400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала Батыс Қазақстан - Сталинград майданының жақын тылы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала Батыс Қазақстан - Сталинград майданының жақын тылы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы БҚО әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен облыс экономикасын соғыс жағдайына сай қайта құру мақсатында жүзеге асырылған іс-шаралар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Рысбеков Т.З., Мендикулова Ж.Б.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал, Қазақстан

E-mail: tuyakbai.rysbekov@mail.ru, zhansulu.mendikulova@mail.ru



БАТЫС ҚАЗАҚСТАН – СТАЛИНГРАД МАЙДАНЫНЫҢ ЖАҚЫН ТЫЛЫ

Аңдатпа. Қазақстанның басқа өңірлеріне қарағанда Батыс Қазақстан осы сұрапыл соғыс жылдары майданға ең жақын стратегиялық аймақ болғандықтан ең көп зардап шеккен өңір. Ұлы Отан соғысындағы Батыс  Қазақстан тарихын, сол кезеңдегі батыс өлкедегі тарихи оқиғаларды зерттеу соғысқа қатысты тарихи оқиғалардың құжаттамалық негізін жинақтап, ғылыми айналымға қосылуына ықпал етті. Батысқазақстандықтардың майдан мен тылдағы ерен ерліктері мен Сталинград майданының жақын тылындағы атқарған қызметтерін зерттеу, өзіндік зерттеу нысаны ретінде облысымыздың соғыс жылдарындағы қоғамдық-саяси өмірі мәселелерін, олардың қатарында ең алдымен жергілікті кеңестердің қалыптасу, даму және нақтылы қызметі тарихы мен Қазақстан тарихын байланыстыру тарих ғылымының келелі мәселелерін толыққанды саралауға көмектеседі деп ойлаймыз.

Кілт сөздер: Сталинград, тыл, майдан, мобилизация, авиация, авиадивизия, Ленин ордені, Атоян


Кіріспе

Батыс Қазақстан облысы Сталинград майданына ең таяу орналаскан аймақтардың бірі болды. Ал неміс фашистерінің Еділге өнмеңдей ұмтылуы Сталинград майданы тылындағы жұмыстардың өте мүлтіксіз тиянақты орындалуын талап етті. 1942 жылдың 21 қазанында КСРО Халық Комитеті Кеңесінің шешімімен Орал қаласы еліміздегі әуе қорғаныс пунктінін катарына жаткызылды. Жаудың авиациясы Жәнібек жэне Орда ауданындағы үйлерді, вокзалдарды, өнеркәсіп орындарын, мектептер мен ауруханаларды жиі-жиі бомбалап отырды. Мыңдаган коммунистер мен комсомолецтер, орасан көп мөлшерде көлік пен техника кыскы және көктемгі жағдайда доңғалақты авиацияның толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз ете алатын әскери әуежайлар (Сайхан, Орда) құрылысына жұмылдырылды. Қар басып қалуына байланысты әуежайды тазартуға Орал қаласының халқы мен көлігі тартылды. Чапаев, Ушаков, Тайпак, Зеленов аудандарында 10 әуежай салуға жер учаскелері бөлініп берілді. Сталинград түбінде қарсы шабуылды әзірлеу кезеңінде майданның тыл қызметі 600 шақырым ішкері орналасты. Сталинград майданының 120-дан астам бөлімінің, бөлімшелері мен кызметтерінің адам кұрамы мен материалдық құнды заттары, соның ішінде 8 - әуе армиясы, әскери құрылыс басқармалары, майдан тылының бөлімдері, оның авиатехникалық, инженерлік, химиялык, санитарлық, азық-түлік, интенданттық қоймалары және оқ-дәрі, жанар-жағар материалдар қоймаларын орналастыру үшін Батыс Қазақстанга жіберілді. Автобронетанк және авиация жөндеу базалары мен шеберханалары, жекелеген жөндеу-қалпына келтіру жэне автотасымал батальондары, темір жол бригадасының батальоны, майдандық темір жол паркі әкелінді. Сайхан, Жәнібек және Шұңгай станцияларында авиация бөлімдерінен баска 1-танк армиясы мен 57-армияның қоймалары орналастырылады. Сталинград әскери округінен көшірілгендерді кабылдау үшін арнаулы қабылдау орындары құрылып, маршруттары бекітілді, медициналық-санитарлық қызмет көрсету және ауыз сумен, ыстық тамақпен жабдықтау жөніндегі шаралар белгіленді [1, 226 - 227 б].

