Баламызды ғаламтор зардабынан сақтайық.
Қазіргі техника дәуірінде адамдардың күнделікті өмірі компьютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компьютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет пайдаланады. Тіпті интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуына болады. Оның адам баласына берер пайдасы мен зияны да жетерлік. Әлеуметтік желілер көптеп таралған сайын оқушыларымыздың кітапханаға баруы сиреп барады. Әрине техника дәуірінде жан-жақты болған жақсы ғой, бірақ әр нәрсенің өз уақыты, өз орны болуы керек емес пе?
Ендігі бір мәселе – Интернетке тәуелділік. Сағаттап, тіпті таң атқанша интернетті қызықтайтындар да көптеп кездеседі. Бұл да бір тәуелділікті байқатады. Адамның психикасына денсаулығына кері әсер етеді. Интернет ойындарға қызыққан балалар көбіне атыс-шабыс тағы да басқа түрлі ойындарға еліктегіш келеді.Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдістері еніп жаман қылық жасайтын болады. Осы ойындар негізінде балалар өз-өзіне қол жұмсап жатқаны қаншама. Мысалға алатын болсақ «Синий кит» ойынына жалпы әлем елдерінде қаншама балалар кіріп, өз қолдарын жарақаттап тіпті өз өмірін қиғандар да кездесті. Басқа елде отырып, үйінен шықпай–ақ көршілес елдердің жасөспірімдерінің санасын улап түрлі жағдайларға душар қылуда. Интернет ойындарынан басқа өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар. Соны неге ойнамасқа? Асық ойнау, күрес, қол күрес волейбол. Футбол сияқты көп ойындар бар. Қыздарымыз бен ұлдарымыз осы интернет желілері арқылы түрлі діни ағымдарға кіріп кеткендігін кейбір ата-аналар байқамай да қалып жатады. Қызбалалар әлеуметтік желі арқылы жігітпен танысып, түрлі қиын жағдайларға түсіп қалуда. Бір бөлмеде тығылып виртуалды әлем қызығына еніп, шынайы қарым-қатынастан мақрұм қалып, компьютерлік ойындарды ойнағанша, далада бір уақыт таза ауа жұтып көпшілікпен көңіл көтеріп денемізді шынықтырып, сау болғанға не жетсін? Ата-аналар балаларын осы тәуелділіктен жеткілікті деңгейде құтқара алып жүр ме?... Кейде тіпті ата-аналардың өзі осы виртуалды әлем қызығында жүргендігін байқап жатамыз. Жас шыбық қаншалықты иілгіш болса, бала да тәрбиеге соншалықты бейім. Ата- аналар балаларын тек ұрысқанда тәрбиелеймін деп ойламау керек. Әр бір ісі, басқа адамдармен қарым-қатынасы, сөйлеген сөзі, тіпті кітап оқып, теледидар қарап демалғанының өзі балаға үлгі екенін ұмытпау керек. Әрине мына жаһандану заманында интернет қажет, дегенмен интернет әдебін сақтай білген де дұрыс деп ойлаймын.
№1 орта мектебінің педагог-психологы Г.Тажибаева
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала "Баламызды ғаламтор зардабынан сақтайық".
Мақала "Баламызды ғаламтор зардабынан сақтайық".
Баламызды ғаламтор зардабынан сақтайық.
Қазіргі техника дәуірінде адамдардың күнделікті өмірі компьютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компьютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет пайдаланады. Тіпті интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуына болады. Оның адам баласына берер пайдасы мен зияны да жетерлік. Әлеуметтік желілер көптеп таралған сайын оқушыларымыздың кітапханаға баруы сиреп барады. Әрине техника дәуірінде жан-жақты болған жақсы ғой, бірақ әр нәрсенің өз уақыты, өз орны болуы керек емес пе?
Ендігі бір мәселе – Интернетке тәуелділік. Сағаттап, тіпті таң атқанша интернетті қызықтайтындар да көптеп кездеседі. Бұл да бір тәуелділікті байқатады. Адамның психикасына денсаулығына кері әсер етеді. Интернет ойындарға қызыққан балалар көбіне атыс-шабыс тағы да басқа түрлі ойындарға еліктегіш келеді.Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдістері еніп жаман қылық жасайтын болады. Осы ойындар негізінде балалар өз-өзіне қол жұмсап жатқаны қаншама. Мысалға алатын болсақ «Синий кит» ойынына жалпы әлем елдерінде қаншама балалар кіріп, өз қолдарын жарақаттап тіпті өз өмірін қиғандар да кездесті. Басқа елде отырып, үйінен шықпай–ақ көршілес елдердің жасөспірімдерінің санасын улап түрлі жағдайларға душар қылуда. Интернет ойындарынан басқа өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар. Соны неге ойнамасқа? Асық ойнау, күрес, қол күрес волейбол. Футбол сияқты көп ойындар бар. Қыздарымыз бен ұлдарымыз осы интернет желілері арқылы түрлі діни ағымдарға кіріп кеткендігін кейбір ата-аналар байқамай да қалып жатады. Қызбалалар әлеуметтік желі арқылы жігітпен танысып, түрлі қиын жағдайларға түсіп қалуда. Бір бөлмеде тығылып виртуалды әлем қызығына еніп, шынайы қарым-қатынастан мақрұм қалып, компьютерлік ойындарды ойнағанша, далада бір уақыт таза ауа жұтып көпшілікпен көңіл көтеріп денемізді шынықтырып, сау болғанға не жетсін? Ата-аналар балаларын осы тәуелділіктен жеткілікті деңгейде құтқара алып жүр ме?... Кейде тіпті ата-аналардың өзі осы виртуалды әлем қызығында жүргендігін байқап жатамыз. Жас шыбық қаншалықты иілгіш болса, бала да тәрбиеге соншалықты бейім. Ата- аналар балаларын тек ұрысқанда тәрбиелеймін деп ойламау керек. Әр бір ісі, басқа адамдармен қарым-қатынасы, сөйлеген сөзі, тіпті кітап оқып, теледидар қарап демалғанының өзі балаға үлгі екенін ұмытпау керек. Әрине мына жаһандану заманында интернет қажет, дегенмен интернет әдебін сақтай білген де дұрыс деп ойлаймын.
№1 орта мектебінің педагог-психологы Г.Тажибаева
шағым қалдыра аласыз













