Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала: Матаның физикалық және механикалық қасиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Киімді құрастыру және үлгісін жасау үйірмесі. Киім туралы мәліметтер ала -аласыздар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қосымша білім беру педагогы: Усипбаева Раушан Ескаракызы

« Киімді құрастыру және үлгісін жасау» үйірмесінің жетекшісі.

Жамбыл обл, Талас ауданы , Қаратау қаласы : Балалар және жасөспірімдер орталығы .

Үйірме аты: «Киімді құрастыру және үлгісін жасау».

Үйірменің тақырыбы: Матаның физикалық және механикалық қасиеті.
Сабақтың мақсаты : оқушыларға матаның физикалық және механикалық қасиеттері туралы түсіндіру
Білімділігі: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, көргендерін есте сақтап, оны қайта жаңғыртуға үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: салт - дәстүрді құрметтеп, әсемдікке, эстетикалық талғаммен жұмыс жасауға тәрбиелеу, ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ.
Сабақ әдісі: іздену түсіндіру, сұрақ жауап, оқушылармен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: биология, әдебиет.
Сабақ көрнекілігі: суреттер, тест, мақал - мәтелдер, жұмбақ, нұсқау картасы.
Құрал - жабдықтар: мата, ине, жіп, қайшы.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі: 1 - мин.
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды журнал бойынша түгендеу.
- Оқушылардың құрал - жабдықтарын тексеру.
- жұмыс киімін және сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасы. 7 - мин.
Өткен тақырыпты қысқаша шолу.
Тақырыбы: жүн және жібек жіптің экологиялық қасиеттері.
I) Сұрақтар беру.
1. Жүнді қайдан аламыз? 2. Табиғи жібек деп нені айтамыз? 3. Қуыршақ жібінің ұзындығы қанша болады?
II) Тест арқылы тексеру.
1) Алжапқыш киімі қай топқа жатады?
А) Өндірістік Ә) Санитарлық В) Ұлттық
2) Құрақ түрлері қандай?
А) Геометриялық фигуралар Ә) Сыңар мүйіз В) Мүйіз оюлар
3) Мата шығарудың негізгі сатысы?
А) Негізгі. Ә) Талшықтардан жіп алу. В) Арқау жіп.
4) Алжапқыш тігу үшін алынатын өлшемдер?
А) Киімнің ұзындығы, бел шеңбері. Ә) Жанбас шеңбері, артқы бойдың шеңбері. В) Кеуде шеңбері, жең ұзындығы.
5) Кесте тігу үшін қандай жабдықтар керек?
А) Кергіш, ине жіп, оймақ.* Ә) мата, жіп, сызғыш. Б) біз, қайшы, ине.

