Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала: "БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА РУХАНИ –ІЗГ1ЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДЕ ОТБАСЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Магистранттарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӘОЖ: 373.3


Кайрлиева У.Б. – БҚО, Орал қаласы, № 47 ЖОББМ

Е-mail: zhako_anglo94@mail.ru


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА РУХАНИ –1ЗГ1Л1К ТӘРБИЕ

БЕРУДЕ ОТБАСЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ


Аңдатпа. Мақалада бастауыш сынып оқушыларына рухани-ізгілік тәрбие беру соның ішінде «Ақиқат», «Дұрыс әрекет», «Сүйіспеншілік», «Ішкі тыныштық», «Қиянат жасамау» жалпыадамзаттық құндылықтарды бағалау арқылы ішкі әлемдегі өмірлік бағдарды дамыту, ізгілік ақылдың шешіміне, ізгі жүрек, ізгі сезім, махаббат пен жанашырлықтың саналы және санадан тыс әрекеттердің дұрыс қалыптасуына негіз болатын бағыттары қарастырылады.

Тірек сөздер: Ізгілік, махаббат, мейірім, адамгершілік, қиянат, дұрыс әрекет, тыныштық.


Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің адамзат баласының жеке тұлғалық сапалық қасиеттерінің қалыптасуына ықпалы бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Ол туралы «Адам құқығы конвенциясында», қоғамымыздағы демократиялық жаңғыруларға сай жалпы азаматтық ұлттық құндылықтарға, адамгершілік ойларға негізделген «Қазақстан Республикасындағы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында» (1996 ж.) және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007 ж.) қарастырылады. Білім берудің маңызды мақсаты – адамды әдеттегі үйреншікті сана-сезім шеңберінен алып шығып, мәдениеттің биік деңгейіне көтеру, өз гуманистік дүниетанымы мен адамзат табыстарына негізделген өзіндік сенім көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік тудыру, жеке тұлғаның ізгілік қасиеттері мен мәдениеті арқылы өркениетті көтеруін көздейді [1].

ХХІ ғасырдың басындағы еліміздегі және әлемдегі болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси жаңарулар жаңа проблемалардың пайда болуына әкеліп соқтыруда. Осы кезекте еліміздің болашағы жас өркендердің бой түзеп, заманға сай тәрбие алуы, адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруі жан-жақты азамат болып қалыптасуының негізі отбасы тәрбиесін арттыру алдыңғы қатарлы мәселелердің бірі болып отыр.

Рухани-адамгершілік құндылықтар негізі және оның тәлім-тәрбиелік маңызы туралы құнды ой-пікірлер туралы қазақ даласындағы ұлы ғұламалар Әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қ.А. Ясауи және т.б. ағартушылар Ы.Алтынсариннің, Ш.Уәлихановтың, А.Құнанбаевтың, қазақ зиялылары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев т.б. болашақ ұрпақты адалдық, парасаттылық, шыншылдық сынды қасиеттерге тәрбиелеудегі халық даналығын жоғары бағалағандығы және соған талпынғаны да аңғарылады. Мектеп оқушыларына ізгілік тәрбие беру мәселесін зерттеуде Ш.Амонашвилидің ауқымды үлесін қосса, жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу мен оның психологиялық жағы Л.М. Божович, Л.С. Выготский, С.Т. Шацкий, С.Л. Рубинштейн, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский, Л.И. Рувинский, Ю.Азаров және т.б. ғалымдардың еңбектерінде баяндалған.

Жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына баса назар аударылып, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Әр баланың ішкі мүмкіндігі мен өзіндік қарымын дамытуға әсер ететін рухани адамгершілік қағидалары жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі ізгілік тұрғыда жүзеге асыруының аса қажетті шарты болып табылады. Жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы – руханилық. Өзін-өзі жетілдіретін тұлға үнемі ізгілік ұстанымдарын өз бойында шыңдап, жетілдіруге ұмтылады. Тұлғаның руханилық санасы – өмірдің мәнін, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, жақын адамдарының алдындағы жауапкершілігін сезінуден басталып, өзінің жеке басына тән азаматтық және адамгершілік парызын орындау болып табылады.
Әр тарихи кезеңнің өзіндік құндылықтар жүйесі қалыптасып, оның өзегіне адам өмірінің мән-мазмұны, дүниеге деген көзқарасы алынатыны белгілі. Қазіргі кезеңдегі тәрбиенің басты мақсаты – жастардың тұлғалық қасиеттерін адамгершілік бағытта дамыту. Адамгершілік жалпы алғанда дүниетаным принципі десек, адам мүмкіншілігінің шексіз екендігін мойындау, өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын және абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету – қоғамның түпкілікті мақсатына айналып отыр.

Адамзат жинақтаған тәжірибені келесі ұрпаққа беру мақсатында сақтай отырып, оқытуды ізгілендіру үрдісінде негізгі бағдарды жеке тұлғаның азаматтық белсенділігін арттыруға, рухани-адамгершілік қуатын қалыптастыруға назар аударылуда.

Рухани-адамгершілік қасиетін қалыптастыру отбасынан басталып, орта балабақша мен мектеп табалдырығында жалғасын табады. М.Жұмабаевтың «Жас бала – жас бір шыбық. Жас күнінде қалай исең, өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзейміз десең, сындырып аласың», - деген пікірі ұрпақ тәрбиесімен айналысатын ата-аналар мен педагогтарға үлкен жауапкершілікті жүктейді. Рухани-адамгершіліктің мәні – адам еңбегіне құрметпен қарау, шығармашылық күші мен мүмкіншілігін дамытудағы ролінен көрінеді. Ал еңбек отбасындағы қарапайым күнделікті тіршіліктің тәлім-тәрбиесінен бастау алатыны сөзсіз. Рухани-адамгершілік мәдениеті жалпы адамгершілік тұрғысынан алғанда, ол адамның жемісті іс-әрекеті болып табылады. Рухани-адамгершілік қасиеттер адамдардың еңбек мәдениетінде, қоғамдық мәдениеттің көркем және эстетикалық, ғылыми және білім беру компоненттерін өзара байланысын, қоғамдық қатынастағы мәдениетін, рухани-адамгершілік көзқарасын қалыптастырады. Осы сөздеріміздің дәлелі ретінде, әлемдік ой-сананың асқар биігіне көтерілген Әл-Фараби бабамыздың «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі» деген сөздері, В.Г. Белинскийдің «Тәрбие ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» деген, Д.И. Менделеевтің «Тәрбиесіз білім – есуастың қолындағы қылыштай» дегені, Я.А. Коменскийдің «Тәрбиені мойындамау–адамдардың, жан-ұяның, мемлекеттің және бүкіл әлемнің құруы» деп айтуы әлі күнге дейін маңызын жоғалтпаған. Рухани-адамгершілік туралы айтқанда біз тәрбие салаларын толық қамтимыз. Себебі олар бір-бірімен тығыз байланысты. Тұлғаның өмірге, еңбекке көзқарасын, дүниетанымын қалыптастыруда оқытуды тәрбиелеуді өмірмен байланыстыруда рухани-адамгершілік яғни адалдық, кішіпейілдік, ниеттілік, жомарттылық, жауапкершілік т.б. қасиеттерді дамытады. Аталған сапалық қасиеттерді қалыптастыру арнаулы орта білім беретін және жоғары оқу орындарында оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу негіздері курсын бөлек пән ретінде оқытуды қажет етеді.

Тәрбиелі мінез адам бойында ибалық қасиеттердің бар екендігін көрсетеді. Рухани дүниесі бай, қажеттіліктері мен қызығушылықтары, талғамы, ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейміз. Мінездің тұрақтылығы адамның адамгершілік түсініктерінен туындайды. Рухани адамгершілік тәрбиесінде тәрбиеші оқу шебері тұлға ретінде тани біліп қана қоймай, үш кезеңді ескеруі, оның дамуын көре білуі қажет:

  • бұрынғысы;

  • қазіргісі;

  • болашағы.

Мұғалімнің негізгі қызметтерінің ең бастысы оқушы тәрбиесіндегі сәттілікті айтуға болады.

Қазіргі уақыттағы оқушыларды тәрбиелеу ісінде олардың ішкі жан дүниесі мен рухани әлемін тану, дамыту, жетілдіруге арналған бірнеше іс-шаралар жүзеге асуда. Халықтық дәстүр, рухани мәдениет негізінде баланы рухани адамгершілік тәрбиесін дұрыс жолға қою міндеттерін жүзеге асыру басты мақсат болатыны белгілі. Қазақ даласында тұңғыш рет мектеп ашып, болашаққа оқу-білім сәулесін таратқан халқымыздың ағартушы-педагогы, балалар әдебиетінің атасы – Ы.Алтынсариннің тәрбие саласындағы мұраларын жас ұрпаққа үлгі ету, тәрбие жұмысында пайдалану - баршамыздың парызымыз. Оның әңгімелерінің жастарға тәлім-тәрбие беруде маңызы өте зор. Ол жастарды әдептілікке, сабырлылыққа («Алтын шеттеуік»), қанағатшылдыққа («Қанағат»), мейірімділікке («Шеше мен бала»), ұқыптылыққа («Бір уыс мақта»), әділдікке («Әділдік»), еңбексүйгіштікке («Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш»), т.б. өнегелі істерге үгіттейді.

Ғұлама Абай да адамның адамгершілік, имандылық, моральдық эстетикалық сезімдеріне айрықша мән береді. Осындай сезімдерді бойға дарытуда адам жаман мінездерден айрылып, өзін-өзі тәрбиелеуі керек деп есептейді. «Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады», - деп ескертеді [2, 28 б.].

«Қараңғы қазақ елінің көгіне өрмелеп шығып күн болуды» аңсаған әрі ақын, әрі ағартушы-педагог С.Торайғыров адамның әділ, адал болуы тәрбиеге байланысты, өмірдің өзгертуші, адам мінезін қалыптастырушы ұлы күш саналы тәрбиеде деп түйіндейді.

Философ, шежіреші, өз бетімен ғылым-білім биігіне жоғары көтерілген ғұлама Ш.Құдайбердиевтің жастарға ұсынған адамгершілік жолы – адамдық пен ғылымды меңгеру. Осы екі жол кісіні қиындықтан құтқарады, надандықтан арылтады, адамгершілік қасиеттерге баулиды. Адалдық пен адамдықты борышым деп сана, дүниедегі не сұмдықтың бәрі араны ашылған қу нәпсіден, тойымсыздықтан туады деген терең тұжырым жасайды.

Жан-жақты, жарасымды дамыған тұлғаны тәрбиелеу туралы орыс педагогы К.Д. Ушинскийдің пікірлері күні бүгінге дейін өз құндылығын жойған емес. Ол балаларды басқа адамдарға деген шынайы қарым-қатынасқа тәрбиелеу үшін адамгершілік, ізгілік туралы сөздердің биік мәнісін олар тек түсініп қана қоймай, сезіну керек дейді. К.Д. Ушинскийдің адамгершілік сана, сезім және мінез-құлықтың байланысы туралы идеяларының әрі қарай дамуы ағартушы-демократтар Н.Г. Чернышевскийдің, Н.А.Добролюбовтың педагогикалық еңбектерінен көрінеді.

Отбасы әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар, құндылықтар мен мінез-құлықарды меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар сияқты кеңейтілген отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір отбасы мүшесі басқа мүшелеріне тікелкй және жанама түрде ықпал ете алады. Отбасы жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай алатын болса, балалар неғүрлым жақсы тұрады.

Отбасы сонымен қатар дамушы әлеуметтік жүйе болып табылады. Қоғамдық және мәдени ортаға енетіндіктен, барлық болып жатқан жағдайлар отбасының қызмет атқаруына ықпал етіп отырады. Отбасына әсер ететін әлеуметтік өзгерістерге, жалғызбасты ересектердің көпшілігі, неғұрлым кеш некеге тұру; туылудың азаюы; әйел адамдардың жұмысқа араласуы; толымсыз отбасылар және аралас отбасылар және де кедейлік жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылар баршылық [3, 56-58 бб.]

Отбасы-нақты өмірлік құндылықтарды, түсініктерді, қоғаммен өзара қатынаста бағыттар бірлігін білдіретін адамдар бірлестігі, мәдени бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты бірлестігі,мәдени бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты некенің мазмұны, формалары және тұрақтылық критерийлерін болжайды. Отбасы психологиялық ерекшеліктерден тұратын шағын топ ретінде әлеуметік психологияның зерттеу нысаны болып табылады.

Отбасы әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар, құндылықтар мен мінез-құлықарды меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар сияқты кеңейтілген отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір отбасы мүшесі басқа мүшелеріне тікелкй және жанама түрде ықпал ете алады. Отбасы жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай алатын болса, балалар неғүрлым жақсы тұрады.

Бала ересектермен қарым-қатынастың белгілі бір кезеңінде жағымды эмоциялық қатынаста тапшылықты сезінсе немесе осындай қатынаста қандай да, бір ауытқулар байқалса, оның дамуында тежеушілік пайда болады. Бұл Н.М. Аксаринаның, Е.К. Когбериннің т.б. зерттеулерінде дәлелденді [3; 4].

Ғылыми зерттеулерге теориялық талдау жасай келе отбасында жас жеткеншектердің тәрбиесінің келесі негіздері қаланатындығы анықталды: Біріншіден үздіксіз тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім-тәрбие. Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы – мәдениеттің құнды бөлігі. Қазақ халқының бағалы педагогикалық ой-пікірлерін әр отбасында құндылықтарға айналып, бала өмірінің тәрбиесінде жалғасын табуға көмектеседі. Өнегелі тәрбие ісін дүниежүзілік ғылыми және рухани қазынасы ұлттық мұрамен ұштастыруға отбасы негіз болады. Екіншіден жас ұрпақты адамгершілік іс-әрекетке баулу. Балалар мен жастарды ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлік пен пысықтыққа машықтандыру, өнімді еңбек етуге бейімдеу отбасынан басаталады. Сонымен бірге ата-ана мен бала қарым-қатынас өзара сенімге, қайырымдылыққа, имандылыққа, бір-біріне сый-құрметпен қарауға негізделіп баланы қоғамғамдағы қоршаған ортаға толеранттылыққа тәрбиелеуге негіз болады. Тәрбие барысында психологиялық жағынан жайдарлылық, үйлесімділік ахуал туғызу, жас азаматтың өзіне деген сенімін арттыру, қамқоршылық сезімін дамытуға негіз болады.

Ең бастысы ана сүтімен дарыған туған тілін дамыту отбасындағы қарым-қатынастан бастау алатыны сөзсіз.

Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.

Отбасы- оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.

Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата- аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми- техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.

Отбасында басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.

Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.

Балалардың отбасынбағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешкандай да түрі алмастыра алмайды.

Отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.

Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызады.

Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы: ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбінесе білімі төмен ата мен әжелерге жүктеледі.

Қоғамда жүріп жатқан тұрғындардың материалдық жағдайға байланысты жіктелуі отбасы тәрбиесіне материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың қарым- қатынасына әсер етеді. Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-50% жұмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда педагогикалық көзсоқырлық, тойынғандық жағдайға алып барады. Тойынғандық дегеніміз- өмірге,өмірдегі материалдық және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, келекетті қатынас.

Отбасы - адам баласының өсіп - өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата - ана өздерінің негізгі борыштарын - тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Ата - ана да өздері жанұя құрған кезде бір - біріне шексіз сүйіспеншілікпен, махабббатық сезімдері табысқан кезде қалыптасады. Әке мен ананың арсындағы сыйластық, өз ара түсінушілік, олардың бір - бірін ұғынысуы, сыйласуы, қандай мәселер болсын, материалдық, әлеуметтік, қоғамдық және әкономикалық мәселерді шешуде пайымды шешімдер тауып жатса, бұл отбасының берекесі мен берері де мол болатыны мәлім. Осы мәселе қазіргі кезде еуропалық дәстүрге көбірек бой ұрып барады. Яғни қазақ болмыстан айырылып, бала тәрбиесі, отбасы берекесі келеңсіз жәйттерге бой ұра бастады. Ата - аналардың татулығы отбасының күре тамыры болып табылады. Өйткені ол балаға берілетін тәрбие және әлеуметтік мәселелердің тууына әкеп соқтыратын осыдан туындап жатады. Ал олардың атқаратын міндеттері шексіз де шетсіз де. Ата - аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал балалары алдында ата - анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбие бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар - ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім - тәрбие тұжырымдамасында.

Осыған орай, біздер өзіміздің ғылыми зерттеулерімізде «Бастауыш мектеп оқушыларын отбасы тәрбиесі арқылы рухани-адамгершiлiк құндылықты қалыптастыру» бағдарламасын ұсынамыз. Бұл бағдарлама келесі бөлімдерді қамтиды: Отбасы – асыл қазына; Отан – отбасынан басталады; Дәріптейік дәстүрді; Жас ұрпақтың рухани-адамгершiлiк санасы, рухани-адамгершiлiк сезiмi, рухани-адамгершiлiк мiнез-құлқы, рухани-адамгершiлiк дамуын қалыптастыруға арналған бағдарлама сыныпттан тыс өзін-өзі тану бағдарламасына қосымша факультативтік сабақтар жүргізу барысында қарастырылды. Отбасы тәрбиесi барысында бастуыш сынып оқушыларына ата-ана және үлкендер тарапынан көрсетiлген қамқорлық пен үлгi-өнеге оның болашақта рухани-адамгершiлiгi дамыған, жан-жақты жетiлген азамат болуына қосар үлесі мен бағдарлама тиімділігін тексеру қалыптастыру экспериментінен кейінгі қорытынды тәжірибе барысында қолданылған оқушылардың эмоциянальды және інтелекті дамуын анықтауға арналған зерттеулерден көруге болады [5].

Бастауыш сынып оқушыларының бойында рухани адамгершілікті қалыптастырудағы ата-ана ролін анықтау барысында эксперименттік жұмыстар жүргізіліп келеді. Отбасы психотерапиясын жүргізу барысында жағымды қатынасты қалыптастыру, ұйымдастырушы эмоционалды және интелектуалды себептердің салдарынан отбасы мүшелерімен оның қатысушылары үшін қиын болғанымен қажетті, сондықтан экспериментке қатысудың күшті және тұрақты мотивациясын қалыптастыру мақсаттары көзделді.

Тәжірибелік бөлімде эксперименталді алаң ретінде, Батыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып оқушылары алынды. Алдымен ата-аналар мен бастауыш жасындағы балалармен әңгіме әдісін қолдана отырып, ара қатынасын байқауға сауалнама жүргізілді. Оқушылар мен ата –аналарға «Отбасылық қобалжуды анықтау» сауалнамасы қолданылды. Әдістеменің авторы Э.Г. Эйдемеллер және В.Юстицкис (2000) Әдістеменің мақсаты: Индивидтің жалпы қобалжуын зерттеу, оның отбасына деген көз-қарасы және отбасының оны қалай қабылдайтынын анықтау. «Отбасылық қобалжу» дегенде отбасының бір мүшесі үшін, қалған мүшесі бейсанада қобалжиды.

Кесте 1 – Отбасылық қобалжуды анықтау

Нәтиже көрсеткіштері


Бақылау тобы

Ата-ана бала

Эксперимент тобы

Ата-ана бала

Суб шкала В

8- 46%

7 -50%

5-30%

6-40 %

Суб шкала Т

5- 36%

5 -30%

6-40%

5-35 %

Суб шкала Н

2-18%

3- 20%

5-30%

4- 25 %


«Отбасылық қобалжуды анықтау» сауалнамасының нәтиже көрсеткішін 1-суреттен көруге болады.


1 – сурет.

«Отбасылық социограмма» телімелі тесті

Мақсаты: Жағдайды «қазір осы жерде» бірер минутта анықтауға болатын жедел диагностика. Субьекті отбасы коммуникациясына қалай түседі, тұлғааралық қатынастағы хал-ақуалы, оны тура және жанама түрінде анықтауға, мүмкіндік береді. Бұл әдіс түрі, суретті телімелі әдіске жатады. Әдістеменің өтілуі: Зерттелушіге жауап беру іс-қағазы берілді, онда шеңбер сызылған диаметрі 110 мм тұрады. Нұсқауды түсіндіру. Қағазда бірнеше шеңбер сызылған. Сол шеңберге алдымен өзіңді «Мен» және отбасы мүшелерін дөңгелекпен белгілеңіз. Әр дөңгелекке аттарын жазып қойыңыз. Отбасы мүшелері бір-бірімен кеңеспей жеке дара толтыруды өтіну.

Бірінші белгі бойынша бағалау: отбасы мүшелерін қатар қойып шынайы өмірмен салыстыру. Отбасы мүшелерінің бірімен қақтығыста жүрсе ол шеңберге кірмей қалады немесе бір жануарға теңей салады.

Екінші белгі бойынша дөңгелектің көлеміне назар саламыз, егер үлкен шеңбер жаққа салынса ол адамның өзіндік бағалауы жоғары, ал дәл ортасына өзін немесе жақын адамын салса дарашыл тұлға бағытында. Ал төмен жағына салынса, өзіндік бағалауы төмен.

Үшінші белгіде дөңгелектердің орналасу тәртібіне көңіл бөлеміз. Кім–кіммен жақын, маңызды орында деген сұрақтарға жауап аламыз. Шеңбердің ішінде орналасуы басқамен салыстырғанда үлкен шеңберде болса, зерттелуші көзқарасында ол маңызды адам қатарына жатады. Төртінші белгіде бір-бірінің үстіне салып, жаза берсе, отбасында дұрыс қатынастың болмауы туралы немесе өзара шекара жоқтығынан хабар береді. Отбасындағы өзара қатынас мұқият назар салып талдауды қажет етеді.


Кесте 2 «Отбасылық социограмма» телімелі тесті

Нәтиже көрсеткіштері


Бақылау тобы

Ата-ана бала

Эксперимент тобы

Ата-ана бала

өзіндік бағалауы жоғары

5- 35%

4 -28%

6-42%

4-26 %

өзіндік бағалауы төмен

2- 12%

5 -32%

4-24%

5-30 %

Отбасында маңызды орын алады

5-35%

3- 20%

2 -16%

2-18 %

Отбасында бірге қатынас жоқ

3-18%

3-20%

3%-18

4-26%



Сурет 2 - «Отбасылық социограмма» телімелі тесті


4. «Отбасында эмоционалды қатынасты анықтау» Әдістеме авторы –Е.Бене және Д.Антони (1999). Әдістеме отбасындағы баланың эмоционалды қатынасы мен көз-қарасын анықтауға арналады. Тест арқылы отбасы мүшелеріне деген баланың сезімін, қатынаста өзін қалай қабылдауын сандық және сапалық жағынан бағалауға мүмкіндік алады. Баланың қандай психологиялық қорғану типін қолданып жүргенін анықтауға болады.

Әдістеменің екі түрі бар:1) 4- 6 (8) жас кіші балалары үшін. 2) 6- (8) 10 жас және жеткіншектер үшін. Кішкентай балалар үшін қатынас келесі мазмұнды береді:-баладағы жақсы сезім өзгеден алынатын жағымды сезім ретінде.

- балада жағымсыз сезімнің пайда болуы, өзгеден шығатын күйзелісті қайталау түрінде.

-өзгеге тәуелді.

Ол 20 фигурадан тұрды. Барлық жастағы адамдардың түрін, мөлшерін, көлемін бейнелейді, себебі отбасы мүшелерін арнайы жасауға көмектеседі. Әдістеменің әрбір сұрағы бөлек жеке жолаққа жазылған. Балаға осы сөздер кімге арналады соны байқап сол фигурамен бірге жәшікке салыңыз деп өтінеміз. Әдістеме міндеті –баланы келесі субьектіні көру эмоционалды реттелу арқылы жүргізілді. Бала ыңғайлы дене күйінде отбасы мүшелерін көрсететін фигураларға жақын жерде орналасады. Бала фигураларды таңдайды, ал зерттеуші одан отбасы мүшелерінің қайсысын көретінін сұрайды. Ол фигураларға қатынас жасағанда отбасы мүшелерімен жасағандай қарастырады.

Кесте-3«Отбасында эмоционалды қатынасты анықтау»

Сыналушы топтар

Жағымды қатынас

Жағымсыз қатынас

Тәуелді қатынас

Бақылау тобы

5-35%

6-42%

4-23%

Тәжірибе тобы

7- 40%

4-25%

5- 35%




Сурет 3 - «Отбасында эмоционалды қатынасты анықтау»


Ата-ана роліндігі баламен қатынасын да өзалдына бөлек қарастырдық:

«Отбасылық серия» телімелі әдісі үш вариантта «Менің идеалды отбасым», «Менің шынайы отбасым» және «Менің қажет ететін отбасым» сурет арқылы (арт терапия) деңгейінде анықтауды негізге алдық. Анықтауға ыңғайлы және артынша жұмыс жүргізуге мүмкіндігін тигізеді.

Бастауыш мектеп оқушыларының мінез-құлқын қоршаған ортада реттеу деңгейі мен агрессияның төмен деңгейі толық отбасында 17%, ал жарты кеш отбасында 83% көрсетті. Индивидтерде сүйіспеншілік сезімдерінің бастау алуы толық отбасында 60%, ал жарты кеш отбасында 21% көрсетті. Бастауыш мектеп оқушыларының жасындағы балалардың мінез-құлқын қоршаған ортада реттеу деңгейі мен агрессияның төмен деңгейі толық отбасында 70 %, ал жарты кеш отбасында 36% көрсетті. Индивидтерде сүйіспеншілік сезімдерінің бастау алуы толық отбасында 60%, ал жарты кеш отбасында 75% көрсетті.

Рене Жиль проективті әдістемесі баланың отбасы дағдырысының жүйе бөліктерінде, оның отбасылық рөлдер мен шекараны анықтауына арналып, баланың әлеуметтік бейімделуін меңгеруін, сонымен бірге оның отбасындағы орнын, қатынасын анықтайды. Әдістеме визуалды- вербалді балалар немесе балалармен ересектер бейнеленген 42 суреттен құралған.

Оның бағыты – балаға маңыздысын және басқа тұлғааралық қатынаста тиісті әр түрлі тұрмыстық жағдайларда мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты өзін басқаруын айқындау.

Балалар суреттерді көру арқылы жауап беру керек. Олар суретті көріп, тыңдап немесе сұрақтарды оқып, жауап берді. Бала суреттегі адамдардың арасынан өзінің орнын тауып алуы керек. Белгіленген адамға жақын немесе алыс жерді таңдауға да болады. Балаға мәтіні бар тапсырмалар, сол сияқты мінез-құлық формаларын таңдау керек. Сонымен, әдістеме баланың айналасындағы түрлі адамдармен және құбылыстармен қатынасына байланысты ақпараттарды алуға мүмкіндік берді. Қарапайым және схема түрінде болғандықтан, басқа проективті тестерге қарағанда Р.Жиль әдістемесінің ерекшелігі балаға жеңіл берілгендігімен бірге, оның формализациясы және квантификациясына мүмкіндік береді. Нәтижелердің бағалауы сапалы түрде болуымен қатар, баланың тұлғааралық қатынасының проективті әдістемесі психологиялық зерттеудің нәтижесі сандық және өзгермелі түрде болады.

Баланың тұлғалық қатынасы жүйесін көрсететін психологиялық материалды, шартты түрде 2 үлкен өзгермелі топқа бөлуге болады:

  1. Өзгермелі, баланың нақты-тұлғалық қатынасын суреттейтін: отбасындағыларға қатынасы (әке, шеше, апа, апай және т.б.), досқа немесе жолдасына қатынасы, авторитарлы ересектерге және т.б.

  2. Өзгермелі, баланың өзін және әр түрлі қатынасты суреттейтін: ашықтығы, бақылампаздығы, мінез-құлықтың әлеуметтік тепе-теңдігі Әдістемені бейімдеген барлық авторлар 12 белгілерді айқындайды:

  • анаға қатынасы

  • әкеге қатынасы

  • ата-анаға қатынасы

  • ата-әжеге қатынасы

  • аға-әпкеге қатынасы

  • ерекше қызығушылық

  • доминанттылық

  • досқа қатынасы

  • мұғалімге қатынасы

  • ашықтық

  • тұйықтық

  • әлеуметтік-адекваттылық қатынасы.

Анықталған адамға қатынасын сол адамды таңдаған санына байланысты білуге болады. Р.Жиль әдістемесін таза проективті әдіс деп айтуға болмайды, ол анкета, проективті тестер арасында өтетін форма арқылы жүзеге асады. Тұлғаның терең зерттеуге арналған құрал болып табылады, сонымен бірге өлшемдер және статистикалық талдаулар жасауға мүмкіндік береді. Салыстырмалы түрде әлеуметтік дағдарысты толық анықтау мақсатында «әлеуметтік атом» үш түрлі сурет салдырамыз ( Я. Морено).

4-кесте. Рене Жиль әдістемесінің бақылау тобындағы нәтиже көрсеткіші:

Анықталынар белгілер

Толық отбасы балалары (%)

Жарты кеш отбасы балалары (%)


анаға қатынасы

16

38

әкеге қатынасы

14

25

ата-анаға қатынасы

34

50

ата-әжеге қатынасы

16

31

аға-әпкеге қатынасы

15

24

ерекше қызығушылық

10

5

Доминанттылық

14

28

досқа қатынасы

18

31

мұғалімге қатынасы

43

59

Ашықтық

43

56

Тұйықтық

13

10

әлеуметтік-

адекваттылық қатынасы

23

43


5-кесте. Рене Жиль әдістемесінің эксперимент тобындағы нәтиже көрсеткіші:

Анықталынар белгілер

Толық отбасы балалары (%)

Жарты кеш отбасы балалары (%)


анаға қатынасы

14

29

әкеге қатынасы

13

23

ата-анаға қатынасы

30

45

ата-әжеге қатынасы

14

28

аға-әпкеге қатынасы

12

20

ерекше қызығушылық

8

2

Доминанттылық

12

24

досқа қатынасы

24

31

мұғалімге қатынасы

30

25

Ашықтық

40

36

Тұйықтық

25

35

әлеуметтік-

адекваттылық қатынасы

25

45


Р. Жиль әдістемесі бойынша алынған көрсеткіштер Пирсонның Х квадраттамасы бойынша өңделді, оның нәтижелерін 3-кестеден көре аламыз:

6-кесте. Рене Жиль әдістемесі бойынша алынған нәтижелердің мәнділігін анықтау кестесі:


Эксперименттік топ

Бақылаушы топ

d

d2

1

71

-27

1

72

-26

1

1

2

60

-6

2

55

-5,5

0,5

0,25

3

61

-8,5

3

60

-10

1,5

2,25

4

55

-2,5

4

63

-13

10,5

10,25

5

64

-17,5

5

71

-24,5

7

49

6

63

-15

6

68

-21

6

36

7

67

-22

7

68

-21

1

1

8

68

-24

8

73

-27

3

9

9

67

-22

9

71

-24,5

2,5

6,25

10

58

-4

10

57

-7,5

3,5

12,25

11

67

-22

11

58

-9

13

169

12

63

-15

12

65

-16,5

1,5

2,25

13

60

-6

13

51

-2

4

16

14

62

-11,5

14

70

-23

11,5

132,25

15

69

-25

15

67

-29

6

36

16

61

-8,5

16

53

-4

4,5

20,25

17

55

-2,5

17

50

-1

1,5

2,25

18

60

-6

18

61

-11,5

5,5

30,25

19

62

-11,5

19

61

-11,5

0

0

20

62

-11,5

20

57

-7,5

4

16

21

66

-20

21

65

-16,5

3,5

12,25

22

62

-11,5

22

66

-18

6,5

42,25

23

64

-17,5

23

64

-14,5

3

9

24

65

-19

24

64

-14,5

4,5

2,25

25

63

-15

25

52

-3

12

144

26

28

-14

26

57

-27

10

100

27

7,5

-15

27

60

-3

4,5

20,25

28

15

-16

28

65

-6,5

8,5

72,25

E

1750

-589

E

1744

-398

140

5804


Х= d-

Хs = 1 - = 1 - = 1 – 0,28 = 0,71


Анықтау эксперментінің нәтиже көрсеткішін негізге ала отырып, коррекциялық жұмыс жүргізуді мақсат еттік. Арнайы ұйымдастырылған топтарға қатысу, тұлғааралық қатынастар мәселелерін шешуге көмектеседі. Психокоррекциялық топтарда сыналушы көзқарастары мен мінез – құлқына ықпал етуші факторлар анықталады, топ қатысушысы ұқсас проблемасы немесе тәжірибесі бар топ мүшелерінен кері байланыс пен қолдау алуына мүмкіндік беріледі.

Тәжірибелік бөлімде экспериментті үш деңгейде қарастыртырдық. Анықтау экспериментінде ата-ана мен жас жеткіншек арасындағы қарым-қатынасынта қақтығыс мәселелері бірнеше әдістемелер негізінде қарастырылды. Нақтылап өтсек: «Отбасылық қобалжуды анықтау» сауалнамасы. «Отбасылық социограмма» телімелі тесті. «Отбасында эмоционалды қатынасты анықтау» эдістеме. «Отбасылық серия» осы психодиагностикалық әдістемелер тақырып көлемінде қарастырылды. Нәтиже көрсеткіштері өңделіп, гистограмма мен диаграммаға түсірілді. Анықтау экспериментінде тәуелді топтар мен қобалжуы жоғары сыналушылар алынды. Осы төмен көрсеткіштермен жеке және топтық әрі тақырыптық тренингтер қарастырылды. Соңында нәтижелі дәлелді көрсеткіштер алу мақсатында бақылау экспериментін жүзеге асырдық. Бақылау экспериментінде де екі тест ала отырып, ата-анамен жас жеткіншек арасындағы қарым-қатынастағы қақтығыс мәселелерін қарастырдық. Соңғы жетістікті салыстырмалы қарастырдық. Қорыта келгенде оқушылар бойындағы жағымды мінез құлық пен адамгершілік қарым-қатынасты қалыптастыру жаттығуларын жас және дара ерекшелігін есепке ала отырып жүзеге асыруда нәтижеге жетуге болатынын эксперимент арқылы көз жеткіздік.


Әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Білім – Образование. – 2004. - №1. – Б. 4.

  2. Джуринский А.Н. История образования и педагогической мысли. учебное пособие для студентов высших учебных заведений. – М., 2003. – 221 с.

  3. Қаплиева А.Қ. Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде қалыптастыру // Пед. ғылым. канд. авторефераты., - Атырау, 2003. - 28 б.

  4. Селиванов В.С. Основы общей педагогики: Теория и методика воспитания. – М., 2000. 258 с.

  5. Колесникова И.А. Теоретико-методологические основы современного процесса воспитания. – Л.,1988. -122 с.






Ергалиева Г.А., Кайрлиева У.Б.

Роль семьи в образовании духовно нравственных ценностей в начальных классах

Элементарные школьников духовно-гуманитарное образование, в том числе «Правды», «право», «Любовь», «внутренний мир», "Не засоряйте" универсальные ценности через развитие внутренней жизни мира через эпохального решения человеческого разума, хорошие новости сердце, чувствует себя хорошо, любовь и сострадание сознательно и подсознательно считать основой для формирования правильных направлений.

Ключевые слова: доброта, любовь, милосердие, нравственное, злоупотребления, неправильного использования, мир..


Yergalieva G.A., Kayrlieva U.B.

Spiritual benefits of education at elementary schools the role of families

Еlementary school students spiritual and humane education, including the "Truth", "right", "Love", "inner peace", "Do not abuse the" universal values through the development of the internal life of the world through the landmark decision of the human mind, the good news heart, feeling good, love and compassion consciously and subconsciously considered the basis for the formation of the correct directions.

Keywords: Goodness, love, mercy, moral, abuse, misuse, peace, etc.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
668
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12