Материалдар / Мақала: Физика пәнін оқытуда қолданылатын тиімді әдістер.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала: Физика пәнін оқытуда қолданылатын тиімді әдістер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгеріп, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым – қатынас пайда болды. Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.Бір сөзбен айтқанда білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту болып отыр. Бұл Елбасының білім саласын жаңарту туралы бастамаларын іске асырудағы маңызды тетіктерінің бірі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Маусым 2022
842
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Физика пәнін оқытуда қолданылатын тиімді әдістер. Блум таксономиясы


«Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен

инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек

еткен,талмай ғылым іздеген, жалықпай техника

меңгерген адам озады. »

Н.Ә.Назарбаев


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы жолдауы және

2010 жылғы 7 желтоқсанда«Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында» көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде, білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағдылану, ақыл–ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан республикасы жариялаған білім беру басымдылығына, «жалпыға білім беру» моделін «әр адамға таңдау бойынша білім беру» моделіне көшуге негізделген.

Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгеріп, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым – қатынас пайда болды. Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.Бір сөзбен айтқанда білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту болып отыр. Бұл Елбасының білім саласын жаңарту туралы бастамаларын іске асырудағы маңызды тетіктерінің бірі.

Білім – теңіз, оның тереңіне сипатын жетік білетін, сырын меңгерген, құпиясын ашатындар ғана бойлай алмақ. Ондай адамдарды дайындайтын мұғалім. Ал оқытушы білімді білім алушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. Ол оқытушының бір – біріне ұқсамайтын жан – жақты өткізген сабақтары. Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі- жаңа технологиялар екені мәлім.
Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс – тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді оқытушы ізденісі арқылы білім алушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп, қолданылады. Тиімді пайдалыларын жетілдіре түседі.

Көрнекі педагог В.А. Сухомлинский «Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жас өспірімдер үшін рухани өмірдің түлеген ошағына, оқытушы осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» деп айтқан. Өйткені жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденістері, қолданған әдіс – тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады. Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс – тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта – ықыласының, дағды мен ой – өріс, білім – біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз.
Әрбір оқытушының негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, заманауи технологияладың әдіс-тәсілдерін, элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осы мақсатта физика пәнінде әртүрлі әдістермен жүргізуге болады. Оқу – тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше және оқушылардың жеке жағдайларына байланысты таңдап алуға көп көңіл бөлу керек.
Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді.

Білім алушыларға терең білім беру үшін мұғалім мына төмендегі қағидаларды есте сақтағаны жөн деп есептеймін.
1. Мұғалім пәнді жетік меңгеріп, оны білім алушыларға ғылыми тұрғыдан негіздеп, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып бере білуі қажет.
2. Білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жеке бастарының психологиясын, жан дүниесін жете біліп, әр білім алушының жүрегіне жол таба білуі абзал.
3. Ғылым мен педагогика саласындағы жаңалықтарды үнемі пайдаланып отыруы тиіс.
4. Мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап жеке блоктар түрінде топтастырып өткізе білуі керек.
5. Білім алушыларға ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін арттыру үшін жаңа сабақты, әсіресе заңдылықтар мен құбылыстарды тірек белгілері мен тірек конспектілері бойынша берген жөн.
6. Білім алушыларлардың сапалы да тиянақты білім алуы үшін әр бөлім, әр тақырып бойынша олардың білімдерін тексеріп отырған жөн.

      Әртүрлі табиғи құбылыстарға байланысты жұмбақтар шешіп, сөзжұмбақ, бейнесөз құрастыруға болады.
8. Сабақта білім алушыларды таң қалдырып, себебін білгілері келетін әртүрлі қызықты тәжірибелер мен физикалық фокустарды ұдайы қолданған орынды.
9. Ең бастысы әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет.
Оқыту барысында қолданылатын әдістердің түрлері:

Репродуктивтік әдіс арқылы білім алушы “дайын” білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсенділігі төмен болады.
Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады.
Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, білім алушылардың тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді оқуы, т.б.) қолдануды талап етеді.
Монологтық баяндау әдісі қолданылса, онда оқытушы әңгімелейді, ғылымның дайын қорытындыларын, ережелерін, фактілерін хабарлап оқиғаларды суреттейді, іс-әрекеттің үлгілерін көрсетеді және білім алушыларға тапсырмалар береді.
Зерттеу әдісін қолданғанда мұғалім білім алушыларға тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар (тәжірибе жүргізу, қосымша ақпарат, фактілерді жинап оларды өз бетімен талдау және қортындылау, өз ойын дәлелдеуге керекті материалдарды жинау, т.б) береді.
Оқыту әдістерін тандау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын таңдаған кезде жүреді.
Сөздік әдісі колледжің барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты, көлемі, ұзақтығы өзгереді.
Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ бекіту кезінде білім алушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады.
Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады.
Иллюстрация әдісі арқылы білім алушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.
Оқытудың тәжірибелік әдістері арқылы білім алушылар тәжірибелік қызметпен айналысып, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады.
Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс арқылы адамзат жинақтаған тәжірибені аз уақыт ішінде беруге болады.
Дедукция әдісі арқылы білім алушы өзі білетін қорытындыларды, ережелерді, ғылыми заңдарды бақылау жүргізгенде, тәжірибе жасағанда, жаттығу жазғанда қолданады.
Индуктивтік әдіс. Индукция – латын сөзі. Білім алушыларды белгілі бір қорытындыларға әкелу. Алдымен білім алушыларға жеке заттар, құбылыстар түсіндіріледі, фактілерден қорытындылар шығартады.
Импрессивтік әдістер. Импрессия (латын сөзі, әсер, толғаныс, сезім) әдісі арқылы балалар мен жастар немесе ересектер шығарма және оның авторы туралы ақпарат алып, оны талдап, шығарманық негізгі идеясын айтады.
Экспрессивтік әдістер. Экспрессия (латын сөзі, бейнелеу) әдісі арқылы жасалған жағдайда білім алушылар нақты құндылықтар жасап, өздерін танытады.
Ынталандыру әдісі. Оқыту процесінде баланың оқу іс-әрекетіне оң көзқарасын туғызу керек. Оқылып отырған материалдың оқушыны тебірентуі, қуанышқа бөлеуі, таң қалдыруы, аяушылық сезімін тудыруы сабақтың мақсатына жетуді тездетеді.
Ой майданы әдісі. Бұл әдіс арқылы педагогикалық бөлімнің білім алушылары шағын топтарға бөлініп, колледж оқулығынан бір тақырыпқа әзірленіп 5-20 минут сабақ береді, содан кейін сабақ талқыланады, бағаланады, оны келесіде жақсы өткізу жолдары белгіленеді. Сабақты түгел бейне жазбаға жазу оны талдауды жеңілдетеді. Бұл әдіс оқытушының жұмысқа дағдыландырады.
Ойын – оқыту әдісі. Оқыту мақсатында қолданылатын ойындардың түрлері көп. Ойын – қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі, ал білім алушылар мен ересектер ойынды сабақтан және жұмыстан қолы бос кездерінде ойнайды.
Эссе әдісі – білім алушылар тақырыптың ішкі сырын терең түсініп, өз ойын, пікірін дұрыс жеткізіп, тақырыпты түсінгендігі жайында өз ойын ашық білдіре алады.

Тарсия әдісі – қағаз қиындыларындағы сұрақтар мен жауаптарды үйлестіре отырып, фигура құрастырады.

Интерактивті әдіс – диалогтік әдіс, нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір – бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді.
Негізгі ережесі:
1.Адамдардың арасындағы қатынас өмірдің басты қажеттілігі  екенін мойындау.
2.Барлық білім алушыларға тең мүмкіндіктер асау.
3.Әлеуметтік – психологиялық кезеңдерде тиімді әдіске топтың даяр болуы.
4.Топпен жұмыс істей білу, шешім қабылдай алу.

 II.Негізгі бөлім.

Блум таксономиясы – білім алушы білімін бағалаудың тиімді әдісі. Мұғалім әрбір тақырып бойынша түрлі әдістерді қолдана отырып, оқушылардың білім деңгейін көтеру жолдарын қарастыру қажет. Соның бірі, әрі сабақта оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда тиімдісі Блум таксономиясы.

Блум таксономиясының 6 сатысы бойынша ең төменгі сатыдан жоғары сатыға қарай қозғалуды көздейтін алты кезеңді қамтып, алдағы уақытта сапалы білім беруге бағыт-бағдар береді.

Блум таксономиясының 6 сатысы:

1.     Білу

2.     Түсіну

3.     Қолдану

4.     Талдау

5.     Жинақтау

6.     Бағалау


Бенджамин  Блум – америкалық психолог, Блум таксономиясының авторы.

Таксономия – белгілі бір критериялар мен ұстанымдар  бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.

Жалпы Блум таксономиясын қолданып сабақ өткізуде өтілген және өтілетін тақырып түгел қамтылады,  бір сабақта деңгейлеп бірнеше тапсырмалар беріліп орындалады, сабаққа білім алушылар белсенді түрде қатысып, өз ойын, пікірін дәлелдеуге дағдыланады.

Білу сұрақтары – ең төмен деңгейдігі сұрақтар, ол ақпаратты механикалық түрде еске түсіруді меңзейді.  Ол бір жауапты талап етеді. Әдетте білімді тексеруге пайдаланылады.  Сыни ойлау дағдыларын дамытпайды, есте сақтауды жаттықтырады.

Түсіну сұрақтары идеялар,факттар,анықтамалар және құндылықтар арасындағы қарым-қатынасты анықтау үшін қойылады.

Білім алушы олар қалай байланысатын туралы ойлану керек. (қалай                 топтасады). Бұл түйінді сұрақтар,өйткені ол оқушылардың ойлау    қабілетін ынталандырады.

 

Қолдану сұрақтары білім алушылардың белгілі ақпаратқа басқа немесе          жаңа жағдайда пайдалануын талап етеді.

Қолдану сұрақтары проблемаларды шешуге, зерттеуге мүмкіндік береді.   Бұл сұрақтар дәстүрлі емес жауаптарды және шешу жолдарын      меңзейді,сондықтан олар Білім алушыларға   қиындық туғызады.

 

Талдау сұрақтары  ақпаратты жіктеуді талап етеді.

Талдау оқушыдан жағдайдың (проблеманың) себебін, нәтижесін,     мотивін анықтауды және жалпылап, қортындылауды талап етеді.

 

Жинақтау сұрақтары  «ерекше» (оригинально) ойлау арқылы       проблеманы шығармашылық жолмен шешу.

Жинақтауға бағытталған сұрақтар оқушылардағы бар білімдері мен          тәжірибелерін проблеманы шығармашылық жолмен шешуге мүмкіндік    туғызады.

Жинақтау  сұрақтарына түрлі жауаптар болуы мүмкін.

Бағалау сұрақтары  оқушылардың өздерінің шешімін  шығару үшін      қойылады.  Проблемаларды шешу мен шешім қабылдауға осындай ойлау қабілеті қажет.

Бұл сұрақтардың бір жауабы болуы мүмкін емес.

а) Әдіс – тәсілдер білім алушы белсенділігін дамытудың негізі.
Әрбір сабақ оқытушының шығармашылық жұмысы. Сондықтан да әр сабақты білім алушылардың есінде қалатындай етіп түрлендіріп отырған жөн. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында білім алушылардың білім деңгейін тереңдету, ғылыми тұрғыда дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін арттыру, өз беттерімен ізденушіліктерін, ақпараттық құралдарды іздестіру және оны пайдалана білу мақсатында жаңа технология әдістерін тиімді пайдалану ұстаз шеберлігінің белгісі. Қазіргі уақыт бүкіл адамзат қоғамының ғылыми – техникалық үрдіс пен өркениеттің даму кезеңінде бет бұрған уақыт деп есептеймін. Білім алушылардың физика пәніне деген қызығуын арттыру, өз – өзіне деген сенімін күшейтіп, таным қабілетін дамыту үшін жаңа иновациялық технологияның маңызы зор. Осы орайда физика сабақтарында үнемі жаңа технологиялық әдістерді қолданып, сабақты тартымды, есте қалатындай етіп түрлендіріп отырамын. Осындай әдістердің бірі – Англиядан шыққан оқытудың интерактивті әдісі.

в) Әдіс тәсілдердің нәтижесі:
Осы әдіс – тәсілдерді пайдалануда оқушылар өз пікірлерін дәлелдеуге, қорытынды жасау, өз ойларын қысқаша, дәл және нақты жасауға көмектеседі.

Осы әдіс – тәсілдерді пайдалануда оқушылар төмендегідей нәтижеге жетеді:
1. Сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артады.
2. Білім алушылар өз бетімен іздену жолдарын үйренеді.
3. Өз ойын схема, кесте, суреттер, физикалық тәжірибелерді пайдалану арқылы еркін жеткізеді.
4. Физикалық тілде сөйлеу мәдениетін дамытады.
5. Ізденуі іс – ә рекеті қалыптасады.
6. Білім алушылардың өз бетімен жұмыс жасау ынтасы оянады.
7. Зертханалық және сарамандық жұмыстарды өз бетінше жасауға дағдыланады.
III.Қорытынды.
Оқыту мен тәрбие берудің мақсаттарын, ұстамдарын меңгерту және өз бетімен оқу білім алуы арқылы белгілі бір нәтижеге жетеді. Ол нәтиже сапалы болса:
1.Білім сапасын арттырады.
2.Білімділік деңгейін арттырады.
3.Өз бетімен білім алады.
4.Өз деңгейі арқылы нәтижеге жетеді.
5.Білу қабілетін арттырады.
6.Олимпиядаға қатысады.
7.Байқауларға қатысады.

 

Қорыта айтқанда, бүгінгі сабақ кешегі сабақтан өзгеше, ал ертеңгі сабақ бүгінгі сабақтан жақсы болуы тиіс. Осылайша физиканың негізгі заңдылықтары мен құбылыстарын өмірмен байланыстыра қызықты етіп беру жолдарын қарастыруға болады. Мұндай тапсырмалар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оларға физика заңдылықтарын өмірде кеңінен қолданылатынын да ұғындыруға мүмкіндік береді.
Осы үлгідегі оқытудың әдіс-тәсілдері Білім алушылардың есте сақтау қабілетін арттырып, оларды жинақылыққа, дәлдікке, шығармашылыққа баулуға көмектеседі деп ойлаймын.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!