Мақала "Кәмелетке толмаған жассөпірімдердегі агрессия мәселелері"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Кәмелетке толмаған жассөпірімдердегі агрессия мәселелері"

Материал туралы қысқаша түсінік
психолог мамандарына,және педагог -психолог мамандығы бойынша оқитын жоғарғы курс студентеріне пайдалы болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӘОЖ 159,922,8

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕГІ АГРЕССИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Калашинова Айгерим Жумабаевна

білім беру магистрі

Аннотация

В данной статье рассматривается причины появления агрессивного поведения у несовершеннолетних подростков


Аңдатпа

Бұл мақалада кәмелетке толмаған жасөспірімде агрессияның пайда болу себептері қарастырылған


Annotation

In this article is considered the reasons of emergence of aggressive behavior in minor teenagers


Қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық өзгерістер, белсенді тұлғаны қалыптастыруға деген талаптардың жоғарлауы, іс-әрекет пен мінез-құлықтың нақты субъектісіне қатысты агрессия мәселесні маңызда әлеуметтік қажеттілік ретінде зерттеуді қажет етеді. Агрессивті мінез-құлық адам өмірінде көп орын алады, жас ерекшеліктеріне қарамастан барлық адам баласында көп кездесетін құбылыстардың бірі. Агрессия ұғымын көптеген зерттеушілер тұлғаның қасиеті және мінез-құлықтың ерекше формасы деп анықтайды. Мінез-құлықтың агрессивті әртүрлі формалары жарамды болсын, мейлі әлеуметтік жарамсыз болсын индивидтермен өзара әрекетте қалыптасады. Көптеген балалардың проблемді жағдайға тап келуінің басты себебі коммуникация мен қарым-қатынастағы базалық әлеуметтік ептіліктердің жеткіліксіздігімен байланысты. Өзінің әлеуметтік үйрену теориясында А.Бандура агрессивті мінез-құлықты талдаудың үш кезеңін бөліп көрсетті:[1]

1)      әрекеттерді меңгеру  тәсілдері;

2)      олардың көрінуіне себеп болатын факторлар;

3)      солар бекітілетін жағдайлар.

Сонымен қатар мұндағы тағы бір маңызды жағдай кері байланысты алу мүмкіндігі, қоршағандардың ойын интерпретациялау. Ситуациялық факторлар үлкен рөл атқарған сайын әлеуметтік сипаттағы агрессивті мінез-құлыққа үйрену процесі де соғұрлұм үлкен мәнге ие болады.[2]

Әлеуметтік үйренудің когнитивті-бихевиористтік концепциясы тұрғысынан А.Бандура[1] әлеуметтену процесі индивид өмір сүретін қоғам мен сонда қабылданған әдеттегі жауап реакцияларының дамуымен байланысты.Когнитивті-бихевиористтік концепция шеңберінде жеткіншектердегі агрессияны әлеуметтік үйренудің нәтижесі деп қарастыруға болады. Агрессиялы мінез-құлықты бекіту мен даму негізін ата-аналар баланы алғашқы жылдарда қалай тәрбиелегеніне және кейінгі кеш кезеңдерде , атап айтқанда, жеткіншек кезеңіне байланысты іздестіру керек.[3]

Агрессивті мінез-құлықтың қалыптасуына әсер ететін шартсыз факторлардың бірі – жанұядағы қатынас. Көптеген шет елдік зерттеулер көрсеткендей агрессивті балалардың ата-налары физикалық жазаларды қолдануға бейім болған және бір-бірімен келісушілік болмаған, балаларға жек көрушілік қатынаспен және эмоциялық суықтықпен қараған. Балалардағы агрессивтілікті зерттей келе үш вариантын сипаттайды:

1. Ата-анасының біреуі агрессивті болғандықтан және агрессивтілік және қылмыстық тенденцияны туындататын күрделі конфликттер себебінен бала агрессивті болады.

