Мақала "Жаңаша оқыту-жетістік көзі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Жаңаша оқыту-жетістік көзі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған әдіс-тәсілдер туралы жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шанханай негізгі мектебі

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сатқалиева Назия Ильясқызы


Жаңаша оқыту- жетістік көзі


«Еліміздің ертеңі бүгінгі  жас ұрпақтың қолында,
Ал жас ұрпақтың тағдыры  ұстаздардың  қолында.»
Н.Ә. Назарбаев

Қазіргі таңда кез-келген мемлекеттің XXI ғасырдағы әлемдік аренадан алатын орны оның интеллектуалды әлеуетімен мамандардың біліктілік және шығармашылық шеберлік деңгейімен сипатталатыны белгілі болып отыр, яғни қоғамның кез келген мүшесінің танымдық деңгейі, кәсіби даярлығы және шығармашылық дамуы мемлекеттің тұтастай  дамуына тікелей ықпал  ететіні сөзсіз. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен  қалыспай, жаңа педагогикалық  инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой  мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, дарынын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығымен, шығармашылық жемісімен келмек. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпал тигізуде.

Инновация білім беру саласында жаңалық енгізу, оқу және тәрбие мазмұны мен ұйымдастыруын және олардың тиімділігін арттыру; білім беру  процесін айтарлықтай өзгертетін, жетілдіретін немесе жаңартатын білім саласындағы жаңалық. Білім берудің инновациялық технологиясы – бірыңғай мақсатпен біріккен және оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық технологияларды қамтыған, оқыту, тәрбиелеу және басқару түрлерінің, әдістері мен оқу құралдарының жиынтығы. Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік дағдыларды меңгертумен қатар дүниетанымын кеңейтіп, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы деп отырмыз. Бұл, әрине ұстазға да көп ізденісті талап етеді. Өйткені, «Шәкірт – біліммен толтыратын бос құмыра емес, ол жануға дайын тұрған шырақ, ал ұстаз шырақшы ғана...». Сондықтан, білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше, сауатты маман болу мүмкін емес. Осыған орай, әрбір ұстаз барлық жаңалықтар мен әдістерден хабардар болып, оқыту түрлерін, әдіс-тәсілдері мен құралдарын жетілдіріп, оларды тиімді қолдану жолдарын іздестіріп, өз кәсібін шығармашылықпен дамытып отыру қажеттілігі заман талабынан өз-өзінен туындап отыр.

Білім беруді ұйымдастырудың дүние жүзілік тәжірибесінде көптеген оқыту технологиялары жүзеге асырылуда. Ондағы мақсат–оқушылардың танымдық қабілеттерін, яғни өзінше ойлау қабілетін арттыру,елестету мен есте сақтауын, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз ету. Жалпы білім беруде баланың білімін, білігі мен дағдысын емес,оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын бірінші қойып отыр. Қазіргі білім беру саласындағы инновациялық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің  зейін-зерделік, кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін  тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.

Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалау.

«ТЕХНОЛОГИЯ» - бұл да қандай да болсын істегі «Шеберліктің» жиынтығы.

Технологиялардың бірнеше түрі бар:

1. Кәсіптік технологиялар;

2. Басқару технологиялар;

3. Ақпараттық технологиялар;

4. Ізденіс технологиялары;

5. Ойын технологиялары;

6. Педагогикалық технологиялар;

7. Білім беруді ізгілендіру технологиясы;

8. Проблемалық оқыту технологиясы;

9. Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы;

10. Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы;

11. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы;

12. Бағдарламалап оқыту технологиясы;

13. Модульдік оқыту технологиясы;

14. Ұжымдық ойлау технологиясы;

15. Сын тұрғысынан ойлау т.б.

Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері.

Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:

-         Әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

-         Білім мен біліктілігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;

-         Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

-         Аналитикалық ойлау қабілетін дамыту. Бүгінгі таңдағы педагогтің білім беру жүйесіндегі инновациялық ізденістің мақсаты білім беру үрдісін ұйымдастыруды өзгерту, оқу пәндерінің интеграциясы, дүниежүзілік білім беру мәселелеріне сәйкес оқыту мазмұнын мақсатты іріктеу.

Демек, Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Бұл мұғалімнен өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Педагогикалық кәсіптің құпиясы тек оқыту ғана емес, не үшін және қалай оқыту. Бұл ретте мұғалімнің біліктілігі, әдіскерлігі үлкен рөл атқарады. Ал кәсіби шеберліктің жоғарғы шегі шығармашылық еңбек, оқу-тәрбие үрдісін жаңашылдықпен, өзгеріспен құра білу, яғни инновациялық қызметті жүзеге асыру. Оның негізгі көрінісі оқыту мен тәрбиелеудің, дамытудың технологияларын, әдіс- тәсілдерін ендіре отырып, жұмысты ұйымдастыру.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2020
279
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі