Материалдар / мақала. КЕҢЕС-ФИН СОҒЫСЫ (1939-1940 жж.). Соғысқа дейінгі келіссөздер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

мақала. КЕҢЕС-ФИН СОҒЫСЫ (1939-1940 жж.). Соғысқа дейінгі келіссөздер

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала 1939-1940 жж. Финляндия мен КСРО арасындағы соғысқа дейінгі екі мемлекеттің өзара жүргізген келіссөзддері жайлы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қырқүйек 2021
1127
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КЕҢЕС-ФИН СОҒЫСЫ (1939-1940 ЖЖ.). СОҒЫСҚА ДЕЙІНГІ КЕЛІССӨЗДЕР


Икласбаев Д. А


Талдықорған қаласының №9 орта мектебі



Тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап Финляндия мемлекетіне қауіп Кеңестік Ресей тарапынан төнді. Кеңес үкіметінің қолдауына сүйенген жұмысшы кеңестері Тәуелсіз Финляндия үкіметіндегі буржуазиялық тап өкілдерін биліктен құлатып ел болашағын большевиктік Ресей бағытына байланыстарғандардың билікті басып алу әрекеті елде азамат соғысын тұтандырды. Жаңадан құрылған Финляндия мемлекетімен болашағын байланыстыруға тырысқан эмиграциядан оралған бұрынғы Ресей империясының жоғарғы әскери шенді офицері Карл Густав Эмиль Маннергейм елдегі саяси жағдайды өзгертіп жіберді. Өзінің қызмет бабы бойынша Тәуелсіз Финляндия мемлекетіне қызметке тұрып, елдегі күштер арасалмағын өзгертіп жіберді. Еріктілерден әскер құрып, Германияның қолдауына сүйеніп – елдегі кеңес өкіметін орнатпақ болған жұмысшылардың жасағын талқандап Финляндияның тәуелсіздігін сақтап қалды. Ішкі тұрақсыздықты шешкен соң фин патриоттары «Ұлы Финляндия» мемлекетін құру жоспары аясында Кеңестік Ресей құрамындағы Карелия аймағындағы фин халқын кеңестік жүйеден азат ету үшін соғыс қимылдарын бастап кетті. Бұл тарихта 1918-1920 жж. бірінші кеңес-фин соғысы деген атпен қалды. Тартус келісімімен бұл соғыс аяқталды. Финляндия тәуелсіздігі тұрақталды. Бірақ Карелия аймағы Кеңестік Ресей құрамында қалды. Финляндия өз құрамын Печенга облысы мен Рыбачая түбегімен ұлғайтты. 1921 жылы қараша айында Карелия аймағында фин халқының ұлт-азаттық көтерілісі басталды. Финляндия үкіметі көтерілісшілерге бейресми қолдау көрсетті. Кеңес үкіметі қатаң шаралар арқылы көтерілісті басты. Соғыс қимылдары 1922 жылы наурыз айында аяқталды. Жазалаудан қашқан финдықтар Финляндия аумағына ауып кетті. Жағдай басылғанмен екі тарапта шекарада үлкен әскери күштерін шоғырландырды. Екі мемлекет үшінде қауіп сейілмеді. Финляндия тарапы шекара қорғаныс шептерін тұрғыза бастады. Бұл шепті тұрғызуға Финляндия әскери қолбасшысы Энкел көп үлес қосты. 1922-1939 жж. екі ел үшінде бейбіт өтті. Өзара байланыстар нығайтып, сауда-саттық ұлғайды. 1933 жылы Германия билікке неміс фашистерінің келуі Европадағы жағдайды күрделендіріп жіберді. 1939 жылы Мәскеуде Германия мен КСРО сыртқы істер министрлері арасындағы Шығыс Еуропадағы мемлекеттерді ықпал аймаққа бөлу туралы келісім Финляндия мемлекетін Балтық елдерімен қатар КСРО-ның ықпал ету аймағына берді. Финляндиямен шекаралық мәселелер қайта қарастырыла бастады. Кеңестер тарапы Финляндиядан Ленинград қаласынан мемлекеттік шекарасын алыстатуды ұсынды. Екіжақты келіссөздер Мәскеу қаласында 1939 жылдың 5 қарашасында басталды. Кеңестер одағы Финляндияға:

  1. Финляндия тарапы Ленинград қаласынан мемлекеттік шекарасын 90 шақырым алыстатады

  2. Ханко аралын КСРО-ға 30 жылға беріп, әскери-теңіз күштерінің базасын салуға рұқсат етеді

  3. КСРО теңіз күштеріне Ханко түбегіндегі порттар Ханко, Лаппохья беріледі

  4. Финляндия КСРО-ға Гогланд, Лаавансаария, Тютярсаари, Сейскари аралдарын береді

  5. КСРО мен Финляндия арасындағы соғыс ашпау пактісі үшінші жақтық коалицияларға жау тараптарына қосылмау міндеттейді

  6. Екі жақтар Карель мойнағындағы қорғаныс шептерін бұзады

  7. КСРО тарапы Финляндияға алынатын жерден екі есе жер береді (5529 шм 2)

  8. КСРО тарапы Финляндия тарапының Алланд аралдарын өз күшімен күшейткені қарсы болмайды

Финляндия тарапы үшін аталмыш талаптарды орындау мемлекет қауіпсіздігіне қауіп

Төндірумен тең болды




Себебі аталмыш талаптар бойынша Финляндия мемлекеті оңтүстігі Кеңес одағының қарулы күштерінің нысанасына алынып, астанасы Хельсинки қаласы қоршауда қалушеді. Карель мойнағындағы Финляндия қорғаныс шептері тұрғызылған еді. Карель мойнағындағы қорғаныс шептерін бұзу Финляндия үшін өз тәуелсіздігіне қауіп төндірумен тең еді. Айырбасталатын жерлерді игеру, халықты орналастыру, Алланд аралдарына қорғаныс шептерін тұрғызу үлкен қаржыны талап ететіндігімен аталмыш шарттар қабылданбай тасталды. Финляндия тарапы 1938 жылғы КСРО тарапының жер талап еткендігінде ескере отырып, келіссөздер барысында өз талаптарын қойып Ленинградқа жақын орналасқан аралдарды КСРО-ға беруге дайын екендігін білдірді. Келіссөздер үш кезеңмен өтіп 12-14 қазан, 3-4 қараша және 9 қараша нәтижесі аяқталды. Келіссөздер аяғында КСРО Сыртқы істер халық комиссары В. Молотов «енді әскерилер шететін болады» деп соғыстың болатындығын меңзеген болатын.

Жалпы Кеңестер одағының Финляндия тарапына мемлекеттік шекараның Ленинград қаласына жақын орналасуы бойынша өзгертуді талап етуі мен қатар бейтараптық деңгейі бар мемлекет аумағының бір бөлшегін жалға сұрау, әскер еңгізу, қорғаныс шептерін бұзуды талап ету халықаралық құжаттық келісімдерге қайшы еді. Финляндия тарапының КСРО мемлекетімен шекарасы Тартус келісімі бойынша шешілген болатын. Екі мемлекет арасында бейресми түрде шекарасы реттелмегені, Фин тарапының Карелиядағы фин халқын өзіне қосудың сәтсіз әрекеті болғаны болмаса – даулайтын мәселе жоқ еді. Финляндия КСРО-ға одақтарға қосылмай, бейтараптық мәртебеге сай саясат жүргізді. КСРО мемлекетінің бейтарап елден қорғану үшін келіссөздермен жер талап етуі ешқандай халықаралық құжатқа сай емес еді.

КСРО мемлекеті Финляндиядан аумақ сұрауы ХХ ғасырдың 30 жылдары ушыққан халықаралық қатынастар кезеңімен тұспа-тұс келді. Фашистік Германия мен Кеңес одағының Шығыс Европаның ықпал аймаққа бөлшектеуі бойынша жасалған Мәскеудегі Риббентроп-Молотов пактісі Кеңестер одағына 1939 жылы Финляндиямен келіссөздер жүргізуге қолайлы уақыт туғызды. Дүниежүзі Германияның Польшаға соғыс ашуын талқылап жатқан кезде КСРО Финляндиямен шекара мәселесін қайта қарастыру туралы келіссөздер бастап кетті. КСРО қарулы күштері саяси қысыммен Балтық елдерінің аумағына енгізілді. Кейін бұл елдер КСРО құрамына енгізілді. Келіссөздер барысында фин өкілдері КСРО тарапының қойылған талаптарды орындаудан бас тартып, келіссөздерді тоқтатты. Келіссөздер барысында КСРО тарапынан қойылған талаптарды орындауға да болар еді. Бірақ фин тарапы орындаудан бас тартты. Бұл Финляндия мемлекетінің саяси басшыларының халықаралық кеңістікте дипломатиялық жолмен ел тұтастығын сақтап қалған үлкен ерлігі еді. Уақыт көрсеткеніндей фин тарапының КСРО мемлекетінің әскерін ел аумағын орналастырмауы дұрыс саясат болды. 1939 жылы Литва, Латвия, Эстония мемлекеттері ел аумағына кеңес әскерінің енуіне рұқсат етіп тәуелсіздігінен айырылып қалды. 1940 жылы аталмыш елдер КСРО құрамына қосылды. Финляндия өзіне қойылған талаптарды орындаудан бас тарта отыра Балтық елдерінің еншісіне түсер жағдайды өз басына түсетіндігін білсе керек. Финляндия КСРО тарапынан қойылған талаптарды орындаудан бас тарта отырып, кеңестер тарапынан болатын басқыншылыққа дайын болып шықты. Бұл соғысты кеңестер тарапы Майнило ауылындағы арандатушылықпен бастағанымен мәжелеген уақытында фин тарапын жеңе алмады. Финляндияның КСРО-ға соғысында Карель мойнағында салған қорғаныс шептері үлкен роль атқарды. 1939-1940 жж. созылған кеңес-фин соғысында фин тарапы қорғаныс шебінде соғысып КСРО аумағына басып кірген жоқ. Финляндияның КСРО аумағына басып кіретіндей күшіде жоқ еді. КСРО-ның Финляндиядан қауіптеніп жер талап етіп келіссөздер бастауына еш негіз жоқ еді. КСРО тарапының Финляндиядан жер талап етуі, Балтық елдерін өзіне қосуы 1939 жылы 23 тамызда Мәскеуде Германия мен КСРО Сыртқы істер министрлері В. Молотов пен И. Риббентроп арасында мемлекеттік деңгейде жасалған келісімі шеңберінде өрбіген әрекеттердің тізбегі еді. Финляндияға қойылған талаптар, Майнило ауылындағы атыс, Финляндияға қарсы соғыс жоспары, соғыс жүргізу әрекеті – КСРО-ның Финляндияны кеңестендіру, өзіне қосу бойынша жүргізген әрекеті еді. Финляндия КСРО тарапынан болатын басқыншылық соғысқа дайын болып ғана қоймай, өзіне қойылған талаптарды орындаудан бас тартып өз тәуелсіздігін сақтап қалды. Финляндияның шиеленіскен халықаралық жағдайда орын алып жатқан оқиғаларға қарамастан, өзге елдердің ықпал аясына түсетіндігін мойындамастан ел аумағының шекарасын өзгертуге мәжбүрлеп жатқан елдің талаптарын орындамай – Тәуелсіздігін сақтап қалуы үлкен ерлік

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!