Материалдар / Мақала Кооперация- өнеркәсіп географиясының негізгі факторы ретінде
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала Кооперация- өнеркәсіп географиясының негізгі факторы ретінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада 1900 жылдары қазақ қоғамында Өнеркәсіп географиясы ұғымының негізгі алғышарттарының қолданылуы, қазіргі таңдағы өзектілігі туралы ой бөліскен.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Рамазанова Ж.Қ. Туризм магистрі

Актөбе қаласы№53 ОМ География пәнінің мұғалімі

КООПЕРАЦИЯ ӨНЕРКӘСІПТІҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ НЕМЕСЕ ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКӘСІБІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ СМАҒҰЛ САДУАҚАСОВТЫН РӨЛІ







Аннотация : Мақалада Смағұл Садуақасов Қазақстан өнеркәсібін қалыптастырудағы еңбегі туралы баяндалған. Сонау заманның өзінде Кооперация ұғымын ұсына отырып, өнеркәсіп саласының негізгі құрылымын айқындап, басты алғышарттарын қалыптастырған.

Тірек сөздер: Өнеркәсіп географиясы. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі. Кооперация. Халықаралық шаруашылық.Ортақ банк жүйесі

Аннотация В статье описывается деятельность Смагула Садуакасова в становлении промышленности Казахстана. Еще в 1900 г. он определил основную структуру отрасли и создал основные предпосылки, предложив кооперацию.

Ключевые слова: Промышленная география. Международное географическое разделение труда. Сотрудничество. Международная экономика. Единная банковская система.

Annotation The article describes the activities of Smagul Saduakasov in the development of the industry of Kazakhstan. Back in 1900, he determined the basic structure of the industry and created the basic prerequisites by proposing cooperation.

Key words: Industrial geography. International geographical division of labor. Cooperation. International economy. Unified banking system.





Кеңес қоғамындағы 1920-1930 жылдар аралығында өзгерістер,тоталитарлық жүйе халықтың белгілі бір бөлігін құрбан ету арқылы жүзеге асырылды. Бұл индустрияландыру саясаты кезінде айқын басымдылық танытты. Әсіресе жер мәседесінде, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезеңінде күштеп қайта құру арқылы көрініс тапты.

Осындай сипаттағы этностың тарихындағы бұлқыныстар, көптің қолдауына ие бола бастады, сондай сәттерде ержүрек тұлғалар халықты соңынан ертеді. Сол мерзімнің жетекші тобы мен зиялылары елдің ертеңгі экономикалық жағдайы қай бағытта өрбитініне бейтарап қарамады, белсене араласты, өз пікір-ұсыныстарын ашық айтты. Ол заман зиялылары Кеңес Үкіметін ықыласпен қабыл алды, ол үкіметтен халықтың жағдайында бетбұрыс жасар өзгерістер күтті, қалың елді сол үкіметке мойынсұнуға үндеді. Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан 1918 жылдың басында «Мен кадет партиясынан неге шықтым» деген мақала жазып, онда қазақ елі үшін ең басты мәселеге – жерге меншік көзқарасына өз ойын білдірді: «Кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе де жөн дейді.

Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып, жалаңаш шыға келеді», – деді. Жер жекешеге сатылмайтын болғандағы қуанышын былай бейнелейді: «Қазақ жері өзінің меншігі болып, сатуға болатын болса, біздің жұрт... біраз жылда жердің жақсысын сатып, қайқайып шыға берер еді. Құдай сақтап, біздің қазақ бұл күнге келді. Енді жер жұрт қазынасы болғаны – өз пайдасы». Әлихан халқын оқу-білімге, кәсіпке үндеді: «Адам баласының өзге хайуаннан айырмасы, бұларда ақыл, қол шеберлігі болады. Ақыл да, ұсталық та оқумен, істеумен жүре ұлғаяды. Дүниедегі жер билігі күннен-күнге ақылды, ұста жұрттың қолына ауып барады», – деп болашақтың қай бағытта дамып келе жатқанын, қазақ та көштен қалмауын тілек етеді. Ахмет Байтұрсынов та, Әлихан Бөкей­ханмен бір қатарда қазақ халқы кездесіп отырған жүйелі дағдарыс кезеңіне талдау жасап, келе жатқан жаңа толқын – жастарды, қазақ қоғамындағы мерездерді терең түсінуге, түсіне отырып негізгі шешім­дерге келіп, бел байлап күреске шығуға шақырады. «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, сол шикізатынан жасалған өнімді көп есе қымбатқа сатып алады. Бұл – надандықтан келген кемшілік», – дейді [1].

Ахмет Байтұрсыновтың идеяларымен үндес, айналысқан бағыттары ұқсас, артынан ерген ізбасары іспеттес Смағұл Сәдуақасов Ахаңнан отыз жылға жуық кейін туылса да, екеуінің зерттеген тақырыптары, айтқан сөздері, үндеген ұрандары бірдей, олар: өрбу заңы, шаруа жайы, оқу мен оқыту, қазақ салты, жәрдем комитеті, кооперация, өндіріс.

Жиырмасыншы ғасыр басында дүниеге келіп, небары 33 жыл ғана ғұмыр кешсе де, Смағұл Сәдуақасов 15 жасынан бастап-ақ жастар ұйымдарының істеріне араласады. 1918 жылы Омбы политехникалық институты жанындағы кооперация курсын бітіре сала оқытушылар даярлайтын курста кооперация қисынынан дәріс береді, одан соң біржарым жылдай Батыс Сібір кооперативтер бірлестігінде қызметте болады. Осы тақырыпқа 1924 жылы екі кітапша жариялайды.

Смағұлдың 20-жылдардан әрі қарайғы жолы кеңсе қызметіне байланысты болады, ол Қазақ жастар одағының өлкелік бюросының секретары, содан кейін Ахмет Байтұрсыновтың – халық ағарту комиссарының орынбасары, Қазаткомның секретары, Жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары, «Еңбекші қазақ» газеті редакторының міндетін атқарушы, Халық ағарту халық комиссариатының бастығы болды, Ташкенттегі педагогикалық жоғарғы оқу орнының ректоры қызметтерін атқарды. Сөйте жүріп, ол баспасөз беттерінде түрлі тақырыпқа, әсіресе, ауылдың жай-күйі, азық-түлік мәселесі, кооперация, индустрияландыру жағдайларына қатысты танымдық-көсемсөздік, талдамалық мақа­лалар жазады.

Ол «Жастарға жаңа жол» деген еңбегінде: «Жер мәселесі – шешілмеген мәселенің бірі. Оны шешу керек. Азық-түлік мәселесі бар. Оған көзқарасымыз айқын болуы керек. Бұл екі мәселе бұрынғыдай болып шешілуі дұрыс емес» дей келіп: «Қазақстан» деген мақаласында: «Жер асты байлығы мол, солардың иесі жоқ, соны ұқсатып пайда шығара алмай отырмыз. Соны алуға мәдениетіміз әлі кем» – дейді. «Егін салатын, көбінесе, орыс халқы. Мал бағатын қазақ жұрты» дей келе: «осылай жалғасып кете беруі тиіс пе? Қазақ шаруасының өз жерінен ығыстырылып, тек мал бағуға ғана жарайтын жерге ауып жатқанының себебі осы ғой», - дейді.

«Кооперация» ұғымын сөздің кең мағынасында — қандай да бір жұмыс пен кооперацияны орындау үшін екі немесе бірнеше адамның техникалық ынтымақтастығы ретінде және шағын мағынада-кооперативтік қозғалыстың мәнін құрайтын ерекше ұйым құру процесі ретінде қарастыруға болады. Кооперация кооперативтер жүйесі деп аталады. Мысалы, ауыл шаруашылығы кооперациясы деп өздерінің экономикалық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер құрған әртүрлі ауыл шаруашылығы кооперативтері мен олардың одақтары (қауымдастықтары) жүйесін білдіреді.