6) Кестелеуге қандай жіптер керек?
А) түрлі түсті. * Ә) қалың жіп. Б) тоқыма жіп.
7) Кесте тігу үшін кергіш не үшін керек?
А) салып жатқан өрнегіміз әдемі, өз орнынан түсуі үшін. * Ә) мата босамау үшін. Б) инені дұрыс ұстау үшін.
8) Қуырар алдында етті тұздау.
А) ия. * Ә) жоқ.
9) Қазақтың ұлттық сусыны.
А) айран. Ә) шәй. Б) қымыз. *
10) мына азықтың ішінен сүт тағамын таңда.
А) запеканка. Ә) котлет. Б) қаймақ. * В) су май.
ІV. Жаңа тақырып. 15 - мин.
Матаның физикалық және механикалық қасиетін түсіндіру
Маталардың қасиеті олардың талшықтық құрылымына, өрілу әдістеріне және өңдеу ерекшіліктеріне байланысты болады.
Матаның негізгі қасиеттеріне жатады:
1. Физикалық – механикалық 2. Гигиеналық 3. технологиялық.
Бұл қасиеттер бұйым фасонын және оны өңдеу әдістерін, сонымен қатар ылғалды - жылумен өңдеу кезінде ескеріледі.
Физикалық - механикалық қасиеттерге жатады: беріктігі; қыртысталуы; шаршаулануы; тозуға төзімділігі. Беріктік - бұл матаның жыртылуға қарсы тұру қасиеті. Матаның беріктігі талшықтардың беріктігіне, жіп пен матаның құрылымына, өңдеу сипатына байланысты болады. Қыртысталуы - матаның қысқанда немесе қысым түсіру кезінде пайда болатын ұсақ қатпарлар құруы. Қыртысталуы талшықтардың серпімділігі мен иілімділігіне және жіпті иіру дәрежесіне байланысты. Шаршаулануы- бұл матаның ілініп тұрған кезде жұмсақ қатпарлар құру қасиеті. Жұмсақ сонымен бірге ауыр маталар да жақсы шаршауланатын қасиеттерге ие болады. Бұл табиғи жібек және жүн маталарға тән. Тозуға төзімділік - бұл матаның үйкелу, созылу, қысылу, ылғал, жарық, темпер/а, тер әсерлеріне қарсы тұру қасиеті. Тозуға төзімділік талшықтардың беріктігіне байланысты. Маталардың гигиеналық қасиеті - бұл маталардың жылуұстағыштық, шаңсіңіргіштік, гигроскопиялық қасиеті, ауа өткізгіштігі жатады. Жылуұстағыштық - матаның адам денесінің жылуын сақтау қасиеті. Бұл матаның талшықтық түрі, жуандығы, тығыздығы және өңдеу түріне байланысты болады. Шаңсіңіргіштік - бұл матаның шаң сіңіру, ластану дәрежесінің көрсеткіштері. Шаңсіңіргіштік матаның өң жағының талшықтық құрамына, тығыздығына және сипаттамасына байланысты болады. Технологиялық қасиеттері - бұл тігін бұйымдарын дайындау кезінде өңдеуге әсер ететін матаның қасиеті яғни, матаның отыруы, сырғанақтығы, тарқатылуы жатады. Мата қасиеті дегеніміз - шаршаулануы, жылу ұстағыштығы, шаңсіңіргіштігі, гигроскопиялығы, (гигроскопиялық - матаның қоршаған ортадан ылғал сіңіру қасиеті).ауа өткізгіштігі, тарқатылуы, отыруы.
Жұмбақ.
Құрып қойып өрмегiн, Өрнектеп, сәндеп,
Ұршықтарын ойнатып.
Сәндi мата өрнегін,
Жасайтын кім жайнатып (Тоқымашы)
Өрнектеп, сәндеп,
тігістерін бүгетін.
Солпысын жөндеп,
кім көйлек тігеді? (Тігінші)
Мақал - мәтел. Көп нүктенің орнындағы сөздерді табу.
(Оймақ)... пішсең де, ойлаппіш.
Қол өнері....(кілемде)
Сөз өнері - өлеңде.
V. Сарамандық жұмыс. 15 - мин.
Қажетті құрал - жабдықтар: ине, қайшы,
Инемен жұмыс кезінде сақталатын қауіпсіздік ережесін « Ойлан тап» ойыны арқылы оқушыларға шешкізу (тақтаға жұмбақтар жазылады, жұмбақтың шешуіне қарай қауіпсіздік ережесі қайталанады)
Тап - тап, тап жорға, Табаны жоқ боз жорға.
Желіп кетсе жеткізбес, Жерге түссе таптырмас. (Ине)
Екі пышақ бірлесіп, Кесіп пішіп береді
Екеуі бірге жүрмесе, Жоқ қой бізге керегі. (Қайшы)
Тұмсығы мықты, Қырмен ойды тегістеп шықты. (Үтік)
1) Техника қауіпсзідік ережесін сұрау.
- Жұмыс орны қандай болуы керек?
- Ине, қайшыны жолдасыңа қалай бересің?
2). Нұсқау картамен жұмыс.
VІ. Сабақты қорытындылау. 6 - мин.
- Балалар, мататану негізі бойынша не түсіндік, не үйрендік.
Тақырыпты оқып, сарамандық жұмысты аяқтау.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.05.2021
821
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12