Математика
сабағында деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын пайдаланудың
тиімділігі
Шымкент қаласы, №27 «Мәртөбе» жалпы орта
мектебінің
математика пәнінің мұғалімі Төлешова Сабира
Сабырбайқызы
Қай заманда болсын
қоғамның басты тұлғасы –мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да осы
мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мұғалімнің қасиетті
міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Ұстаздарда білім жетерлік, бірақ оны оқушыға жеткізу үлкен
шеберлікті қажет етеді.
Қандай пән болмасын,
ең алдымен сол пәнге деген қызығушылығын ояту керек, олай болса
зерттейтін объект – оқушы. Оның бойындағы қасиеттерді ескере
отырып, сезімін, ынтасын оятар іс-әрекетті жоспарлап көр, әрі қарай
оқушының таным белсенділігін арттыруды мақсат ет. Танымдық
белсенділікті қалыптастыру көрсеткіштеріне интеллектуалдық,
эмоцияналдық, жігерлілік іс-әрекетке оқушылардың белсене қатысуы
жатады. Осындай нәтижеге жету үшін сабақ мазмұнының түрлерін,
оқытудың амал-тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет, қазір жалпылама
баяндау, сұрақ-жауап, лекция тәрізді сабақ әдістері өз нәтижесін
бере алмайды.
Бұл жерде
математикалық дайын ақпараттарды қолдану ғана емес, ғылым мен
техниканың дамуына ықпал ететін жаңа туындыларға жол ашу, мүмкіндік
жасау. Бұл үшін қажет болған жағдайда жаңа идеялар айтатын,
математикалық сауаты жоғары мамандар дайындау қажет. Қазіргі
қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір
мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білуі қажет.
Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен
ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік
сезімін қалыптастыру - мұғалімнің басты талабы. Жаңа талаптарға сай
көптеген оқыту технологиялары бар. Бүгінгі таңдағы ғылыми –
техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа
міндеттер қойып отыр. Ол - өз жұмысын орынды және бүкіл
технологияның үздіксіз өзгерістеріне, жаңалықтарына бейімделе
алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Қазіргі педагогика
ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған
жаңа оқыту технологияларын қолдану. Сабақ үрдісінде небір күрделі
қиындықтар кездеседі. Қашанда шебер ұстаз барлық қиындыққа төтеп
беріп, сабақ үрдісін тиімді ұйымдастырып, тақырыпты жүйелі
түсіндіріп отырады. Бүгінгі таңда озат педагог – ғалымдар,
тәжірибелі мұғалімдер ойлап тапқан сабақты түрлендіре өткізудің
жаңа тәсілдері жеткілікті. Осындай технологиялардың бірі –
профессор Ж. А. Қараевтың деңгейлеп - саралап оқыту
технологиясы.
Мұғалімі ретінде
барлығымыздың мақсатымыз – сабақ барысында оқушылардың білімге
құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру,
жауапкершілік сезімін қалыптастыру, өздігінен шығармашылықпен жұмыс
істеуге баулу. Өз сабақтарымда деңгейлеп - саралап оқыту
технологиясының әдіс - тәсілдерін жиі пайдаланамын. Әр өткен жаңа
тақырыпты оқушыларға шығармашылық ізденіс үстінде меңгертуге
тырысамын. Сондықтан мұндай сабақтарда оқушының ынтасын,
белсенділігін арттыру үшін оларға үнемі проблемалық сұрақтар қойып
отырамын. Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі
дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Өйткені ол
оқушының ойлауын, елестетуі мен есте сақтауын, белсенділігін,
дағдысын, білім сапасын арттыруды қамтамасыз
етеді.
Деңгейлеп-саралап
оқыту технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік
білім жүйесінде қолдананылаты рейтинг – ұпай жинау әдісіне
баулу.
Деңгейлік
тапсырмалар рейтинг-ұпай – балл жинау әдісімен бағаланатынын
ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол
тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда
қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін
анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы
неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан,
қосымша материалдардан білім жинайды. Бұл әдіс арқылы оқушылардың
сабаққа деген ынтасы жоғарылайды, өз білімін бағалай алады және
баға әділдігіне көз
жеткізеді.[1]
1-деңгей.
Оқытушылық деңгей-
міндетті, оқушылық деңгей -
репродуктивтік деңгей:
жаттап алуға лайықталған анықтамалар, тұжырымдамалар, аксиома,
теорема, т. б;
алдынғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгертпей
қайталап, пысықтауға арналған сұрақтар; тапсырмалар жаңа тақырып
үшін тиісті және өмірмен байланысты болу
керек.
2- деңгей.
Алгоритмдік деңгей –
елеулі белгілерді есте сақтау
дағдысына бағытталады:
өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген
тапсырмалар, бірақ оларды орындау үшін алған білімдерін
түрлендіріп, тереңдете пайдалануды талап етеді;
логикалық есептер,
тапсырмалар.
3- деңгей.
Эвристикалық іздену түрде орындалатын
тапсырмалар:
анализ бен синтез, салыстыру арқылы тақырыптағы негізгі білімді
анықтау, қорытындылау, әр түрлі әдіс - тәсілдермен есептер шығару,
өздігінен есептер шығару, ребрустар, сөзжұмбақтар құрастыру,
диаграмма салу, өлшем жасау, проблемалық жағдайларды шешу, белгілі
бір дағдыларды қалыптастыруға арналған
сұрақтар.
4- деңгей.
Шығармашылық оқушылардың жинаған өмірлік
тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктердің қиялы мен
белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған,
белгілі бір дәрежеде олардың басының икемділігін байқататын дүние
жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа
сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару); олимпиада есептерін
шығару; берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, ғылыми жобалар
қорғау.
Деңгейлеп - саралап
оқытудың басты мақсаты - сынып оқушыларын қабілетті, қабілетсіз
жіктерге бөлуді болдырмау.
Деңгейлік
тапсырмаларды орындауды оқушылар барлығы бір уақытта бастайды және
әрқайсысы өз білім шыңына өзінің жеке қабілеттеріне қарай жетеді.
Әрбір оқушы жоғарғы деңгейге жетуге мақсат етеді, өйткені әрбір
деңгейлік тапсырманы орындағаны үшін оқушы ұпай жинап
отырады:
1-ші деңгей
– 5 ұпай (5 тапсырма)
2-ші деңгей
– 4 ұпай (4/2 тапсырма)
3-ші деңгей
– 3 ұпай (2/1 тапсырма)
Деңгейлік
тапсырмалардың барлығын сыныпта орындап бітіру мүмкін емес,
сондықтан үй жұмысына сол деңгейлік тапсырмаларды беруге
болады.
Сабақтың
соңғы 3 минутында сыныптағы ұпайлар саналып, “ашық журналға”
белгіленеді.
Өтілген
тарау немесе модуль бойынша да өзіндік жұмыс, коорекциялық жұмыс
және бақылау жұмысы арқылы бағалауға
болады.
Өзіндік жұмыстың
алдында
оқушыларды сабаққа дайындау қажет. Ол үшін мұғалім өткен тақырыпты
ауызша қайталап, өзіндік жұмыстың көлемі және мазмұны, мақсаты және
орындау техникасы туралы нұсқаулар береді. Мұғалім барлық оқушы
жұмысты қалай орындау керек екендігіне көз жеткізу керек. Ерекше
көңіл баяу және үлгерімі төмен оқушыларға бөлінеді. Қажетті
жағдайда мұғалім қосымша түсініктемелер
береді.
Кейінгі
сабақта модуль бойынша кемшіліктерді жоюға
арналған коррекциялық жұмыс
өткізіледі.
Мұғалім барлық тапсырманы дұрыс орындаған оқушылармен бірге
үлгермеген оқушыларға көмектеседі, өтілген тақырыптың түсініксіз
жерлерін түсіндіреді.
Соңғы сабақ
– бақылау
жұмысы.
Тапсырмалардың орындау барысын және оның
нәтижесін мұғалім қатаң бақылайды және бағалайды. Бұл сәтте
оқушының жиған ұпайы бақылау жұмысының нәтижесі бойынша төмендеуі
мүмкін, өйткені бақылау жұмысын оқушы жеке, ешкімнің көмегінсіз,
мұғалімнің қатаң қадағалауында
орындайды.
Оқушылар білімін бағалау
жүйесі
Жоғарыда
айтылғандай, деңгейлік тапсырмалар 12-ұпайлық жүйемен
бағаланады:
1-ші деңгей
– 5 ұпай
2-ші деңгей
– 4 ұпай
3-ші деңгей
– 3 ұпай
Барлық оқушы
міндетті түрде жұмысты 1-ші деңгейді орындаудан бастайды. 1-ші
деңгейге баға қойылмайды, “сынақтан өтті”, “сынақтан өтпеді” деп
бағаланады. “Сынақтан өтпеді” деген ұғымның екіліктен айырмашылығы,
сынақты қайтадан тапсыруға болады. 1-ші деңгейдің барлық тапсырмасы
дұрыс орындалған жағдайда сынақ тапсырылған болып саналады. Егер
бір тапсырмасы болсын орындалмаса, сынақ есептелінбейді. Бұл
жағдайда оқушы барлық тақырыпты емес, тек қатемен орындаған
тапсырмаларды ғана қайтадан
орындайды.
Тәжірибе
дәлелдегендей, “сынақ” арқылы үлгерімі төмен оқушылар мемлекеттік
стандартты меңгеруге мүмкіндік алады. Бір мәрте міндетті деңгейден
өткен соң, олар алға ұмтылады, бойларында оқуға ынта, өз күшіне
сенімділік пайда болады.
Сабақ барысында
мұғалім әр деңгей тапсырмасының дұрыстығын тексергеннен кейін,
тақтада ілініп тұрған “Ашық журналға” + белгісін
қояды. [2]
Мысалы:
Ұпайлар
Оқушының
аты-жөні
|
1-ші деңгей
5 ұпай
|
2-ші деңгей
4 ұпай
|
3-ші деңгей
3 ұпай
|
Сыныпта
жинаған ұпайы
|
Үй жұмысы
ұп.
|
Барлық
ұпайы
|
Бағасы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
2
|
Оспанова
Н.
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
|
|
-
|
7
|
3,5
|
10,5
|
4
|
Құттыбай
Е.
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
4 “с/өтп”
|
1
|
5
“с”
|
3
|
Сәрсенов
М.
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
4 “с/өтп”
|
2
|
6
|
3
|
Асанова Д.
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
|
-
|
-
|
-
|
-
|
5 “сын”
|
2
|
7
|
3
|
Решбаева
Д.
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
|
-
|
-
|
7
|
2
|
9
|
4
|
- үйде
орындылған тапсырма
Бұл журнал
оқушылар бойында бәсекелестік қалыптасуына және әрбір оқушы өз
білім деңгейін әділ бағалауына қажет. Әрі мұғалім бұл журнал арқылы
сабақ соңында оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейі туралы
қорытынды жасайды.
Қорыта
айтқанда, жүргізілген эксперимент және тәжірибе жұмыстары
нәтижесінде деңгейлеп оқыту технологиясын ендіру оқытудың төмендегі
өзекті проблемаларын шешетінін
көрсетті:
-
Оқытудың
әдістемелік жүйесін
жетілдіру;
-
Белсенділіктің біліктіліктің жоғары деңгейін
қалыптастыру;
-
Оқу үрдісін
басқарудың тиімділігін
арттыру;
-
Оқушының 100
пайыздық үлгерімін қамтамасыз
ету;
-
Оқушыларды
жеке дифференциалды үй жұмысымен қамтамасыз
ету;
-
Дарынды
балаларды дер кезінде анықтау және
дамыту;
-
Оқыту
сапасының мониторингін және диагностикасын, оқушы білімін
бағалаудың әділеттілігін қамтамасыз
ету;
Әдебиеттер
-
Беспалко В.П.
«Слагаемые педагогической технологии».Педагогика 1989
21-20бб.
-
Ж.А.Қараев. «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік
жүйесі». Педагогикалық технологиясы. Шымкент- 2007. 8-11
бб.
-
Кобдикова Ж.У.
Оқыту процесін технологияландыру.
Алматы 2000 ж
Резюме
В этой статье
рассматривается эффективность применение разноуровневой технологии
на уроках математики и алгоритм построения разноуровневых задании
по предмету, блогадаря которому показывается система оценивания
учащихся.
Summary
This article is
about effective usage applying of level-selective education
technology on mathematic lessons. In this article also showed
algorithm of making up the tasks on level-selective education and
estimation system.