Кооперацияның бірінші ұғымында қоғамдық еңбек бөлінісіне диалектикалық қарама-қайшы келеді. Қоғамдық еңбек бөлінісін тереңдете отырып, кооперация үлкен ауқымға ие болады. Кооперацияны әр түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар бөлінісінде еңбекті ұйымдастыру нысаны ретінде қарастыра отырып, өз мақсаттары мен міндеттерімен ерекшеленетін кооперацияның бірнеше түрін бөліп көрсетуге болады. Бұл-табиғи апатпен күресу үшін құрылған алғашқы қауымдық кооперация; мамандандырылған қоғамдық өндіріс жұмысының тиімділігін арттыру үшін жүзеге асырылатын социалистік қоғам кооперациясы; ақырында, капитализм кезінде пайда болған және әр түрлі нарықтық институттарға экономикалық қарсы тұру мақсаты бар кооперация.

Кооперация (лат. cooperatіo – ынтымақтастық) деген мағынаны білдіреді. [1]

1) жеке тұлғалардың ұжымдық кәсіпкерлік үшін ерікті мүшелік негізінде құрылған бірлестігі.

2) бір не бірнеше елдегі шетелдік серіктестері қатысуымен бірлескен немесе өзара келісілген өндірісті ұйымдастырудың ерекше нысаны. Ол өнім өндіруді бөлісуге, тәуекелдіктердің өзара кепілдігіне,  салымдар мен өнеркәсіптік салаларды  ортақтасып қорғауға негізделген.

3)бір немесе бірнеше әлеуметтік топтардың өкілдері бір мақсатқа жету жолында бірігіп, ұйымдасқан түрде әрекет ету процесі болып табылады.


Сызба-1 Кооперация формалары [1]

Shape1



Сызба-1 Кооперация формаларының ерекшеліктері көрсетілген.


Кооперация жайын айтқанда автор кооперация деген не, ол қайда пайда болған, оны қалай ұйымдастыру керек дегендерді тәптіштеп түсіндіреді, қалай болғанда бірлесуден ұтымдылыққа жетуге болатынына мысалдар келтіріп, айқын жолдармен көрсетіп береді.

Кооперацияның негізгі түрлерін сипаттай отырып Халықаралық Географиялық еңбек бөлінісі, Дүниежүзілік шаруашылық сияқты бүгінгі күннің экономикалық қозғауыш күштерінің негізін салды. Сонымен қатар халықаралық сауда, қаржы-несие қатынасы ұғымдарының да негізін қалыптастырды. Халықтың сайлаған адамдары қаладан топтап өз бағасымен нәрсе алып келеді. Ол арзанға түседі. Ауылдың жүн-жұрқа, тері-терсегін қалаға алып барып, саудагердің қосатынын өзі қосып, қымбат бағамен өткізеді. Сөйтіп саудагердің көрген пайдасын халық көреді. Осы секілді халықтың ұйымын Европа тілінде кооперация дейді. Сол кооперация бізде де болса, шаруаға тиімді», – дейді. Смағұл Сәдуақасұлы осыны жазғанда бар болғаны жиырма жастан сәл-ақ асқан еді.


Тіпті, кооперацияны насихаттаймын деп «Салмақбай – Сағындық» деген көлемді хикаят та жазады. Сондағы айтатыны – күшті, білімді, қаржыны кооперациялау нәтижесінде егін салушы ешкімге жалынбастан бірлесіп комбайн сатып алып, бірге пайдаланады, комбайндары ұйымға кірмегендердің егінін орып қаржы табады, оған жанар-жағармай, керек бөлшектер сатып алуға, тракторшыға еңбекақы төлеуге болады, «кедей шалғымен бір жұма шапқан шөбін, кооперативтің машинасы бір-екі сағатта шабады, соның қайсысы тиімді?» -– дейді. Бидайды өндіріп алған соң, оны нанға айналдыратын наубайхана салуды, егістен қалған астық қалдықтарын малға жемшөп етуді кооперация жолымен жасауды түсіндіреді. Малдың еті-сүті ғана емес, терісі мен жүн-жұрқасы да бірлескен жолмен тиімді өңделіп, лайықты бағаланады дейді. Соның үшін фабрика, зауыттар салуға үндейді. Жүн күйінде киіз басуға ғана жұмсағанша жіп иіріп, кездеме тоқу, одан киім тігу, яғни дайын өнім жасауды ұсынады. Осының барлығы кооперациялау жолымен тиімді орындалады деген ойды алға тартады да: «Саудагерге жегізбейтін де айла бар. Ол айла – кооперация. Кооперацияның бір негізі – сауданы ұқсату. Кооперация саудагердің өз қаруын өзіне жұмсайды. Халық кооперация арқылы өз саудасын саудагерге істетпейді, өзі істейді. [2]

