Материалдар / Мақала "Информатика сабағындағы оқыту әдісі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала "Информатика сабағындағы оқыту әдісі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Маусым 2021
739
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Информатика сабағындағы оқыту әдістері


Мектеп педагогоы - мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін дамытатын негізгі тұлға, сондықтан да әр педагог заман талабына сай болуы керек. Бұл одан әрқашан білімдерін жетілдіруді, ізденуді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уарт: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» деген екен. Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттілігі туындайды. Сабақты жоспарлау кезінде мақсаты мен күтілетін нәтижені нақты СМАРТ-ға сәйкес анықталып, жоспарланса табыс критерийлері айқын болады. Информатикадан білім негіздерін меңгеру білім алушылардың жалпы ақыл-ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді. Соңғы жылдары жаңартылған білім беру негізінде информатикадан сабақ берудің тиімділігін айтарлықтай жоғарылатуға мүмкіндік беретін әдістемелерді іздеу және кеңінен қолданыла бастады. Білім алушылардың жас ерекшеліктері мен пәннің мазмұнына сәйкес таңдалған әдіс білімінің саналы да, баянды болуын қамтамасыз етеді.

Әдіс (гректің metodos – «қандай да бір нәрсеге жол» деген сөзіден шыққан) мақсатқа жету тәсілі дегенді білдіреді.
Оқыту әдісі – білім алушы мен педдагог арасындағы жүйелі, өзара байланысқан білім мазмұнын меңгеруге арналған іс-әрекет жүйесі.

Информатика курсының басқа пәндермен салыстырғандағы негізгі ерекшелігі – ол білім алушылардың компьютермен жүйелi жұмыс істеуі болып табылады.

«Әдіске» қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: “белгілі бір мақсатты көздеген педагог пен білім алушылар арасындағы өзара қарым-қатынас және іс-әрекет”. Олай болса оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын білім алушыларға меңгертуде педагог пен білім алушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Педагог оқыту әдістерінің көмегімен біліма алушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін білім алушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.

Білім алушылардың танымдық белсенділігін құруда сабақтардың дәстүрлі емес түрлері үлкен мәнге ие, қазіргі білім беруді дамыту үрдісі сабақтың түрлі модельдерін және қарқынды дамитын білім берудің әдістерін қолдануды талап етеді. Информатика пәнінің кез келген педагог өз қызметінде білім алушыылардың оқытудың түрлі әдіс- тәсілдерін әдістерін қолданады. Информатика сабағында білім алушылардың өзара қарым-қатынасын және шығармашылығын арттыру үшін интерактивті әдістің ролі ерекше. Сол себепті осы әдіске толығырақ тоқталып өтелік.

Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене білу.

Информатика сабағын оқытуда интерактивті әдістерді қолдану арқылы білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырады, өздігінен оқу ынтасын дамытады, ұжыммен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады, қарым-қатынас дағдысын қалыпастырады және дамытады, ал ең бастысы оқуға деген белсенділікті көтереді.

Сонымен қатар компьютерлік интерактивті оқыту әдістері білім алушы мен оқыту жүйесі арасында өзара қарым-қатынасты тудырады. Осының негізінде оқыту жүйесі ретінде видео (аудио) сабақтарды, бұрын алған білімдерін жетілдіру үшін мультимедиалық тренажер мен компьютерлік тестерді қарастыруға болады. Осыларды қолдану барысында білім алушылардың белсенділіктерінің артуын байқауға болады. Шындығында қандай да бір тақырып бойынша видео сабақтың материалын көру арқылы білім алушының есте сақтау қабілеті артып, сабақ барысында оқытушы берген тапсырманы қатар орындау мүмкіндігі туады. Сонымен қатар, пән бойынша білімін жетілдіру үшін білім алушы мультимедиалық тренажерды қолдану арқылы берілген сұрақтарға жауап береді және дұрыс берілмеген жауапқа қайта оралып барлық сұрақтардың жауаптары дұрыс болғанша орындайды. Интерактивті оқыту әдістерінің артықшылығы: Ақпаратты ой елегінен өткізе отырып, ақпаратты терең игереді, өзгені тыңдай отырып, тыңдау дағдысы қалыптасады,ойлауды белсендіреді, әлеуметтік қарым-қатынас тәжірибесі қалыптасады, білім алушы өз іс-әрекетін талдайды, ынтымақтастықпен әрекет етуге үйренеді, пәнге қызығушылығы артады.


Информатика сабағын жүргізуде дидактикалық тапсырмаларға сәйкес әдістерді таңдау өте маңызды. Сабақта қолданылып жүрген пікір-талас, білім алушылардың баяндамалары мен ақпараттық хабарлары, дәріс, диалог, дөңгелек үстелдер, ұжымдық-танымдық оқу, әдістері осы жоғары белсенділікті дамыту әдісінің белгілері болып табылады. Бұл әдіс бойынша үйретуші де үйренуші де өте белсенді. Белгілі бір тақырыптың негізінде сұхбаттасып, ондағы проблемаларды жеңу жолында бір-бірімен сөз сайысына түсіп, әрі өз ойларын ортаға салады. Мұндай жағдайда бір-бірін тыңдайды, өздерінің ойларын, пікірлерін, білімін өзара қарым-қатынас арқылы әңгіме тақырыбына қолданады. Сабақ үнемі көтеріңкі көңілде, білім алушынвң сұраққа дұрыс жауап беруіне, белсенділік танытуына әсер ететіндей болуы қажет.

Сабақта білім алушылардың шығармашылық іс-әрекетке негізделуіне, ынта-ықыласты оятуда интерактивті әдістердің қызметтерінің маңызы зор: оқудағы жетістікті қамтамасыз ету; оқыту формаларының түрлерін жетілдіру, оқу материалының мазмұнын білім алушылар ерекшеліктеріне сәйкес құру, білімді меңгерудің әдіс-тәсілдерін оңтайландыру, жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану, шығармашылық оқытуды кеңінен пайдалану және т.б. Қорыта айтқанда, интерактивті оқыту әдісі білім алушы әрекетін белсендіру, оқу материалын, оқыту әдістері мен тәсілдерін жетілдіру сияқты негізгі педагогикалық мәселелерді іске асырады. Яғни, интерактивті оқыту әдісі дегеніміз – ұжымдық іс-әрекет жүйесі арқылы жеке тұлға белсенділігін арттыруға негізделген, берілген материалды жылдам әрі сапалы меңгертуге бағытталған, ерекше үлгіде ұйымдастырылған тілдік қатынас болып табылады.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!