Кітап-ғажайыптардың бірі
Кітапқа əсте қастерлі деп қараймын,
Кітап – көзі, ақыл- ойдың, арайдың.
Болмаса егер ішінде бір кітабы,
Құны қанша алтындаған сарайдың?
Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. «Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», деген еді Ғабит Мүсірепов.
«Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол»,- дейді Баус. Кітап – сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітап пен дос болған адамның ой өрісі кең, сөз мəдениеті жоғары,саналы, жан-жақты болып тəрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын танытқан, оқытып-үйреткен кітап. Əр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян еткен, тарихы мен өткен жыр еткен де – кітап болатын. Сондықтанда «кітап - əлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі",-дейді Горький. Онда біз əлі білмейтін, естіп оқымаған қыр-сыры көп. Оны тек кітаппен дос болған адам ғана құпиясын ашып, ғажабын танып біле алады.
Кітап оқудың ұлт болашағы үшін маңызы зор. Білімсіз қоғам ешқашада өрге басқан емес.
Шын мəнінде дүниеде кітап пен кітапхана болмаса, адамдар рухани білімін үнемі жетілдіріп отырмаса, мына өмірде тоғышарлық орнап, адамзаттың сауатсыздануы, адами құодырауы басталған болар еді. Өйткені кітапхана -мəңгілік парасаттың киелі ғимараты болса, кітапханашы сол ғимараттағы рухани қазынаның шырақшысы əрі ақыл-ой əлеміне жол сілтеуші іспетті.
XXI ғасыр руханият, мəдениет һəм ақпарат ғасыры. Қай қоғамныңда тұрақты дамуында мəдениеттің алар орны зор екенін алға тартсақ, рухани тынысымыздың өзекті мəселелерінің бірі-кітапхана. Сондықтан біздің мақсатымыз оқушылардың кітапқа деген тілегі мен сұранысын қанағаттандыруды күннен-күнге жақсарта беру болмақ. Жас ұрпақты тəрбиелеуде кітапхананың орны ерекше. Бүгінгі шəкірттер ертеңгі ел тұтқасы.
Жасөспірімнің кітапқа деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру кітапханашының негізгі міндеті. Колледж кітапханасында осы бағытта біршама жұмыс атқарылып келеді.
Жалпы, жас ұрпақтың бойында патриоттық,əділдік, бауырмалдық қасиеттерді қалыптастыруда кітапхананың маңызы өте зор. Білімгерлерді тəрбиелеу кітапхана босағасын аттағаннан басталады. Сонымен қоса кітапхананың ішкі безендірілуі талаппен талғамға сай болуын қамтамасыз етіп, білімгер кітапхана бөлмесіне кіргенде мəдени орталық екенін сезінуіне баса мəн береміз. Кітапханаға жиі келіп тұратын білімгерлермен пікірлесе отырып, олардың басқа балалармен қарағанда ерекшілігі бар екенін байқай бастайсыз. Білімгерлер түрлі шараларға белсене қатысып, өздерінің қазақ тілімен əдебиеті, тарих, кітапхана ісі жəне библиографиядан білімдерін көрсетеді. Осы арқылы оларды кітапқұмарлыққа, сауаттылыққа, дүниетанымын кеңейтуге, сөздік қорын молайтуға баулимыз. Бүгінгі мақсат дамыған елдермен терехе теңестіру ұлт төл тарихымызбен əдебиетіміз арқылы жемісті бола бермек. Сол себепті оқудан қол үзбейтін оқырмандарды көбейтіп, оқу тəрбие жұмысы оң болуына үздіксіз еңбек етеміз. Жаңалыққа жаны құмар жасөспірім бойына ақпарат айдынында адастырмайтын ақпараттық мəдениетті сіңіру үшін айналасына арнайы дағды, машық дəнін себетін ақпараттық ортаны құратын колледж кітапханасы.
Кітап оқу-өнер, рухани жаңғыру кепілі. Кітапсыз ешкімніңде алға баса алмасын көріп отырмыз. Оқырманды зерттеу, оқырмандар талабымен санасу- біздің жұмысымыздың негізгі бағыттарының бірі. Кітап ел мен елді жақындастырар, түсінікке бастар рухани дүниеге негіз қалайды. Ақпарат пен білім кітап əлеміндегі шегі жоқ ұлы көш деуге болады. Оқытушылар мен білімгерлердің сапалы білім алуының кепілі ретінде білім мен ақпаратты беру жəне іздестірумен қамтамасыз ету, рухани байыту – кітапхананың төл ісі. Кітап сананы нұрға бөлейді. Сондықтан кітапқа қызықтыру – кең дүниетанымға қызықтыру.
Əлемнің ең дамыған отыз елінің санатына қосылу шарттарының бірі – «Жаһандағы замануи мəдениет» жобасын іске асыру болып табылады. Мəдени өнімдеріміз рухани құрал – алдымен кітап түрінде өркендеуі абзал.
Қазір Қазақстанда көпшілікке қызмет ететін 11423 кітапхана жұмыс істейді.
Кітап білім бұлағы. Кітап білімнің қайнар көзі. Онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXIғасырда мүмкін емес екендігі мəлім. Кітап қана дəл мəнді білім береді, себебі ол адамды терең ойдауға жетелейді. Əр адам кітаптың бетін ашқан сайын оның əлемінің тылсым табиғатын, жаңа құндылықтарды үйренеді. «Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол" деп текке айтылмаған. Кімде болса білімділікке сəл- пəл болсада құштарлығын дамытуға көмектеседі. Кітап оқыған адамның шетте қалмасы анық. Қазіргі заманның, техниканың дамуына байланысты «кітапханалардың болашағы жоқ» деген сөздің қисыны келмейді. Себебі, компьютер адам денсаулығына, əсіресе көзіне зиян. Егер кітапхана болмасабіздке көз қалама. Сондықтанда болашақ адамның өз қолында. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі-білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем əдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.
Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған əскріңді өмір қажетіңе жарата білу - əрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтанда қымбат»,-деп атап көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген-кітап. Сол себептіоның орны тақтан да жоғары.
2016-2017 оқу жылындағы атқарылған іс-шаралар: қыркүйек айында «Отбасым- мақтанышы тірегім» , Туған тілім -тірегім» тақырыбында кітап көрмелері ұйымдастырылды. Қазан айында оқытушыларға арналған «Ұстаз аты мəңгілік, жадымда қалар жаңғырып» тақырыбындағы құттықтау шарасы өтті. Қараша айында баилық топтар арасында білімгерлердің қаиысуымен «Кешіне күзгі балдың шақырамыз!» тақырыбымен күзгі балл өтті. Жəнеде «Махаббатсыз дүние бос», «Екі жұлдыз», «Бой түзеу - əуелі ой түзеу» тақырыптарымен іс шаралар өтті. 1 желтоқсан Президент күніне орай «Біздің Елбасымыз» тақырыбында баяндама дайындалып, «Ұлт мақтанышы -Елбасы»тақырыбында көрме ұйымдастырылды. «Теңгені жасау тарихы» тақырыбымен Ұлттық валюта күніне орай баяндама оқылып, көрме ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының 25жылдығына орай «Қазақстан Республикасына 25 жыл» тақырыбында колледж ішінде іс-шара ұйымдастырылды. Наурыз айында «Көктем аруы», «Наурыз думан», «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» тақырыптарында көрме ұйымдастырылды. Маусым айында рəміздер күніне арналып, «Рəміздерім – мақтанышым, мəртебем» тақырыбындағы көрме өтті.
2017-2018 оқу жылындағы іс шаралар: 1 қыркүйек Білім күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Рухани жаңғырубвғдарламасы аясында «
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала "Кітап-ғажайыптардың бірі"

шағым қалдыра аласыз