Тақырып бойынша 15 материал табылды

Мақала Жас ұрпаққа ұлттық құндылықтар негізінде патриоттық тәрбие беру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада тәрбие негізі -ұлттық құндылықтар туралы айтылады.Біздің ұлтымыздың тәрбиесі үшін көңіл бөлетін басты мәселе-ол біздің ұлттық құндылықтарымыз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай облысы ,Агөз ауданы «№4 аралас жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-сі

Байтурсунова Гульмира Жундубаевна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жас ұрпаққа ұлттық құндылықтар негізінде патриоттық тәрбие беру

Аңдатпа



Бұл мақалада тәрбие негізі ұлттық құндылықтар туралы айтылады.Әрине біз үшін,біздің ұлтымыздың тәрбиесі үшін көңіл бөлетін басты мәселе – ол біздің ұлттық құндылықтарымыз.

В этой статье основой образования являются национальные ценности. Для нас основной проблемой, которая касается образования нашей нации, является наши национальные ценности.

In this article, the basis of education is national values. For us, the main problem that concerns the education of our nation is our national values

Кілт сөздер: Ұлттық құндылықтар,Отаншылық,патриоттық тәрбие,Қазақы дүниетаным

Национальные ценности,Патриотическое воспитание,Казахское мировозрение

National values,Patrioti education,Kazakh worldview



Қазіргі қоғамның әлеуметтік сұранысының негізі-жан-жақты дамыған дара тұлғаны қалыптастыру. Ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін іс-әрекет түрлері арқылы іске асады. Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз деп ойлаймын. Біздің алдымызда «бабаларының игі дәстүрін сақтайтын», «күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары» болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеттері жатыр. Отаншылдық сезім – ұлт рухының деңгейінің айнасы, өлшемі. «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген екен дана халқымыз. Сондықтан да, сан ғасырлар бойы сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды оқу-тәрбие процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, ұлтшылдық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын, бойында ұлттық санасы қалыптасқан тұлғаларды тәрбиелеп шығару – жалпы ұлттың алдында тұрған ұлы міндет болып отыр. Қандай да бір елдің рухани мәдениеті, әдебиеті мен өнері, ғылым мен техникасы, әлеуметтік жағдайы, материалдық өндірісінің ең маңызды жетістіктері тәрбиесінен көрінуі арқылы оның ұлттық құндылықтарының мәніне ие болады және өскелең ұрпақтың азаматтығы мен отаншылдықты, рухани-адамгершілік жан-дүниесі қалыптасуына белсенді түрде ықпал етеді.

Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері – рухани және адами қасиеттері, моральдық нормалары, ұлттық құндылықтары бар. Ұлттық құндылықтар – қандай да бір этникалық қауым өкілдерінің өзіндік тарихи көрінісі бар рухани мұраттарының жиынтығы. Ұлттық құндылықтардың әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше екені белгілі. Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие – ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Өйткені, мұнда тәрбиенің негізі ғасырлар бойы қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар және биік ізеттілік пен моралдық тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататын, адамның адамдық қасиетін нығайтып әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір–салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды. Қазақы дүниетаным, ақыл-ой, тағылымдық ұлағат ғасырлар бойы шыңдалып қалыптасты. Сол сан ғасырлық ұлттық тәрбиенің негіздерін бір арнаға түсіріп тәрбие мәселесінде пайдалану бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған ең басты қажеттілік деп білемін.

Ұлттық отаншылдықты қалыптастыруда ата-бабаларымыздың ұлағатты ойлары мен тәлімдік тәрбиесінің атқаратын орны ерекше. Осы жерде қазақ халқының ұлы ақыны, ғалым М. Жұмабаевтың мына сөзі ойға оралады: «Ұлт тәрбиесі – баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Және әр ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесі мен тәрбие қылуға міндетті». Бала тәрбиесінің ұлттық сипатта болуына ерекше мән беру керектігін атап өтеді. Ал ұлттық сипат – сол ұлт тарихының таңбасы.

Қазақтың ұлттық құндылықтарын жаңғырту бүгінгі мемлекеттен өзінің ішкі және сыртқы саясатын ұлттық сипатта жүргізуді талап етеді. Қазақи рухы биік ұлттық идеяның қалыптасуында ұлттық құндылықтардың маңызы зор. Ұлттық тәрбие туралы идея бүгінгі күн талабы мен өмірлік қажеттіліктен туындап отыр. Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу ұлттық идеяның негізгі бағыты болып табылады. Ұлттық идея – қазақ халқы тудырған моральдық нормаларда және ұлттық құндылықтарда бекітілген патриоттық тәжірибені меңгеру, ұлттық этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды тану, тарихты құрметтеу арқылы іске асырылады. Көрнекті ғалым, қоғам қайраткері Амангелді Айталы «Ұлттың рухани мұралары мен дәстүрлерін, қаһармандық ерлік салтын қастерлеу – ұлттық идеяның басты көзі болады, оның дүниежүзілік өркениеттер арасындағы өзіндік дербестігін нығайтады» - деп келтіреді. “Жас бала – жас бiр шыбық, жас күнде қай түрде иiп тастасаң, есейгенде сол иiлген күйiнде қайтып алмақ” – деген тұжырым жасаған қазақ халқының ұлы ақыны ғалым М. Жұмабаев. Бүгінгі жас ұрпақты бала шақтан, яғни ерте жастан ұлт құндылықтарына сүйене отырып тәрбие жүргізу керек. Тәрбие iсi – мемлекеттiк iс. Өйткенi бүгiнгi дұрыс тәрбие – болашақтағы жақсы елдiктi танытар азаматтардың өсетiнiн танытады. Сол себептен де «Ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс» – деп ойаймын. Бүгінгі күн тұрғысынан қарайтын болсақ, егемен елдің бейбітшілігі мен бірлігін сақтайтын жас ұрпақтың бойына жастайынан ата-бабаларымыз негізін салған ерлік рухты, отаншылдық сезімді сіңіру кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып отыр. Ұлттық сезім мен ұлттық намыс, ұлттық рухты көтеру – бүгінгі таңның кезек күттірмес міндеті деп білемін. Яғни елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәрбие саласында жұмыс жасау басты міндетіміз. Ұлтымыздың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды»-деген болатын.

Ұлттық құндылықтар – ұлттық идеяның негізгі өзегі, ұлт қалыптасуының басты факторларының бірі. Осы ұлттық идеяны іске асыратын басты фактор мемлекет болып табылады. Сондықтан да осы мемлекеттік іске салғырт қарамай ұлттық идеяның негізгі бағыттарының тетіктерін жасау қажет. Ұлттық идея – туған жер, өскен орта әсерлерінен қалыптасып, халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт-санасы, әдет-ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары арқылы жүйеленген сезім. Ол – ұлттың болмысы, психологиялық өзіндік ерекшелігі. Ал, осы ұлттық идеологиямыз әлсіз болса барлық салаға өзінің кері ықпалын тигізетіні шүбәсіз.

«Ежелден ел тілегі – ер тілегі, адал ұл ер боп туса – ел тірегі» демекші әр баланың бойында адамгершілік, батылдық, шыдамдылық, төзімділік қасиеттерін дамытып, жеке тұлғаны қалыптастыруға үлес қосу болып табылады. Жас ұрпақты аға ұрпақтың лайықты мұрагері болу үшін жастарға халқымыздың Отан мүддесі жолында жасаған ерлік істерінің ұлылығын жете түсіндіре отыруымыз қажет. Осы жерде еліміздің тарихы жетекші орын алады. Қазақ елінің тарихын насихаттап, өскелең ұрпақты ұлтжанды етіп тәрбиелейтін, әрқашан мемлекеттік мүддені көздеп, мемлекеттік тәуелсіздігіміздің мәңгі баянды болуын насихаттау жолында аянбай еңбек етуіміз керек. Тарихты оқу арқылы отаншылдыққа, өз халқына, басқа халықтарға деген сүйіспеншілікке, жауынгерлікке, еңбек сүйгіштікке, Отаны үшін кез келген қиындыққа әзір тұруға, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастыққа, қоғам үшін, халық үшін, елі үшін қызмет етуге дайын болуға, адалдыққа, шыншылдыққа, тазалыққа, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, өз мүддесін халық, Отан мүддесінен жоғары қою сияқты қасиеттерге тәрбиеленеді. Ал, мектептегі,әдебиет, тарих сабақтарында ерлікке, жауынгерлікке тәрбиелеу күрделі міндет. Осы жерде ержүрек батырлар мен қолбасшылардың қаһармандығын, ерлігін көрсеткен шайқастары туралы толық нақтыланған материалдар болуы тиіс. «Атамекен, туған жер» ұғымы – әрдайым қастерлі де қасиетті ұғым. Бұл қасиеттер ұрпақ бойына оқумен, біліммен, үйренумен, талпынумен бітеді. Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім – тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы – тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы – батыр халық». Қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған, жерін жауға бермей, ұлан байтақ өлкесін қазақ еліне мәңгі қоныс ету мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңіреп өткен хас батырлар қаншама десеңізші! Бұлардың ерлігі кейінгі ұрпаққа қашан да болса өнеге болмақ.

Халқымыздың ауыз әдебиеті шығармашылығы ұрпақ тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосты және әлі де үлес қосып келеді. Сол бай құндылықтардың ішінде, отаншылдықты дәріптейтін мұра — батырлар жыры. Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс тұлғалары. Елін, жерін сырт жаулардан қорғаған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сияқты мыңдаған қазақ батырларына арналған көптеген дастандар, өз халқының мүддесі, арман-тілегі, туған жері үшін жан аямаған батырларға деген халықтың сүйіспеншілігі, азаматтарының рухани жан дүниесінің беріктігі, ерлігі мен отаншылдық қасиетін баяндайтын асыл қазыналары, ақын - жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең жырлары, шешендік сөздері оқушыларының бойында отаншылдық сезімді қалыптастыруда маңызы өте зор.

Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып тәрбиелеуде, халық ауыз әдебиетінің қарапайым үлгілерін біртіндеп күрделенуіне қарай таңдап алдым. Тұлғаның рухани дүниесіне әсер ете отырып, ең алдымен әдептілігіне аса назар аудардым. Өйткені әдептілік-халқымыз дың ұлттық психологиясының өзегі.«Жүзден жүйрік ,мыңнан тұлпар», « Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ» мақал-мәтелдер сайысы, ұлттық ойындар «Бестас», «Асық ату», «Тоғызқұмалақ» , «Қыз қуу», «Көкпар» игі нәтижесін көрсетті. Тұлға бойында қайырымдылыққа баулып, жанашырлық, аяушылық сезімдердін туғызып тәрбиелеуде ертегілер рөлі жоғары. Себебі ертегі халық ауыз әдебиетінің құрылымы жағынан алғанда қарапайым, ал рухани құндылығы жағынан баға жетпес аса қымбат, көркем туынды болып есептеледі. Ертегілерді мысалы, «Алтын сақа», «Мақта қыз», «Ұр тоқпақ», «Күлше қыз», «Ер Төстік», «Кұн астындағы Күнекей қыз» т.б.оқыту ,көріністер даярлау арқылы тұлға бойында сөз байлығының  баға жетпес інжу-маржанын жинап, қиялына қанат бітіріп, өсіп-жетілуіне қажет нәрсенің мол қорын алдым. Тіл білімінің атасы А.Байтұрсынов «Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын - сөзбен сөйлеп, суреттеп көрсетуге  болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді. Ал басқа өнердің бәрінің де, қызметін шама шарқынша сөз өнері атқара алады» деген.

Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде алдымен төмендегідей мақсаттар қойдым.

-   Өз халқы оның мәдениеті мен дәстүрлерін мақтаныш тұтатын Қазақстан азаматын тәрбиелеу.

-   Жалпы  адамзаттық негіздер мен құндылықтарды құрайтын саналы көзқарастары мен қағида ұстанымдарын тәрбиелеу.

-  Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеудің үлгісіне сәйкес этнопедагогика,этнопсихоголия, этномәдениет негізінде тәрбие үрдісін ұйымдастыру.

-  Оқушыларды табысты іс-әрекетте бағыттау, олардың шығармашылығы мен білім құмарлығын дамыту, қолдау. Ақын Мағжан Жұмабаев «Баланы тәрбиеші дәл өзіндей  қылып емес, келешек заманына лайық қылып шығаруы қажет,» - деген ойлары арқылы тәрбиені келер күн талабымен  ұштастырады. Қазақ халқының тәрбие дәстүрі қай халықтың тәрбиесінен кем түсіп көрген емес. Олай болса бүгінгі ұрпағымызды халқымыздың баға жетпес бай салт-дәстүрлері негізінде тәрбиелеу, оларға ата-бабаларымыздың озық дәстүрлерін сіңіруіміз керек.

Өз тәжірибемде қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда ұлттық құндылықтарымызды өз сабақтарымда пайдаланамын. Сабақты түрлендіру арқылы мақал-мәтелдер, шешендік сөздерді «Жиренше шешен», «Майқы би», «Аяз би», «Сырым шешен» сөздерін қолданып бала бойында ұлтымызға ғана тән терең ойлау, шебер сөйлеу дағдыларын дамытып, тіл көркемдігін сақтауға өз үлесімді қосудамын. Халықтың тілі-халықтың жаны, тамыры, ойы, өрісі.

Қазақтың ұлтшыл ақыны М.Шаханов:

«Қай тілмен ақса перзенттік түйсік өрісің,

Сол тілдің гүлі,сол тілдің қайраткерісің,

Бар кезде таным,таныту өрлейді.

Тек баба тіліңді дамыта бермейді,

Өзге тілдегі жеңісің»

Еліміздегі бүгінгі оқушылар нарықтық реформа және өзгеден қоғамдық қатынастар жағдайында өскен ұрпақ. Ұлттық құндылықтар бұл жастардың құндылық бағыттылығына қалай да болса бір әсерін тигізеді. Қазіргі ұстазға қойылған негізгі талап бала санасында қай кезде де сапалы білім алдыңғы қатарлы әлеуметтік құндылық болып есептелетінін сезіндіру. Сапалы білім алу мен ұлттық құндылықтарды сіңіру арқылы ғана өзгеріп жатқан өмір жағдайларына дағдыландыру. Қазақ халқының поэтикалық өнерінің бала бойында жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуына ықпалы мол. Балалардың әсемдікке, сұлулыққа деген көзқарасын қалыптастыруда Абай өлеңдерінің рөлі ерекше. «Қуатты ойдан бас құрап, еркеленіп шығар сөз» деп ұлы ақынның өзі айтқандай, ақынның өлеңдерінде«Сегіз аяқ», «Жаз»,»Қыс»,»Қараша,желтоқсанмен сол бір екі ай»т.б туған жердің сұлу табиғаты, қазақ ауылының көріністері, ақ көңіл ауыл адамдар бейнесі сан алуан сезімдерімен ұласып оқушының отансүйгіштік  қасиеттерін қалыптастырады.Абай өлеңдерін насихаттау мақсатында мектепте «Мәнерлеп оқу»сайыстары дәстүрлі түрде өтіп тұрады.Мектепішілік сайыстан озған балаларым аудандық,облыстық сайыстарға қатысып жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтары ұлттық құндылықтарды пайдалану арқылы оқушының ішкі жан дүниесін демократияландыру идеясын басшылыққа алады. Қазақ тілі барлық білімнің негізі, алғашқы басқышы болғандықтан, тұлға шығармашылыққа қажетті білімді, дағдыны осы пәндерден игереді

Мағжанның жүрек тебірентерлік мөп-мөлдір асыл лирикасы, Мұхтардың көркем прозасы, «Қорғансыздың күні», «Жетім»,»Көксерек», «Қараш-Қараш оқиғасы»Шоқанның барша әлемді таңқалдырған жаңалықтары, ұлы Абайдың түпсіз терең философиялық толғаулары «Абай қарасөздері» сияқты осынша мол рухани қазына әрбір адамның ішкі жан дүниесін байытып, сана-сезімін шарықтата көтеретініне күмән келтіре алмаймыз .

Оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру негізінің бірден-бірі мектепішілік жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі – тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз “Ұстазы жақсының — ұстамы жақсы”, “Тәрбие басы – тал бесік” деп ұлағатты ұстаздың еңбегін текке кетпейтіндей өсиет еткен. Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда, “Ұстазға қарап шәкірт өсер” деп халқымыз ұстазға үлкен жүк артқан. Ұстаз үшін өз еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ.

Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұстаз ретінде қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарында мысалы, «Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы» , «Ұлттық құндылық-тәрбие бастауы» қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы оқушылардың адами құндылық қасиеттерін қалыптастыруда еңбек етіп келемін.

Мектебіміз математика-физикалық бағытта болса да , тәрбие сағаттарын , өткізілетін іс-шараларды , ғылыми жобалардың мысалы, «Ұлттық ойын түрлері», «Тыйым сөздер», «Мақал-мәтелдер»тақырыптарын ұлттық құндылықтарға бағыттап аламын.Атап айтар болсам , «Қара жорға» биінің зерттелуі, «Етістіктердің ұлттық ойындарда қолданылуы» , «Қазақ ертегілері – қазіргі жастар көзімен» т.б. Сонымен қатар «Сәлемдесе білгенім , бабамның сөзін ілгенім» атты қалалық семинарда оқушыларды ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп,адами қасиеттерінің дамуына үлесі зор екені сөзсіз

Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде халқымыздың санғасырлық тәжірибесі бар екені даусыз. Сондықтан сол мол тәжірибені пайдалануға тырысып,ең бірінші жаны таза, рухани биік,адамгершілігі мол,халқына пайдасын тигізетін адам тірбиелеу- сынып жетекшінің міндеті.

Ғұлама Абай баланың бойына алты қасиет пен үш асыл мінез-құлық сіңіру парыз деген.

Міне,осы алты қасиетпен бірге үш асыл мінез-құлық.

1.Елімен туған-туыс,жұрағат,жекжат,дос-жолдасқа адал болу.

2.Өте әділетті болу.

3.Шындықты тура бетке айту сияқты асыл мінезді атап көрсеткен.

Сынып жетекші ретінде де тәрбие жұмысын ұйымдастырғанда осындай ұлттық құндылықтар тақырыбында тәрбиені тәрбиеленуші бойына сіңіріп келемін

Ойымның қорытындысын, Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деген сөзімен аяқтағым келіп отыр. Сондықтан ел болып, жұрт болып ұрпақ тәрбиесін қолға алу басты шаруа. Тәрбие беруде ұлттық құндылықтарымыз арқылы жол көрсетер болсақ, жастарымыз қазақстан қоғамының әлеуметтік-мәдени өзгерістеріне жоғары мәдениетті деңгейде бейімделе алады деп айта аламын.







Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ә.С.Табылдиев «Қазақ этнопедагогикасы»Алматы2001

2.М.Жұмабаев «Педагогика»1922

3.Б.Момышұлы «Нақыл сөздері»

4.М.Шоқай «Ұлтшылдық идеясы-халқымыздың жаны мен жүрегі»Түркістан-2010































 



 











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.11.2022
1013
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12