Материалдар / Мақала "Мамандығым-мақтанышым"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала "Мамандығым-мақтанышым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеші мамандығы туралы мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2023
304
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мамандығым –мақтанышым

Мен Тубекбаева Асия Құрманғалиқызы Алматы облысы Панфилов ауданы Үлкеншыған ауылында Бақытжан Ермешұлы басқарып отырған Үлкеншыған орта мектептің бірлігі жарасқан ұжыммен тәрбиешілік жұмысымды атқарып келемін . Менің күнделікті қызметім балғын бүлдіршіндер ортасында. Жүректері кіршіксіз пәк, ниеттері ақ қағаздай таза, тілдері тәтті, жүздері жарқын, ең бастысы, уайымсыз, қайғысыз балдырғандар ортасы – менің мекенім. Иә, мен тәрбиешімін, менің алдымда кемел келешек иелері бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиеленуде.

«Арман деген көп белес. Біріне шықсаң, бірі бар»,- деп Ғабиден Мұстафин айтпақшы, мектеп қабырғасында оқып жүріп-ақ тәрбиешілікті таңдадым. Осы арман жетегімен педагогикалық оқу орнын тәмамдадым.

Әр адамның бала күнінен өз арманы, мақсат, мұраты болады. Өсе келе ол армандар айқындалып, нақты бағыт-бағдар көрініс табады. Мен өзімді мамандық таңдаудан қателеспеген бақытты жандардың бірімін деп санаймын. Өйткені, менің қызметім өзіме ұнайды, жүрегіме жақын, балдырғандар ортасы - балдай тәтті балалықтың куәсі. Сырт қараған адамға тәрбиеші деген ең оңай, ең жеңіл болып көрінуі мүмкін. Алайда, астарына үңіліп, өз жауапкершілігіңізбен қарайтын болсаңыз –мүлдем олай емес!

Мен мектепте тәрбиешілік қызметімді істей жүріп, алдымнан өткен бүлдіршіндермен бірге есейдім, қызметіме деген сүйіспеншілігім жыл сайын артты. Көз алдымда тәрбиеленіп жатқан сәбилердің риясыз күлкісі мені бақытқа бөлесе, олардың бәрін білсем деп қойған сұрақтары ізденуімнің бастауы болды

Мектепке дейінгі тәрбие мамандығын игергенгендіктен осы 10 жыл еңбек өтілімде

Балаларымды озық та білімді етіп тәрбиелеуде,отансүйгіштікке баулуға тырысып келемін .Спорт,ғылым,жан-жақты меңгерген қалыптасқан азамат болғандарын қалаймын

Бүгінде балаларым түрлі байқауларға қатысып түрлі дипломдармен мақтауларға ие болып келеді.

Балаларымның арқасында менің де мәртебем өсуде

Бұл мен сүйген мамандық.

Бала жанының бағбаны болу

Өзім туралы ойларымды қорыта келгенде айтарым - қазіргі заман тәрбиешісі - заман талабына сай, жан-жақты, білім мен тәрбиені ұштастыра білген, жаңа технологиялармен қаруланған бала жанының бағбаны.

Иә, жүрек түкпірінен лықсып шыққан осы бір мамандық туралы ойларымды айтар болсам, әлі де айтарым көп... Бірақ бір ауыз сөзбен түйіндесем:

Балабақша – бүлдіршіндер мекені,

Әрбір сәтің балалармен өтеді.

Балдырғанды даярлайтын өмірге,

Белгілі ғой тәрбиеші мекені.

Тәрбиеші– мамандығым, мұратым,

Балаларға тәрбие нұрын құятын.

Ізденемін, талпынамын әлі де,

Асулар көп алдымызда шығатын.

Бүлдіршінді жас құраққа балаймын,

Кәсібіме сыни көзбен қараймын.

Бүлдіршіндер –болашақтың тұтқасы,

«Тәрбиелеу» борышым деп санаймын

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!