2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Мақала. Дарынды оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктері. Барлық сыныптарға арналған
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

Мақала. Дарынды оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктері. Барлық сыныптарға арналған

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға және мұғалімдерге арналған мақала
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Дарынды оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктері

« Көкпекті жалпы білім беру орта мектебі» КММ


«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында»
                                                                                                                              Н.Ә.Назарбаев

Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңаша даму үрдісінің сұранысы тұрғысынан қарасақ, ұрпаққа берілетін білім мазмұнын жаңарту, оны игеру мәселесі ерекше орын алады. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына әсер етуі үшін дүниежүзілік білім кеңістігене ену, білім беруді одан әрі жетілдіру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда.

Білім берудің сапасын арттырудың басты шарттарының бірі-әрбір мұғалімнің үнемі біліктілігін дамытудың жеке педагогикалық шығармашылығының ұйымдастырушысы бола білуіне келіп саяды.

Қазіргі жаһандану заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, мәдени дамудың әлемдік деңгейіне көтерілуге бет бұру кезеңінде ұлттық мәдени-тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына сіңірген шәкірттерге қоғамның сұранысы өсіп тұрған шақта дарынды балалардың интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруын қамтамасыз етудің маңыздылығы артуда.

Өздеріңіздің іс-тәжірибелеріңізден байқап жүргендей, оқыту және тәрбиелеу процесінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық қабілетін арттыруға бағытталған жұмыс түрлерін ұйымдастыру, күнделікті толассыз тасқындаған ақпаратпен қарқынды өсіп отырған ғылымның әр саласындағы мағлұматтардың арасынан жеткілікті және қажетті мөлшердегі деректерді іріктеп алып, дарындылықты дамытуға арналған мейлінше үйлесімді білім мазмұнының нұсқасын қоғамымыздың талаптарына сай қайта құру кезек күттірмейтін маңызды міндеттердің бірі болып отыр.

Қазақ ағартушылары дарындылықты туа бітетін қасиет екенін мойындай отырып, адам қабілеттілігінің дамуына білім мен тәрбиенің, еңбектің, қоршаған ортаның зор ықпалының бар екенін айтады.

Жүсіпбек Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын-оқыту мен тәрбие.Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады.

Ресей психологтары дарындылық туралы мынадай анықтама берген: «Дарындылық-психиканың жүйелі, өмір бойы дамитын қасиеті. Ол басқа адамдармен салыстырғанда іс-әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде адамдардың ең жоғарғы нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайды.» Атомның құрлысын жай көзбен ажырату қалай қиын болса, қабілетті, дарынды оқушыларды анықтау да сондай, аса жауаптылықты қажет етеді.

Біздің гимназияда психологиялық қызмет пен ғылыми-шығармашылық орталығы бірлесе отырып, шығармашылықпен қисынды ойлай білетін, жан-жақты дамыған, қажетті жағдайда айрықша дұрыс шешім қабылдай алатын, ұлттық сана-сезімі биік, салауатты өмір сүруге, өзін-өзі іске асыруға бейім, жоғары мәдениет иесі-жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында «Дарындылықты дамыту жүйесі» тақырыбында мектепшілік жобасы жасалды.Осы аталмыш жоба аясында гимназияда жүргізілген жұмыстардың мазмұнына, жоспарына, іс-шараларды жүргізу әдістерінің тиімділігіне үнемі талдау жасалып, оны әрі қарай дамыту үшін анықталған кемшіліктерді жою мақсатында жұмыстар жүргізілу қажеттілігі де анықталып дер кезінде түзету-дамыту жұмыстары да жүргізіліп отырды. Гимназиямызда қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің өсуіне, ғылым жаңалықтары мен озық педагогикалық тәжірибелерді өз жұмысында шебер қолдана білуге, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету үшін «Инновация» шығармашылық тобы құрылды.

Shape1 Shape2

«Дарындылықты дамыту жобасы»



Shape6 Shape5 Shape3 Shape4


Shape7

Мақсаты:

Логикалық, шығармашылықпен ойлай білетін, жан-жақты дамыған, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын, ұлттық сана-сезімі биік, жоғары мәдениет иесі, салауатты өмір сүруге бейім жеке тұлғаны қалыптастыру.




