400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала: БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала: БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ.

“Оқытушыны бағалағанда, олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістіктерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушыларына қарап бағалау керек”

Ыбырай Алтынсарин.

Міне биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жыл толуына орай ұлы ағартушымызға 180 жыл толып отыр екен. Ы.Алтынсарин – ұлт патриоты, тәлімгер-санаткері, халық қызметшісі болды.  Ұлы даланың шартарабына саңқылдап естілген ұлттың ұранындай, келешектің тұлғасын өнер-білімге ынтызар еткен рухтың жанартауындай, таудың таза кәусарындай «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» дейтін классикалық шығармалары – ұлттық сана, тіл, мәдениет тарихындағы баға жетпес байлық болған. Ыбырай өз халқына біріншіден, ол өз заманының алдыңғы қатарлы азаматы, озық ойлы адамы, өз халқын өнер-білімге үндеген ағартушы-демократ; екіншіден, қазақ балаларына арнап мектеп ашқан, оларды оқытып, тәрбиелеп, көкірегін оятқан, өнер-білімге үйреткен дарынды да тамаша педагог болды; үшіншіден, өзі ашқан мектептер мен онда оқитын балаларға арнап, оқу құралдар мен методикалық нұсқаулар жазды. Қазақ тарихында тұңғыш рет нағыз педагогикалық ой-пікірдің негізін салды; төртіншіден, өзінің оқу кітаптарына арнап, танымдық, тәрбиелік мәні зор өлеңдер мен әңгімелер жазып, қазақтың жаңа жазба әдебиетінің алғашқы нұсқаларын жасады; бесіншіден, Ыбырай Алтынсарин – ғылыми-зерттеу жұмысымен шұғылданып, ғылыми еңбектер жазған, танымдық, тағылымдық ой-пікірлер айтқан ғибрат алар ғалым. Үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа типті мектеп оқушыларды қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа, ой еңбегіне үйретуге тиіс деп есептеді. Оқу методтары мен балаларды оқыту тәсілдерін Ы.Алтынсарин мұғалімдерге ауқымды тәрбиелік мағынада түсіндіреді: оқыту методтары – балалардың жүре келе мектепке, сабаққа, кейіннен ғылымға, өз бетімен білім алуға ынталандыратын жол; сабақта балалардың ойлау қабілетін арттыратын жаттығулар қажет, мысалы, әңгіме, түсіндіру арқылы оқыту методы. Педагог-энтузиаст ретінде ол мектептегі оқыту  процесін ұйымдастыруды өте дұрыс түсінді: мұғалімнің ең бірінші роліне мән беру қажет екен дәлелдеп бер екенін дәлелдеп берді оқу-материалдық база шешуші маңызды; оқулықтарды қазақ мектептеріне пайдалану үшін жарамдылығы жағынан ұқыпты тексеріп отыру қажет болды.  Ы.Алтынсарин мұғалімдерге методикалық әдебиеттер мен педагогикалық  журналдарды міндетті түрде пайдалану керектігін ескертіп отырды. Ол өзінің туған жері Торғай облысы мектептерінің мұғалімдері үшін «Семья и школа», «Народная школа» деген журналдарды жаздырып алатын. Ы.Алтынсарин Қазақстандағы әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешудің басты жолдары мен негізгі ұстанымдарын ұсынды. Жоспар құрып, іргесі қаланбақшы болған алғашқы мектеп құрылысын және тұңғыш берілетін білімнің бағыт-бағдарын айқындады, қалың бұқараға оның мазмұны мен маңызын түсіндірді, бастауыш мектепке оқу-құралдарын әзірледі. Міне нағыз оқу жоспарының бағдарламасын жазып шығарды. Ыбырай атамыздың салып кеткен жаңа мектебінде жаңаша оқыту түрі енгізілді. Ондағы әр бала жеке тұлға ретінде қабылданады. Яғни бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң мотивациясы мен іскерлігін: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кеңінен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған. Сондай ақ негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлға аралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке тұлға ретінде өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады. Сол сияқты жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып, саралау, кіріктіру және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.Ұлы ағартушы Алтынсарин мұғалімдердің алдына төмендегідей мндеттер қойды: нағыз мұғалім болу үшін балалардың  өзіндік ерекшеліктерімен мықты санасу керек, ол үшін педагогикалық әдебиттерді үнемі оқып, қадағалап отырмаса болмайды деп ескертіп отырды. Ыбырай мұғалімге аса сезімтал, бала жанын жазбай танитын  адам болу қажет екенін айта келіп, оқу-тәрбие саласында ізденбейтін мұғалімдер туралы былай деп көрсетеді. Мұндайлар оқушыларды адастырады, содан кейін қойылған сұраққа оқушылардың жауап бере білмегеніне ренжіп, өздері де ашулана бастайды, тіпті оқушыларға өшігуге дейін барады. сыдан кейін, оқушыларды бұрынғыдан да адастырады, мүлде шатастырып, оларды ешбір жауап бере алмайтын халге жеткізеді»,  ал сабақ беруге  нашар мұғалімдерді «баламен түсінуге шорқақ, дарыны жоқ адам» деп сипаттайды. «Тәлім-тәрбие, оқыту ісінің нәтижесі шәкірттерден гөрі мұғалімдерге көбірек тәуелді. Күнәнің ең үлкені – бала жанының нәзік қылдарын дұрыс сезе алмайтындарда. Оқушылардың  түсінбеушілігін өз күнәсі деп білмей, оқушылардың зер салмайтындығынан немесе топастығынан деп білетін мұндай оқытушылардың қатты адасатындығы айтпай-ақ түсінікті», – деген қорытындыға келеді Ыбырай Алтынсарин ағартушы.

Қорытындылай келе : шындығына жүгінсек, оқымысты-педагог Ыбырай Алтынсариннің 1884-жылы Қазан университетінің баспаханасында басылған  басылған «Шариат-ул-Ислам» («Мұсылманшылықтың тұтқасы») дейтін еңбегі, өзі айтқандай, қазақ жұртына бағыштап, қазақ тілінде білімдарлықпен жазған діни һәм ғылыми шығарма.  Алдымен діни заң ғылымдарының ең жоғарғы шыңына шыққан ғұламалардың (мужтаридин), сонымен қатар өз заманының ғылыми құндылықтарын мұқият түсініп қабылдаған, ұстаздық еңбегінде шеберлікпен ұғындырған, толық пайдаланған. Қазақ даласында надандық пен қараңғылықты алғаш рет дүр сілкіп, қатты тойтарыс берген, озық өнер мен өмірлік білімнің тұңғыш ұрығын шашқан Ыбырай өз еңбегінің нақты жемісін онша көре де алмай, творчестволық күш-жігері әбден толысқан, кемелденген кезінде, алдағы күніне зор үміт артумен, өзі бастаған ұлы істің өлмейтіндігін айқын сезінумен өмір жолын аяқтады. Бірақ ұлы ағартушының жаққан білім шамшырығы қазақ халқының жүрегінде мәңгілік жарқырап тұра бермек.

Қолданылған әдебиеттер:

1.«Ыбырай Алтынсарин тағлымы» М.Жармұхамедов «жазушы» баспасы 1991 ж

2. «Ыбырай Алтынсарин» Т.Ә.Қоңыратбай «Қазығұрт» баспасы 2003 ж

3. «Ыбырай Алтынсарин» Ә. Дербісәлин «Қазақстан»









































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 желтоқсан
548
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі