Тақырып бойынша 11 материал табылды

мақала Еске алу

Материал туралы қысқаша түсінік
материалға ұқсас қылып мақала жазуға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Орның бөлек еді бауырым....

«Көре алмай тіршіліктің көп қызығын,

Тата алмай шаттық өмір тәттілігін.

Жарқырап келе жатқан жұлдыз едің,

«Әттең-ай!Ерте сөнді-ау от ғұмырың .

Қыран едің шырқар биік аспанға

Айналардай бауырым ең мақтағанға» Тірі болса бауырым Ормаш Ноянұлы Мырзағалиев

29 қарашада 49 мүшел жасқа келер еді.Ортамызда жоғына 22 жыл болыпты әттең.........

Жалпы адам шыр етіп дүниеге келгенде тағдыры маңдайына жазылады демекші.Ата-анам,яғни әкем байғұс туа сала шешеден, 5 жасында әкеден айырылып,жетімдіктің ащы дәмі өмір бойы таңдайында қалардай болып өседі.Жетімдік деген айтпаса да,жазбаса да белгілі жағдай.Міне сол әкемнің жеттімбе,өстімбе балаларымның қызығын көрембе деп отырған да,соққы үстіне соққы көріп қайғыдан іш құса болып өмірден озды.Әрине себебі,алғаш жарынан,яғни анамыздан айрылдық,келесі жылы туған бауырынан айрылды.онан міне ұлының алды Ормаш бауырымыздан айырылады.Әрине әкенің алдында баласы кету зор қайғы болады ғой.

Ормаш бауырым бір төбе,Аллаға шүкір бауырларым бар бірақ олар бір төбе болып отырады.Ормаш ерекше туылады жастайынан өнерге құмар болған екен.Сол дарынымен өсе келе өз ортасында ән айтып,тойларда асабалық қызметтер атқарып жүруші еді.

Бауырым Ноянұлы Ормаш Мырзағалиев 1969 жылы 29 қазан айында ол кезде Торғай облысы, Жангелді ауданында дүниеге келген.Қалам-Қарасу ауылында орта мектепті бітіреді.ҚазГУ-дің журналистика факультетін тәмәмдаған.Журналистік қызметін Алматы.Астанада атқарады.Еске алуды мына бір ағаның жолдармен толықтырсам жеткілікті деп ойлаймын.....

«Орның бөлек еді Ормаш...

13.12.2013 ж. Мінәмжан АСИМОВ

Айқын газеті

Ол кезде бәрі суық еді. Қыстың қақыраған аязды, қарлы күндерімен әсем Алматының көшелері де суық түске бөленген. 

Университеттің комсомол комитеті де ВЛКСМ мүшелігінен шығару туралы шешуші жиналыстарды өткізіп жатты.Комсомолдың алдындағы аты-жөні жазылып, тек қол қоюға дайын тұрған шешімдердің саны да көп еді.Комитет мүшелері біздің 102 топтың «серкелері» Гүлмира Сұлтаналиева, Ғазиз Тастаев және Омарбек Мырзағалиевтің ісін қарап жатты. Ол үшеуі топтың старостасы, комсомол ұйымының төрағасы, кәсіподақ төрағалары болатын. Комсомолдан бұрын сот шешім шығарып, үшеуін 10-15 күннен абақтыға кескен екен. Ормашты ол жерге қабылдаудан бас тартады. Он жеті жасқа толып үлгермеген Ормаш қалып, одан бірнеше ай үлкен Ғазиз сегіз адамдық камерадағы қырықтай жастың арасына кіріп қосылады. Бұл қорлыққа шыдамаған Ормаш: «Мен де осында жатып шығуым керек, мені де алыңызшы» деп жалынсын кеп. Ондағы кісі: «Басым екеу емес менің, қабылдай алмаймын», – деп оны кері қайтарады. Сұрағандарға Ормаш:– Менің атам репрессияның құрбаны болған. Мен Ноянның баласымын, заман осындай-ақ болса менің де атам сияқты жатып шыққаным жөн, – дейді. Ішінен күйінген, курстас құрбыларының кінәсіз қамалғанына жаны удай ашыған Ормаш олардың қал-жағдайын білмек болып бірнеше мәрте абақтыға қатынады. Он бес тәуліктің өтуін ол да абақтыдағы студент жастардан кем күтпеді. Мектепті бітіріп келсе де қорқу дегенді білмейтін Ормаш досымыздың бұл әрекеті бәрімізді таң қалдырды. Біреулері бұл жігіттің қайсарлығына сүйсіне қараса, екіншілері оны өлердей жек көрді. Абақтыдан кейін жазалау эстафетасы қолына тиген комсомолдың қатаң жазасы Гүлмираны есінен тандырды. Оны қатты аяп араша түскен тағы да сол Ормаш. Топты алаңға бастап шыққан Ғазиз екеуі екендігін, Гүлмираның оған ешқандай қатысы жоқтығын айтып, жазаны өздеріне сұрайды. КазГУ-градта ешқандай-да қақтығыс бола қоймаған. Бұл 86-нің соңғы айы, соңғы күндері еді. Ә. Ыдырысов та өз студенттерін қорғады, көптеген жастардың білімін одан әрі жалғастыруына септігін тигізді. Бұны мен кейінірек досымыз Ғазиз Тастаевтің аузынан естіп білдім. Ғазиз, Гүлмира, Ормаш үшеуі оқудан шығарылған жоқ.

Бүгін біздің арамызда жоқ, марқұм Ормаш досымыз менің есімде осындай қайсарлығымен, ержүректігімен қалды. Достарына берік, қыздарға тірек бола білді ол. Орыс тілін жетік білгендіктен, әр ұлттан да достары көп еді оның. Бәріміз ауылдан келіп абитуриент болып, қала тұрмысына жасқана қарап жүрген кезімізде, ол әркіммен тіл табыса кететін. Гитараны қолына алып «Шалбар киген қыз», «Қостанайым» әнін бастағанда бәріміз қосыла шырқаушы едік. «Шалбар киген қыз» тобымыздың хитіне айналып кеткен еді. Армиядан кейін де факультетте вокал-аспаптар ансамблін құру ниетінің барлығын айтатын. Аз ғана ғұмырының ішінде ол өзін танытып кетті. Артынан айтып, еске алатындай тамаша қасиеттерін көрсетіп үлгерді. Қазақ радиосының ақпараттар бөлімінде дайындаған түрлі хабарларымен ерекшеленді. Журналистика факультетінің түлегі Орманбек- Ормаш Мырзағалиев желтоқсан тарихының беттеріне алтын әріптермен жазылатын нағыз патриот болып қалуға лайықты-ақ...»- міне осы кісіден артық бауырым туралы не айталам.

Астанада да бірге жүрген достарының арасында сыйлы бола білді.Журналистика факультетінде бірге оқыған ағалары,інілері олар Ғабит Мүсірепов,Серікқали Мұқашев т.б.Кейіннен қайтыс болғанында да денесін жеткізуге көмектерін берген де достары осы кісілер болды.Ол кісілерге Алла риза болсын.Амал не қатарының арасынан 49 -ға толып ,ұл өсіріп,қыз өсіріп,немере сүйіп бақытты ғұмыр кешкендерді көріп қызыға да ,қызғана да қараймын.Әрине Алла көрінген бауырларыма амандық берсін,отбастары аман болсын,оларда дұғаларын оқып үнемі еске алады.Мен қарындасымын.Кезінде бауырым өзім Алматыға алып кетем оқытам деп жүргенде мезгілсіз ажал алып кетті.Аллаға шүкір отбасылымын,жарым балаларым ортасында бақытты ғұмыр кешіп отырған жайым бар.Міне бүгін атаулы күнінде бауырымда қалай еске алмасқа деген оймен қолыма қалам алып жаздым.Бауырымды еске ала отырып Алла алдынан жарылқап,Жаны жәннәттан болсын деп тілеймін.

Бауырым,айналайын, ағатайым!

Өзіңді әр күн сайын, еске аламын.

Қыршыныңнан қиылып кете бардың,

Еш себепсіз,белгісіз жазатайым .

Ол кезде, 29 -жаста едің

Арманыңды алға қоя бастап едің,

Үлкен үміт күтіп ем, бір өзіңнен

Қалай ғана қиып бәрін тастап кеттің.

Толдыңыз міне бүгін 49-жасқа

Сағына еске аламыз,не амал басқа

Артыңда бір иіскер ұрпағың да қалмады

Бір уыс,топырақ себетін басыңызға

Алдыңнан Алла өзі жарылқасы

Дұға айтудан, басқа амалым болмады.

Мырзағалиева Айгүл Ноянқызы

Мұғалім









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.11.2018
1987
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12