2. Ата-анасының ешқайсысы агрессивті болмайды. Ата-аналары агрессивті емес, балаларын қатал жазалаушы және жанұялық конфликт аз болған, бірақ балалар физикалық жазалауға ұшырайды.

3. Баланың агрессивті мінез-құлқына шектен тыс қамқоршылық жанұяның ішінде бекітіледі. Тек осының салдарынан бала нақты сол агрессивті мінез-құлықтың жағымсыз жақтарының басымдылығын таразылауға үйренеді. Сонымен қатар ата-ана жағынан агресситвті мінез-құлықтың шектен тыс болуы да зиян болады. Бала міндетті түрде өзінің ашу ызасын ішіне жинауға мәжбүр болған жағдайда оның агрессивті сезімдері соғұрлым күшейе түседі. Қатал жазалау жаңа фрустрацияларға әкеледі. Яғни сол жағдайлардан шығар жол таппаған кезде жаңа агрессивті сезімдерге әкеледі. Егер бұл қайталанатын болса, негативті шиеленісті іздеу ретінде қарастырылатын мінез-құлықтың моделі қалыптасады. Жасырын агрессивтілік болған жағдайда балада мазасыздану және жайсыздық (дискомфорт) пайда болады. Агрессивті мінез-құлыққа анасының және әкесінің ашуын көтере алмаған жағдайда және фрустрацияға жауап бере алмаған кезде балада мазасыздану жоғарылай бастайды. Агрессивтілік туралы Сирстің ойы қисық сызықты түрде көрсетілген болатын. Бұл тұжырымды И.Г.Морозова ұстанады[2]. Оның пікірінше, просоциалды өмірлік бағдары бар жағымды жанұяда өскен балаларға ашық түрде өзінің агрессивтілігін қанағаттандыруға шек қойған жағдайда ,яғни асоциалды жеткіншектерге тән сана астындағы кешендерді қанағаттандырудағы агрессивті садисттік фантазиялау негізіндегі стереотиптегі формаға айналуы мүмкін.

Әлеуметтенудің тиімді және мінез-құлықтың агресситвті формаларының қалыптасуын ескертудің маңызды шарты үйір болу мотивациясы, балалар сол арқылы қоршағандар оның ішінде, әсіресе өз ата-аналарының қолдауын, назар салуын, қызығуларын тілейтін әрекеттерге үйір болады. Содан кейін екінші бекіту ретінде үйір болу баланың әлеуметтік талаптар мен шектеулерге бейімделуін шарттандырады. Осыған байланысты агрессияның дамуының маңызды шарты тек әлеуметтік үйрену ғана емес, ата-ана махаббатының болмауы немесе олар жақтан үнемі жазалаудың болуына байланысты туындайтын фрустрация да жатады. Жасөспірімдердегі агрессияның көріну формалары мен әлеуметтік-психологиялық факторлары да маңызды сұрақтардың бірі, көптеген зерттеулердің көрсеткіштері бойынша, агрессивтіліктің көрінуі индивидуымның өмірлік тәжірибесіне байланысты. Агрессивтіліктің көрінуі бұл белгілі бір кедергілерге немесе түсірген ауыртпашылыққа байланысты болатын жауап мүмкіншілігі. Мәнді мақсатына жету жолында кедергілер пайда болған кезде индивидум, фрустрацияны қаншалықты бастан өткерсе, нақты мақсатқа жету талпынысы да соншалықты жоғары болады. Фрустрация агрессивті мінез-құлық үшін күшті мотивациялық жүйені қалыптастыра отырып, агрессивті сезімдерге әкеледі.

Агрессия жайлы фрустрация – агрессия теориясында, фрустрация агрессияға деген мотивті немесе ішкі ниеттенулерді жасайды деген түсініктерді көрсетеді және тек агрессивті мінез-құлық реакциясы ғана емес, альтернативті реакциялар да болады деп санайды. Агрессияның әлеуметтік үйрену теориясы фрустрацияны қажетті, бірақ жеткіліксіз шарт ретінде агрессияның көрінуін жеңілдетеді деген ойды дамытады. “Фрустрация жағдайында агресситі мінез-құлық пайда болу үшін индивидте “диспозиция” болу керек немесе осыған ұқсас жағдайларда өзін агрессиялы ұстайтын мінез-құлыққа бейім болу керек. Мұндай “диспозициялар әлеуметтік үйренулер: бақылау, қоршағандардың мінез-құлқы, агрессияны қолданудағы меншікті сәтті тәжірибелер” арқылы қалыптасады және бекиді.

Қазіргі жаңа психологиялық бағыттарда агрессия мәселесі өте аз зерттелінуде, алайда соған қармастан оған көптеген теориялық және эксперименттік зерттеулер арналды Бұл жұмыстарда Ресейдің әртүрлі мекенді елдерінде тұратын адамдардағы агрессияна жыныстарына, жастарына, білімдеріне, кәсіптеріне, ұлтына, мәдениетіне қатысты зерттейді. А.К.Осницкийдің зерттеулері көрсеткендей, балалар агрессиялы мінез-құлық модельдері жайлы білімдерді үш түрлі ақпарат көздерінен алады екен[3]. Отбасы бір уақытта агрессиялы мінез-құлық моделін көрсетеді және оның бекітілуін қамтамасыз етеді. Агрессиялы мінез-құлықтың ықтималдылығы олардың өз үйлерінде агрессиялық әрекетпен  тікелей кездескен жағдаймен байланысты анықталады. Агрессияның көрінуі құрбыларымен өзара әрекетте де кездеседі. Сондай-ақ балалар агрессиялық реакцияға тек реалды мысалдарда ғана емес, бұқаралық ақпараттар арқылы да үйренеді.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердегі агрессия мәселесіндегі тағы бір маңызды сұрақ агрессивті реакцияларының жасөспрімнің өзіндік бағалауымен корреляциялану мәселесі. Өзіндік бағалау жоғары болған сайын жалпы агрессия көрсеткіштері де соғұрлым жоғарылай береді. Мұндай өзара байланыс инструменталды агрессияға да, жауласқан агрессияға да тән болады. Өзіндік бағалау жоғарылаған сайын физикалық агрессияның көрінуге деген бейімділік те жоғарылайды А.А.Реан[4] . Парциалды өзіндік бағалау, яғни лидерлікке қабілетті өзіндік бағалау, өзінің “физикалық Менін” бағалауға бейімділік негативизм сияқты агрессия формасымен корреляцияланады. Кейбір зерттеулер көрсеткендей агрессивті жасөспірімдерде экстрималды өзіндік бағалау – не шамадан тыс жоғарғы не төменгі өзіндік бағалау көп байқалады Н.Б.Трофимова[5]. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің агрессиясындағы тағы бір мәселе бір мәнді жағдай – олардың фантазиясындағы озбырлық, зорлық-зомбылықтың генезисі, мазмұнды компоненттері, мінез-құлыққа әсері жайлы мәселелерді талдау. Физикалық, психикалық және рухани дамудың үйлесімсіздігі жасөспірімнің қиялында із қалдырады және “Мен-концепциясы” мен жаңа құндылықтарда қалыптасады. Сонымен қатар, жасөспірім кезеңіндегі агрессия екі аспектіде - өзіндік бекіту құралы және интроспекция ретінде жүзеге асады. Адамда агрессиялы мінез-құлықпен байланысты әртүрлі екі мотивациялық бағыт бар, яғни агрессияға және оны тоқтату қатысты бағыттар. Агрессиялы бағытта индивид қоршағандарлың әрекетін өзіне қауіп тудырады деп бағалап, оған өз агрессиясын қлоданады. Ал агрессияны басуға деген бағытта индивид өз іс-әрекетін қажетті емес, ұят болады деп бағалауға бейім болу ниетінен тұрады. Жасөспірім жасындағы балаларда ауытқушы мінез-құлықтың түрліше типтері тән келеді. Ауытқушы мінез-құлық әлеуметтік нормалардың ауытқуынан, агрессиялық немесе еліктеуші бағыттылықтың туындауынан қалыптасатын әлеуметтік жағымсыз мінез-құлық типі ретінде көрінеді. Жасөспірім жастағы балаларда ішкі және сыртқы конфликт күшейеді, мәселен, жоғары қобалжу, күмәнданғыштық, түрлі қорқыныштарға бейімділік, мінез-құлықтағы қатыгездік, агрессиялық ерекшеліктердің туындауына әкелуі мүмкін. Жеке даралықты қалыптастыратын әртүрлі қызығулардың жоқтығы, бос уақыттың молдығы делинквентті мінез-қүлықты дамытудың негізгі шарты, агрессиялы мінез-құлқын зерттеудің жүйелік негіздері агрессиялы мінез-құлықтың мотивтерінің бірі болып табылатын жағымсыз мінез-құлықтың сипатын көрсетеді. Жасөспірімдердің агрессиялы мінез-құлықтарының мотивтеріне кино мен теледидирдың әсерін жатқызуға болады.

  Агрессивтіліктің феноменін және тұлғаның агресивтілігін зерттеу көптеген методологиялық бағыттарымен байланысты. Қазіргі уақытта субъективті қатынас аймағындағы деструктивті бағыттар агрессивтілікті, яғни агрессивтіліктің жасөспірімдерде көрінуін олардың өз мақсатын тарату үшін белгілі бір тәсілдерді қолдану дайындығына негізделіп, делинквентті мінез-құлық түрінде, яғни әлсіздерді және өзінен кіші балаларды келемеждеу мен құрбы-құрдастарымен төбелес түрінде көрінеді деп түсіндіреді А.Е.Личко[6]. Агрессиялы балалармен дау-дамай кезінде жағымды қарым-қатынас жасаудың тиімді жолдарын қарастырған жөн. Балалармен психологиялық жағдай құру арқылы эмпатия, адамға деген сенімділік қасиеттерін дамытуға байланысты психологтың өзі үлгі болатындай болу қажет.

Менің ойымша,жасөспірімдерге неғұрлым көбірек психологиялық көмек көрсетіп, тренинг-ойындарын ұйымдастыру арқылы олардың сеніміне кіріп кері әсерден арылуға көп мүмкіншілік жасауға болады.Әртүрлі жағдайларда баланы өзін-өзі ұстай білуге үйрету.Дау-дамай жағдайында қатынастық мүмкіндік болатын жағымды дұрыс жолдарын қарастыру. Жасөспірімді айнала қоршаған орта , оның тәрбиесімен айналысатын ересектермен көбірек жұмыс жасалынуы қажет, сонда ғана алдын алу және психотүзетужұмыстарының нәтижесі тиімдірекболады. Балаға, агрессияны (кері әсерді) затқа ауыстыру жолдарын әрдайым үйретіп отыру қажет.

Қортындылай келе, егер балада өзінің агрессивті импульсивті әрекеттерін қадағалауды үйренбесе, ол жеткіншек жасында басым болып жасөспірімдік кезеңде де өз жалғасын табады.



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


[1]А.Бандура «Принципы и модификации поведения»М:Дрофа, 2006ж-226-227б.

[2]И.Г.Морозова«Аффективные психозы в позднем возрасте»-А:Рауан,2007ж.113-115б. 

[3]Реан.А.А «Агрессия и агрессивность личности»А:Мектеп, 2008ж-38-39б.

[4]Осницкий А.К «Психологический анализ агрессивных проявлений учащихся»М:Фолиант,2008ж-225б.

[5]Трофимова.Н.Б «Психология человека»А:Алматыкітап,2005ж-232б

[6]Личко А.Е. «Психопатии и акцентуации характера у подростков»-М., София,2010ж.,230-232б.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
829
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі