Мақала "Маңызды өткен апталық"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Маңызды өткен апталық"

Материал туралы қысқаша түсінік
МИФ апталығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Арифметика математиканың,

ал математика ғылымдардың патшасы,

дегендей, әрбір өскелең жастың ішкі резервін, талантын, дарынын тәрбиелеу, еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан – жақты дамыған зерек болуы – заман талабы. Осыған байланысты оқушылардың шығармашылықпен айналысуына сыныптан тыс пәндік сайыстар өткізудің тигізер септігі мол.

Міне, мектебімізде жыл сайын өткізілетін, дәстүрге айналған «МИФ» екі жетілігі өткізіліп, қорытындыланды. Биылғы жылғы ерекшелікке тоқталсам, бастауыш сынып оқушыларында ортаға алып, 2 – 4 сыныптар ішінде «Тапқыр математик» сайысы өткізілді.Соның ішінде «Тапқыр математик» атағына 2 сыныптан Даурембеков Дархан, 3 сыныптан Жансұлтан Жангүлсім, 4 сыныптан Таипова Римма ие болды. Дәстүрге айналған интеллектуалды ойындар, 5 – 6 сыныптар арасында «Озық ойлы оқушы». Жеңімпаз топ: Барыс тобы, ал «Озық ойлы оқушы» - 5 сыныптан Серикбаев Базан. 7 – 9 сыныптар арасында «Математикалық карусель», атап өтсек: 1 орын: Евклид тобы (Топ басшысы: Таипов Д.), 2 орын – Аристотель тобы (Топ басшысы: Мухамедиева М.), 3 орын – Пифагор тобы (Топ басшысы: Досмаилова А. ). 10 сынып оқушыларына арналған «Алтын қақпа» интеллектуалды ойын жүргізіліп, нәтижесінде Игисинова Гульдана «МИФ үздігі», ал Таипова Рузанна «Білгір оқушы» номинацияларына ие болды. Биылғы түлектеріміз үшін, 2008 жылдан бастау алған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды сайысы бой алды. Осы жылы Мухамедиева Назира «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атанды. Сонымен қатар, жалпы 5 – 11 сыныптар аралығында өткізілген «Математикалық викторина» жылдам сұрақтар сайысында 9 сынып оқушысы Аушев Дидар топ жарып, жеңімпаз атанды. Математика, физика және информатика пәндерінен ашық сабақтар көрсетіліп, қабырға газеттері жарық көрді.

Сонымен қатар, биылғы жылдың ерекшелігі: мектебімізге осы оқу жылынан еңбек жолын бастаған информатика пәні мұғалімі Амиржанова Айгеримнің ұсынысы бойынша, оқушыларды пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында 5 – 11 сыныптар аралығында алғаш рет «Күлегеш» атты видео сайыс жарияланған болатын. Шығармашылық тапсырмаға барлық сыныптар ат салыса қатысты. Әрине, бұл оңай болған жоқ, бірақ ізденіс пен талаптану және еңбектену нәтижесінде барлық сыныптар өз өнерлерін ортаға салды. Бұл түсірілімдерге де, әрине, мектеп ұжымы ат салыса қатысты. Белгіленген күні жалпы мектепішілік көрсетілім ұйымдастырылып, «Ең үздік күлегешті» ашық дауыс беру көмегімен анықтады. Орта буынға жаңа табалдырық аттаған, 5 сынып оқушылары «Мен ертен мектепке келмеймін» атты күлегешпен барша көрерменнің назарын аударып, жүлделі І орынды иеленді.

Өзімнің пайымдауымша, екі апта бойы өткізілген сайыстарға қатысқандар да, көрермендер де жақсы әсер алды. Олар интеллектуалды тұлға бола білуді, алғыр болуды, шешімдерді қабылдай алуды үйренді.

Бір сөзбен айтқанда МИФ екі жетілігі балалардың аталған пәндерге деген қызығушылықтарын оятып, одан әрі талпындыра түсті.

Айгерим Амиржанова

Көктал орта мектебінің

математика – физика пәндерінің мұғалімі

Әулиекөл ауданы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2018
910
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі