Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала Баланың кауіпсіздігі жөнін де

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға кішкентай кезінен бастап, әртүрлі жарақаттардың, қайғылы жағдайлардың алдын алу туралы түсінік беру керек.Бірақ психологиялық тұрғыдан балаларды қорқытып алмау үшін аса сақтықпен түсіндіру керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баланың қауіпсіздігі

Маңыздылары: Балаларға кішкентай кезінен бастап, әртүрлі жарақаттардың, қайғылы жағдайлардың алдын алу туралы түсінік беру керек.Бірақ психологиялық тұрғыдан балаларды қорқытып алмау үшін аса сақтықпен түсіндіру керек.
Әрқашан балаларға өмірде кездесетін әртүрлі қауіпті жағдайларды айтып, оларға үлкендер көмекке келетіні жайлы ескерту керек.
Балалардың әр қойылған сұрағына ұрыспай, байыппен жауап беріп, оның тұйықталып қалмауына және маңызды мәліметті өткізіп алмауына көмектесу керек.
Балаларды қиын жағдайға түсіп қалғанда, оңай жол тауып, дұрыс шешім қабылдауға баулу.
Балалардың қауіпсіз, тыныш өмір сүруі үшін жағдай жасау.

АТА-АНА ҮЙДЕ БОЛМАҒАНДА

Үйде баланы жалғыз қалдырғанда қауіпсіздікті ескеріңіз: балаларды электр құралдардан, тез , оңай жанғыш заттардан қадағалаңыз.Балалар зерікпес үшін ойынмен қамтамасыз етіңіз.Бір жағдай бола қалса, қоңырау шалатын номерді айтыңыз.
Балаларға түсіндіріңіз ,егер есіктің қоңырауы шалынса,қызығушылық танытудың қажеті жоқ екенін түсіндіріңіз.Тіпті ол бейтаныс жан, ата- анасының жібергендігін,оған шұғыл түрде көмек керегін айтса да, мән бермеуі керек.Ашуға болмайды, егер есіктің арғы жағында біреу өзін дәрігер , көрші немесе сантехник деп таныстырса,себебі аталған адамдар тек үлкендердің шақыртуымен немесе келісуімен келеді.Ал егер есікті шықырлатып,бұзған жағдайда, шұғыл түрде ата-анаға әжеге,атаға шұғыл түрде хабарласуы қажет.Егер ата-аналармен байланысу мүмкін болмаған жағдайда полицияның телефон номерін жатқа білуі қажет.

КӨПШІЛІК ЖЕРДЕ БАЛА ЖОҒАЛЫП КЕТСЕ

Егер үлкен адамдар көпшілік ортада бірін-бірі жоғалтып алса,мысалы, вокзалда, аэропортта немесе дүкендерде ал балаларға тіптен қиын.Егер бала ата-анасынан қалып қойса, ата-аналары қайда кетіп қалғанын түсінбей қалса ең бірінші ереже-уайымдамай,ары-бері жүре бермей бір орында тұру.
Балаңызға сол жоғалған жерде тұрып немесе барлық жер жаксы көрінетін жер тауып сонда тұруды айту.Бұл сәтте ата-ана жоғалған баласына асығып келуі керек.Ал егер көп уақыт өтіп кетсе, ата-ана әлі келмесе,полициядан көмек сұрау керек.
Баланы бақылауға алыңыз :бала өзінің тегін, мекен-жайын, ата –анасының номерін білуі керек.Балаға алдын ала ескерту керек, егер ол жоғалып кетсе,немес өзінің аялдамасынан өтіп кетсе.

БЕЛГІСІЗ ЗАТТАР

Балалар әрқашан таныс емес заттарға құмар болып келеді.
Оларға бейтаныс заттарды ұстауға, алып кетуге болмайтындығын түсіндіру керек.
1. Табылған зат әртүрлі жарақат алудың себепшісі болуы мүмкін.
2. Олардың ішінде жарылғыш заттар болуы мүмкін.
Егер бала өзін белгісіз затты тауып алған жағдайда ата-анасына хабар беруі керек. Ал ата-анасы ол туралы полицияға мәлімдейді.Әрбір бала бейтаныс заттардың қауіптілігін түсінуі керек.

ТАБИҒАТ АЯСЫНДА

Демалыс күндері көптеген отбасылар табиғат аясында серуендеуге аттанады.Осы орайда балаға табиғат аясындағы ережелермен таныстыру қажет.
1.Су қоймасының қасында, тіпті таяз өзендердің өзі қауіпті болатынын түсіндіру керек.Балалар өзенде шомылып жатқанда ата-аналары қатаң бақылауға алып, балалардың өзенде шомылуына тыйым салу керек.
Ата –аналар, тәрбиешілер, адамдармен қарым – қатынас кезінде балаларға сыпайы болуды үйретеді.Бірақ , егер далада , алаңда, подьезде , балаға бір бейтаныс адам келсе, мына жайтты есте ұстаған жөн:
Бейтаныстың көлігіне отыру,ол айтқан жаққа отыру, лифтіге мінуге болмайды.Бейтаныс балаға жылы шырай танытып, оған ойыншық беріп немесе тәттілер ұсынса да оның ырқына жығылмау керек.
Балаға түсіндіріңіз,егер бейтаныс адам оның қолынан ұстап алса, баланы зорлықпен біржерге апара жатса, бала өзіне назар аудартып, үлкендерден көмек сұрауы керек немесе қашуы қажет.

ШАРУАШЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ

Тіпті жақсы көріп жүрген ойыншықтардың өзі жалықтырып жіберуі мүмкін,сонда баланы үлкендердің қолданатын заттары қызықтыруы мүмкін.Кейде балалар тоқ шәйнекті қосуға немесе анасының шаш кептіргіш құралын,әкесінің пышағын қолданып көруге қызығады.Балаларға шаруашылық заттар мен үлкендердің қарауынсыз қолдануға тыйым салыңыз.Дұрыс үйретілген жануарлар адамға зиянын келтірмейді.Бірақ кей жағдайларда үй жануарлары адамға зиянын тигізуі мүмкін.Далада қараусыз жүрген иттер немес мысықтарға тамақ беріп, сипап немес мазақтаудың қажеті жоқ екендігін, балаға түсіндіру керек.Балаларға ескертіңіз жануарлар әртүрлі аурудың немесе жарақатттың себепшісі болуы мүмкін.Балаларыңызға жануармен қарым-қатынастан кейін қолды сабындап жууды әдетке айналдыру керек екенің ескертіңіз.
Егер жануар баланы тістеп алса, ол дереу ата-анасына хабар беріп, алғашқы көмек көрсетуі керек.Күннің шақырайып шығып тұрғаны қандай тамаша! Бірақ күн сәулесі жазда қауіпті болады.Жазда жағажайда күнге қыздырыну кезінде әртүрлі күйік жарақатын алуы мүмкін.Бұл тез әрі байқаусыз болады. Баланың денесін әрі басын күннен қорғау керек .Ыстық күні суға үлкенге қарағанда , бала мұқтаж болады.Баланы көлеңкеде ұстауды ұмытпаңыз, бірақ көлеңкеде де тері күйеді.Үлкенге қарағанда бала ыстыққа төзе алмайды.Оны үйде ұстаған жөн.Күз және қыс мезгілдерінде жылы киінуге кеңес береміз , кейде ылғалды киім ауырып қалуға себепші болуы мүмкін.
Қысты күні балаға көп қозғалу керектігін және оның киімінің бос, ыңғайлы болу керектігін айтқаныңыз жөн.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.06.2021
279
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12