Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала Ізденіс ілгері бастырады

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп әдіскері туралы пікір
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ізденіс ілгері бастырады»

Ұстаз...Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіне қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті,қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

Шын ұстаз- ұстаз болуды балалық шағынан армандайды. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Қиын дейтінім: әр сабаққа жете дайындалып, баларға білім беріп қана қоймай, тәлім-тәрбие беру, өмірге икемдеу, адамдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту оңай шаруа емес. Ал олармен сырлас, мерекелік шаралар ұйымдастыру, көңілді кезеңдерін бірге бөлісу, бұл бір сәтке өзіңді бала сезінетін ерекше бір қызық шақтар. Мектеп табалдырығын аттаған кезден бастап әріп танытып, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Ұстаз әр адамның жанына білім нәрін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз нұрлы жолға қатайтып ұшырады. Ұстаз -адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.

Осындай ұстаздардың - бірі де, бірегейі мектебіміздің білікті ұстазы - Дуйсалиева Айконил Бегейбаевна. Айконил Бегейбаевна 1991 жылдан бері Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте өз жұмысын абыроймен атқарып келе жатырған білікті маман иесі. Айконил апай ауданымызға белгілі Ещанова Зәуреш, Махамбетова Алия, Есбергенова Баян, Асанова Изат және т.б апайлармен бірге жұмыс жасап, өз тәжірибелерімен бөлісіп, ауданымызға, облысымызға белгілі жақсы шәкірттер тәрбиеледі.

Айконил Бегейбаевнаның жетістіктерінің өзі бір төбе. Атап айтар болсам, 2013 жылы «Маңғыстау мұғалімі» газетіне «Сынып дарабозы» атты мақаласы жарыққа шықты, 2014 жылы Халықаралық веб сайтында «Дала жұлдызы», «7 қосу және азайту» тақырыбы бойынша сабақтарының электронды нұсқаларын жіберіп, сертификатқа ие болды. 2014 жылы «Бақытты отбасы» Республикалық жобасы аясында, педагогтың отбасымен жұмысы барысында заманауи тәсілдерді қалыптастыратын « Педагогикалық коучинг немесе білім беру саласындағы позитивті психологиялық мәселелері» бағдарламасы бойынша білім алғаны үшін сертификатқа ие болды.

2014жылы «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Ұлағатты ұстаз» атты VI Республикалық оқытушылар сайысында сабақ номинациясы бойынша III орынға ие болып Дипломмен марапатталды. 2015 жылы Айконил апайдың оқушылары « Өзін -өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің аудандық кезеңінде «Мейірімділік асыл қасиет» бөлімі бойынша Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин орта мектебінің 8 сынып оқушысы Демеубайқызы Айдана I дәрежелі дипломмен марапатталды. Дәл осындай II дәрежелі дипломмен 9 сынып оқушысы Қиянова Аягөз марапатталды. 2015 жылы Маңғыстау облысының білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін Маңғыстау облысының әкімдігінің Алғыс хатына ие болды.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күншуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы, – деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтан етемін.

«Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп М. Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін. Ия, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу -бұл нағыз шеберлік емес пе?! Сол шеберлік бүгінгі ұстаз Айконил апайдың бойынан табылады. Өзім сол кісіні мақтан тұтамын!

Жадра Аташова

Ы.Алтынсарин атындағы орта

мектебінің математика пәні

мұғалімі, Бейнеу ауданы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
309
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12