Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Ерекше оқуды қажет ететін балаларды тұлға ретінде қалыптастырудағы ойын түрлерінің маңыздылығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерекше білім алуды қажет ететін балаларды тұлға ретінде қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ерекше окуды қажет ететін балаларды тұлға ретінде қалыптастырудағы ойын түрлерінің маңыздылығы.


Әр баланың білім алуда өз ерекшелігі бар. Ерекше оқуды қажет ететін балаларды тұлға ретінде қалыптастырудағы оқытып – үйретудің ерекше тиімді бір формасы - ойын. Ойындардың атқаратын қызметтері сан алуан болып келеді. Ұйымдастырылуына байланысты – интеллектуалдық, эстафеталық, логикалық, дидактикалық, шығармашылық ойындар. Бұл олардың қандай істі болса да атқара алатындықтарына сенімдерін арттырып, еңбекке деген ынтасын дамытады. Жеңіл дене жаттығулары, секіру, тізбек құру, бір қатарда қойылған заттар арасымен жүру, қимылды ойындар дене белсенділігін арттырып, баланың жеңіс үшін қуаныш сезімін, алға ұмтылу сенімділігін оятады. Ойынның басты мақсаты – бала бойындағы, тәртібіндегі кемшіліктерді түзету. Тәрбиелік барысында баланың тіл мүкісін, қолының буындарының қимылын, саусақтарының моторикасын дамытуға ерекше көңіл бөлу маңызды.

Дефектолог маманы ретінде мен сабағымда ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған ойындарды ойнатуға тырысамын. Ұсақ қол моторикасы сананың жоғары қасиеттерімен әрекеттеседі: зейін, ойлау, елестету, бақылау, көрнекі – бейнелік есте сақтау, сөйлеу.

Саусақ ойындары - балаға ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар жасалады. Саусақ қимылдарына арналған ойындар – саусақтарды біріктіріп гүл, үйшік, қақпа жасау; саусаққа, білекке – ұштағыш, білезік, арала, шымшала жаттығулары орындалады.

Табиғи материалдармен алақан мен саусақты уқалау. Саусақтар мен алақанға арналған массаж жасау балалар үшін өте пайдалы, өйткені саусақтар ми мен ішкі органдармен тығыз байланысты. Табиғи материалдар деп отырғанымыз – шишка, грек жаңғағы, каштан т.б.

Су Джок терапиясы. Су Джок терапия әдісі – дененің барлық бөліктерін, жүйке жүйелері мен дене мүшелерін, қол мен аяққа негізделген әр түрлі ауруларды емдеудің әдісі. Су Джок терапиясын қолданудың мақсаты: қолдар мен аяқтарда орналасқан барлық жүйке жүйелерінің жоғары белсенді нүктелерін ынталандыру (жүйке жүйесін ояту).

Дәнді дақылдар, моншақтар, түймелермен ойын. Бұл ойындар сергітетін әсерге ие. Балаларға ұсақ дәнді дақылдардан, үлкен дәнді дақылдарды бөліп алу, түйме қадау, моншақтарды жіпке тізу сияқты ойындар жатады.

Ермексазбен жұмыс. Ермексаз - жасанды пластилиннен жасалған материал, балалармен жұмыс жасағанға өте ыңғайлы.

Ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар болсын, ойындар болсын психофизикалық кемшіліктерді жоюға, тиімділікті арттыруға ықпал етеді.

Көпенова Сауле Сейсенқызы

«Қордай аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» КММ нің дефектологы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2021
425
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12