Ол кооперацияның үш түрде бөлінеді деп, олардың әрқайсысын барынша түсінікті тілмен жеткізеді. Оның біріншісі – ағылшын ғалымы Рочдель негізін қалаған тұтыну кооперативтері. Елу шақты адам жиналып, қаржы салып бір кәсіп түрін ашады, мәселен – дүкен. Сөйтеді де, қаладан әкелген тауарына он-жиырма пайыз қойып сатады, сөйтіп қаржысын молайтады. Қаржы көбейгенде олар бірнеше жерден дүкен ашады, сөйтіп тауарды қымбатқа сатып жүрген саудагердің жолын қырқады деп түсіндіреді. Ақша молайғанда кооператив шауалардың артық өнімдерін жинап қалаға апарып өткізеді, әрі қарай олар қалада шаруалардан жиналған жүн-жұрқа, ет секілді өнімдерді сататын өз дүкендерін ашады. Осылайша бұл жүйе кеңіп, байи түседі. «Кооперацияның екінші түрі қарыз серіктестіктері, ол – шаруалардың артық ақшасын аз ғана өсіммен жинап алады да қажетсіндерге оған аз ғана қосып несиеге береді. Олар қарызға алған ақшасына түрлі құралдар мен машина сатып алады да, егінінің өнімін өзі өңдейді, машина босаған кезде басқалардың өнімдерін ақшаға өңдеп береді. Кооперативтің бұл түрі тек ақшамен жұмыс істейді, яғни ортақ банк ұйымы десе болады. Кооперативтің бұл түрін немістің Райффайзен деген кісі ойлап тапқан».


Сызба -2. Кооперацияның тиімділігі [2]

Shape2

Көрсетілген 2- сызбада Смағұл Сәдуақасұлы шетелдік тәжербиеде коперацияның тиімділігін анықтап көрсеткен.


Қазіргі экономикалық жүйеде қолданысқа еңгізілген негізгі ұғымдарды сол заманда маңыздылығын атап көрсеткен.

Смағұл кооперация жөнінде құрғақ кеңес бергісі келмейді, осы істі өмірге енгізуге шаруалардағы оқығандарға деген, үкіметке деген сенімсіздік те залал келтіруі мүмкін екенін де айтады: «Ауыл шаруасындағы кедейлердің көбі еңбегін біреу жегендіктен емес, олардың өздері еңбек етпегендіктен кедей болып жүр» дей отырып; Кедейдің еңбек етпейтін себебі: еңбегінің жанбайтынына көзі жетеді. Біреуден тұқым сұрап алу керек, біреуден ат сұрайды, біреуден ақша сұрайды. Олар өсімсіз бермейді. Ақырында еңбектеніп салған егіннің өнімінің көбін бергендерге өсімге төлейді. Сөйтіп өмірінде шаруасы құралмайды. Ақырында шаруа: «Бір теңге тепкілесең де кетпейді, мың теңге қайтсемдағы бітпейді» дегенге түседі. Ол ой еріншектікке салындырады. Ұйқыға айналады. Сөйтіп кедей еңбектен шығады», - дейді. Мұндай жағдай осы күнге дейін жалғасып келеді, оңтүстіктегі мақташылардың бүгінгі жағдайы дәл осындай. Мақтадан өнім алу көп шығын жұмсауды талап етеді, оған шаруаның шамасы келмейді де, жан-жақтан несие алады, кейін алған өнімінің құны қарыздарды қайтаруға бірде жетеді, бірде жетпейді. Бірақ, сонда да олар кооперация жасап, бірігуге асықпайды, себебі, ауылдағы шаруаның үлеске алған 2-5 гектар жерінен басқа байлығы жоқ, содай айрылып қалам ба деп қорқады. Кооперацияның үшінші түрі кәсіп ұйымдары.

Бұл – өндірістік кооперативтер. Бұларда адамдардың қаржысы мен мүліктерімен, жерімен бір қатарда еңбектері де біріктіріледі. Осылардың бәрін лайықты ұйымдастыру үшін ол: «Халықтың тілін білу керек. Білмейді екенсің, білуге тырысу керек. Ел ішінде істейтін жұмысыңды елдің тұрмысына жанастыру керек. Жанастыра алмайды екенсің, онда жанастыруға тырысу керек. Қандай әдемі пікір тұрмысқа жанаспаса құрғақ сөз болып шығады» деп аталық сөз айтады. «Қазақтардың бүгінгі бірігуінің кемшілігі: ыңғайлы, епті жігіттер елден көп пайда түсіріп алуда. Олар келеді де: «Біз кооперация ашамыз» дейді. Кооперацияның мүшелері төлейтін пай ақшаны сол жерге өз жанынан салады. Сөйтеді де ол көп нәрсе алады. Бірақ, «Бірліктен» алған нәрсесін елге апарып, кооперацияға салудың орнына, саудагерше жұмсайды. Әрине, пайдасын бір өзі көреді». Осы жағдай, Смағұлдың мақаласы жазылғанына 90 жыл өтсе де, бізде әлі қайталанып келеді. Бүгінде де, жалған тұтыну кооперативтері құрылып, «ҚазАгродан» қаржы алып, егіншілік пен мал шаруашылығына салудың орнына, саудагерлікке жұмсап жүр. Сөйтіп Смағұлдың: «Қазақ ішінде кооперация ісіне қатысқысы келіп жүргендер жабайы ғана адамдар. Кооперацияны іргелі қызмет көріп, бұл жұмысқа белсеніп кірісіп жүрген кісі аз. Сондықтан біздің бұл уақытқа дейін жасап келген кооперациямыз тиіп-кетті қылып істей салған ермек.

Сондықтан кооперация қазақ ішінде жөнді болмай отыр», – деген сөзі әлі күнге дейін, мемлекетіміздің қолдаймыз деген уәделеріне қарамастан сол кездегі күйінде қалып отыр. Смағұл Сәдуақасұлы мал шаруашы­лығының байлығын дұрыстап ұқсатуда да кооперацияны пайдалануды жөн санайды. Бұл ой да біздің бүгінгі қалпымызбен астарлас: Елбасының 2020 жылға қарай ет экспортын 60 мың тоннаға жеткіземіз деген нұсқауы да іргелі жеке меншік иелерімен қоса заң мен халықаралық тәжірибеге негізделген кооперативтер арқылы да жүзеге асырыларлық жұмыс. Оның кооперация жайлы ұсынысы делдалдықпен байып жүрген саудагерлерге, ұсақ шаруаларды сорып жатқан ірі кәсіпорын иелеріне ұнамайды, олар Смағұлды кооперация принциптерін дұрыс түсіндірмейді деп айыптайды. [3]

Оған Смағұл: Мені Ленин салған кооперация жолын басқаша түсіндіреді деп айыптайды, ал, мен коммунистік партия көсемінің өзі ұсынып отырған кооперация идеясы неге басқаша ұйымдастырылады, – дегеннен басқа айыбым бар деп санамаймын дейді. Смағұл Сәдуақасұлы елді индустриялан­дырудың да жақтасы болды. «Ауыл шаруашылығы да, басқа кәсіп те шойын жол арқылы өркендейді. Қазақ­станның жері үлкен болғанмен жолы жоқ. Жол жоқтықтың есебіне сауда қатынасы да кем. Өніміңді Европаға апарып сата алмайсың, жақын жердегі орындарға ғана өткізесің. Сол үшін біздің алдымыздағы үлкен мақсұттың бірі – шойын жол салу жұмысы» дейді де, бүгінде жүзеге асырылған «Алматы - Семей», «Қызылжар – Көкшетау – Ақмола жолын Түркістанға дейін салуды», «Жетісу шойын жолын Бішкектен әрі қарай Алматыға дейін жеткізуді» арман етеді.

Смағұл Сәдуақасұлының Әлихан, Ахметтерден айырмасы, ол – Кеңестік Үкіметтің қызметіне араласа жүру үшін коммунистік партия құрамына кірді, биліктің түрлі саласында жүріп, олардың мінезін, пиғылын зерттеді, Үкіметтің қазақ халқына қатысты әрбір шешімдерінің, ел басшыларының сөздерінен туындайтын елдің алдағы тірлігінің бағыттарын бақылап, оларға өз пікірімен үн қатып отырды. Ол 1928 жылы «Правда Востока» газетінде «О национальностях и националах» деген мақала жазып, онда қазақ крайкомының басшысы И.Голощекинді Қазақстанда ірі өндіріс орындарын ашудың керегі жоқ, тек диірмен, жүн жуатын, май шығаратын, цехтар сияқты ауыл шаруашылығына қызмет ететін майда өндіріс болса болды деген сөзі үшін қатты сынға алады.

«Голощекиннің бұл сөзі Қазақстан бірыңғай аграрлық ел болып қала беруі тиіс» деген астамшылдық пиғылдан туған, ол «Қазақстанда өндіріс ошақтары болса, қазақ елі өз алдына оқшауланып кетеді» деп қателеседі, сонда, Қазақстанда шойынжол салсақ, онымен жуылған жүн тасыған дұрыс па, жоқ, дайын кездеме мен киім тасыған дұрыс па? – деп, қазақтың жүні тек Мәскеуде ғана кездеме мен киімге айналудың қаншалықты қажеті бар, – деген ойын бүкпесіз ашық айтады. «Егер, біз өзімізде өндірісті дамытсақ, онда ауылдағы «екі қолға бір жұмыс» таппай жүрген адамдарды жұмыспен қамтамасыз етеміз, сол арқылы ауыл адамдарын қалалар мен қалалық поселкелерге қоныстандыруға жол ашамыз, яғни, елді мәдениетті болуға қарай сүйрейміз, сондықтан біз индустрияландыруды үлкен күшпен дамытуға тиіспіз, сол арқылы біз ауыл шаруашылығын да рационализациялауға жетісеміз», – деген сөзі бүгінде көріпкелдің сөзіндей көрінеді, бұл ойды ол қазақ зиялыларының ішінде алғашқылардың бірі болып айтыпты. «Бізге керегі – индустриялық-дамыған кәсіпорын, ондай кәсіпорын ешуақытта Рыков айтқандай «оқшау» мекемеге айналмайды, бүкіл Одаққа қызмет етеді», – деп Мәскеудің басшы шенеуніктерімен де келіспейтінін білдіреді. Смағұлдың бұл сөзінен біз бүгінгі «индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасының бастауын көреміз және оның көрегендігі мен кемеңгерлігіне бас иеміз.

Смағұл сол кезде белең алған ұжым­дастыру, кеңшарлар құру, астық дайындау секілді істердегі зорлық пен әпер­бақандыққа тайсалмай қарсы шығады. Сол кезде ғой Голощекиннің: «когда я утверждаю, что в нашем ауле нужно пройтись «маленьким октябрем», он против всякого Октября... Я утверждаю, что наш аул требует революционных методов. Тов. Садвокасов это отрицает... Мы не против гражданской войны в ауле. Тов. Садуакасов же против такой гражданской войны... в этом суть наших разногласий» дейді «Казахстан на путях социалистического переустройства» деген еңбегінде. Осы сөздерден-ақ сол жылдары басталған аштық пен оған жалғасқан зұлмат билік кінәлі екенін жазбай тануға болады. С. Сәдуақасов Ресей империясының отарлау саясатын қатты сынайды: «Қазақ жері революцияға дейін отар болды. Патша үкіметі Қазақстанның шикізатын, табиғи байлығын пайдаланып «бос жерлерді» қоныс аударушы келімсектерге беріп, өздерінің мәдени, діни, ағартушылық ықпалын жүргізді»,- деп жазады. [4]

Осындай өзгерістердің қазақ халқы үшін қаншалықты кері әсері бар екендігін көрсетіп берді. Смағұл Сәдуақасұлы 1925 жылы жазылған «Жаңа дәуірдің негізгі мәселе­лерінің бірі» деген мақаласында: «Баяғы көйлекті шекпенмен киген заман енді қайтып келмейді. Сондықтан мата (кездеме) шығаруды барынша жолға қоюымыз керек, ол үшін жүннен мата тоқитын фабрика керек, сонымен бірге Түркістанның бізге қосылған ауданында өндірілетін мақтадан да мата тоқитын фабрика салуға тез арада қам қылуымыз керек», – дейді. Бір сөзбен айтқанда Смағұл Сәдуақасұлының экономикалық тұжырымдамалары дер кезінде дұрыс бағыт алған ұсыныстар деп тануға тиіспіз. Оның ауыл шаруашылығын кооперациялау жайлы ұсыныстары болсын, Қазақстанның аграрлық ел болып қалмай индустрияландыруға көшуге тиіс дегені болсын, Қазақстанда темір жол құрылысын жолға қою керек дегені болсын, бүгінгі күндері де өзекті, жүзеге асырылып жатқан бағыттар. Ол Смағұлдың жасаған ұсыныстарының дұрыстығын, елге жанашырлық қызметін көрсетеді. Оның экономикалық көзқарастары бүгінге дейін өзекті, елдің ілгері дамуына қызмет етіп келеді. Жоғарыда біз Смағұл Сәдуақасов кооперацияны елге қарапайым тілмен түсіндіруге тырысып, арнайы көркем шығарма да жазғанын айттық. Сол еңбекте кейіпкерінің аузына мынадай сөз салады: «Біз, міне, бәріміз де жаспыз! Бір-екі ауылдың арасында қыдыруды білеміз!.. Баяғыдан бері қыдырумен келеміз... қыдырумен ата-бабамыз өтті. Қыдырумен әке-ағамыз өтті! Бәрі де әуелде біздей бозбала еді! Осы күні қартайып шал болды. Ертең өледі... Біз де бүгін бозбала! Ертең біз де шал. Бізге де өлім! Біз осы күні не істеп жүрміз! Ертең неге жарамақпыз? Біз неге оянбаймыз? Біз неге ұйқыдамыз?» – депті. Осы сөз бүгін де өзекті емес пе?! [5]



Cмaғұл Cәдуaқacұлы экoнoмикa caлcындa мeмлeкeт бaйлығын мoлaйтып, шapуaшылықты iлгepi дaмытуды бacты мiндeт eтiп қoйды. Oл eңбeкшi тaптың пapтияcының дa мiндeтi ocы, coндықтaн aуылдaғы тaп жұмыcынa жaтaтын мәceлeлep: кeдeйдi caлықтaн қopғaу, кeдeйгe, opтa шapуaғa тиicтi жepiн әпepу, aуылдa кooпepaтив жacaу, кeдeйдiң бaлacын oқытып, бiлiм бepу, кeдeйдi caлынып жaтқaн зaвoд – фaбpикaғa, шoйын шoйын жoлдapғa көбipeк opнaлacтыpып, oдaн бoлaшaқтa пpoлeтapиaт жacaу, кeдeйдeн өндipic пpoлeтapиaтын туғызу дeп caнaды. Coнымeн қaтap, oл бұл жұмыcтapды бeйбiт eңбeк apқылы icкe acыpу жoлдapын ұcынды. «бip жepдe мeктeп caлуғa қaзынaның қapaжaты жeтпeй жaтca, қaлғaнын coл жepдiң бaйынaн нeгe aлмaймыз? Бip жepдe кooпepaтивтiң пұлы кeм бoлca, oғaн бaйдың aқшacын нeгe caлмaймыз? Бұл cықылды жұмыcтapды aйғaйcыз, тaлaн-тapaжcыз icтeугe бoлмaй мa? Әpинe бoлaды» - дeгeн.

Кооперация ұғымын ұсына отырып Смағұл Садуақасов Қазақстан өнеркәсібін қалыптастырудағы басты алғышарттарыңың негізін қалыптастырған. Бүгінгі күнде аталған ұғым экнономикалық даму бағдарламаларының басты міндеті ретінде қарастырылып, нәтежиесін беруде.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1.  Смағұл Сәдуақасұлы – белгілі мемлекет және көрнекті қоғам қайраткері\\ | kerey.kz//керей.кз. 2009. 16- 18 б.

  2.  Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007 // 128 б.. ISBN 9965-32-491-3

  3.  Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық.// Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 246 б.  ISBN 9965-26-095-8

  4. https://aqiqat.kazgazeta.kz/news/1175

  5. https://stud.kz/referat/show/29629







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!