Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Мақала Жаңашыл ұстаз

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектебіміздің жаңашыл ұстазы туралы пікір
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жаңашыл ұстаз

«Ұстаз» деген сөз біз үшін қашанда қадірлі, қасиетті саналады. Небір данышпан да қарапайым еңбек адамы да осы ұстаз алдынан өтеді. Ал, ұстаз болу- кез-келген адамның қолынан келе бермейтін іс.

«Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді» деп Мәлік Ғабдуллин ағамыз айтқандай, расында да, оқушы мұғалімге қарап бой түзейді, тәрбие алады. Осындай ұстаздардың бірі де бірегейі, мектебіміздің үшінші (базалық) деңгейлік курстан өтіп келген Даметкен апай туралы айтқым келіп отыр.

2004 жылдан бері осы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде Тлеулиева Даметкен Аллабергеновна география пәнінен сабақ беріп келеді. Даметкен апай тынбай еңбек етіп, әріптестеріне көмек қолын созып, жас мамандарға үнемі ақыл- кеңес беріп отырады. Осы оқу жылында тынбай еңбектенуінің арқасында үлкен жетістіктерге жетті. Аудандық пәндік олимпиадада 10-сынып оқушысы Ж.Алдоңғаров география пәнінен ІІІ дәрежелі дипломмен келіп, сәуір айында өткен «Серікбол әлемі» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Өлкетану» бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Г.Жаңабаева І дәрежелі дипломмен оралды. «Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайындағы тұлғалық зияткерлікті дамытудағы педагогикалық ізденіс» тақырыбындағы республикалық педагогикалық идеялар фестиваліне қатысып, сертификатпен марапатталды. Бейнеу ауданы Абай атындағы орта мектебінде өткен «Оқыту үдерісінде интерактивті әдістерді қолдану –коммуникациялық біліктілікті меңгеру негізі» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік-семинарда 7- сыныптарға Солтүстік және Батыс Еуропа елдері тақырыбында семинар сабақ өткізіп, белсенділік танытқаны үшін шығармашылығына табыс тілей отырып, Алғыс хатпен марапатталды.

Даметкен апайға оқушыларының Республикалық деңгейде жетістіктерге жетуіне және жұмысына шығармашылық табыс тілей отырып, алдағы уақытта еңбегіңіздің жемісін көріп, жоғары санатты ұстаздар қатарынан көріне беріңіз дегім келеді!



Жадыра АТАШОВА,

Ы. Алтынсарин атындағы орта

мектебінің математика пәні

мұғалімі, Бейнеу ауданы.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
450
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12