400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Мақала Баланың шығармашылық қабілетін дамытудағы тәрбиешінің рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрбір тәрбиеші алдына келген балаларды жаңа идеялармен таныстыруға, шығармашылықпен айналысуға шабыттандыруға және оларды өзінің ішкі шығармашылық әлемін ашуға ерекше күш салуы керек. Тәрбиеші тек қана білім беруші емес, сонымен қатар балалардың тұлғалық дамуына ықпал ететін жетекші болып табылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баланың шығармашылық қабілетін дамытудағы тәрбиешінің рөлі

Тәрбиеші: Отарбаева Айсауле Маратқызы

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту қазіргі заманғы білім беру жүйесінде маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Шығармашылық қабілеттер тек өнер немесе ғылыммен айналысатын балалар үшін ғана маңызды емес, олар күнделікті өмірде әр түрлі жағдайларға шығармашылықпен жақындау арқылы өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытуға ықпал етеді. Бұл қабілеттің дамуына әсер ететін негізгі тұлға тәрбиеші болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалар 3 -5 жас аралығында дамып, өзіндік реттелуін арттыруға ықпал етеді. Балалардың жас ерекшелігін 3 – 5 жас аралығында  жақсы дамыта  қалыптастыру керек. Тәрбиеші баланың шығармашылық әлеуетін ашып, оны қолдап, дамытуға ба-ғыт береді. Тәрбиешінің шығармашылық қабілеттерді дамытудағы рөлі өте  маңызды. 

Әрбір тәрбиеші алдына келген балаларды жаңа идеялармен таныстыруға, шығармашылықпен айналысуға шабыттандыруға және оларды өзінің ішкі шығармашылық әлемін ашуға ерекше күш салуы керек. Тәрбиеші тек қана білім беруші емес, сонымен қатар балалардың тұлғалық дамуына ықпал ететін жетекші болып табылады. Оның міндеті – баланың шығармашылық әлеуетін ашу және оны дұрыс бағытта дамыту.

Шығармашылық қабілеттердің ең қарқынды дамитын уақыты мектеп жасынадейінгі кезең екенін естен шығармаған жөн.

Шығармашылық қабілеттердің дамуы баланың өзіндік «Менін» қалыптасты-румен, жаңа идея тудырумен, өмірлік жағдаяттарға икемді бейімделумен жәнтығыз байланыста қарастырылады. 

Шығармашылық қабілеттің түр – түрі көп. Мысалы Сурет салу, музыка және би ырғағы. Бұл шығармашылыққа бейімді балаларды іріктеп алып, тапсырманы соған бейімдеп беру керек. Яғни бұл жерде тәрбиеші әр баланың бейіміне қарай топқа бөледі деген сөз.

Мәнерлеп оқу, ертегі мазмұнын айту, көркем сөз айтуға бейім балаларды топтап, соған сай тапсырма беріледі. Ал енді кейбір балаларда мұндай қабілеттерден гөрі, математикалық қабілетібасым болуы мүмкін,

Сондықтан таланың шығармашылық ортасын қалыптастыра білуі керек. Яғни тәрбиеші балаларға шығармашылық әрекеттер үшін қажетті жағдайлар жасап, мұндай ортаны құру барысында ойыншықтар, шығармашылық құралдар (қалам, бояулар, қарындаштар), музыка мен кітаптар сияқты материалдарды пайдалану өте маңызды. Сонымен қатар, тәрбиеші балаларды түрлі тақырыптарда әңгімелер құруға, ертегілер жазуға, музыка мен би арқылы өзін-өзі көрсетуге баулығаны дұрыс.

Осыған орай тәрбиеші шығармашылық жұмыстарды дұрыс ұйымдастыруы керек. Оның жұмысының маңызды бөлігі – балаларға шығармашылық тапсырмалар беру және оларды орындауға ынталандыру. Әр баланың қызығушылығы мен қабілетіне қарай тапсырмалар мен жобаларды ұсына отырып, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал етуі керек. Сонда ғана тәрбиеші балаларға бейнелеу өнері, ән айту, би билеу, музыка тыңдау, әдебиетке қызығушылық таныту арқылы өз қиялын іске асыруға мүмкіндік береді.Тәрбиеші баланың өзін еркін сезінуіне жағдай жасау – бұл балалар-дың интеллектуалдық және эмоционалдық дамуына тікелей әсер етеді. 

Тәрбиешінің кәсіби шеберлігі мен шығармашылығы балаға оң ықпал етеді. Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі мен жаңашылдығы оның балаларға шығармашылық қабілеттерін дамытудағы тиімділігін арттырады. Егер тәрбиеші өз жұмысына шығармашылықпен қараса, балаларды шығармашы-лыққа баулу да нәтижелі болады. Ал ол жұмысын бірізділікке қоя алмаса, онда баланың шығармашылық қабілеті ашылмай қалады. Тәрбиеші «сегіз қырлы, бір сырлы» болғанда ғана жұмысы нәтижелі болып, баланың ішкі жан – дүниесіне үңіле алады.

Мен де алдымдағы тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілетін арттыруда көбіне балалардың бейіміне қарай топтастыра отырып, жекелей тапсырмалар беремін. Мақсатым: «бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, әрбір жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуына әсер етіп, бойларында өздеріне деген сенімділігін қалыптастыру. Шығармашылық қабілет тек сабақ мазмұнымен шектелмей, тәрбиелік ортаның сапасы, ұжымдық тәжірибе, ойын-өнер-жобалық әрекет, отбасы мен қауымдастықтың қолдауы, сондай-ақ бағалау мен рефлексия мәдениеті арқылы жүйелі түрде дамитыны тұжырымдалды. Демек, тәрбие жұмысы шығармашылықты «қосымша нәтиже» ретінде күтпей, оны мақсатты түрде жоспарлап, баланың дербестігін, қауіпсіздігін және ынтасын сақтайтын педагогикалық технологиялармен іске асырған жағдайда ғана баланың шығармашылық әлеуеті толық ашылып, оның болашақтағы әлеуметтік бейімделуіне, кәсіби өзін-өзі анықтауына және өмірлік табыстылығына берік негіз қалайды.

Баланың шығармашылық қабілетін дамытудағы тәрбие жұмысының маңызы оның тұлғалық дамудың өзегіне әсер етуімен айқындалады: тәрбие жұмысы баланың қызығушылығын оятып қана қоймай, оны тұрақты мотивке айналдырады, ал мотив шығармашылық әрекеттің ұзақ мерзімді қуатын қамтамасыз етеді.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
13
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі