Материалдар / Мақала. КЕҢЕС-ФИН СОҒЫСЫ (1939-1940ЖЖ). ТАРАПТАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала. КЕҢЕС-ФИН СОҒЫСЫ (1939-1940ЖЖ). ТАРАПТАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала 1939-1940 жж. Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы соғысқа қатысушы тараптардың дайындығы туралы жазылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Тамыз 2021
738
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КЕҢЕС-ФИН СОҒЫСЫ (1939-1940ЖЖ). ТАРАПТАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ

Ықыласбаев Д

Екінші дүниежүзілік соғыстың жанама құрамдасы болып табылатын бұл соғысқа КСРО мен Финляндия мемлекеттері дайындықты идеологиялық тұрғыда 1917 жылдан бастап кеткен болатын. 1917 жылы Ресейдегі большевиктердің Қазан төңкерісімен ғана тарихта қалған жоқ бұл жыл Финляндия мемлекетінің құрылғандығыменде тарихта қалғаны анық. Финляндияға тәуелсіздікті Қазан төңкерісін ұйымдастырған Кеңес өкіметі бергенімен, Кеңес өкіметі Финляндия тәуелсіздігін шартты түрде ғана қарастырып, кеңестендіру әрекетінде байқап көрді. Бұл әрекет сәтсіз аяқталып, болашақ қарсыласуға жол салып берді. Тәуелсіздігін енді ғана алған финляндиялықтар қаруменен азамат соғысын бастан кешіріп, өз тәуелсіздігін сақтап ғана қоймай – кеңестендіру ұранын көтергендерді талқандап, балама түрде ұлтшылдық ұранын көтеріп, фин-угор халықтарын біріктіретін «Ұлы Финляндия» жоспарымен Карелияда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрес жүргізіп біраз тартысқанымен өз мақсатына жете алмады. Иә, бұл тартыста екі тарапта өздерінің алдына қойған мақсатына жете алмады. Кеңестер өкіметі Финляндияда Кеңес билігін орнықтыра алмай жеңіліп, ішкі шекарасын нықтауға тура келді. Ал Финляндия тарапы үшін өз тәуелсіздігін сақтап қалғаны болмаса – Карелияны қосып алу арманы орындалмай, үлкен қарсыласудың алдында тұрды[1]. Әлбетте, кішігірім Финляндияның үлкен КСРО-ға қарсы тұруға шамасы жоқ еді. Бұған дайындық керек еді. ХХ ғасырдың 20 жылдары екі ел арасында біршама бейбіт өткенімен 30 жылдары қайта күрделене бастады. КСРО тарапы Финляндияны кеңестендіру жоспарынан бас тартпады. Финляндияны бейтараптық статусы қорғап тұрды

ХХ ғасырдың 30 жылдары Германияда билікке Гитлер бастаған ұлтшылдардың келуімен Еуропадағы жағдай шиеленісіп кетті. Қарулануға бет алған Германия тарапы басқыншылыққа бет алып, Австрияны, Чехословакияны өзіне қосып КСРО-мен Шығыс Еуропаны ықпал аяға бөлшектеген Молотов-Риббентроп пактісіне қол қоюы Финляндияның жағдайын қиындатып жіберді. Финляндия Балтық елдерімен КСРО-ның ықпал аясына беріліп, Кеңестендіріліп КСРО-ның құрамына енуі керек болды. Балтық елдерінің әскери қысымның нәтижесінде соғыссыз КСРО құрамына Тәуелсіздігін жоғалтып енуі Финляндия тарапына да қайталану керек болды. Финляндияға қысым шекарасы мәселесімен басталып, үлкен соғысқа әкелді. Енді осы соғысқа тараптардың дайындығы мен қатысу деңгейін қарастырар болсақ

І. Қорғанысы

Финляндияны кеңестендіру мен Карелияны Финляндияға қосу әрекеті сәтсіз аяқталған соң тараптар қорғанысқа көше бастады. Шекара аймағы күшейтіліп, қорғаныс шептері тұрғызыла басталды. Финляндия шекарасы КСРО-ның екінші қаласы саналған Ленинград қаласына жақын өтуі кеңестер тарапынан аталмыш аймақтың қорғанысын күшейту үшін қорғаныс шептерін тұрғызса - Финляндия тарапы астанасын қорғау үшін бірнеше реттік қорғанысы бар тегеурінді шабуылға төтеп бере алатын қорғаныс шептерін тұрғызды. Бұл қорғаныс Маннергейм қорғаныс шептік сызығы деп аталды[2].

ІІ. Тараптардың әскери әлеуеті

Финляндия өзінің халық саны жағынан аздығымен экономикалық дамуымен КСРО деңгейімен теңесе алмауышы ед


1939 жыл 30 қараша күштер арасалмағы[3][41]:


дивизиялық
құрам

жеке құрам

орудия и миномёты

танктер

ұшақтар

фин армиясы

14

265 000

534
(без учёта береговых батарей)

64

270

қызыл армия

24

400 000

1915

1476

1000

[3]

ІІІ. Соғысқа дайындығы

Финляндия тарапы КСРО тарапынан қауіпті сейілмеуіне байланысты соғысқа КСРО-дан бұрын бастап кетті. Бірақ Финляндия тарапының соғысқа дайындығы қорғаныс сипатында болып қорғаныс шептерін тұрғызуымен қатар автоматты қару «Суоми» шығарумен әрі аспады. КСРО тарапы соғысқа дайындықсыз бастап кетті. Бірақ КСРО тарапының әскери дайындығы қару-жарақ жағынан Финляндия тарапынан қарағанда жоғары болды

IV. Тараптардың қатысу дайындық деңгейі

Соғыс 1939-1940 жылдардың қыс мезгіліне сай келгендіктен – әскери қимылдар қыс мезгіліне сай жоспарлану керек. Бұл қандай болсын соғыс қимылдарының мезгіл, климат, жер бедерін ескеріп жүргізу керектігін баса назарда ұстайтын жағдай. Соғыс қимылдарын жоспарлайтын тараптардың бұны ескеретіндігі анық

[4]

Қарап тұрғаныңыздай соғысқа қатысушылардың суреті. Сол жақта ақтүсті киім киіп жаудан қыс мезгілін білінбеу амалын қарастырып ғана қоймай шаңғыны пайдаланған. Полярлық суықтық жағдайында өмір сүрген финляндықтар үшін қыс мезгілінде шаңғы пайдалану үйренші. Ал сол жақтағы суретте қоңыр шинель киген кеңес жауынгері. Әрине қыс мезгілінде қоңыр шинель киген жауынгерлердің нысанаға бірден түсетіндігі белгілі. Бұл кеңес әскерлерінің соғысқа мезгіл жағдайын ескермей кіргендігін білдіреді. Кейін кеңестер тарапынан бұл олқылық жойылды. Дегенімен бұл олқылық жойылғанша талай кеңес жауынгері оққа ұшты.

V. Соғыстың бұқаралық насихаты

Соғыстың Майнило ауылындағы оқ жаудырумен арандатушылық әрекетімен басталғанымен. Тараптар арандатушылық әрекетке қатысы жоқтығын хабарлаумен болды. КСРО тарапы Финляндияны айыптағанымен соңғысы оны жоққа шығарумен болды. КСРО тарапынан соғыс басталғанда кеңестік саяси баспасөз Финляндияны айыптап, кеңес жауынгерлеріне Финляндия мемлекетін сол баяғы кеңес өкіметі құрылған шақта ата жау саналған ақ гвардияшылар санатына қосып фин еңбекшілерін буржуазиялық қанаудан азат ету үшін бара жатқандығына барынша сендірумен болды. Кейін жылымық уақытында Манило ауылындағы оқ жаудыруға кеңестер тарапы ұйымдастырғаны белгілі болды. Ал Финляндиялық баспасөзде кеңес әскерінің әрекетін басқыншы деп қарастырып, бүкілхалықты басқыншыларға қарсы тұруға шақырды

VI. Соғыстың құқықтық бағасы

Соғыстың тараптар арасында бастапқыда келіссөздер арқылы КСРО тарапының Ленинград қаласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Финляндия тарапынан шекара мәселесін қарастырғанымен – КСРО тарапы алуы керек жер Финляндия астанасына кеңес шекарасын жақын орналастыратын еді. Әрине кеңестер жағы Финляндия айырбас өтемі бойынша басқа жер беретін еді. Финляндия тарапы жер алмасу бойынша шекараны өзгертуден бастартты. Тәуелсіз мемлекет ретінде Финляндия тарапының бұндай құқығы бар. Финляндия тарапының бейтараптық статусы бойынша ешқандай блокқа енбейтіндігі КСРО-ға қауіптін болмайтын белгілі еді. 1939 жылы Германия мен КСРО тарапының Мәскеудегі Шығыс Европаны ықпалдық аймаққа бөлісу Риббентроп-Мәскеу пактісі бойынша Тәуелсіз Балтық елдері мен Финляндия КСРО-ның ықпалында болу керек болды. Балтық елдері саяси қысым жағдайында КСРО-ға қосылғанда Финляндия тарапы аталмыш үрдістің өз тарапын айналып өтпейтіндігін білді. КСРО тарапынан арандатушылықты күтті. Финляндия қорғанысын күшейтті. Бұл әрекет бекер болмай шықты. КСРО тарапы Майнило ауылындағы атқылаудан кейін Финляндия тарапына соғыс жариялады. Мәселені келіссөздер шақырып реттеуге болар еді. Бірақ КСРО тарапының соғыс жағдайын таңдауы мәселені халықаралық қауымдастық жағынан бейтарап елге қауіп төндіру ретінде қарастырып айыптауға әкелді. КСРО тарапы бейтарап елге соғыс жариялағаны үшін Халықаралық қауымдастық Ұлттар Лигасынан басқыншы ретінде шығарылды

VII. Соғыс қимылдарының жүргізілуі

Тараптар арасындағы соғыс қимылдарының жүргізілуі шекаралық дау бойынша өзгертілуі керек Карель мойнағында ғана емес Финляндияның орталық бөлігінде де жүргізілуі Кеңестер тарапынан аталмыш елді толық жаулау жоспарының болғандығын байқауға болады. Финляндия тарапының соғыс қимылдары өздері құрған жоспар аясында жүргізіліп, кеңес әскерін қорғаныс шептерін ұстап тұрып талқандау болды. Соғыстың бастапқы кезеңі осы жоспар аясында жүрді. Кеңес қолбасшылары Финляндия тарапының қарсылық көрсетер күшінің, қорғаныс шебінің барына сенбеді. Бұл олқылық кеңестер тарапының мыңдаған әскерінің қысты күнгі орманда қырылуына әкелді. Соғыс уақытында бірде-бірде фин армиясы қоршауға түскен жоқ. Бұл Финляндия тарапының соғысқа мейлінше дайын болып, соғысты дұрыс жүргізгендігін көрсетеді. Фин әскері қоршауға түсу қаупі жағдайында шегініп отырды.

[5]

VIII. Тараптардың соғыстан шығуы

Соғыс – соғысты бастаған Кеңес Одағының жоспарына сай жүрмегендіктен әскери қимылдар жоспарлаған уақыттан асып кетіп, Халықаралық қауымдастық тарапынан айыпталуы КСРО жағдайын қиындатып жіберді. Соғыс қимылдары жоспарлаған уақыттан асып кетіп ғана қоймай майдан даласында кеңес жауынгерлерінің өмірін қиып жатты. Бұған кеңес әскерлерінің қоршауға түсіп қырылуыда жағдайды ушықтырып жіберді. Кеңес әскерлерінің жанқиярлық ерлігімен күрделі қорғаныс шебі ретіндегі Маннергейм қорғаныс сызығы бұзып өтілгенімен кеңес әскері Хельсинкиге бармай тоқтады. Ұлыбритания тарапының Кеңес одағына Финляндия жағына шығу мүмкіндік ескертпесімен Финляндия тарапының келісімге келуге даярлығы Кеңестер жағынан соғыс қимылдарының тоқталуына әкелді. Кеңестер жағы өзіне тиімді шарттармен жер алғанымен халықаралық қауымдастықта өз деңгейін түсіріп алды. Кеңестер одағы Финляндияны басып алуда орнықтыруы керек қуыршақ Финляндия Демократиялық Республикасының үкіметін таратып жіберді.

ІX. Соғыстың бағалануы

Соғыс барысында Финляндия соғысқа қатысқан әрбір адамның ерлігін ескерусіз қалдырмау мақсатында арнайы ордендер мен медальдар сериясын шығарып марапаттаусыз қалдырмады. Кейін жауынгерлердің ерлігін ұмытпас үшін шайқас болған жерлерде ескерткіш кешендерін тұрғыздар. Ал Кеңес одағы Кеңес-фин соғысына байланысты арнайы медаль шығарған жоқ. Төменгі әскери солдаттардың ерлігі ескерусіз қалды. Тек Маннергейм әскери қорғанысын сызығын бұзу өту жайлы кинохроника түсіріліп, жоғары әскери басшылық ғана марапатталды. Әскери тұтқынға түскен, шегініс жасаған әскери қолбасшылар, тактикалық қателік жасаған қолбасшылар мен кеңестік жауынгерлерге әскери сот ұйымдастырып біразы атылды[6]. Тірі қалғандар, тіпті мемлекет пен партия басшылары аталмыш соғысты есіне де алуға да тырыспады.

Х. Соғыс шығыны


КСРО

Финляндия

126 875 жауынгер хабарсыз жоғалды

25904 қаза тапты

71 214 көшіру кезінде қаза тапты

43557 жарақаттандар

16 292 жарақаттан қайтыс болғандар


264 908 санитарлық шығындар


[6]

Қорғаныста болған Финляндия тарапының шығыны КСРО-ға қарағанда шығыны аз болды






















ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1.ЫҚЫЛАСБАЕВ Д, ЖҮКЕН Г «КЕҢЕС-ФИН СОҒЫСЫ» Ust.kzword/maqala_1939_1940_jj_kenges_fin_sogysy-188451.html

2. КЕҢЕС-ФИН СОҒЫСЫ https://kk.wikipedia.org/wiki/

3. Советско-финляндская война (1939-1940) https://ru.wikipedia.org/wiki/

4. Советско-финляндская война солдаты https://yandex.kz/images/search?from=tabbar&text

5. Битва при Суомуссалми https://ru.wikipedia.org/wiki/

6. Советско-финляндская война (1939-1940) https://ru.wikipedia.org/wiki/




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!