басталынды. Байқау бірнеше кезең бойынша жүзеге асты. Атап айтар болсақ: «Күз берекесі: жеміс-жидектер көрмесі, қабырға газеттері, көркем суреттер және аруларға арналған басты сайыс «Күз аруы – 2017 байқауы». Сайысқа қатысқан әрбір ару, яғни, оқушылар білімділігімен қоса әр түрлі заттардан көйлектер тігу коллекциясында он саусағынан өнер тамған шебер екендіктерін, күзгі жеміс-жидектерден, түрлі астық, дәнді-дақылдардан, балғын бақша жемістерінен көптеген тағамдар әзірлеп қазылар алқасының таңдайын қақтарды. Осындай керемет байқауда мектебіміздің игі жақсылры әділ қазы алқасында өздерінің әділ бағаларын берді. «Әу демейтін қазақ жоқ» ,- демекші өнер сайысында бастауыш сынып қыздары сынып жетекшілерімен бірігіп ән айтса, орта буын, жоғары сынып арулары өз аналарымен әсем ән салды. Қыздардың анасымен қосылып «Ана» туралы әнді нақышына келтіріп орындаған кезде көзімізге еріксіз жас үйірілді. Бұл ата-ана, ұстаз, оқушы арасында байланыстың айқын көрінісі іспетті. «Монолог оқу» кезеңінде біраз қыздардың актерлық шеберлігіне, образды сомдау тәсіліне тәнті болдық. «Мәнерлеп оқу» сайысында оқушылар ақиық ақындардың күз мезгіліне арналған шығармаларынан сыр шертті. Сайыстың қорытындысы бойынша бастауыш сыныптар арасында «Күз аруы-2017» үшінші сынып оқушысы –Есқали Айсұлу атанса, ал жоғары сыныптар арасында сегізінші сынып оқушысы – Әлпірақ Бәтима бас жүлдені жеңіп алды. Қалған аруларымыз да әртүрлі номинацияларды иеленді. Бұл кешті ұйымдастыруға атсалысқан мен яғыни мектеп тәлімгері Құрманғалиева Жадыраға және сынып жетекшілерге ата - аналар және оқушылар қауымынан зор алғыстарын білдірді. Осылайша кеш жоғары деңгейде өткізілді. Мұндай кештер мектебімізде одан әрі де жалғасын таппақ. Бұл кештің әдемі қызығы мен көңілділігі талайға дейін есімізде сақталары сөзсіз. Осындай думанды мерекеде мектебіміздің талапкер ақыны Серік Тәжібол өз шығармашылығынан барша ауыл халқына мерекелік табыс тілей отырып өлең арнады.





Жеміс піспей алма ағаштан үзбегелі. Жыл құстары көкке ұшып тізбеленді, Жаз боз бала мекеніне қайта кетіп. Сары алтындай айналаға күзде келді,

Теректер тұр жапырағын жерге қыймай. Алма ағаштың қойынына жеміс сыймай, Қара жердің асылдығын қараңдаршы. Қазағымды мекенеткен алтын бидай. Ойлайтын бар жануардың ойы шимай, Тиындарда бастады жаңғақ жинай. Жануар да бауыр басып қалған екен Аққу кетті сұңқылдап көлін қимай.

Құсттар қайтты қырағыда-жалынды,Қарттайтырды ақ қайынды талынды.Назар салып айналаға қарасаңыз,Байтақ далам сары алтынға малынды.

Кеңейе берсін халқым өзен салан,Астықтарға сыймай тұрсын байтақ далаң.Алтын күз құтты болсын баршаңызға,Осы өленді сыйға тартты Тәжібол балаң.





Ж.Қ Құрманғалиева,Мектеп тәлімгері

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!