400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Бір мақсатқа бағытталған бірлескен жұмыс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала "Бір мақсатқа бағытталған бірлескен жұмыс". Бұл мақалада заман талабына сай оқытудың бірлескен жағдайда нәтижелі болатыны туралы мысалдармен дәлелді жеткізілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ директоры Жанат Зейнелевна Малгаждарова



Бір мақсатқа бағытталған бірлескен жұмыс

Әлем  үздіксіз дамып келе жатқан бүгінгі күні болашақ ұрпақты ескі білім беру жүйесімен оқытуға болмайтынын бәріміздің  ішкі  түйсігіміз сезетін. Бірақ қалай өзгеру керек? Жаңартылған білім беру жүйесі алғышарттары Назарбаев Зияткерлік мектептерінде  басталған еді. Жаңартылған білім беру  мазмұны бойынша біліктілікті арттыру курстары да белсенді басшыларды дайындауда өз нәтижесін берді. Бұл жүйенің қыр-сырын меңгерген басшылар жаңартылған оқыту жүйесіне   кері пікірлерге    оң әсерін тигізді, көзқарастарын жақсартты.   Бұл жүйе біздің балаларымызды қиындықтан шығатын жол табуға да,   оны  жеңуге де, түрлі-түрлі адамдармен қарым  - қатынас  орнатуға да, оларға  не қажет екенін түсінуге де, ол үшін қандай қызмет атқару керектігіне    бейімдейтініне  де толықтай сенім ұялатты.

Мұғалімге тікелей қолдау көрсететін – ата-ана,  бұл жаңалықтың ойдағыдай жүзеге асыру үшін ата-аналардың қолдауы да қажет. Бұл мақсатыма жету үшін  ата-аналарды бүгінгі заман өзгерісіне араластырдым. Бұл әрекетім бағдарламаның негізгі мақсатымен сәйкес келді.

Алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары  сыни тұрғыдан ойлана алатын болады. 

Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз.  «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі» , - деген ұлт көсемі А.Байтұрсыновтың  және «Мұғалім  ең жауапты міндетті орындайды, ол адамды қалыптастырады»,- деген тұжырымдамасына сүйене отырып жұмысымды бастадым.

Зерттеу тақырыбымды «Бірлесе зерттеу арқылы мұғалімдер мен оқушылардың рефлексия дағдысын қалыптастыру» деп алған едім, себебі гимназия жұмысын зерттей келе білім сапасын арттыруда ең бірінші әркім өзінің әрекетіне рефлексия жасау арқылы басқаның емес, өзінің әрекетін реттеуді қолға алса, ықпалы көбірек болады деп ойладым.

Гимназияда он «Lesson Study» тобы жұмыс атқарды, олардың бесеуі алдынғы оқу жылынан жұмыс жасаса, кейіннен тағы бес топ құрдық. Әрине, онлайн-коучингтер өткізіп, зерттеу топ жұмысының тиімді тұстары талқыланды, жұмыс басталды, десе де бұл топтардың 8-і ғана нақты нәтижеге бағытталған тиянақты жұмыс атқарды. Басқа топтар сөз жүзінде қалып, жүйелі әрекет ете алмады.

Соңғы топтардың алдыңғы құрылған топтардан айырмашылығы мұғалімдер өз қалауларымен топтасты және әкімшіліктен бір адам топ жұмыстарын зерделеп, бірлесе жұмыс жасап отырды. Осы әрекетіміз соңғы нәтижеге жетуге себепкер болды деп ойлаймын. Бұл әрекеттен түйгенім: кез келген ұйымдастырылған жұмысты әкімшілік бақылауы болса ғана нәтижеге жететіні.

Директорлық жұмысқа тұрғаннан бергі аз уақыттағы көшбасшы ұғымы туралы пікірім жансақ болғанын түсіндім. Яғни, «көшбасшы» ерекше жаратылған, дарыны, қабілеті ерекше деп ойлайтынмын. Осы курстан алған түсінігім-әр адам өзін мәжбүрлеп жетелей алса, жалқаулығын жеңіп жаңа қадамдар жасаса және басқалармен бірлесе әрекеттенсе, көшбасшы болу мүмкіндігі басым екен. Және де топта, жұпта жоспарлау, сол жоспарды жүзеге асыру әрекеттеріндегі жауапкершілік сезінуі, қарым-қатынас деңгейінің жоғары болуы, шешім қабылдай алуы көшбасшылыққа апарар қадамдар деп түйдім.