Shape9 Shape8

Кітапхан

Ата-ана



Shape11 Shape10

Shape13 Shape12

Ішкі байланыс:

  • «Жезқазған дарыны» олимпиадалық резерв мектебі

  • Эрудиттер клубы

  • Ғылыми жоба мектебі

  • Денсаулық спорт клубы

  • «Зерде» оқушылардың ғылыми қоғамы

  • «Дебат» пікір сайыс орталығы

  • Мәдени-денсаулық орталығы

  • Мектептегі өзін-өзі басқару орталығы

  • «Ұшқын» жастар театры



Сыртқы байланыс:

  • Кіші ғылыми академия (Туған өлкені зерттеу, жер тарихын, табиғатын, пән бойынша);

  • ЖОО ұйымдарының пәндік олимпиадалары, «Кенгуру», «Ақбота» т.б.;

  • Аймақтық, аудандық, облыстық, республикалық байқаулар (фестиваль, мүшайра);

  • Көрме (ұлттық қолөнер, сурет көрмесі);

  • Республикалық «Дарын» орталығы, «Сарыарқа дарын» орталығы






Shape14

Міндеттері:

-Бала дарындылығын біртұтас зерделеу саласында ғылыми-теориялық қызметті дамыту;

-Дарынды балаларды анықтау мен іріктеу, оқыту мен дамыту;

-Дарынды балаларды оқыту мен дамытудың, диагностикасының ғылыми-әдістемелік жағынан қамтылуын жетілдіру;

-Дарынды балаларды әлеуметтік және құқықтық қорғауды қамтамасыз ету;

-Мемлекетіміздің зерделі потенциалын қалыптастыруға үлес қосу;

-Дарынды тұлғаны дамытуда инновациялық технология ауқымындағы тәжірибесін меңгеру, әрекеттестікті кеңейту;

-Зерделі тұлғаның республикалық, халықаралық кеңістікке шығуына жағдай жасау.


















Shape15

Күтілетін нәтиже:

-Дарындылықты дамыту механизімін басқару мектеп тәжірибесіне толық енеді;

-Дарынды балаларды қолдау мен айқындауда бағыт-бағдар беру қызметін қалыптастыратын нормативті-құқықтық негіз қалыптасады;

-Мұғалімдердің кәсіптік жеке дайындығы жоғарлайды.


Shape17 Shape16

Shape18 Shape19

Медико-әлеуметтік-психологиялық орталық



Инновациялық топ




Shape21 Shape20

Shape24 Shape25 Shape23 Shape22

Базалық бағдарлама 1-11 сынып







Айта кететін бір мәселе, балаларды мектеп жасында дарынды, дарынсыз деп бірден бөліп оқыту педагогикалық адамгершілік негізіне қайшы келеді. Оның үстіне психология мен педагогика ғылымында әрбір баланың дарындылығын қандай дәрежеде екендігін анықтайтын дәл өлшем жоқ. Мектепті үздік бітірген оқушылардың өзі өмірмен бетпе-бет келгенде жауап таба алмай сүрініп, дәрменсіздік танытып жататындары қаншама?!

Жаңа оқыту әдісі (технология)-бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы. Ал педагогтардың жаңа оқыту әдісі дегеніміз-бұл педагогтың мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім-амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы. Жаңа оқыту ізденісін жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, шәкірттерді бағалауы ерекше орын алады. Осыған орай оқушылардың дарындылығын арттыруда қолданылатын жаңа технологиялардың алатын орны ерекше. Әрбір пән мұғалімдері өз сабағында оқушыны мақсатқа жетуге баулу нәтижесінде дарынды ұрпақ тәрбиелеуге болатынын өз тәжірибемнен көріп, осы жолды таңдауды өздеріңіздің ой-таразыларыңызға салуды жөн санадым.

  • Мақсаттылық (Оқушының алдына мақсат қойып, оған жетуге тырысу);

  • Батылдық (Кездескен қиындықтарды жеңуге тырысу қасиеті);

  • Жауапкершілік (Тапсырылған жұмысты орындауға жауапкершілік қасиеті);

  • Сенімділік (сөзге ермеу, өз-өзіне сенім білдіру);

  • Шешендік (атқарылған істі көркем тілмен жеткізе алу қасиеті);

  • Шыдамдылық (Әр жұмыстың қорытынды нәтижесіне шыдамдылық қасиеті);

  • Ізденімпаздық (Күнделікті берілген тапсырмаға қосымша іздену, тың идея қосу көрсеткіш қасиеті);

  • Мұраттық (алдына қойған мақсатының мұратына жетуді мұрат етіп қою);

  • Өнерпаздық (Өнердің бір түріне икемділік таныту (ақындық, т.б.));

  • Шыншылдық (ешқашан өтірік айтпау, өтірік сылтау айтпау керек).

Осындай он қасиетті бойына сіңіру үшін кез-келген оқушы дарындылыққа жеткізетін сара жолды таңдайды, ал, мұғалім тарапынан оның жұмыстарына қосымша ой-түрткі жасап отыруы қажет.

ХХІ ғасыр-қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алған тұста әр баланы әр сабақтың жеке кейіпкері ете біліп, шығармашылық шәкірт даярлау үшін мұғалімнің өзі де шығармашыл болу тиіс.

Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбилеу қоғам үшін бүгін ауадай қажет, себебі дарынды адамның қоғамға әкелер пайдасы көп. Дарынсыз бала жоқ. Тек дұрыс ұйымдастырылған жұмыс оқушының шығармашылығын шыңдап, жақсы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Жалпы оқушылардың қабілеті мен дарындылығын анықтауда нақты арнайы анықтайтын әдістемелер жоқ, бір-ақ ерекше қабілетті оқушыларды анықтайтын психологиялық диагностикалар келесі әдістемелер бойынша жүргізіледі:

1) Э.Ф.Замбицявичене «Бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой дамуының деңгейін анықтау» (2-3 сынып)

2) Г.Айзенк тесті «Сандық және вербалдық қабілеттерінің даму деңгейін анықтау» (7-8 сынып)

3) «КОТ» тесті «Жеткіншектердің интеллектуалдық даму диагностикасы»(5-6 сынып)

4) ШТУР «Ақыл-ой дамуының оқушыларға арналған тесті» (7-11 сынып)

5) Равен әдістемесі «Логикалық ойлау деңгейін анықтау» (7-11 сынып)

6) Р.Кеттелл тесті (3-11 сынып)

7) А.Г.Лидерс тесті «Төменгі сынып оқушыларының ақыл-ой деңгейін білу»

8) Мінез-құлықты суретте (Е.Торренс әдістемесі)

9) Жеке тұлғалық типі(Дж Холланд)

10) Танымдық қызығушылығы (А.Голомшток)

11) Көшбасшылық қабілеті («Лидер» тесті)

12) Кәсіби бағыттылығы (Е.А.Климов әдістемесі)

Дарынды баланың психологиялық ерекшеліктерін әрдайым оқу-тәрбие жұмысында басты назарда ұстау керек. Жалпы, адам психологиясының өте күрделі екені аян.Дарынды баланың психологиялық ерекшелігі өте айқын көрінеді, оны оңай түсінуге болады деп үстірт қарауға тағы болмайды.Мұны әрдайым есте ұстау керек. Себебі, өмірде осы сияқты жасөспірімдердің ерекшеліктерін үлкендердің дұрыс түсіне алмауы жиі ұшырасады.Нәтижесінде, қабілетті шәкірттің дарындылығына тән қасиеттер дер кезінде жетілмей қалуы мүмкін.

Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау-заман талабы екенін ұмытпауымыз тиіс

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Жексенбаева Ү.Б. «Балалардың дарындылығын диагностикалау», Алматы,2005ж.

  2. Қ.Жарқынбаев «Психология» Алматы, «Мектеп»-1982ж.

  3. Г.Ю.Ксензова «Перспективные школьные технологии», «Наука», 2011ж.

  4. Ю.З.Гильбух «Внимание: Одаренные дети» М.1991ж.

  5. Мұғалімге арналған нұсқаулық «НЗМ» ДББҰ, 2012ж.

 



































09 Қараша 2020
467
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі