жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала. Батамен ел көгерер..
Батамен ел көгерер
Бекимбетова Аишагул Амангелдиевна
Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекені Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлмекеттік мекемесі
Халқымыз «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер», «Баталы ер
арымас, батасыз ер жарымас». «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп текке
айтпаған. Адамның адамдығын тілеуіне, пейіліне қарап өлшейтін қазақ
баласы айтылған сөзге, тілеген тілекке, берілген батаға ерекше мән
берген. Сондықтан той-томалақта, келелі жоралғыларда бір-біріне
тілек тілеп, қадірлі қариядан бата алу ықылым заманнан
дәстүрімізге айналып, тұрмыс-тіршілігімізбен біте қайнасып
кетті. Қазақ бата арқылы ұрпағын адамгершілікке, имандылыққа,
ақылдылық мен парасаттылыққа, шешендікке баулыған. Дуалы ауыз
қариядан алған ақ бата адамға рух беріп, жігерлендіріп
отырған.
Алты алаштың ардақтысы болған би-шешендеріміздің берген
баталары ел аузында сақталып халық мұрасына айналып, қазақ
фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қалыптасты. Ұйқасты,
ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата
халқымыздың жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, обал-сауап
тұрғысындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті.
Киелі сөзге айналған бата екі түрге бөлінеді: ақ бата, теріс бата.
Ақ бата игі ниеттен туғандықтан ел аузында сақталып, жаңғырып дамып
отырды да, жақсылыққа ғана құштар халқымыз теріс батаны ұмытуға
тырысты. Сондықтан ақ батаның – нәрестеге бата, асқа бата,
ұлға бата, қызға бата, келінге бата, жолаушыға бата, жастарға бата,
сүндет той батасы, наурыз батасы, ораза айт батасы, жарапазан
батасы ас қайыру батасы сияқты түрлері көп. Бата үлгілеріне
В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, сияқты көптеген
зерттеушілер назар аударып,
жинастырған.
Шәкір Әбеновтың
Елбасымызға берген батасын мысал келтіріп
кетсек.
1991 жылы қараша айында
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Абай, Шәкәрім, Мұхтарларды тудырған киелі топыраққа тағзым етіп,
Шыңғыстау өңіріне арнайы келгенде берген Шәкір ақсақалдың
батасы:
Сарыарқа – туған жерім,
елім – қазақ
Қазақ елі ежелден көкседі азат.
Көп естіп, көпті көріп, аз білсем де,
Мен бір ғасыр куәсі – экспонат.
Біз көрген зобалаңда, қуғын-сүргін,
Енді ешкім көрмес үшін қанды қырғын,
Бар ұлттың тілін тауып, табыстырған,
Нұрсұлтаным, жұлдызың жанды бүгін.
Қазақта бата деген екі түрлі
болады: бірі — негізгі бата, екіншісі – лебізді бата. Негізгі бата
– халықтікі. Халық қастерлеген басшысына адал қызметі үшін батасын
өзі береді. Лебізді бата дегеніміз – халықтың тапсырған
аманат-тілегі, келешекке үміт-сенімі. Ол, негізінен, үш міндетке
саяды:
1. Дүниенің бар игілігін
өндіретін жұмысшы, диқан, мал өсіруші қауымның табан ақысын, маңдай
терін зая кетірмей, ысырапқа ұшыратпай ұқсатып, халықтың қажетіне,
игілігіне жарату;
2. Осыған кедергі жасап, кесел келтіретін суыққол сұғанақтарға,
қиянатшыл-зорлықшыл зұлымдарға тыйым салу;
3. Қошеметшіл жағымпазға бой алдырмай, өз ісіңе де, өзгеге де сын
көзбен қарап, қате кетсе, өзің түзей білу. Осы үш талап үдесінен
көрінген басшы ел сенімін ақтары шүбәсіз, анық. Ендігі менің
лебізді батам, тұжырым-түйінім
мынау:
Иллаһи
әумин!
Халыққа береке, мынау қиын заманда бірлік беріп, ел тізгінін ұстап,
еркіндікке жеткізген Нұрсұлтанның атақ-даңқы, абыройы зорайып,
тарихтың бетіне басылатын болсын!..
Аллаһу акбар!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген