Астана қаласы
№58 мектеп – гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі
Даниярова Г.А.
Балаларды мектепке дейінгі дайындық мәселесі
Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға , жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр.
Білімділік пен тәрбиеліктің нәрі мектепалды даярлық топтарынан басталады.
Мектепке дейінгі білім беру стандарты
-
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық процесті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді пайдалануды;
-
білім беру мазмұнын, оның деңгейі мен сапасын іріктеуге қойылатын талаптарды регламенттеуді;
-
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даярлық топтарының қызметін баланың денсаулығы мен оның физикалық дамуын сақтауға бағдарлауды;
-
баланың дамуының әрбір жас кезеңінде әлеуметтік ахуалды іске асыру үшін жағдайларды қамтамасыз етуді;
-
баланың жас кезеңдері сабақтастығы негізінде бірыңғай білім беру кеңістігін сақтауды;
-
мектепке дейін тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары және бастауыш мектеп арасында сабақтас байланысты реттеуді;
-
отбасы әлеуетін және мектеп жасына дейінгі тұлғаның толыққанды дамуына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының дамыту ортасының психологиялық-педагогикалық негізін пайдалануды;
-
әлеуметтік- мәдени міндеттерді шешу – мектеп жасына дейінгі балаларға білім берудің жаңа үлгісін қалыптастыруда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары, отбасы,әлеуметтік ортаның бірігуін;
-
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивті білім беруді енгізуді болжайды.
Мектепке дейінгі мекеменің мақсаты:
- денсаулығын сақтау, нығайту;
- психологиялық дамуына жағдай жасау (есте сақтау, ойлау, қабылдау)
- мектепте оқуға дайындау (мектеп, мектеп ережесі, қоңырау, үзіліс)
Мектепке дейінгі мекеменің міндеттері:
- салауатты өмір сүру салтының құндылығына балаларды қатыстыру;
- эмоционалдық аман-саулығын қамтамасыз ету, әр түрлі көркемдік іс-
әрекет түріне жағдай жасау;
- талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту;
- айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру.
Коммуникативтік –
тілдік құзыреттілігі
Денсаулық
сақтау
құзыреттілігі
Танымдық
құзыреттілік
Әлеуметтік
құзыреттілік
1 жастан бастап 6 жасқа
дейінгі балаларды
дамуына қойылатын
жалпы талаптар
Шығармашылық
құзыреттілігі
Аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі - ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың маңызы зор. Өйткені, сабақтастық туралы мәселе өткір қойылып отыр . Бұл мәселені ғалымдар, білім беру мекемелерінің жетекшілері , мұғалімдер , ата-аналар да көтеріп отыр. Олардың дабыл қағуына толық негіз бар.
Сондықтан мектепалды даярлық топ пен бастауыш буын сабақтастығын айқындауда біріншіден: аталған сатыдағы білім берудің өзіндік мақсаттарының айқындалуы, білім мазмұнының бірыңғай, жүйелі құрылуы, баланың белсенді дамуы арқылы білім берудің келесі сатысына көшудің тиімділігінің қамтамасыз етілуіне. Екіншіден: білім беру жүйесінің әрбір әдістемелік компоненттерінің байланысы мен үйлесімділігінің болуына назар аудару керек (мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістемесі, ұйымдастыру түрлері.
Мектепалды даярлық топ пен бастауыш білім сатысының сабақтастығын тек баланы мектепке дайындау деп түсінбеу керек, мұнда педагогтар мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің формалары, әдіс-тәсілдерімен жете танысып, 6 жас пен 7 жас аралығындағы психологиялық ерекшелікті анықтай отырып мектепке біртіндеп жеңіл бейімделуіне жағдай жасау шарт.
Сонымен қатар аталған сабақтастық сақталу үшін мектепке дейінгі кезеңде — жас ерекшелігіне сәйкес баланың өзін-өзі бағалауының сақталуы, танымдық және тұлғалық дамуы, қоршаған ортамен байланыс жасауға дайындығы қарастырылады. Бастауыш сатыда — мектепке дейінгі шақтағы жетістіктерінің барлық деңгейіне тірек болуды , қарқынды даму жағдайында жеке жұмыстарды , мектепке дейінгі қалыптасып болмаған қасиеттерін жетілдіруге арнайы өзара қарым-қатынас жасау формаларын дамытуды қамтамасыз етеді.
Сабақтастық даму кезеңдері мен сатылардың арасындағы ортақ мақсат-міндеттер, ортақ мазмұнды байланыс, бұл байланыс олардың толық және жеке жақтарының кейбір элементтерін сақтайтын тұтас жүйе. Жеке тұлғаның даму кезеңінің үздіксіз білім беру деңгейлері мен сатылары нақты мақсаттарды іске асыру жағдайлары мен талаптарының іске асырылуымен анықталады. Осының барлығы бір ғана түпкі мақсатқа — баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағытталуы тиіс.
Балаларды мектепке даярлау кезеңінде назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады: баланың дене бітімімен бірге , саусақ сүйектерінің дамуы мен көру қабілеті; іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыра білуі; құрбыларымен, үлкендермен қарым-қатынасы ; қоршаған ортасын қабылдау бейімі т.б.
Сондықтан алты жасар балаларға жағдай туғызудың негізгі жолдарын алдын —ала жан-жақты талдап, нақты шешімдер қабылдауды қажет ететін талаптар бар.
Олардың ең бастылары арнайы білім беру кеңістігін құратын орта; оқу, ойын, жатын бөлмелері; жас ерекшеліктеріне сай оқуға, жазу-сызуға арналған парталар; гигиеналық талапқа сай асхана; сынып бөлмесінде әр баланың оқу-ойын құралдары сақталатын арнайы орын; баланың бойына ескеріліп құрылған сынып тақтасы.
Қазіргі таңда көптеген ата-аналар пікірінше баланы оқыту және тәрбиелеу – мұғалімнің міндеті, оған жауапты мектеп деп есептейді. Сондықтан да ата – аналар және отбасы мүшелеріне өздерінің балаларын оқытуға қатысы бар екендігін сезіндіру, оқу-тәрбие ісіне тарту өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Мектепалды даярлық топтағы тәрбиешілердің негізгі мақсаты - баланы тек қана мектепке дайындау емес, оны кішіпейілділікке, үлкенді сыйлауға, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу .
Білім беру әр бала, әр оқушы үшін тұлғалық мазмұндығын қамтамасыз етуге және ол үшін өз ісіне де, өз өмірінде жеке тұлғалық ойын құруға, өзіндік қорғану, өзіндік тәрбиелеу механизмін қалыптастыруға және адамдардың адаммен, табиғат, өркениет, мәдениетпен қауіпсіз қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етеді. Білім беру баланың жеке тұлғасында адамдық экологияны сақтап, тәрбиелеуге, өмір маңыздылығына, жеке бас бостандықтарына адамгершілікке тәрбиелеуде адамның қалыптасу функциясын қалыптастыру керек. Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі мақсатымыз ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен өріліп жатса, еліміздің әрбір азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан, 2003, 26 желтоқсан, Б.5.
2. Қазақстан республикасы Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. - Алматы, 2002.
3. Выготский Л.С. Психология. – М., 2000.
4. М. Жұмабаев, «Педагогика» —1992 ж.
5. Тұрғынбаева Б.Ә. «Дамыта оқыту
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала "Балаларды мектепке дейінгі дайындық мәселесі"

шағым қалдыра аласыз