Осы тәжірибе кезеңінде гимназияда көшбасшылық біршама дамыды. Олай деу себебім онлайн-коучинг, онлайн-семинар жұмысын бір орынбасар, зерттеу топтарының жұмысын бір орынбасар, ата-аналар мен оқушылар бағытындағы жұмысты тағы бір орынбасар бөліп алып тікелей жұмыс атқарғаны барлығының жауапкершілігін арттырды, нәтижелер көбейе бастады.

Гимназиямыздағы көшбасшылықтың алға жылжығанын атқарылған іс-шаралардан, оқушылардың іс-әрекетінен, ата-аналардың мектеп өміріне белсенді араласуынан көрдім. Бұл жұмыстар мониторинг жасалып, талданды.

Сынып жетекшілердің ата-аналармен түсінісу деңгейі жоғарылады. Бұрын «неге сіздерде осылай?» деп талап қоюды ғана жөн санайтын ата-аналар енді сынып жетекшінің «қалай осыны реттесек?» деген бірлесе ақылдасып шешу қадамдарына қолдау көрсете бастады. Әрине, 100 пайыз жақсарып кетті деуден аулақпын. Десе де, ата-аналардан түсіністік таныту, бір-біріне түсіндіру, қолдау көрсету, өздерімен бірлескен шешім қабылдау ата-ана санасының өзгере бастағаны деген ой түйдім.

Гимназиямызда көшбасшылықты дамытуда, әрине, қиындық, кедергілер болды және мүлде қиындық болмайды деп жансақ ойлаудан өзімді сақтандырамын. Себебі, көшбасшылық үнемі шығармашылық ізденісті, жаңа идеяларды, оны жүзеге асыру қадамдарының жан-жақтылығын, жауапкершілікті, еңбекқорлықты талап етеді. Сондай-ақ, әр жүзеге асқан іс-шараны эвалюациялау қабілетін, өзгермелі заманда жаңалықтардан хабардар болып отыру шеберлігін талап етіп отырады. Көшбасшылыққа бөлінген орынбасарларым, мұғалімдер әлі де жауапкершіліктен қашқақтайтын әріптестердің әрекеттерін наразылықтарын айтты, мен әр бастаған іс қиындықсыз жүріп кетуі екіталай, тренердің «жасасын қате» дейтін ұстанымын әр кез еске салып, жаңа шығу жолын қарастыруға жұмылдырдым. Осы қиындықтарды шешу мақсатында «Туындаған мәселелерді қалай шешеміз?» тақырыбында кәсіби сұхбат құрып, талқыладық. Әріптестер өздері «шешілмейтін сұрақ жоқ» деген түйінге келді.

Алдағы жұмысымда гимназия көшбасшылығын дамыту үшін шағын топтарда жоспарлы іс-шаралар атқаруға баса назар аударатын боламын. Сондай-ақ, курстан ұққаным бойынша нақты, қолжетімді, жақын арада жүзеге асырылатын мақсат қоюды және күтілетін нәтижені алдын ала көру, нақтылап алу жағын басшылықта ұстаймын.

Қашықтық форматындағы тапсырмалардың көлеміне назар аудару, яғни 1-2 тапсырмадан аспауын, оқушылардың денсаулығына қауіп төнбеуі үшін сергіту, компьютер алдында санитарлық талаптарға сәйкес уақыттан артық отырмауына көңіл бөлу бақылауға алынды. Блум таксономиясына сәйкес тапсырмалар берілуін өзімнен де, басқадан да талап ете бастадым. Нақтылық, уақыт белгілеу мақсатқа жеткізер жол деп есептеймін. Себебі, тапсырма саны белгілі, уақыт шектеулі, нәтиже анық – бұл жасалатын әр қадам белгілі болғаны басқа нәрсе ойлауға уақыт кетірмеуді үйретті. Ал уақыт жоғалту адамды жігерсіздендіреді, яғни нәтиже көрмегеннен кейін адамның жұмысқа құлшынысы жоғалады. Уақытты тиімді пайдалануды түсіндім.

Курс уақытындағы гимназиядағы тәжірибе барысында тәлімгерлік, онлайн-коучингтер, кәсіби қоғамдастық, сабақты зерттеу жұмыстарын жоспар бойынша іске асырдық. Жоспардағы іс-шаралардың кейбірі біздің ойлағанымыздан жақсы шықса, кейбірі ойлағанымнан басқадай шығып жатты. Бірақ тренерден алған жаңалығым «жасасын қате» жұмыстан кеткен кемшілікке бола қатты уайымға салынбай, керісінше жеңіл қабылдап, шешу жолдарын қарастырып, қайта бастау менің жұмысты ұйымдастыруыма көп ықпал етті. Үнемі әр іс-шарадан кейін бірлесе талдап, «Не жақсы болды?», «Не біз ойлағандай болмады, неге?», «Нені жақсартамыз?» деген сұрақтарды талқылауды дағдыға айналдырдық. Жақсарту жолын даму жоспарына жазып, айлық жоспарлауды толықтырып отырдық. Яғни, жылдық жоспарда жыл бойында өзгерістер енгізудеміз. Бұл бәсекеге қабілеттілік пен үздіксіз дамудың бір белгісі дер едім. Осылайша өзіміздің жоспарымыздың әлсіз тұстары мен жақсы жақтарын салыстырып отырмыз. Бұдан келер оқу жылының жылдық жоспары да жаңаланып отыр.

Кейбір мұғалімдерде әлі де жаттанды білім беру қалпынан арылмағандары байқалды. Мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық құзіреттілігінің бөлімдері, яғни оқушының оқуға деген уәжін ынталандыру, өз әрекетіне рефлексия жасау, өз бетінше оқуға талпындыру қасиеттерін дамытуды бағыттауға бұрдық.

Гимназиямызда жас мамандарға ерекше көңіл бөлуді жоспарладым. Әр тәліп пен тәлімгер арасында сыйластықтың болуына, әдістемелік көмек сұрауға ыңғайсызданбау, керісінше білуге талпыну, бір-бірінен үйрену, кәсіби сұхбат құру, бірлесе сабақты жоспарлау, зерттеу, қайта жоспарлау әрекеттерін ұйымдастыру әдістеме жұмысы жөніндегі орынбасардың жауапкершілігінде болды. Республикалық жас мамандар мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі қатысып, әр сенбі күні жас мамандар мен тәлімгерлер онлайн-семинарында жоспарлы жұмыстар атқарылды. Мен осы онлайн-семинарлардан жас мамандар көзінен, сөзінен ризашықытарын байқадым. Рефлексия жасату арқылы өздерінің әрекетін бағалауы кәсіби өсіп келе жатқанын танытты. Жас мамандардың «мені үйретсін» деген жаңсақ пікір екенін түсінгендері анықталды, яғни өздері үйренуге талаптануы қажеттігі, әйтпесе көштен қалып қалу қаупі барын сезінгені қуантты. Барлық жас маман өте жақсы білікті маман болып кетті дегенім емес, әрине, олардың талапқа сай болуға талпынысы алғашқы жылға жеткілікті деп түйдім. Ал келер жылға жаңа мақсаттар қойып отырмыз. Жас мамандарды республикалық «Елбасы медалі» жобасына қатысуға тарттық. Нәтижесі болуына тәлімгерлері ықпал етеді деп сенім арттым.

Мектепті дамыту мақсатында қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитетінің төрағаларымен сұхбат жүргізіп, гимназиямыздағы өзгерістерге және білім саласындағы өзгерістерге көзқарастары туралы әңгімеге тарттым. Ол кісілердің бұл өзгерістерге көзқарастары жағымды, жақсы деп бағаладым. Себебі, «Гимназия көп жақсы жаққа өзгеріп келеді. Кіріп келгенде жарық, безендірілуі заман талабына сай, әр істеріңізге сәттілік тілеймін»,-деді ата-аналар комитетінің төрағасы. Қамқоршылық кеңес төрағасы: «Барлық білім саласындағы өзгерістермен хабардар етіп, талдау жүргізетіндеріңіз ұнайды»,-деген сөздерінен байқадым. Сонымен қатар, сұхбат барысында әлі де жақсартуды қажет ететін тұстар талқыланды. Биылғы оқу жылында гимназиямызға Ыбырай Алтынсарин есімі берілгені бізге жаңа мақсаттар мен міндеттер, жауапкершілік жүктегендей. Бірінші қабатта Ыбырай Алтынсарин мүсінін қоюда ұжым, ата-аналар мен оқушылар, қамқоршылық кеңес мүшелері бірлесе атсалысты. 10-сынып оқушылары жоба қорғаса, ата-аналар қаржыландыру жағын өз мойындарына алды. Бұл – өздерін қоғамның бір мүшесі екенін сезініп, жауапкершілікке бір қадам жасады дер едім. Бұл шарадан мен ата-ана тарапынан өзіме серіктес көрдім. Сөйлесе келе, жалпылама ата-аналарға қалай қозғау саламыз, бірлескен үштік одағына қалайша тартып, нәтижелі жұмысқа қол жеткіземіз деген ойлардың шешімін тапқандай болдық.

Ең бірінші, ата-аналар мектеп сайтынан керекті мәліметтерді ала алады және өз ұсыныстарын жазуға арналған бұрыш аштық. Сонымен қатар, «Шығыс адалдық бұрышын» да іске қостық. Бұл бұрыш арқылы оқушылар өздеріне керек заттарды ашық тұрған қорапшаға ақшасын салып, еш бақылаусыз ала алады. Әрине, мониторинг жасалып отыру «Өзін-өзі басқару» ұйымы арқылы ұйымдастырылды. Нәтижесі жақсы, оқушыны адал болуға, еңбекті бағалауға, сенім артылу арқылы тәрбиелеу жүзеге асып жатыр. Бұл-қуантарлық іс. Осы әрекет ата-аналардан қолдау тапты.

Қыркүйек айынан бастап кезекші сыныптар мектепте оқуына байланысты «Сәлемдесу-сөз анасы» акциясын жоспарлап, мониторинг жасауды бастадық. Әрине, бір айда сәлемдесу, бір-бірінен қал сұрасу мәдениеті дағдыға айналып кетеді деп тоспадық та, десе де 60 пайыз қалыпқа келді. Директор жанындағы кеңесте осы акцияның нәтижесі талқыланып, тағы бір айға созу керек деген шешімге келдік. Әбден дағдыға айналдыру процесі жалғасын тапты.

Біздің гимназияда оқушыларды мектеп өміріне белсенді араластыру бұрыннан келе жатыр. Оған дәлел, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарым, ұйымдастырушы-педагог, тәлімгер басшылығымен түрлі іс-шараларға қатысып, жүлделі орындар алып жүрген оқушылар көп. Десе де, дәл гимназияның көркеюіне «Әлеуметтік жобалар» жасап, қорғау, оның жүзеге асырылуына үлкендермен бірдей атсалысу жауапкершілігі оқушыларға жаңа бір мақсаттар қоюға талпындырды. Енді біз бірлесе отырып, білім жағынан оқушылардың өздеріне тізгін ұстатып көру мақсатында І жарты жылдықтың өзінде қашықтық форматта да өзін-өзі басқару күнін өткіздік. Бұл жұмыста оқушылар мұғалімдердің өздерімен бірге зумм арқылы сабақ жоспарларын, көрінекіліктерді дайындады. Өзін-өзі басқару күні өткеннен кейін жұмыстарының сәтті тұстары және қиыншылықтары туралы әңгімелестік. Онда балалар мұғалімнің сабақты жоспарлауынан бастап, көрнекіліктерді дайындауын, одан сабақ барысында оқушылар тарапынан қарсылыққа тап болған тұстарын айтып, қиындықты, үлкен еңбекті мойындады. Ал кейбірі қызығушылық танытып, тағы да өздерін мұғалім орнына қойғылары келетіндіктерін айтып өтті. Бұл жұмыстан ұтқанымыз – еңбекті бағалай білу.

Қашықтықтан білім беруге көшу барысындағы басты өзгерістердің бірі мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша енді ескіше жұмыс істей алмайтындарын түсінді.

Қашықтықтан білім беру және кезекші сыныптарда сабақ беруді қатар алып жүру мұғалімдерге оңай болмады. Бірақ, өзгеріске тез бейімделген ұстаздар да болды. Осы қиындықтарын жеңуі үшін қашықтықтан бірін-бірі үйрету, бірінен-бірі үйрену онлайн-семинарларын ұйымдастырдық. Әріптестер «білмеу ұят емес, білем деп талпынбау ұят» екен деген қорытынды жасады.

Гимназияда оқушылар іс-әрекетін зерттеу 40 пайызды құраса, мұғалімдер ҚМЖ-ны 100 пайыз құрауды үйренді. Бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалауды да бірлесе жасап, гугл формада онлайн режимінде алып, талқылап, қорытынды жасауды дағдыға айналдырды.

Қашықтықтан оқысақ та оқушылардың білім сапасы 3 пайызға өсті. Бұл- кейбір оқушылардың жаңа мүмкіндіктерді өз бойларынан аша алғанының да әсері. Мұғалімдер үздіксіз кері байланыс жасап, оқушылардың зумм платформасы арқылы кіші топтарға бөліп бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыра алуы да ықпал етті делінді педагогикалық кеңестегі талдау барысында. Әсіресе, оқушылардың өз әрекетіне рефлексия жасауын дағдыға айналдырған мұғалімдер нәтиже жақсы екенін айтты.

Ыбырай Алтынсаринге арналған кабинет жабдықтау үшін барлық он бірлестікке және «Өзін-өзі басқару» ұйымына өз жобаларын жасау және қорғау конкурсы ұсынылды.

Алдағы уақытта да мұғалімдердің әр іс-әрекетіне кері байланыс бере отырып, қолдау көрсету керек деп ойлаймын.Ол үшін басшының кәсіби дамуы қажет деп шештім. Кез келген бастаманы тек сынап, мін іздеп, керітартпа, ізденгісі келмейтін, жаңаша ойлауға, әрекеттенуге құлқы жоқ мұғалімдермен жұмысты жандандырсам, оқушыларға талмай білім беретін жолдарды қарастыратын, жанашыр, қамқор ұстаз көп болса екен деген тілегім бар.

Жалпы алғанда ұжым мүшелері оқушының ішкі жан дүниесін түсіне отырып, «оқушы үнін» тыңдап, көзқарас, пікірін ескере тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарады.

Гимназиядағы қашықтықтан білім берудің сапасын арттыруда өзектісі мұғалімдердің бірлескен жоспарлы және бірін-бірі үйрететін коучингтер мен семинарлар, конференциялар өтуі екенін түсіндім. Олай деу себебім, мұғалімдер осы әрекеттер арқылы бірлескен жұмыс үшін қоғамдастық құрып кәсіби құзіреттіліктерін дамытуы қалыптасады.

Гимназиямызды дамыту мақсатында барлық бірлестіктерді тарта отырып көшбасшы ретінде орта мерзімді мектепті дамыту жоспарын жасау барысында мұғалімдер бойында жауапкершілік пен біліктілігіне деген талапшылдық өскенін атап өткім келеді. Мұны осы курс оқып жүрген кезімдегі ұйымдастырылған іс-шараларда қолдау көрсетіп, жұмыла кіріскенімен көрсете алды.

Әріптестерімнің бойынан білім алушыларға білім мен тәрбие беруде жауапкершілікті, әр оқушыға қабілетіне қарай қамқорлық танытуды мақсат қойған, алдындағы оқушысына деген жақсы көру сезімін сездім. Ал осыған орай оқушылар да өз бетімен іздену, әр әрекетіне рефлексия жасай білу, сол арқылы алға талпынуды жетілдіре түскені байқалды, әрине, бұл қуанарлық жағдай. Болашақта тәжірибе аясында ұжым болып анықталған басымдықтарды жаңа жоспардың жобасын болжап, енгізуді ойластырамын.

Алдағы уақытта мектепті дамыту жоспарын нақты, қолжетімді жағдайларды ескеріп, өзгеріс топтарымен бірлесе отырып жасаймыз деп жоспарлап отырмыз.































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
9 желтоқсан
382
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі