Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер
Каргабаева Дина Махашевна
Оңтүстік Қазақстан облысы,Сайрам ауданы,Ақбай ауылы,№28 Ақбай жалпы орта мектеп КММ бастауыш сынып мұғалімі
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпатың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н.Ә.Назарбаев
Біздің қоғамымыздың заман талабына сай туындап отырған басты мәселесі – білім мазмұнын жаңарту. Білім мазмұнын жаңарту білім беру стандарттарын және базадағы оқу жоспарларын жаңашыл мазмұнда жасау және оны тәжірибе көрсету арқылы орындалмақ. Жаңашыл қазақ елі өз болашағының белгісі – жас ұрпақтың біліміне айқын көңіл бөлумен қатар, өз бағытын ұстай білетін, жаңа жолға апаратын әдістер ұсынумен келеді.
Әрбір оқушы – жеке тұлға. Біздер, әрине ұстаз есімін ұстанушылар қай кезде болмасын жаңашылдыққа бастауымыз айқындық оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабаққа енгізу, бүгінгі ұстаздың нақт мақсаты. Өйткені, жаңа елге нық шешімді қабылдайтын белсенді, құзырлы азаматтардың керегі ақиқат.
Білім – үздіксіз, толассыз болғандықтан қазіргі таңда «білім беру» ұғымының алдыңғыға қарағанда мағынасы мен қолданылуы жаңарды.
Ж.Аймауытов айтқандай «Сабақ беру – үйреншікті,жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңаны табатын өнер» демекші, бүгінгі білім алушыға өзгеше, жаңаша білім қажет.Өйткені бүгінгі оқушы – жаңашыл бала, жаңа ғасырдың тұлғасы.
Бүгінге дейін біз оқушыны бағалаудың бір ғана шамалы уақыт арасында қанша білгенін өлшеу үшін қолдандық.
Білім берудің негізгі ерекшелігі – білім мазмұнын жаңарту және оқытудың әдістері мен тәсілдерін тиімді оқыту.
Бағалау дегеніміз – жақсы нәтиже, білім алушының білім дәрежесінің көрсеткіші. Бағалау – байланыс, бәсеке, жауапкершілік. Бұл үш үдеріс оқушы бойынан табылса жетістікке апарар айқын жолдың бастауы.Мұғалім өзінің оқыту тәжірибесін жаңартқан сайын оқушының неғұрлым жақсы оқитындығын және оқушының оқуға қабілетті екенін көреді. Мұғалімнің ең жоғарғы рөлі, ол әрине барлық оқушының жағдайын жасауы. Мұғалімнің оқушыны бағалаудағы рөлі мықты. Себебі, бағалау оқушыға тікелей бағытталады: жеке тұлғаны жетелеу, беске оқитын баланы саралау.[1]
Ұлы ақын А.Байтұрсынұлының «Ұстаз үздіксіз іздегенде ғана шәкірт жанына нұр себе алады» - деген даналығы жаңашыл ұстазға демеу беретіндей.
Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу бағдарламаларын даярлау кезінде қазақстандық педагог-практиктердің және ғалымдардың ұсыныстары ескеріліп жасалды.
Бастауыш білім беру мақсаты —білімдерді функционалдық және шығармашылық қолдану; сыни ойлау; зерттеу жұмыстарын жүргізу; ақпараттық-коммуникативтік дағдыларды пайдалану; әр түрлі коммуникация тәсілдерін пайдалану; топта және жеке жұмыс істеу ептілігі; проблемаларды шешу және шешімдер қабылдауға ие оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін құру.
Педагогикалық әдіс-тәсілдер: құндылықты-бағдарланған;әрекетті;тұлғалық-бағдарланған;кіріктірілмелі;коммуникативті.
Бұл әдіс-тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын құрудағы негізгі бағдарлар болып табылады.
Оқушылар барлық пәндерді оқу кезінде АКТ қолдану дағдыларын дамытады. Ақпаратты іздеу және өңдеу барысында ұжымда идеялармен алмасады, өз жұмыстарын бағалайды және жетілдіреді, түрлі жабдықтар пен қосымшалардың кең ауқымын пайдаланады. АКТ оқушы білімінің, оларды тиімді қолдану бойынша дағдыларының дамуына жәрдемдеседі.
Оқу бағдарламаларында оқу мақсаттарының жүйесі түрінде берілген күтілетін нәтижелер тұжырымдалған. Күнделікті білім беру үдерісі оқу мақсаттарына жетуге және оқушыларда алынған білім мен дағдыларды кез келген оқу және өмір жағдайында шығармашылық пайдалануға дайындығын қалыптастыруға бағдарланған.
Оқыту әдіс-тәсілдері:
Құндылықты-бағдарланған тәсіл-оқушының құндылықтар жүйесін қалыптастырушы оқу-тәрбиелік үдерістің сәйкесінше формалары арқылы тұлғаның өзін-өзі танытуы үшін алғышарттар құруды көздейді.
Орта білім беру құндылықтары: қазақстандық отансүйгіштік және азаматтық жауапкершілік; құрмет; ынтымақтастық; еңбек және шығармашылық; ашықтық; өмір бойы білім алу.
Тұлғалық-бағдарланған тәсіл— педагогтің назарын оқушы тұлғасының тұтастығына, оның тек ақылойы, азаматтық жауапкершілік сезімінің ғана емес, сондай-ақ эмоционалдық, эстетикалық, шығармашылық нышандары мен даму мүмкіндіктерімен қоса рухани дамуы туралы қамқорлыққа шоғырландыруды көздейді.
Жүйелік-әрекетті тәсіл— оқу-тәрбие үдерісінде оқушының өз бетінше білім алуына бағытталып, осы мақсатта мұғалімнің тиімді іс-әрекеттің түрлі формаларын қолдануын көздейді.
Коммуникативтік тәсіл-бірінші кезекте оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытуға, қарастырып отырған мәтін, қатысып отырған әңгіме мазмұнын түсініп, туындаған жағдаятқа сәйкес тілді қолданып үйренуге бағытталған.
Интегративтік тәсіл-оқу үдерісін жобалау және өткізу кезінде әр түрлі оқу пәндерінің мазмұнын өзара кіріктіру есебінен оқушыда әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Бастауыш білім беру мазмұнына ортақ тақырыптарды енгізу әр түрлі пәндік салалардан білімдерді кіріктіруге және сол арқылы алынатын білімдердің функционалдығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.[2]
Зерттеу тәсілі — зерттеушілік әрекет дағдыларын дамытуға, ғылыми таным әдістерімен танысуға жәрдемдеседі, оқушыларда танымдық қызығушылық қалыптастырады.
Оқушылар тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екенін көрсетеді. Белсенді оқу аясында көңілді білім алады. Жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдер өз шеберлігін көрсетеді. Мұғалімдер әр сабақ соңында оқушыдан күтілетін нәтижелерін анықтайды, яғни бүгінгі тақырыпқа деген жаңаша түсінік пайда болды ма, немесе жоспар іске асты ма деген сияқты т.б.
Интербелсенді әдістер қолданылған сабақтарда сыныпты екі немесе үш, төрт ұялы топтарға бөліп, барлығына бірдей бір тапсырма не әр ұялы топқа бөлек-бөлек тапсырма беруге болады.
Оқыту тәжірибесі барысы пікірталасқа негізделген және оқыту үдерісінде қолданылатын дидактикалық ойындар сияқты интербелсенді әдістерді пайдалану тиімді екенін көрсетеді. Соның ішінде дидактикалық ойындар оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттырып, алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануына көмектеседі. Ойын барысында оқушылардың бойында жағдаятты (ситуацияны) бағдарлау, яғни жағдайға талдау жасай білу, жағдаят (ситуация) кезінде өзінің атқаратын рөлін сезіну, әңгімеге қатысушы әріптестері арасында байланыс орнату, қарым-қатынас жасауда тілдік ұғымдарды дұрыс пайдалана білу сияқты қабілеттері жетілетіндігі байқалады.[3]
Бұл жаңартылған білім бағдарламасы оқушы үшін де , мұғалім үшін де тиімді бағдарлама. Мысалы: Брунер оқытудағы маңызды тәжірибені дамыту бойынша бірнеше өте маңызды кеңестер ұсынды. Брунер теориясының ажырамас бөлігі «Жаңалық ашу» және «Егер оқушыға бөліктерді бір жерге жинауға және өзін ашушы болуға рұқсат етілсе, алынатын нәтижелер шынайы» деген ұғымдар болды. (1962) Оқытудың мұндай типінің артықшылығына төрт аспектінің арасында; біріншіден, зияткерлік мүмкіндіктердің өсуі арқылы; екіншіден, сыртқы марапаттаудан ішкі марапаттауға өту арқылы; үшіншіден, жаңалық ашу арқылы және соңғысы, жадыны дамыту үшін осындай оқытудың тиімділігі арқылы қол жеткізіледі.[4]
Осы кезде оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгереді. Басқаша айтсақ, оқушыға бағдарланған оқыту ортасында мұғалім оқушылардың сыныпқа келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін және өзіндік ойын негізге ала отырып, өз пайымдарын жасауға қабілетті екенін түсінеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын жалғастыратын «көпір салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады.
Жалпы қорыта айтқанда, аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын айтуға болады. Осы бағдарламаны меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.
Келешекте өз тәжірибемде :
-
Оқушылармен үнемі тепе – теңдікті ұстауды, еркіндік беруді;
-
Оқытуды сапалы ету үшін жаңа тәсілдерді қолдана отырып,сабақтарымды түрлендіруді;
-
Әріптестерімді қызықтырып, бірлесе жұмыс жасауды;
-
Ата – ана, мектеп психологымен жаңаша бағыттағы жұмысты дамытамын.
Әдебиеттер тізімі:
-
Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші (негізгі) деңгей. 2012ж
-
ҚР орта білім мазмұнын жаңарту еңбегінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы.2016ж
-
« Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы Тренерге арналған нұсқаулық. 2016ж
-
Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения, 2012ж
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала "Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер"

шағым қалдыра аласыз