ЦИФРЛАНДЫРУ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ
М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі
Студент-Тағыбаева Динара, шетел тілі бөлімі
Жетекші-Боранбаева Жұлдыз Бекахметқызы, физика – информатика пәнінің оқытушысы
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы – бұл цифрлық технологияларды пайдалану есебінен елдің әрбір тұрғынының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған маңызды кешенді бағдарлама. Соңғы онжылдықта әлем жаңа экономикаға бет бұруда. Оны қалыптастырудың негізгі құралы цифрлық болып табылатын технологиялар.Үкімет және Қазақстанның мемлекеттік органдары ақпараттандырудың маңыздылығын сезіне отырып ұзақ мерзімді анықтауда сандық технологияларды дамытуға белсенді қатысады. "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының мақсаты халықтың өмір сүру сапасын арттыру және бағдарлама арқылы Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату, цифрлық экожүйені дамыту.
2018-2022 жылдар кезеңінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жүргізілетін болады. Бағдарлама бес негізгі бағытта іске асырылады. Олар:
1. "Экономика салаларын цифрландыру" - капиталдандырудың өсуіне алып келетін серпінді технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ҚР экономикасының дәстүрлі салаларын қайта құру.
2. "Цифрлық мемлекетке көшу" - халық пен бизнеске олардың қажеттіліктерін алдын ала болжай отырып, қызметтер көрсету үшін мемлекет инфрақұрылымын қайта құру.
3. "Цифрлық Жібек жолын іске асыру" - деректерді беру, сақтау және өңдеудің жоғары жылдамдықты және қорғалған инфрақұрылымын дамыту.
4. "Адами капиталды дамыту" – креативті қоғам құруды және жаңа реалиялар – білім экономикасына көшуді қамтитын қайта құрулар.
5. "Инновациялық экожүйені құру" - бизнес, ғылым саласы мен мемлекет арасында тұрақты байланысы бар технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ өндіріске инновациялар енгізу үшін жағдайлар жасау.
Осы бағытты 2022 жылға қарай табысты іске асыру мынадай жетістіктердің болуын білдіретін болады:
1. Әрбір басым салаларда еңбек өнімділігі деңгейін әлемнің ТОП-30 елінің деңгейіне дейін арттыру.
2. Басым салалардағы бәсекеге қабілетті экспорттық өндірістер.
3. Қазақстан Республикасының аса ірі компанияларын капиталдандырудың қағидатты жаңа деңгейге шығуы.
4. Жергілікті электрондық сауданың дамуы.
5. Көлеңкелі экономика үлесін әлемнің ТОП-30 елімен салыстырылатын деңгейге дейін төмендету.
Олай болса, цифрландыру Қазақстан үшін экономиканың негізгі секторын дамытуда серпіліс жасауға кең мүмкіндіктер береді. Атап айтсақ, өнеркәсіп пен электр энергетикасын цифрландыру бойынша төмендегі салалардың жүзеге асыруылына тоқталайық:
-
Тау-кен өндіру өнеркәсібі
Кен өндіруді цифрландыру саласындағы негізгі жоба цифрлық кенішті енгізу болып табылады. Цифрлық шешімдер өнімділікті, сондай-ақ пайдаланылатын техника мен жабдықтың қауіпсіздігін және оларға техникалық қызмет көрсетуді жақсартуға мүмкіндік береді.
Өнеркәсіпті цифрландыруды ынталандыру үшін жағдай жасау өндірістік процестерді бақылауды жақсарту, шығындарды қысқарту, өнімнің өзіндік құнын төмендету, еңбек өнімділігін ұлғайту, өндірістің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру және т.б. есебінен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, автономды техниканы енгізу, негізгі өндірістік процестерді автоматты режимде реттеу адамның қатысуын барынша азайтуға және өндіріс қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
-
Мұнай-газ саласы
Жаңа технологиялар сапалы және толық ақпарат алу арқылы барлау мен өндіру шығындарын азайтады, бұл өз кезегінде қорларды, өндіру мен өңдеуді басқарудың тиімділігін арттырады.Ел ішінде отынды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін Бағдарлама шеңберінде жөндеу қызметін жаңғырту және бақылау жүйелерімен жарақтандыру, жабдықты ауыстыру және техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу арқылы ҚР МӨЗ-де кеңейтілген жөндеу аралық кезеңге көшу жүргізілетін болады.
Әлеуметтік газды бөлу саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету және жақсарту үшін бағдарламада әлеуметтік газды сатып алу бойынша онлайн-сауда-саттықтың автоматтандырылған алаңдарымен ықпалдастыра отырып, міндетті есептілік және балансты болжау негізінде деректерді статистикалық талдау үшін сұйытылған мұнай газын жеткізу, қадағалау және айналымы бойынша ақпарат жинауға арналған жүйені дамыту бойынша іс-шара жоспарланған.
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру процестерінің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған онлайн аукцион өткізуге және келісім-шарттарға өзгерістер мен оларға толықтырулар енгізуге арналған қолданыстағы интеграцияланған ақпараттық жүйені пысықтау жөніндегі іс-шара іске асырылатын болады.
-
Өндіруші және өңдеуші секторлар
"Ақылды кеніштерді" іске асыру, үлкен деректерді талдау және басқалары бойынша жобаларды іске асыратын болады. Еңбек өнімділігі мен өндірістің экологиялылығын арттыру мақсатында өндірістерді қайта құрылымдау мен жаңғырту жалғастырылатын болады. Бұл бағыт өндірістік процестерді бақылауды жақсарту, шығындарды қысқарту, өнімнің өзіндік құнын төмендету, еңбек өнімділігін ұлғайту, өндірістің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру және т.б. есебінен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында өнеркәсіпті цифрландыруды ынталандыру үшін жағдай жасауды көздейді. 4.0 индустриясының негізгі элементтеріне аддитивті технологиялар, коллаборативті Роботтар, өзін-өзі оңтайландыратын жабдықтар, ұшқышсыз көлік құралдары, болжамды техникалық қызмет көрсету, Машиналық оқыту және жасанды интеллект, бұлтты технологиялар, Цифрлық және виртуалды инжиниринг, өндірісті зияткерлік жоспарлау және бақылау, өндірістік процестерді басқарудың ақпараттық жүйелерін интеграциялау, өнеркәсіптік интернет, жүйелердің жай-күйін бақылау, толықтырылған және Виртуалды шындық және т. б. жатады.
-
Электр энергетикасы
Атап айтқанда, ұлттық электр желісінде Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру және сенімділігін қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларды іске асыру жоспарланып отыр, бұл электр энергиясын желі бойынша беруді ұлғайтуға, аралас энергия жүйелерімен жұмыс кезінде қуаттың теңгерімсіздігін төмендетуге, желідегі технологиялық бұзушылықтар кезінде тұтынушылардың ажыратылу санын азайтуға мүмкіндік береді.
Синхрондалған векторлық өлшеулерге негізделген адаптивті басқарудың жоспарланған технологиялары нақты уақыт режимінде процестерді визуализациялау және басқару мүмкіндігін ұсынады. Бұл энергия жүйесінің орнықтылығы қорларының мониторингін жүргізуге, ЭБЖ өткізу қабілетін барынша пайдалану есебінен энергия жүйесінің жабдығын тиімді пайдалануға, жүйе жай-күйінің ағымдағы параметрлері бойынша электр энергетикалық желіні басқарудың жаңа алгоритмдерін жасауға, энергия жүйесінің жай-күйін онлайн режимінде бағалауға мүмкіндік береді.
Экономика саласының екінші бағыты бойынша көлік және логистиканы цифрландыру міндеті бойынша тоқталайық.
Секторды цифрландыру шешуге арналған негізгі міндет – транзиттік жүк тасымалдарының көлемін ұлғайту. Транзиттегі уақыттың қысқаруы Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға, Түркияға және Иранға барлық бағыттар бойынша теміржол секторында транзиттік жүк тасымалдарының көлемін айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Негізгі нәтиже электрондық құжат айналымына көшу есебінен де, оның ішінде авиатасымалдар саласында да, сондай-ақ Қазақстан өңірлері мен халықаралық қатынастар арасындағы сапалы және қауіпсіз жол инфрақұрылымын қамтамасыз ету есебінен автомобиль жүктері тасымалдарының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін зияткерлік көлік жүйесін енгізу арқылы да алынатын болады. Зияткерлік көлік жүйесі бейнебақылау, жол қозғалысын басқару, жүргізушілерді ауа райы жағдайлары туралы хабардар ету және көлік қызметтеріне электрондық төлем жасау функцияларын біріктіреді.
Сондай-ақ, экономиканы цифрландырудың үшінші бағыты ауыл шаруашылығын цифрландыру.
Елдің ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамыту мақсатында процеске барлық тартылған уәкілетті ұйымдарды қоса отырып, ауыл шаруашылығы өнімінің қадағалануын автоматтандыруға бағытталған бірқатар іс-шараларды іске асыру жоспарланып отыр, бұл агроөнеркәсіптік өнімнің өндірісі мен шығу тегінің бүкіл өмірлік циклін сандық-сапалық есепке алуға және қадағалауға мүмкіндік береді. Қадағалау жүйесін іске асыру салаға инвестициялар тартуға және экспорттық өнімдер желісін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдері мен терең қайта өңдеу өнімдерінің түрлерін жеткізу географиясын кеңейтуге тікелей әсер етеді. Қадағалау жүйесі кезінде толық мониторингті енгізу ауыл шаруашылығы өнімінің сапа стандарттарын арттыруға мүмкіндік береді, бұл қазақстандық өнімнің сыртқы нарықтардағы тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігіне мультипликативтік әсер етеді.
"Нақты егіншілікті" енгізу үшін метеорологиялық станцияларды қолдануды қоса алғанда, "нақты егіншілік" элементтерін пайдалана отырып, бірқатар фермерлік шаруашылықтарда пилоттық жоба жүргізілетін болады. Пилоттық жобаның қорытындылары бойынша "нақты егіншілікті"кеңінен қолданудың экономикалық тиімділігі айқындалатын болады.
Қазақстан Республикасының барлық өңірлері бойынша нақты егіншілік элементтерін дамыту және енгізу сектордағы қызметті жеңілдету, кірістілікті және еңбек өнімділігін арттыру үшін болжанып отыр. Өндіруші дақылдардың, ылғалдың, қоректік заттардың, азоттың, калийдің, фосфордың, зиянкестердің, жауын-шашынның ықтималдығы туралы нақты уақыт режимінде келетін мәліметтер жиынтығы негізінде шешім қабылдауға мүмкіндік алады. Бұл ретте нақты егіншілік элементтерін енгізу жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алумен, агротехнологияларды орындаумен және фермерлердің әзірлігіне қарай кешенді түрде жүзеге асырылатын болады.
Келесі төртінші бағытымыз қаржылық технологияларды және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту.
Қазақстандағы цифрлық қаржы саласының 2022 жылға қарай ПАЙЫМЫ көрсетілетін төлем қызметтері нарығының дамыған инфрақұрылымы бар тиімді жұмыс істейтін қаржы саласында түйінді рөл атқаратын проактивті қаржы қоғамдастығының қалыптасуын болжайды.
Қаржы секторы бөлінген тізілімдер, жаңа қаржы құралдарын ұсыну, мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялау есебінен рәсімдерді оңайлату және жеделдету сияқты технологияларды пайдалана отырып, өзгертілетін болады. Осылайша, қаржы қоғамдастығының белсенділігі ашық технологияларды ("Open API") іске асыруды және онлайн ортадағы алаяқтық деңгейін төмендету, жаңа қызметтер мен өнімдерді енгізу, клиенттік тәжірибені жақсарту, қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыру үшін реттеушінің (ҰБ) қолдауымен банктердің, инфрақұрылымдық компаниялардың және қаржы технологиялары саласындағы компаниялардың бір-бірімен белсенді ынтымақтастығын болжайды. Проактивті қаржы секторын дамыту жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу үшін клиентке бағдарланған өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді әзірлеуге, қаржылық, сол сияқты қаржылық емес көрсетілетін қызметтер (ритэйл, қаржылық консалтинг және т.б.) бөлігінде экожүйелерді құруға бағытталған инновациялық ұйымдарды дамытуға және олардың пайда болуына бағытталған шаралар қабылданатын болады.
Сонымен, соңғы бағытқа тоқталатын болсақ, ол - АКТ саласын дамыту.
АКТ саласын дамыту экономиканың барлық секторларын цифрландырудың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Елдің цифрлық күн тәртібін табысты іске асыруды қамтамасыз ету үшін Бағдарлама АКТ саласын қолдауға бағытталған бірқатар іс-шараларды қамтиды.
Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, 2007 жылдан 2011 жылға дейінгі Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс кезінде, басқа салаларда тоқырау болған кезде, экономикалық даму және Ынтымақтастық Ұйымы елдеріндегі АКТ саласындағы жұмыс орындарының саны әлемдік экономикаға ықпал ете отырып өсті.
Саланың ерекшелігі ат ұлттық экономиканың басқа салалары үшін нәтижелерге және оң экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуге өз үлесін қоса отырып, қазіргі заманғы бизнестің маңызды бөлігін құрайды.
Екінші жағынан, ақпараттық технологияларды енгізу киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиімді шаралар қабылдауды талап етеді.
Қорытынды, жобалардың барлығын іске асыра отырып, біз 2022 жылы мынандай жетістіктерге жете аламыз:
-
Экономикадағы еңбек өнімділігінің деңгейі әлемнің ТОП-30 елінің деңгейіне дейін артады;
-
Басым салаларда бәсекеге қабілетті экспорттық өндірістер пайда болады;
-
Қазақстанның ірі компанияларын капиталдандыру орын алады, бұл оларға қағидатты жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік береді;
-
Жергілікті электрондық сауда көлемі өседі;
-
Көлеңкелі экономиканың үлесі әлемнің ТОП-30 елінің деңгейіне дейін төмендейді;
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
мақала ЦИФРЛАНДЫРУ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

шағым қалдыра аласыз