Материалдар / Мақала «Жаңартылған білім берудегі критериалды бағалау жүйесінің артықшылығы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала «Жаңартылған білім берудегі критериалды бағалау жүйесінің артықшылығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Критериалды бағалау жүйесін қолданудағы іс-тәжірибемен бөлісу, аталған бағалау жүйесінің артықшылығы мен маңыздылығына тоқталу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Наурыз 2021
592
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мухамбетова Заинамгул Тлегновна, учитель математики «Каратальской СШ» Айыртауского района Северо-Казахстанской области Республики Казахстан

«Жаңартылған білім берудегі критериалды бағалау жүйесінің артықшылығы».

Мақсаты: Критериалды бағалау жүйесін қолданудағы іс-тәжірибемен бөлісу, аталған бағалау жүйесінің артықшылығы мен маңыздылығына тоқталу.

Елбасымыз Н.Ә Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасында «табысты болудың ең іргелі басты факторы білім екенін әрқайсысымыз терең түсінуіміз керек… Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді»,-деген. Ел ертеңі – жас ұрпақтың қолында. Ендеше, бүгінгі ұстаздар қауымына қойылатын талап та жоғары болмақ. Олар жан-жақты, әлемдегі жаңалықтардан мағлұматы бар, үнемі шығармашылық ізденістегі, кәсіби біліктілігін шыңдайтын жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік қабілеті бар, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін өз тәжірибесінде шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға баулитын кәсіби маман иесі болуы керек. Бұл өмір талабы.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасына үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, оны сын тұрғысынан ойлап, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тәжірибе жасап, АКТ-ны қолданып, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білетіндей, функционалды сауатты, шығармашылықпен жұмыс жасай алатындай дәрежеге жеткізу. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналасуға ынтасын оятады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл немесе баға қоймастан оқу үрдісін түзетіп отыруға мүмкіндк береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір) оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерім туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады. Критериалды бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені оқыту керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық әдістемелермен тығыз байланысты. Қарқынды жаһандану, сондай-ақ, ұлттық экономикаға да ықпал етуде және қазіргі уақытта экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық бәсекелестік артты. Білім беру жүйесін жаңартуға арналған бұл экономикалық дәлелдерге қоса, қазіргі жиырма бірінші ғасырда басқа да негіздер бар: байланысқа бейімділікті арттыру, әлеуметтік өзгерістер, ауа райының өзгеруімен байланысты мәселелер, бүкіл әлемдегі халықтың қарқынды өсуі, заманауи әлеммен өзара табысты байланысу үшін қажетті және келешек күннің әлемімен өзара байланысу үшін қажетті дағдыларды қазіргі таңдағы мектеп жасөспірімдері талап ететін шектеулі ресурстарға деген сұраныстың өсуі. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп бітіруші түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деп атап көрсеткеніндей, қазіргі таңда елімізде жаппай білім беру мазмұны жаңартылуда. Жаңартылған бағдарлама бойынша әлемдік білім беру жүйесі бәсекеге қабілеттілікке қарай білім алушыны баулу, қоғамнан өз орнын таба білетіндей сапалы маман болуына бағытталынған.

Критериалды бағалау технологиясын енгізудің мақсаты:

  • Мектепте оқыту сапасын жоғарылату

  • Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

Критериалды бағалаудың басты артықшылығы:

  • алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;

  • анық, айқындылығы;

  • бағаның әділдігі;

  • өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі

Критериалды бағалау технологиясы арқылы бағаның қойылуы:

  • Критерий бойынша оқушының оқу жетістіктерінің деңгейі белгіленеді

  • Нақты балдар немесе бағалар қойылады

Анықтамасы :


Критериалды бағалау технологиясы-бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі .

Бағалауды қолданудың екі тәсілі:


  • Қалыптастырушы бағалау- ( formative) баға жақсарту мақсатында жасалатын қадамдарды анықтау үшін ағымдағы жағдай туралы мәліметтер алуға қолданылады.

  • Жиынтық бағалау- (summative) өтілген кезең бойынша зерделенген материал мөлшерін анықтауға қолданылады.

Қалыптастырушы бағалау


Қалыптастырушы бағалау –сабақта күнделікті жүзеге асатын, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бағалау. Қалыптастырушы бағалау білім беру процесінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз байланысты жүзеге асырады. Сонымен қатар, оқушыларға жаңа материалды меңгеруде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағандығын білуге және оқытудағы мақсаттар мен міндеттерді орындауға мүмкіндік туғызады (ауызша сұрақ, жазба, практикалық жұмыстар т.б.)




Қолданылуы:


  • Негізгі бағалауда барлық критерийлер барынша қолданылуы керек.

  • Критерий оқушының жас ерекшелігіне, бағдарламаға сай алынады.

  • Әрбір жетістік балмен және дескриптор арқылы белгіленеді.

  • Тоқсан соңында әр критерий бойынша негізгі бақылаудан алынған орташа балл есептелінеді.


Негізгі ұстанымдар


  • Бағамен оқушының жұмысы бағаланады.

  • Дескрипторлар оқушыға алдын-ала белгілі. болуы шарт.

  • Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы қажет.

  • Нақты білімділік мақсатты бағалауы қажет.


Жиынтық бағалау (суммативное оценивание):

  • Жиынтық бағалау белгілі бір тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады.

  • Мазмұны оқылған материалды қамтуы керек.

  • Жиынтық бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады.


Критериалды оқытудың маңыздылығы:


  • Мұғалім үшін:

Әрбір оқушының өзгешелігін ескере отыра жеке білім алу траекториясын құру.

  • Оқушы үшін:

Берілген бағалау критерийлерін түсіну,қолдану,жұмысын бағалай білуі.

  • Ата-ана үшін:

Баланың білім алуындағы өсу деңгейін қадағалауы.


Критериалды бағалау технологиясының артықшылығы:

  • Нақтылық

  • Әділдік

  • Ынталандыру

  • Белсенділік

  • Жеке тұлға


Критериалды бағалау технологиясының оқытуды жақсартудағы 5 қағидасы

  • Оқушылармен кері байланысты тиімді қамтамасыз ету.

  • Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы.

  • Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.

  • Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.

  • Өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттігі.


Бағалаудың мақсаты

  • Оқытудың қиындықтарын анықтау;

  • Жетістіктер туралы кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін);

  • Болжау және сұрыптау;

  • Стандарттарды бақылау және орындау;

  • Оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін бақылау.


Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім үшін-

  • оқытудың келесі деңгейін жоспарлау үшін тексеру жұмыстарының нәтижесін қолданады;

  • оқушыға білімін арттыру үшін пайдалы кеңестер береді;

  • жұмыс нәтижесі бойынша әр оқушыға жеке-жеке мақсаттар қояды.

Оқушы үшін-

  • өз қатесі негізінде үйренуге көмектеседі;

  • маңыздыны түсінуге көмектеседі;

  • қолынан не келетінін түсінеді;

  • білмейтін тұстарын анықтайды;

  • нені істей алмайтынын түсінеді.


Пайдаланған әдебиеттер

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей.

2. http://moodle.nis.edu.kz




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!