Мәні зор
басқосу
Жас
ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден - бір шарты
–мұғалімнің ізденімпаз жаңашыл болуы. Себебі, еліміздің
болашағы-бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді.Жаңару
жолындағы Қазақстанға жаңаша ойлайтын, өмірге көзқарасы тың,
шығармашылығы қалыптасқан ұстаздар қажет.Сондықтан, инновациялық
түрлі тәсілдерді, педагогикалық білімдерді жетілдіре отырып, дер
кезінде қабылдап, нәтижелі пайдалана білу-әрбір мұғалімнің
міндеті.
«Балам
деген жұрты болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын»-деп
А.Байтұрсынов айтқандай, бала-біздің болашағымыз.
Осыған орай, 8 ақпан күні Абай
атындағы №2 қалалық мектепте облыстық -аймақтық семинар
өтті.
Семинар «Мектеп бітірушілерді
физика-математикалық цикл пәндері бойынша қорытынды аттестаттауға
даярлау технологиясы» тақырыбында өтті.
Аталған жиынға аудан
мектептерінің білікті, тәжірибесі мол әдістемелік жетекшілер мен
мұғалімдер қатысты. Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен
семинарға Бұланды, Ақкөл, Бурабай, Шортанды, Еңбекшілдер
аудандарының мұғалімдері қатысты.
Аудандық әдістемелік
кабинетінің меңгерушісі Р.А.Есімсейітова «Қорытынды аттестация
кезеңінде білім беру жүйесінің сапасын одан әрі арттыру»
тақырыбында слайд арқылы өз баяндамасын жасады.
Облыстық оқу-әдістемелік
кабинетінің әдіскері Г.Е.Сыздықова мұғалімдермен сауалнама
өткізді.
Семинарға қатысушылар ашық
сабақ беретін мұғалімдердің сабағына қатысты.Соның ішінде Р.Елебаев
атындағы Құдықағаш орта мектебінен барған физика пәнінің мұғалімі
Садвакасова Райхан Дәулетханқызы «Ядролық реакциялар.Жасанды
радиоактивтік» және математика пәнінің мұғалімі Қалиева Зейнегүл
Борамбайқызы « Логарифмдік теңдеулер және теңдеулер жүйелері»
тақырыбында 11-сынып үшін ашық сабақтарын
өткізді.
«Математика-барлық ғылымдардың
патшасы» Бұл қанатты сөзді елесі есте көмескіленген ескі заманда
математика ғылымының негізін қалаушылардың бірегейі Карл Гаусс
айтқан екен. Міне, осы ойшылдың дана сөзінің заман мен қоғам қанша
өзгеріске түссе де, еш мәнін жоя қоймағандығына өзінің ілгерінді
ісі, толымды тәжірибесімен шәкірттерінің, қала берді әріптестерінің
көздерін айқын жеткізіп жүргендердің бірі математика пәнінің
мұғалімі Қалиева Зейнегүл Борамбайқызы десек, артық айтқандық
емес.
Пән мұғалімдерінің ашық
сабақтары өткізілгеннен кейін мектеп оқушылары келген қонақтарға
арнайы арналған концерт ұйымдастырды. Концертте тек қана оқушылар
ғана емес, сонымен қатар мұғалімдер де өз өнерлерін ортаға салып,
келген қонақтардың көңілін бір марқайтты.
Қорытынды шығару үшін
мұғалімдер «дөңгелек үстелге» жиналды.
Білім бөлімінің әдіскерлері
мен сабаққа қатысқан ұстаздар мұғалімдерге шығармашылық табыстар
тілей отыра, қатысқан сабақтары туралы пікірін ортаға салды.
Әдіскерлер мен сабаққа қатысқан ұстаздар ашық сабақтарын өткізген
ұстаздарға сабақтары өте жоғары деңгейде өткені туралы айтып,
алғыстарын білдірді.
Райхан Даулетханқызы мен
Зейнегүл Борамбайқызының өткізген сабақтары жоғары бағаланып,
аудандық білім бөлімі атынан мақтау қағазына, арнайы
сертификаттарға ұсынылды.
Семинарға қатысушылар:
«Семинардан алған әсеріміз шексіз», «Басқосу көп нәрсені үйретті»,
«Бізге ең басты керегі- әдістемелік көмек», «Аталмыш жиын мазмұнды,
мағыналы, қызықты болып өтті», «Осындай семинарлар жиі өтіп тұрса»
деген тілектер білдірді.
Өз еңбегіміздің сапалы да
нәтижелі жемісін көрейік десек, әрқашан да білімімізді шыңдап,
ізденіс үстінде болайық, ұстаздар дегім келеді.
Раушангүл
Шарипова
Құдықағаш орта
мектебінің
Бастауыш сынып
мұғалімі