Латын әліпбиіне көшу-заман
талабы
Елімізде латын әліпбиіне көшу
мәселесі соңғы жиырма жылда көтеріліп, соның оң жылында қызу
талқыланып келе жатқан тақырып.Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін
біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз
бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен
қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият
дайындалдық» деп айтқан еді. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді
латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт
болып шешуге тиіс принципті мәселе. Өскелең ұрпақтың болашағы
үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе
түсуімізге, олардың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне,
ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын
әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап
өтті.
Қазіргі қолданыстағы кириллица
– қазақ тарихындағы төртінші алфавит екені бәрімізге мәлім. Сонау
сақ дәуірі, түркі дәуірі кезеңіндегі ата-бабалаларымыз өздері ойлап
тауып, енгізген, құрастырған алфавиттен басқалары бодандықтың
кебімен күштеп енгізілді. Түркі заманынан мұра болып қалған осынау
құндылық «руно» жазуы еді. Одан кейін араб шапқыншылығы кезеңінде
елімізге араб жазуы (төте жазу) ислам дінімен қатар келді. Латын
және кириллицаны Кеңес үкіметі енгізді.
«Латын алфавитіне көшу — заман талабы» - деп
ойлаймын. Себебі әр ұлттың өзіндік бірізділігі,
ерекшелігі ең бастысы оның тілімен белгіленеді. Сондықтан тілдің
дамуы, өркендеуі қандай болса да этнос үшін өте
маңызды.
Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі тіліміздің
әрі қарай жаңғыруына жақсы ықпал етері сөзсіз. Себебі латын
әліпбиіне көшу арқылы біз психологиямызды, санамызды
нығайта
түсеміз.Сондықтан мемлекеттік тілдің латын әрпіне көшуі –
заман талабы.
«Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі
ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық
код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды.
Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің
кертартпа тұстарынан бас тарту керек» - деген болатын
Елбасы.
Ендеше орыс тіліне жалтақтай беріп қарайтынымыз да осы кертарпаның
бірі деуге болады. Бұл жолда латиницаға көшу – тиімді әрекет. Ол
біздің ұлттық кодымызды сақтап, ұлт ретінде дамуымызға жол
ашады.
«Үштұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру бағытында
ел бойынша ағылшын тіліне көп назар аударылып келеді. Жасыратыны
жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық
ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу дегенді білдіреді.
Оған қоса, ағылшынша білсең – әлемдегі ең үздік, ең беделді жоғары
оқу орындарында білім алуға мүмкіндігің
молЛатын жазуы қазаққа
халқына бұрыннан таныс, қолданысқа оңай, игеруге ыңғайлы.
Оған қоса, жаратылыстану ғылымдарында да оның қолданыста дәлділігі
мен ептілігін дүниежүзінің өмір тәжірибесі дәлелдеді және бұл
әліпби ақпараттық- технологиялар саласын дамытуға септігін тигізері
сөзсіз.
Латын әліпбиін қолдану- озық
техника мен компьютер тілін меңгеруге жол ашады дегеннен бөлек,
мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтеді, шет елде жүрген
қандастарымыздың осы жазу арқылы қазақ жеріндегі барлық жаңалықтан
хабардар болары сөзсіз. Латын әліпбиіне кіру- әлемдік ғылыми, тілдік
кеңістікке кіру үшін қажет. Бұл басқасын айтпағанда, түркі
халықтарына ортақ әріп. Латын әліпбиіне өтуіміз еліміздің бай мәдениеті
мен мұрасымен көптеген шетелдік оқырмандардың терең танысуына жол
ашады. Ал, жастар үшін әлем кеңістігі, дамыған елдердің мол
жинақталған техникалық, әдеби тағы басқа туындыларын түп
нұсқада оқуға жол ашылады. Тәуелсіз мемлекетіміз
жылдан-жылға қарыштап,өсіп-өркендеп, отандық ғылым-білім саласы
дамып келеді.
Латын əліпбиіне көшіу – ол, өз
əліпбиімзіге оралу, нақтырақ айтақанда түрік əлеміне, тіліне оралу
деп түсінемін, сондықтан тез арада көшуіміз кажет
деген пікірдемін.