Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
мақала Есте сақтау қабілетін жақсарту жолдары
А.С.Мұхатаева1., Ж.С.Жақсылықова2.,
1С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы
2Шағын жинақталған Тасбастау негізгі орта мектебі, Зайсан қ., Қазақстан Республикасы
ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Бұл мақалада жинақталған деректер электромагниттік өріс тұрмыстық аспаптар мен коммуникация құралдарының, адам денсаулығына әсері туралы айтылған. Сондай-ақ оқушылардың зерттеу нәтижесі бойынша көрсеткіштері мен салыстырма нәтижелері берілген.
Өркениеттің даму үрдісінде әсіресе ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында қызмет етудің өндірістік саласында және ақпараттық технологиялардың, электротехника және радиотехниканың жетістіктеріне негізделген аспаптар және технологиялармен адам тұрмысының жабдықталуы күрт артты. Жоғарғы технологиялық жабдықтарды, ұялы телефондарды, компьютерлерді, телекоммуникация және ақпараттандыру жүйелерін пайдалану әдетке айналды. Алуан түрлі және көптеген электротехнокалық және электрондық аспаптар біздің күделікті тұрмысымызда берік тамырын жайды.
Қазіргі уақытта өмірімізді электр тұрмыс техникаларынсыз (теледидар, компьютер, телефон, үтік, ұялы телефон, қысқа толқынды пештер, фен, үстел шамы, тоңазытқыш және т.б.) елестету мүмкін емес. Осыған орай біз білім алушылардың есте сақтау қабілеті дамуының бәсеңдеуіне көз жеткіздік және олардың себептерін анықтау және оны қалпына келтіру жолдарын атап өтуді жөн көрдік. [1]
Бүгінде оқушыларымыздың электромагнит шашатын (ұялы телефон, планшет, ноутбук, телевизор, комьпютер, және құлаққап (наушник) ) т.б құралдардың шамадан тыс қолдануы бірден бір себептерінің бірі болуда.[2]
Адамның есте сақтау қабілетінің өмірінде қаншалықты маңызды зор екендігі барлығыңызға белгілі. Ол адамның аты-жөнін, қандай мәселе бойынша өзіңізге келгендігін жадыңызда сақтап қалу үшін керек. Бірақ көпшілік есте сақтау қабілетінің нашарылғынан сәл уақыт өткенен кейін « оның есімі кім еді?» деп бас қатырып, әбігерге түсіп жататынына куә болудамыз. Солай болмас үшін не істеуіміз керек?
«Қарапайым адам өзінің есте сақтау мүмкіндігінің 10 пайызын ғана пайдаланады»,- дейді психолог, Карл Шиншор. Қалған 90 пайызы жұмыс істемей, бірқалыпта тұра береді. Оның себебі, қарапайым есте сақтауды дұрыс пайдалана алмауына.
Санасын игеру демекші, тарихта аты қалған атақты дана Томас Эдисонның есте сақтау қабілті өте жоғары болғаны белгілі. Бұл қабілеттің сырын мына бір оқиғамен түсіндіруге болады. Оның кезінде жиырма жеті көмекшісі болыпты. Олар жарты жыл бойы цех пен зауыттың арасындағы жолмен ерсілі-қарсылы қанша жүргеімен, өсіп тұрған шие ағашына мән бермеген. Томас өзінің көмекшілерінен сұрастырғанда ешқайсысы ол ағашты байқамаған болып шығады. «Қарапайым адамның миы қанша ақпарат қабылдағанымен,-дейді Эдисон,-ол көздің көргенінің мыңнан біріне жетпейді. Егер біз көрген нәрсемізге үлкен мән бере білсек, дұрыс бақылай алсақ, көптеген кемшіліктеріміз болмас еді», -деп есте сақтау қабілетінің сырын көрген дүниеге мән беруден басталатынан баса айтады. Атақты бір журналдың басшысы өзінің қызметкерлеріне бір ғана нәрсе назар аударуын талап етіп, осы талапты әрқайсысының жұмыс орындағы қабырғаға жазып, ілгізіп қойған. Ол байқағыштық пен көңіл қою. Байқағыштық қасиеті Линкольнның тұлға бойынан ерекше көрніс берген.
Есте сақтау қабілетінің өте жақсы болғаны сондай, Линкольн танысқан адамның кім екенін, қайдан келгенін, қандай адам екенін дәл айтып беретін болған. Өзі де «Менің есте сақтау қабілетім болат, темір секілді. Оған тырнап жазу оңай емес, ал егер бір нәрсе сызылды екен, оны өшіру екі есе қиын»-дейді. Ликольн бала кезінде ауыл мектебінде оқиды. Мектепте жалғыз оқулық, оның өзін мұғалім дауыстап оқып беріп, балалар оны хормен қайталап айтып үйренеді. Осы үрдіс оны өмір бойдағы әдетіне айналады. Бір нәрсені дұрыс ұғу үшін дауыстап оқып барып түсінетін. Ол өзінің адвокаттық кеңсесінде күнделікті газетті дауыстап оқығанда қызметтестері әрең шыдап, « Неліктен дауыстап оқисыз?» деп сұрайды. Сода ол: «Дауыстап оқығанда менің екі мүшем сезінеді, біріншіден, мен оны көзімен көремін, екіншіден, құлағымен естимін, ал бұл есте сақтауға ыңғайлы» деп жауап берген. Демек есте сақтаудың тағы бір тәсілі-дауыстап оқу.[3]
Психологтар бұрыннан бері ақпараттың көптеген мөлшері санамен меңгерілмейтіні туралы жазады, әр бір баллада өзінің оңтайлы мөлшері болады. Бірақ адамның миы шексіз мүмкіндігі бар, бірақ ол бір ретке тек белгілі мөлшерін қабылдайды.
Тест түріндегі бақылау көбейгендіктен мектеп тәжірибесінен ауызша сұрау, кітап оқу және материалды қайталау мүлдем жоғалып кетті, ол сананы дамытуда кері әсерін тигізді.
Тағы бір мәселе – ол компьютерлардыңң және ұялы телефондардың электромагниттік өрісінің балалардың денсаулығына және олардың есіне әсері. Көптеген зерттеулердің мәліметтеріне қарағанда осы өрістер жас, жаңа өсіп келе жатқан ағзаға қатты әсер етеді. Біздің ойымызша естің дамуын баяулататын себептердің бірі болып табылады.
Психолог ғалымдардың жүргізген көптеген тәжірибелік зерттеулерінің нәтижесінде жалпы адамзат баласының ес үрдісіне әсер етуші факторлар қатары анықталды. Олар: белсенділік, қызығушылық, зейін, тапсырманы ұғыну. Сондай-ақ, ес үрдісінің динамикасын анықтайтын факторлар қатарында материалдың көлемі, оның қиындығы, мағыналығы, ұсыну тәсілдері және есте сақтау өнімділігіндегі басқа да факторлардың рөлі көрсетілді: мотивация, ниет, индивидуалдық ерекшеліктер.
Ес мәселесі өзінің психологиялық мазмұнын психологиядағы әр түрлі бағыттардың сансыз зерттеулерінен тапты. Айталық П.П. Блонский естің генетикалық теориясын дамытты. Бұл теория бойынша, естің генетикалық сатыларын сипаттай отырып, мынадай түрлерін бөліп көрсетеді: моторлы ес, бейнелі ес, аффективті ес және вербальді ес. Олар ес дамуының төрт сатысын, деңгейлерін білдіреді. Олар психиканың жүйелі түрде даму үрдістерінде пайда болды. П.П. Блонский адамзат дамуының тарихында естің бұл түрлері жүйелі түрде бірінен кейін бірі пайда болды деген ойды негіздейді. Л.С.Выготскийдің ойынша, адам есінің функциялардың басқа психикалық үрдістерін және адам күйімен байланысының өзгерістері арқылы жүреді. Сөйлеудің түрлі формаларының арқасында – ауызша, жазбаша, ішкі, сыртқы – адам есті өз еркіне бағындыруға, ақпарттарды сақтау және қайта жаңғырту үрдістерін басқаруға қабілетті болды. Бореас материалды қосымша оқу әдісін қолдана отырып, буындар мен тақырыптардың есте сақтауын салыстырды. Алғашқы жаттаумен салыстырғанда қайталаулар барысындағы материалдардың есте қалай сақталғанын анықтады [4, 22-24бб. ].
Есте сақтау қабілетін зерттеумен Г. Эббингауз, З. Фрейд, А. Бине, К. Бюлер, А.Н. Леонтьев, А.Р. Лурия, С.Л. Рубинштейн, Б.В. Зейгарник, Л.С. Выготский және т.б. көптеген шетел және отандық ғалымдар айналысқан [5,1б.].
Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруге нәтижеге бағдарлану, оқу ісін оқушының жеке тұлғасын бағыттау, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып табылады. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық тұрғыдан шығармашылықпен игеруі тиіс.
Ырықты және ырықсыз есте сақтауды салыстыру кезінде, өз мақсаттарына және оған жетудің тәсілдеріне байланысты әр түрлі болатыны анықталды. Оның пікірінше, тіпті, әр түрлі мақсатқа бірдей тәсілдерді қолдану бірнеше өзгешеліктермен ерекшеленуі тиіс. П.К.Зинченко ес үрдісін ол жүзеге асырылатын іс-әрекетке тәуелділігі, осы үдерісінің іс-әрекеттің ерекше түрі ретіндегі мазмұны жайлы және есте сақтаудың жоғарғы деңгейлерінде қайталаулардың өзгешелігі жайлы «Ырықсыз есте сақтау» атты еңбегінде келтіреді. Ырықсыз есте сақтау құбылысы бұл жұмысты зерттеудің арнайы пәні болады. Естің екі түрі үшін де есте сақтаудың негізгі факторы – қайталау деп саналады, ал олардың саналық айырмашылықтары жайлы мәселе көтерілмеді. Оның еңбегі естің ең басты теориясы деген негізгі бағалауға ие болды және осы саладағы көптеген тәжірибелік жұмыстарға негіз болды. Ол зерттеулерін қорытындылай келе, өз жұмысының басты нәтижесін «ырықты және ырықсыз есте сақтауда құрылымдық, генетикалық және функционалды талдаудың ортақ бірлігі болып адам әрекеті табылады» деп тұжырымдайды [6, 24б.].
Есте сақтау мәселесіндегі ұлы зерттеуші Эндель Тулвинг «алып шығу тәжірибесі» деп аталатын тәсілдердің артықшылықтары туралы білгендердің алғашқыларына жатады. Бірқатар эксперименттерге қатысушылар үш жағдайда сөздер тізімін жаттады: стандартты (жаттау, тест, жаттау, тест) қайта жаттау және қайта тестілеу (жаттау, тест). Қайта жаттау тобына қайта тестілеу тобына қарағанда сөздермен жұмыс істеуге үш есе көп уақыт берілді. Егер үйрену тек қана жаттау үдерісінде болса, онда олар сөздерді жақсы есте сақтайды деп күтіледі. [6, 26 б. ].
Есте сақтау қабілетін дағдыландыруға келетін болсақ, дағды дегеніміз – жаттығу мен қайталау арқылы автоматтандырылған іс-әрекеттің бөлігі. Дағдыға айналған адамның іс-әрекеті есінен біржолата шығып кетпейді. Дағдының пайда болуы әуелі ойланып толғануды талап ететін саналы істерден шығады.
Дағдының қалыптасуыжад үрдісінің негізінде жүзеге асырылады. Оқу үстінде дағдыға талпынуды жаттығу деп атайды. Дағдылану үнемі бір дәрежеде тұрып қалмау үшін жаттығу үдерісінің әр кезеңінде де түрлі әдіс қолданылып, сабақ беруді түрлендіріп жүргізеді.
Жаттығу жұмыстарын жемісті жүргізуге бірнеше талаптар қойылады. Бұл талаптардың бірнеше негізгілері байқалады: а) жаттығу жұмысы нәтижелі болып оқушы ойдағыдай табысқа жету үшін, ең алдымен нені жаттауды оны қалай жаттауды, және осы материалды қалай ұзақ есінде қалуын білуі қажет. Егер оқушының алдында осындай мақсат болмаса, ол өзін-өзі күштеп, жұмысқа беріле алмайды; ә) оқушының жаттығуы өріс алу үшін, ол өз жұмысының қалай орындалғанын үнемі тексеріп отыруы қажет. Егер жұмысты орындауда оқушы қателік жіберсе, сол қатені қалай жөндеудің тәсілі көрсетіледі; б) жаттығу жұмысының мазмұны тек ауызша қайталау болмай, көбінесе әрекет жазу, сызу арқылы жүргізілуі тиіс. Себебі, ауызша қайталағанға қарағанда машықтанып, әр түрлі әрекет жасау мазмұнның есте терең қалуына себеп болады; в) жаттығу жұмысы белгілі бір жүйелікпен жүргізілуі тиіс. Мысалы, оқу мазмұндары бірінен соң бірі бөлшектерге бөлініп, белгілі бір мерзім бойынша жүргізілсе, нәтижелі келеді; г) жаттығу жұмысын жүргізу арасындағы уақыт аралықтары тым ұзақ болмауы тиіс. Егер жаттығу жұмыстарының арасындағы үзіліс ұзақ болса, бұрынғы өткендер ұмытылып, келесі мазмұндарды еске түсіру қиын соғады. Егер жаттығу жұмысы орынсыз көп қайталана берсе, оқушы тез шаршайды. Ал қайталау аз болса, онда дағды терең қалыптаспайды. Сондықтан қайталау оқу мазмұнының ерекшелігіне қарай, белгілі мөлшермен жүргізілуі тиіс [7, 169 б.].
Бұл зерттеулердің түпкілікті нәтижелері қарастырылған әдістемелердің қайсы біреуін артық деп санауға негіз бермейді. Бұл орайда, басқа факторлардың іс-әрекеттердің мазмұнының оқушылардың дара ерекшеліктерінің, мұғалімнің жеке басының ықпалы – әдістемелердің айырмашылығынан гөрі күштірек болып шығады.
Қорыта келе, аталмыш зерттеу барысында есте сақтау қабілетің дағдылары бірнеше бөліктерден тұратыны анықталды:
- белгілі бір мәліметті тез есте сақтауға жәрдемдесетін жадымызға бейнелі кодттар болуы тиіс;
- есте сақталған мәліметтерді бейнелі образдар мен ассоциацияларға айналдыру қабілетінің болуы;
- ұзақ уақыт бойы, әрі еш қиналыссыз мәліметті есте сақтау дағдысын қалыптастыратын және қажет болған жағдайда еске түсіре алатын зейіннің тұрақты болуы тиіс;
- есте сақталған ауқымды ойша қайталамай алу қабілетінің болуы;
-жадымызда мәліметтердің өзара байланысын есте сақтауға жәрдемдесетін тірек образдар жүйесінің болуы тиіс[8, 5-6 бб.].
Күнделікті есте сақтау қабілетін саналы түрдегі мнемоникалық дағдысының айырмашылығын білу маңызды болып табылады, яғни бұл дегеніміз, бір мезгілде жүздеген нақты мәліметті жадыда бекіту деген сөз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Мұхатаева А.С.,Бектасова Г.С.Коммуникация құралдарының электромагниттік өрісі адамдардың есте сақтау қабілетіне әсері //ШҚМУ Шығыстың аймақтық хабаршысы
-
Мұхатаева А.С., Павлов А.М. Оқушылардың есте сақтау қабілетіне электромагниттік өрістің әсері //Алматы жас ғалымдар коференциясы
-
Нұрпейісұлы Ә., Жадыны күшейтудің жлолы бар /Ә. Нүрпейісұлы: Ете сақтау қабілет және қарапайым есте сақтауды дұрыс пайдалана білу, есте сақтау қабілетті жақсарту туралы.//Заң газеті.-2006.-22 қараша (№203).-8б.
-
Амирова М.А. Ресей психологиясындағы ес мәселесі //Қазақ қыздар мемлекетті қыздар педагогика институты Хабаршысы, 2007.-№6 22б.
-
Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамытудың тәсілдері мен зерттеу әдістері
-
Кашлач И.Ф. Болашақ ұстаздарды жалпы білім беретін мекемелерінде оқитындардың логикалық есін дамыту процесіне дайындау. П.ғ.к. деңгейіне жазылған диссертация – Тюмень 2006.
-
Ержанова Н.А. Есте сақтау қабілетінің құрылымы мен қызметі және оны дамыту жолдары» атты мақала «Тағылым»«Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы
-
Блонский П.П. Память и мышление спб 6.: Питер, 2001.-5-6 с.

