Арнайы мектепте мәтіндік есептерді
шығару
Математикалық мәтіндік есеп –
бұл кейбір шамалардың мәндері енгізілетін және шартта көрсетілген
белгілі бір арақатынастар бойынша деректерге байланысты шамалардың
басқа, белгісіз мәндерін табу ұсынылатын біртұтас қысқартылған
әңгіме.
Есептің құрылымы объектілер
туралы мәліметтерді, оларды сипаттайтын шамаларды, белгілі және
белгісіз туралы, шамалар арасындағы қатынасты немесе қоршаған
шындық объектілері арасындағы сандық қатынастарды көрсететін сандық
мәліметтерді қамтитын шартпен анықталады (сонымен қатар, нақты
немесе жанама).
Арнайы мектепте математиканы
оқытудың жалпы жүйесінде арифметикалық есептер маңызды орын
алады.
Жеткілікті түрде оқи
алмағандықтан, оқушылар есептің мазмұнын түсінбейді. Осыған
байланысты мақсатты жұмысты жүргізу қажет. Есеп шешу кезінде
оқушылардың өмірінен және олардың жақын ортасынан алынған
фактілерді пайдалану ұсынылады. Бұл жергілікті материалға
негізделген сандық деректер болуы мүмкін: газет деректері, егін
жинау деректері, балалардың тамағына жұмсалған мектеп шығындары,
ғимараттарды жөндеу, дүкендердегі бағалар
жәнет.б.
Осындай сабақтарда оқушылар
дүкендегі негізгі өнімдерін бағасын біледі, белгілі бір сомаға
алатын азық -түлік, бір күндік ас мәзіріннің құның, комуналдық
қызметтердің(су, жылу, кәріз) төлемдерді
есептейді
Мысалы: Отбасында 4 адам. Суық
су есептегіші орнатылмаған жағдайда айына қанша төлеу керек?
Есептегіш қойсаңызсу үшін төлем қалай
өзгереді?
«Эксперт» дүкенінде электр
тауарларына жеңілдіктер 10% құрайды. Теледидардың бағасы 50000
теңге болса, жеңілдікпен қанша тенгеге алуға
болады?
Бұл ерекше білім беру
қажеттіліктері бар оқушыларға оқытуда үлкен түзету және тәрбиелік
рөл атқарады. Есептер шығару оқушылардың ақыл-ойының дамуына өте
игі әсерін тигізеді, себебі ол анализ және синтез нақтылау және
абстракциялау, салыстыру, жалпылау сияқты ойлау мен жүргізілетін
кезеңді талап етеді.