"Балабақшада баланың тілін дамыту маңыздылығы"
Бакежанова Айгерим Кайратовна
Шеңгелді ауылы "Ақбота" балабақшасы
Балалардың тілін дамытудағы мақсаты:
– Балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
– Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.
«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында»:«Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту мәселесі барлық сабақта жүзеге асырылады, бағдарламаның ең көлемді бөлімі ана тілі және айналадағы дүниемен таныстыру», -делінеді.
Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты – жас ұрпақтың ой – өрісін, сана сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім – дағдыларға үйрету. Сол себепті педагогика мен «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында» сәбидің тілін дамыту, ауызекі сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге жаттықтырып отыру ісіне назар аударады. Өйткені, баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі – тіл болып табылады. Ал тілдің дамуы оның сана – сезімін, ой –өрісін жетіле түсуіне негіз болады. Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, құрбылас балалармен белсенді түрде сөздік қарым -қатынас жасайды. Өмірдегі түрлі іс – әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі жайттар туралы әңгімелейтін болады.
Тіл дамыту сабақтарында көзделетін негізгі мақсат – баланың сөздік қорын байыту, сөйлем құрап айтуға, әңгімелей білуге үйрету. Баланың сөздігі балаларды жекелей ізінде, нақтылы, көрнекі материалдарға сүйене жүргізіледі.
Бұл әдістерді қолдану кезінде баланың тұрмыста кездесетін заттарды, олардың атына байланысты сөздерді түсініп айта білуін, пішіні ұқсас заттарды бір – бірінен даралап, ажыратуға талпыну әрекеттерінбайқау мақсаты көзделеді. (Әр түрлі жастағы балалардың сөздік қорын анықтау үшін жинақталған әдістемелік құралдар бар) . Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекеме балаларына мемлекеттік тілді меңгерту бірінші жолға қойылды. Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін оқыту жұмыстары тәрбиешілердің көп еңбек етіп,ізденіс пен дайындығын қажет етеді.Сондықтан қазақ тілін оқыту мәселесінде мектепке дейінгі мекемеде білім беру, тәрбиелеу ісіне қоғам,ұжым болып бір ауыздан атсалысуымыз қажет. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мәселесі алдымен балабақшада жүзеге асырылады. Балалардың ақыл-ойы мен мінез-құлығының дамуында тіл маңызды рөл атқарады. Біздің мақсатымыз – балаларды ата-бабадан қалған салт-дәстүрге, адамгершілікке баули отырып,жаңа технологияны меңгерту. Осы мақсатымыз жүзеге асуы үшін біз ең алдымен өзіміздің ана тілімізді меңгеруіміз қажет. Бүгінгі таңда тіл туралы көп айтылады.Тіл білген адам-мәдени,рухани жан азығы мол адам.
Адамның ойы тілден көрінеді. Сондықтан балабақша қабырғасынан бастап тіл үйретудің маңызы зор. Балалабақшада қазақ тілін үйретуде сөздік жұмысты қоршаған ортамен,күнделікті өмірмен тығыз байланыстыра жүргізу,жаңа сөздер қамтылатындай түрлі ойындар арқылы тіл ұстарту, көру, есту,тыңдау,қайталау, есте сақтау,жаттау қабілеттерін жетілдіріп отыру,балаларды сөйлесе білуге , сөйлемдерді дұрыс айтуға,тәрбиешінің сұрағын түсініп,дұрыс жауап беруге баулу мақсаттары көзделеді. Әр түрлі жаңа технологияларды өз тәжірибемізде қолданып отырамыз. Соның бірі «Ойын» технологиясы. Балалның танымын алғашқы күннен бастап дамытуда,оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы-ойын әрекеті. Әр бала ойнау үшін алдымен ойланады,ойлана отырып ойнайды.Кез келген бала еш уақытты жалғыз ойнамайды,құрбыларымен бірге ойнайды,сол арқылы бір-бірімен сөйлеседі.Сөйлесе жүріп,пікірлесіп әсер алысады,ойынның мазмұнын анықтайды.Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Ойын баланы ақыл-ой жағынан да,дене жағынан да алға жетелеп дамытады,баланың ойын өрбітіп,тілін дамытып, бойын өсіреді. Тәрбиеші ойын әрекетін ұйымдастыруда өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай отырып ойлануға бағыттайды,заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, қиялын дамытады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала "Балабақшада баланың тілін дамыту маңыздылығы"

шағым қалдыра аласыз