1941 жылдан бастап Қазақстанның жалпы халқының саны күрт көбейе бастаған. Ең көп өсім, 1942 жылдың 1 қаңтарынан 1944 жылдың 1 қаңтар аралығында халықтың өсу динамикасы жоғары болған. Бұл өзгерістердің себебі, Алматы қаласына өнеркәсіп орындарының негізгі ошақтарының көптеп орналастырылуы, сонымен қатар мамандар мен жұмысшылардың және олардың отбасыларының да бірге көшірілуі көп ықпал етті. Ал 1944 жылдың тамыз айынан бастап халық саны төмендей бастады. Бұған себеп соғыстың саябырсып, неміс басқыншыларының кері шегіне бастаған кезі еді. Осыған байланысты реэвакуация басталды да, халық санының кемуіне әкелді.

Осы жылдардағы халық санының өсіп-кемуіне мобилизациялау да өзіндік әсерін тигізді. Алматы қаласында 1941 ж. 1 қаңтардағы халық саны 238500 болса, соның 1938-1941 жж. 22 маусымға дейін 3153 адамы мобилизацияланды, ал 1941 ж. 22 маусымынан 31 желтоқсанға дейін 18758, 1942 ж. - 6051, 1943 ж. - 21114, 1944 ж. - 5547, 1945 ж. - 4011 адам әр кезеңде мобилизация бойынша шақырылып, 1941 жылдың 22 маусымынан - 1945 жылдың 31 желтоқсанына дейін - 75481, ал 1938 ж. 1 қаңтарынан - 1946 жылдың 1 қаңтарына дейін - 78634 адам соғысқа алынған. Осы соғысқа кеткендердің көпшілігі қайтып оралған жоқ. Шайқаста қаза тапқандар қала бойынша - 12994 адам, госпитальда жарақаттан, аурудан - 3419, тұтқында қаза болған - 379 адам, хабарсыз кеткендер - 15308 адам, барлық шығын - 32100 адам болған [2, 19-л].

Өткен ғасырдың 70-жылдарына дейін Ұлы Отан соғысы жылдарында Батыс Қазақстан облысының майдан шебі болғаны туралы жергілікті халықтан басқа көп ешкім біле бермеген. Орал педагогикалық институты тарих пәнінің мұғалімі Павел Букаткин ауылға студенттерді қабылдауға келгенде Жәнібектің соғыс жылдарындағы қиын тағдыры туралы кездейсоқ біліп, Оралға келген соң конференцияда баяндама жасайды. Сондай-ақ Букаткин КСРО Ғылым академиясына елдің Қорғаныс министрлігінің мұрағатында жұмыс істеуге рұқсат алу үшін барған кезінде де атақты тарихшылардың Батыс Қазақстанның соғыс жылдарында майдан шебі болғанын білмегені туралы айтады. Батыс Қазақстанның төрт ауданы Сталинград облысының 300 шақырымға жуық аумағымен шектеседі, соғыс басталғанда күрделі майдан тактикасына байланысты осы аудандар Сталинград майданының ең жақын тылына айналды. Ресми деректерге сүйенсек, 1942 жылғы қараша айының ортасынан 1943 жылғы қаңтар айының басына дейін Жәнібек және Орда аудандарының аумақтарына гитлерлік авиация 538 рет бомба тастаған. Жәнібек ауданының солтүстік-шығыс бетіндегі бауырластар зиратында Ұлы Отан соғысы жылдары Жәнібек жерінде қаза тапқан 93 жауынгер (офицерлер, медбикелер) жатыр [3].

Қазақстанда басқа Одақтас республикалар тәріздес майданға, Жеңіске өзіндік үлес қосты. Әрбір бесінші қазақстандықтың майданға аттанғаны, әрбір отбасының майдан мен Жеңіс мүддесі үшін күні-түні қажырлы еңбек еткені баршаға аян. Әрбір отбасы шежіресінде соғыстың өшпес іздері қалды.

Ұлы Отан соғысына қатысты кейбір мәселелер қайта бағамдауды, жаңа ұлттық көзқарастарды талап етеді.Сондай, өзекті мәселелердің бірі-аймақтарда әскери құрамалардың жасақталуы, оның жабдықталуы мен жауынгерлік жолдары. Әскери құрамаларды адами және материалдық ресурстармен жабдықтау жолында туындағын қиындықтар, халықтың қажырлы еңбектері мен ерліктерін кейінгі ұрпақ санасына сіңіру, мейірімділікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу-қазіргі кездегі қажет дүниелердің бірі.

Әскер қатарына бірінші болып 1905-1918 жылғы туылғандарды, кейін 1890-1904 жылдары, сосын 1923 жылға дейін туылғандар шақырылды.

Республика территориясында соғыстың алғашқы айларында 20-дан астам атқыштар және атты әскер дивизиясы мен бригадасы, бірнеше артиллерия және авиация полкі, алуан әскер түрлерінің ондаған батальондары құрылды. Ірі құрамалары Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Ақмола, Петропавл, Семей және басқа қалаларда жасақталып, майданға аттанды. Сонымен қатар, қазақстандықтар республикадан тыс, көрші аймақтарда жасақталған әскери бөлімдер мен құрамалардың да қатарын толықтырды [4].

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік батысында орналасқан аудан тұрғындары соғыс қасіретін тікелей бастан кешкені - тарихи шындық. Жаудың жаяу әскері мен танкілері қазақ жерінің іргесіндегі Сталинград, қазіргі Волгоград қаласын қоршауға алғаны соғыс тарихынан жақсы мәлім. Қырғын шайқас жүріп жатқан кезде жау ұшақтары Бөкей орда мен Жәнібек аудандары аумақтарын бомбаның астына алды. Бұл музейлік деректі сонау жетпісінші жылдардың бас кезінде республикалық баспасөз бетіне «Майданның бергі бетінде» деген тақырыппен тұңғыш рет шығарған журналистің бірі бүгінгі «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы Жанболат Аупбаев екені де белгілі.

Жанболат Аупбаев өз мақаласында Ұлы Отан соғысы жылдарында Орал облыстық НКВД-сының бастығы болып қызмет атқарған С.Бойконың өз аузынан жазып алған естелігін келтіреді: «Жау ұшақтары бірде теміржолдарды бомбаласа, енді бірде диверсиялық әрекетке бейімделген парашютші десанттарды түсіре бастады. Көп ұзамай Орда мен Жәнібек аудандарындағы халық жасақшыларының шақырусыз келген қонақтармен қақтығысуы басталды. Бірде әуе диверсанттары Жаңақала және Фурманов аудандарымен шектескен жердегі кеңшарлардың бірінің қой фермасына бомба тастады. Таң алакеуімдегі тұманда неміс ұшқыштарына қой қоралары аэродром болып көрінсе керек. Содан кейін олар Жәнібек стансасында біраз нәрсені бүлдіріп кетті. Орда және Жәнібек елді мекендерінің көптеген қарт тұрғындары жау ұшақтарынан қарша бораған листовкалардың дала жолдарында шашылып жатқанын әлі ұмыта қоймаған да болар. Бірақ гитлерлік диверсиялық орталықтың «Ресей жөніндегі мамандары» Қазақстанды Әзербайжаннан айыра алмайды екен. Олардың Орда және Жәнібек далаларына тастаған листовкалары әзербайжан тілінде еді. Мұны фашистер кейін түсінді» [5].

Батыс Қазақстанның төрт ауданы Сталинград облысының 300 шақырымға жуық аумағымен шектеседі.1941 жылдың аяғында, яғни соғыстың алғашқы алты айында екпіні тым қатты болған неміс әскерлері Еділ өзені маңына дейін шығуға мүмкіндік алды. Сол кезде қалыптасқан күрделі майдан тактикасына байланысты Қазақстанның батысындағы бірнеше аудан Сталинград майданының ең жақын тылына айналды. Сөйтіп, сол кезде КСРО Қорғаныс Халық Комиссары Иосиф Сталиннің 1941 жылғы 26 қарашадағы бұйрығына сәйкес Жәнібек, Орда, Казталов және Фурманов аудандары Сталинград майданының қарамағына енгізілді. Соған орай Қазақстанның бұл өңірлерінде «соғыс жағдайы» жарияланды. Бұған дәлел ретінде музейде сақталған төмендегідей бұйрық бар. Оның түпнұсқасындағы мәтіннің мәнін солғындатып алмау үшін орыс тіліндегі нұсқасын қазақшаға аудармай сол күйінде бергенді жөн көрдік: «Приказ» (№ 0444) Народного комиссара Обороны СССР: «... С 1 декабря 1941 г. территориальный состав округов европейской части Союза ССР иметь в следующем составе: Сталинградский военный округ: Сталинградская область, Ростовская область, Калмыцкая АССР, Астраханский округ, западная часть Западно-Казахстанской области (районы Джаныбекский, Казталовский, Урдинский, Фурмановский). Штаб округа - Сталинград. Командующим войсками Сталинградского военного округа - генерал-лейтенант Герасименко Василий Филиппович. Командующим войсками военных округов передачу войсковых частей, учреждений и заведений, переходящих территориально в состав других военных округов, закончить к 5 декабря 1941 г. и донести мне с приложением перечней передаваемых частей. Приказ ввести в действие по телеграфу. Народный Комиссар Обороны СССР И.Сталин». 1942 жылдың жазында майдан аумағы Қазақстан шекарасына жақындай түсті. Бұл сәт ауыл тұрғындарына үлкен сынақ болды. Республика еңбекшілері сол бір сұрапыл соғыс жылдарындағы ауыр сында шыдамдылық пен төзімділіктің озық үлгісін көрсете біліп, Отан алдындағы борыштарын адал атқарды [6].

Сайхан, Шұңғай, Жәнібек стансаларына топтана ұшып шабуыл жасаған неміс-фашист авиациясы халық шаруашылығына 7 млн. сомнан асатын мөлшерде көп шығын келтірді. Едәуір адам шығыны да болды. Алайда бұл Сталинград майданы әскерлерінің бірден-бір темір жол коммуникациясы- Орал-Урбах-Астрахан темір жолы байланысын тоқтатып тастай алмады. Осындай шабуылдардың салдарынан вокзалдар, өнеркәсіп орындары, мектептер, ауруханалар қирады. Халықтың арасында едәуір шығын болды. Батыс Қазақстанда жау десанттарына қарсы күресте Чекистерге көмек көрсету үшін жауынгерлік жасақтар мен истребительдер батальондарын дабыл бойынша көтеруге тура келді. Броньды поездың зенитшілері мен 102-ші авиадивизияның ұшқыштары жаудың ондаған ұшақтарын атып түсірді, 1942 жылы 11 қыркүйекте әскери ұшқыш Д.В.Гудьков (кейін Кенес Одағы батыры атағы берілді) әуедегі шайқаста жаудың ұшағын атып түсіріп, Талалихин ерлігін қайталады. Осының бәрі облыстың Батыс аудандарының және темір жол желісі жұмысын іркіліссіз атқаруға мүмкіндік берді. Тіпті теміржолшылар поездардың қозғалысын тәулігіне 4-тен 14 жұпқа дейін көбейтті. Облыс еңбекшілері, әсіресе госпитальдарға айрықша қамқорлық көрсетті. Сталинград түбінен жаралылардың келуіне байланысты госпитальдар саны 14-ке дейін көбейтілді. Ол үшін яғни орындарды босату мақсатында бірқатар мекемелерді облыс аудандарына көшіруге тура келді. Кәсіпорындар мен тұрғындардың госпитальдарга қамқорлығы, медицина қызметкерлерінің білікті жұмысы арқасында жаралы жауынгерлердің 42 % -ға дейінгісін қатарға қосуға мүмкіндік берді. Ал ауыл шаруашылығы еңбеккерлері Сталинград майданы жауынгерлеріне арнап ет т.б. өнімдер өндіруді едәуір көбейтті. Сонымен бірге соғыс барысының күрт өзгерісі (1943) кезінде Оралдағы өнеркәсіп орындары соғыс қаруын, оқ-дәріні және әскери жабдықтарды өндіруді 2 есе арттырды. «Зенит» зауытының ұжымы Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің ауыспалы Қызыл туын екі дүркін жеңіп алды, кейін I-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатгалды, ал зауыттың конструкторлары Н.Н.Шамарин, В.Д.Горбунов пен Г.И.Жихар жаңа Қаһарлы қару жасаганы үшін 1-ші дәрежелі Сталин сыйлығына ие болды. Бұл табысты қамтамасыз еткендердің қатарында Ленинградтық инженер, кейін Оралдағы аталмыш зауытты 40 жылдан астам басқарған, құрметті азаматы Ленин орденінің екі мәрте иегері, Қазан революциясы, 1 дәрежелі отан соғысы, «Құрмет белгісі» ордендерін иеленген П.А.Атоян да болған еді [1, 227 б].




Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ғұмаров Ж. Батыс Қазақстан облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында//library.wku.kz. -Орал.

2.Российский государственный архив экономики. Ф. 1562, оп. 336, д. 220.

3.Шамұратова Ж. Жәнібекте бомба жарылған//Астана ақшамы. -2020.

4.Аликулова Н.С. Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарында Ақтөбеде әскери құрамалардың жасақталуы//edu.e-history.kz. № 3 (23), 2020.

5.Аупбаев Ж.1942 жыл. Қазақ даласы. Құмға құлаған «Юнкерс»//Егемен Қазақстан. -2001.

6.Оразов С. Сталиннің бұйрығы//Егемен Қазақстан. -2014.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
998
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі