400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Мақала Білімді ұстаз - мектептің жүрегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға өзін - өзі әрдайым жетілдіріп отыру керектігін түсінуіне. Егер ұстаз балаға дұрыс бағыт бағдар бере алса онда ол шын мәнінде ұстаз екенін түсінеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақала

Білімді ұстаз – мектептің жүрегі


Адамның адам болып қалыптасуы оның тәрбиеленген ортасына байланысты. Әсіресе, өірден өз орныңды табуға жол бастайтын, үлгі – өнеге, ақыл – кеңес беретін жанашыр ұстаздың болуы үлкен бақыт. Ұстаз шәкіртінің білімін шыңдаушы, білімнің биігіне қанат қағып, талай асуларды бағындыру жолындағы демеушісі әрі қолдаушысы екені баршамызға аян. Әлемнің екінші ұстазы атанған ұлы бабамыз Әбу Насыр Әл-Фараби «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген екен. Әрбір адам білім нәріне сусындамас бұрын тәлім – тәрбиеден өтеді. Ұстаздың ұлағатты шәкіртіне білім нұрын төкпей тұрып санасына сан қырлы сәуле құюы да баба сөзінің салмағы болар.

Ұстаз ана - болашақтың анасы,
Ұстаз ана - ақыл-білім панасы,
Жүзіндегі пәк мейіріміді көргенде
Әр шәкірттің оянады санасы.


Ұстаздық үлкен жауапкершілікті талап ететін іс. Ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр, өз ісіне шын берілген, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің ұйытқысы деуге әбден болады.

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім болуы қажет. Сода ғана біз еліміздің болашағы болар жас ұрпақтарды тәрбиелей аламыз.

Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл – әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.

Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.

   Жаңашыл ұстаз -заман талабы. Теориялық білімін тәжірибе жүзінде іске асыра алатын, жауапкершілігі жоғары , ізденімпаз жеке тұлға болуы тиіс. Ең жақсы мұғалім — шәкіртінің жанын түсінетін, оны өз перзентіндей сүйе алатын, оқушы үшін бойындағы барын беретін , барлық білімді жібермей, шәкіртін өздігінен білім алуға жетелейтін мұғалім.

Көреген халқымыз әр кезде де ұстаз мәртебесін жоғары бағалаған.»Ұстазы жақсының -ұстамы жақсы  » деп, бар жақсы ниет- тілекті ұстазға арнаған.  Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев:  «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан басталады.» -дейді. Әр уақытта   ұстаз жоғарыда атап өткен жайлардың үдесінен шыға отырып, шәкірттеріне сапалы білім берсе, тек білім ғана емес сонымен қатар жандарын жараламай, бойындағы бар мейір- шапағатын аямай, олардың екінші ата-анасы  ретінде  қамқорлықтың шуағына бөлеп, білімнің асқар биік шыңына шығаруға  бар  күш-жігерін жұмсағанда білім беру жүйесінде «Қазақстанның болашағы — жастарымыз»  үшін үлкен жетістік пен оның жемісі көрінері айқын.



А.С.Макаренко атындағы № 41 мектеп-лисейі


Информатика пәнінің мұғалімі

Бахыт Ұлжанат Ерғалиқызы














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 наурыз
637
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі