ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУДА ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Бейсенбаева Лаззат Асильхановна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия
Қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің негізгі міндеті тұлғаның құзыреттілігін, қоғамға икемділігін қалыптастыру болса, соның нәтижесінде оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру басты мақсатқа айналып отыр. Еліміздегі мектептердің оқу бағдарламасы да оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуға негізделген. Мақалада функционалды сауаттылық, оқушылардың функционалды сауатты болуының маңызы, функционалды сауаттылықты арттыруда оқу сауаттылығының рөлі туралы сөз болады.
Функционалдық сауаттылық – адамның əлеуметтік-қоғамдық ортада сөйлесім əрекетінің түрлерін өз мақсатына қарай еркін қолдана алу мүмкіндіктері, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық іс-әрекетке белсене араласа алу сауаттылығы, кез келген жағдайларға икемділігі. Бұл ұғым жыл өткен сайын үлкен маңызға ие болып отыр. Себебі уақыттың жылжу кеңістігіне қарай, түрлі қоғамдық өзгерістердің нәтижесінде қоғамның да адамдарға қоятын талабы күшеюде. Адам қоғаммен үнемі қарым-қатынаста белгілі бір білім, білік, дағдыларына ие болу керек және ұлт дамуы мен тұлғалық өсуінде әрқашан сауатты, сапалы деңгейде білім мен дағдылардың жоғары құзыретіне ие болса, бұл тұлғаның функционалды сауаттылығының көрінісіне саналады.
Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және олардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне негізделеді[1, 28 бет]. Сондықтан, қоғамдағы теориялық пен практикалық іс-әрекеттердің дағдылары дұрыс қалыптасуы үшін оқушылардың білім алу барысында негізгі және пәндік құзыреттіліктері қалыптасуы тиіс.
Оқушыларда функционалды сауаттылықты дамытуда оқу сауаттылығының орны ерекше. Себебі, мәтіндермен жұмыс жасау арқылы оқушылар қазақ әдебиетін мен мәдениетін, тарихы мен қатар түрлі тақырыптағы мәтіндерді оқи отырып ақпаратты дұрыс меңгеру, қабылдау, түсіну, саралау, талдау, ақпаратты бөліп алу, дұрыс бұрыстығын таңдай білу, сауатты оқу, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларына ие бола алады. Сол арқылы ой жүйелілігі мен нақтылығына бейімделеді. Бұндай құзыретке ие тұлғаның ұлттың дамуы мен болашағы үшін, қоғамның ілгеруі жолында таптырмас кепілі екені анық.
Оқу сауаттылығы қазіргі кезде қоғамдағы өмірге дайындықтың маңызды параметрлерінің бірі ретінде талданады. Ақпаратты оқу жəне олармен жұмыс жасау метамəтіндік əмбебап білім беру іс-əрекеттерінің арасында ерекше орын алады. Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырмай, бастауыш жəне орта мектептерде тиімді оқыту мүмкін емес. Білім беруде оқуды оқыту мəселелеріне əрдайым маңыздылық берілгеніне қарамастан, оқу сауаттылығын дамыту – қазіргі заманғы мектеп үшін мемлекеттік білім беру стандартының талаптарын қанағаттандыру мəселесін шешетін жаңа бағыт[2].
Ғаламдық контексте оқу сауаттылығы бүгінгі қоғамдық өмірге дайындықтың ең маңызды параметрлерінің бірегейі ретінде қарастырылады. Әртүрлі мақсатпен кәсіби бағыттағы мәтіндерді оқу және талдау дағдылары мектепте білім алу кезінде жоғары басымдыққа ие. Өйткені оқушылар жазбаша мәтіндермен көбірек жұмыс жасайтындықтан оқу сауаттылығы артып, оқылым дағдылары едәуір қалыптасады.
Оқу сауаттылығы – көп ақпараттың ішінен қажетті ақпаратты алу, оны түсіндіру және пайдалану, сыни талдау және өмірлік жағдайларда қолдану дағдыларын меңгерудегі проблемалық сәттерді анықтауға ықпал етеді. Оқу сауаттылығының деңгейлері бойынша тапсырмаларды орынды құрастырып, оларды орындау критерийлерін жеңіл түсіндіру арқылы оқушылардың түрлі оқылым дағдыларының дамуына жол ашу – мұғалімнің құзырындағы міндет. Яғни, мұғалім оқушының оқу сауаттылығын мектепте қалыптастырады. Өйткені, мектеп бағдарламасының оқу мақсаттарының барлығы оқу сауаттылығының тапсырмаларды орындау деңгейлеріне сәйкес келеді. Мысалы, 7-сыныпта 7.2.6.1 -оқылым стратегияларын қолдану:комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу деген оқу мақсатына жету үшін түрлі оқылым стратегияларын қолдану арқылы оқушы мәтіннің ішінен белгілі бір ақпараттарды анықтайды. Бұл оқушының оқылым дағдыларымен қатар функкционалды сауаттылығын арттырады. Мәселен, оқылым стратегиясының бір түрі зерттеп оқу арқылы оқушы ақпараттарды салыстыруды, салғастыруды үйреніп, зерттеушілік дағдылары қалыптасады. Сонымен бірге оқылым стратегияларының қай-қайсысы болса да, оқушының бойында сан түрлі ақпараттың ішінен өзіне керектісін дұрыс таңдауға, кез келген ақпаратты жұта бермей сыни тұрғыдан зерделеуге де көмектеседі.
Оқушылардың оқу әрекетіне берілетін талап, функционалдылыққа үйрету тек оқу әдістерін, оқылым стратегияларын меңгерумен шектелмеу керек. Оқыған мәтінді түсініп қана қоймай, ондағы автордың айтпақ ойын ұғыну, одан өзіндік ой түйіп, ішкі жан дүниемен не қоршаған әлеммен байланыстыра білу, құндылықтарымен салыстыра білу де – функционалды сауаттылықтың бірден-бір көрсеткіші.
Оқушылар оқу сауаттылығы тапсырмаларының негізінде мынадай деңгейлік әрекеттерді орындай олады:
- Көлемді мәтіндерді түсініп, қажетті ақпарат айқын болмаса да, мәтіндегі қандай ақпарат маңызды екенін тұжырымдай алады. Бұл әрекеттердің нәтижесінде оқушы кез келген жағдайда өзіне маңызды істі дұрыс таңдай алады, оның нәтижесіне жету үшін қандай ақпараттар, міндеттемелер маңызды екенін түсінеді, көп ақпараттың ішінен өзіне нақты не керек екенін білуге икемді болады. Мәтіннің кең көлемді үзінділерін терең түсінуге негізделген себеп-салдарды, т.б. талқылаулар жасай алады;
- Оқушылар әртүрлі және әдейі қарама-қарсы көзқарастарды білдіретін ақпаратты салыстыра, салғастыра отырып, мәтіннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан ақпаратқа негізделген тұжырым жасайды, осы ақпаратты қалай пайдалануға болатындығын анықтайды. Мұндай іс-әрекет баланың сыни тұрғыдан ойлану рефлексін қалыптастырады;
- Оқушылар түрлі тапсырмалар нәтижесінде мәтіндегі мазмұн және мақсат, күрделі немесе дерексіз ойларға қатысты факт пен пікірді дұрыс ажырата алады. Ақпараттың сенімділігіне қатысты басқа да тұжырымдар жасай алады.
Осылайша оқу іс-әрекеті кезінде оқушылар түрлі функционалды дағдыларды қалыптастырады. Оқу сауаттылығы жоғары қалыптасқан, функционалды оқу дағдыларын меңгерген оқушылар келешекте, қоғамдық-әлеуметтік өмірде түрлі келеңсіздіктерден аулақ болады және түрлі ситуациялық жағдайларда оңтайлы шешім шығаруға икемді болады. Мысалы, күнделікті ақпараттар ағылған заманда біз түрлі сервистерден хабарламалар аламыз. Сондай хабарламалардағы алаяқтық мәтіндерге алданып қалушылар жиі кездеседі. Бұл адамдардың ақпаратқа сыни көзбен қарамай, ақпараттың рас, өтірігіне көз жеткізбеуі – оқу сауаттылығы төмен қалыптасқандығының нәтижесі.
Қорыта айтқанда, функционалды оқу дағдыларын қалыптастыру оқушылардың тұлға болып қалыптасуындағы ең маңызды міндеттердің бірі болмақ. Себебі, оқу сауаттылығы – тұлғаның өнімді іс-әрекетінің, функционалдық дағдыларға толыққанды ие болуының негізгі алғышарты. «Қазақ тілі», «Әдебиет» сабақтарында түрлі тақырыптағы және күрделілігі әртүрлі мәтіндерді дұрыс әрі толықтай түсінікті оқып үйренген оқушы, кез келген пәнге, ғылымға қатысты мәтіндердің мазмұнын ұғынып қабылдауға бейімделеді. Нәтижесінде оқу сауаттылығы жоғары тұлға қалыптасады, Ал тұлғаның әлеуметтік, экономикалық ортада, қызмет барысында да түрлі мәтіндермен, ақпараттармен байланысқанда тез түсіну, қабылдау, интеграциялау, дұрыс шешім шығару алу, сыни ойлау қабілетіне ие болуы - бүгінгі қоғамның жоғары сұраныстағы тұлғалық құзыреттілігі екені анық. Сондықтанда оқу сауаттылығы функционалды сауатты тұлғаның дамуында ең маңызды рөлді атқарады деп толыққанды айта аламыз.
Әдебиеттер тізімі:
1. К.Өстеміров, А.Айтбаева. Қазіргі білім беру технологиялары.-Алматы, 2006ж.
2.Оқу сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары. Саулебаева, А.Е. . Материалы международной научно-практической конференции к 180-летию Ы.Алтынсарина "Просветительские идеи Ы.Алтынсарина: истоки, развитие, современность", 2021.
3.Оқу сауаттылығы: тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулық /құрастырушылар: Ш.С. Асылбекова, К.Е. Кунева , Ж.Ж. Рустемова, Д.К. Файзуллина Д.К.; Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы, 2021.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала. Функционалды сауаттылықты арттыруда оқу сауаттылығының маңызы

шағым қалдыра аласыз