Мақала белсенді әдістер

Тақырып бойынша 28 материал табылды

Мақала белсенді әдістер

Материал туралы қысқаша түсінік
Белсенді әдістерді көркем мәтінді талдау барысында тиімді қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ӘҢГІМЕ ЖАНРЫ БОЙЫНША ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Әңгіме - әдебиетте оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіме қиып алынған секілді бір ғана оқиғаға мүмкіндігі бар, сондықтан оның кейіпкерлері мүлдем шектеулі болады.

Қысқалылық көркемдігінің талабы басты қаһарманға жауапкершілік жүктейді: көңіл-күйі, демі, лебі көркем бөлшекке, астарлы ойға айнала алатындай етіп, барлық сәті көрінуі тиіс. Қиялдың ұшқырлығы, сөз саптаудың келісімді орнықтылығы, замандастар көкейінен шығар мәселе таба білу – жазушы өнері. Сонымен қатар алдыңғы әдебиеттің көркемдік биіктігінен кем түспейтіндей талғамда жазып шығу қабілеті болмайынша әңгіме жазу мүмкін емес.

Әңгіме жанрының қысқа жазылуын адамның суреттеуге лайық жеке жағдайын әлеуметтік мәселеге барлау жасайтындай етіп құрылып, ұштасатындай ету – суреткердің ғана қаламынан дүниеге келерін мойындаттырады.

Көркем әдебиеттің шыңы – көркем бейнелері. Сондықтан, алдымен көркем бейнелер туралы сөз болады: әңгімеде әдебиет жанрындағыдай, алдымен тұлға сипаты көрінеді. Бірлі-жарым кейіпкер әрекеті, оның өмірі мен тағдыры арқылы көркем дүние жасалатыны – әңгіменің жанрлық ерекшелігі.

Қазақ әңгімелерінде жазушылар жаңа ғасырдағы қазақ қоғамының тағдыры тақырыбына ана-әйел-қайраткерді, өнер адамдарын, зиялыларды, тағдыры ерекше жандар мен қарапайым еңбек адамдарының болмысын танытуды басты тірек еткен.

Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. МайлинЖ. АймауытовМ. ӘуезовҒ. Мүсірепов тағы басқалары. Әңгімелері — қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар. Қазіргі әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатыр. Сонау көне заманнан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша әңгімелер туғызып отырған. Мұндай әңгімелер бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде, жиын болған кезде айтылған да, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналған. Сөйтіп, ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі жанрға айналған. Жеке адамның басынан өткен оқиға ретінде айтылатын мұндай әңгімелерді халықаралық фольклортануда меморат деп атайды.

Қазіргі таңда мектептерде «Қазақ әдебиеті» оқулықтарында әңгіменің түрлері өте көп. Оқушыларға әңгіме түсінікті болу үшін оны оқытуды жан-жақты қарастырған жөн. Әңгімені оқытуда тек мазмұны ғана емес, ең бастысы, оның негізгі проблематикасы, жазушының идеялық-эстетикалық мұраты, сол жолдағы табысы сөз етілуі керек. Сюжет, композиция тұтастығы, тіл көркемдігі, характерлердің жасалу жолдары айналасындағы еңбекте ең негізгі мәселелер. Әдеби-теориялық ұғымдарын тереңдету, хикая, прототип, кейіпкерлерді психологиялық күй-жайы, сюжет, композиция, суреттеу, портреттеу, баяндаулар туралы да түсінік беру сабақтың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Повесті талдау ең алдымен мазмұнын меңгеруден басталмақ. Сондықтан мұғалім ең тиімді деген әдіс-тәсілдер іздеуі керек. Мазмұнын сыныпта, әрі үйде меңгерту жөн. Шығарманың ұзақтығын ескеріп, әрі оқушының тез оқуы, қызығуын ұйымдастыру мақсатында, тарауларына тақырып қойып, ол талдаулардағы басты оқиғаларды көрсетіп, үлгіде көрнекі етіп жазып, пайдаланып отырудың маңызы зор.
Мысал – аллегориялық жанр. Айтылатын ой ашық берілмейді. Астармен, меңзеумен беріледі. Ең алдымен, мысал жанры, оның өзіндік ерекшелігі туралы әдеби-теориялық ұғымнан мағлұмат, түсінік берген жөн. Мысалдарды оқу, талдау барысында бұл түсініктерге қайта оралып, осы ұғымдарды оқушылардың өзіне аңдатып, түйіндетіп отыру керек.

Әңгімен оқытуда оқушыларға түсінікті және мазмұнды болу үшін мынадай әдіс-тәсілдерден пайдаланамын:

Кейіпкерді рөлге сомдау. Шығармадағы кейіпкерлерді оқушылар рөлге сомдап, кейіпкер бейнесін ашып береді. Мәселен, Бердібек Соқпақбаев

«Менің атым Қожа» әңгімесіндегі Қожамен кездескен барлық кейіпкерлерді оқушылардың мінез-құлқына қарай актерлік шеберліктеріне қарай сомдауын тапсырма ретінде оқушыларға ұсынамын.

Сурет арқылы баяндау. Оқушы әңгімедегі оқиғаларды ретімен сурет салу арқылы мазмұнын баяндап береді. Тынымбай Нұмағанбетов «Анасын сағынған бала» шығармасындағы оқиғаларды сурет салу арқылы мазмұнын ашып береді.

«Ретін тап» әдісі арқылы. Мұнда оқиға рет-ретімен жазылып тақтаға ілініп қойылады. Оқушылар жазылған оқиғаларды рет-ретімен қойып шығады. Бұл әдісті топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс ретінде де орындауға болады.

«Айырмашылығы неде?» әдісі арқылы. Бұл әдісте екі шығармаға қатысты үзінділерді бейнебаян арқылы экранға көрсетеді. Оқушылар бейнеябаяннан шығармаға қатысты оқиғаларды табады және екі шығарма кейіпкерлеріне қатысты ұқсастықтарын және айырмашылықтарын табады.

«Артығын алып таста» әдісі. Бұл жерде мұғалім тақтаға бірнеше әңгіме кейіпкерлерінің атын жазып қояды. Оқушылар бүгінгі тақырыпқа қатысы жоқ кейіпкерлерді алып тастайды.

«Галереяны шарлау» әдісі Саймон Браунхилл бойынша. Әңгіме, бойынша қабырғаға дайындалған постер ілінеді. «Галереяға саяхат» –топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.

«Дауыстап ойлау» әдісі. Оқи отырып ой түю, ой бөлісу  Оқушыларды дұрыс тындауға ынталандырады. Оқылым, тындалым дағдылары қалыптасады. Ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды. Жұптаса отырып берілген тақырыпты біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдай отырып ой түйеді. Бір- біріне түсіндіреді.

Түсіндіру – оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста кең қолданылады. Бірақ орта және жоғары сатыларда оқу материалының күрделеніп, оқушылардың ақыл-ой жұмысының мүмкіндіктері өскенде бұл әдіс кіші жастағы оқушылармен жұмысқа қарағанда көбірек қолданылады.
Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды.

 «Дұрыс-дұрыс емес» ойыны. Ойынға қатысушыларды екі топқа бөледі. Оларды бір-біріне қарама-қарсы отырғызған дұрыс.  Ортаға бос екі орындық қояды.  Бір орындық «дұрыс» дегенді білдірсе, екінші орындық «дұрыс емес» дегенді  білдіреді. Мұғалім немесе бір оқушы қағазда жазылған ой-тұжырымды оқиды: «Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде басты кейіпкердің аты-Орманбек», деп жазылады оқушылар бұл жерде ақпараттың «дұрыс» немесе «дұрыс емес» екенін табады.

«Сұрақтар жаңбыры» әдісі.  Оқушылар  топтарға өз еркімен, қалауымен  бөлінеді.  Әр  топ параққа әңгіме қатысты сұрақтар жазып, бір-біріне  лақтырады. Алған сұрақтарына  жауап жазып, кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған ойыншы, сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады. Ойын осылай жалғасады.

Қорыта айтқанда, шығарма мазмұнына сәйкес берілген әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын айтуға болады. Осы бағдарламаны  меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

Есбосын Нағиша Қажақызы «Білім инновация» Қызылорда қаласы

https://adebiportal.kz/kz/genres/view/192 сайты

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2025
197
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі