Мектеп жасына дейінгі балаларының тілін дамытуда ертегі мен жаңылтпаштың ерекшелігі
Тәрбиеші: Рысбекова Ақмарал Алмасқызы
Адам баласы бір – бірімен тіл арқылы қарым – қатынасқа түседі. Сол арқылы өз ойын жеткізеді. Тіл – халықтың жаны. Тіл құрыса халық та жер бетінен жойылады. Құрып кетудің сәл ғана алдында болған қазақ тіліміз қайта құлпырып, қанатын кеңге жайды. Туған тіліміздің теңдессіздігі тікелей Тәуелсіздікпен байланысты екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Тәуелсіздіктің көк туы аспанда желбірегелі бері ана тіліміздің айбыны артып, мәртебесі өсіп, мәдени – мұраларымызды тануымызға көп мүмкіндіктер болуда. Ата – бабаларымыздан сан ғасырдан бері сақталып келе жатқан тарихи мұраларын меңгертуде халқымыздың қазынасы болып табылатын ауыз әдебиеті мен балаларға арналған ертегілерді күнделікті өмірде кеңінен пайдалана білуіміз керек.
Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы бір сөзінде: «Бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын…» деген екен.Бесік жырының айтылуында үлкен мән жатыр. Анасы сәбиіне қарап отырып, бесік жырын орындағанда бала анасының жыбырлаған аузына қарап, уілдеп әлденені айтуға бейімделеді, жырды естіген сайын оны қайталауға талпынады. Міне, баланы ерте жастан тәрбиелеу, тілін дамытудың алғашқы баспалдағы деген осы.
Жаңарған Қазақстанның тізгінін берік ұстайтын елдің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеу тал бесіктен бастау алып, баланың нәрестелік шағынан басталып, ұдайы үздіксіз даму арқылы қалыптасады. Бала өз ойын тіл арқылы жеткізеді.Ал бала тілінің дамуы, оның сөйлеу қабілеті бірден пайда болмайды. Балалардың ойын өрбіту, сол арқылы жеке басының қалыптасуына жағдай жасау—біздің басты міндетіміз. Қазіргі кезеңде ата – аналар жұмыстан қолдары босамай, жұмыстан келген соң шаршап келгенін және де өзге жұмыстарының барлығын сылтау етіп, балаларына көңіл бөле бермейді. Тыныш болсын деп, қолдарына телефон беріп қояды. Баламен күнделікті сөйлеспеген соң ол баланың тілінде, сөйлеу кезеңдерінде ақаулардың белең алатыны сондықтан. Күнде балаға ертегі айтып беретін ата – әжелеріміз де азайып кеткені өтірік емес. Қазіргі ата – әжелеріміз де телефонға таңылып қалған десек артық болмас. Содан барып баламен күнделікті байланысқа түсу тежеледі, сол арқылы баланың да сөйлеу, өз ойын еркін жеткізу қабілеті де тежеледі және бала агрессивті болады. Кейбір балалар сөйлеуге қысылып, үнсіз қалып, өзін ортадан тыс ұстау да кездеседі. Енді біз сол алдымызға келген балалардың тілін дамытуды басты мақсат ете отырып, олардың ертегіге, сюжетті суреттерге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Ол үшін не істеуге болады?
Біріншіден, алдымыздағы әрбір баламен жеке қарым – қатынасқа түсе отырып, тілінде кездесетін кемшіліктерін анықтауымыз керек.
Екіншіден, сол тілінде кемшілігі бар балалармен көбірек жұмыс жасап, жеке тапсырмалар беріп, оларды «сенің қолыңнан бәрі келеді, сен білесің, сен қысылмай еркін айта аласың» деген сияқты мадақтау, көтермелеу сөздерін көбірек қолданып, олардың бойында өзіне деген сенімділігін қалыптастыра білуіміз керек.
Үшіншіден ол баларды сабақ үстінде тәрбиеші өзінің және де өзге балалардың сөйлеу мәнеріне назар аудартуы, қызығушылығын арттыруы керек. Сабақ үстінде қаншама сөздер мен сөйлемдер айтылатынын естен шығармауын талап ету керек.
Төртіншіден, ертегіні ұғынып, оны саналы түрде есінде қалдырып,сол ертегінің мазмұнын бала ойлана бастауға жеткізу керек.
Мұғалім - көркемсөз оқушы. Мен өзім сол образға ене отырып, әрбір
балаларға айтар ертегіні, әңгімелерімді нақышына келтіре отырып жеткізе білуге, сол арқылы баланың қызығушылығын арттыра білуге тырысамын. Балалар менімен бірге күліп, қуана алуы керек. “Құмырсқа мен шегіртке”, “Шалқан”, “Қорқақ қоян”, “Достықтың дәрмені”, “Түлкі мен ешкі”, “Бауырсақ” т.б. ертегілерді нақышына келтіре отырыптүсіндіремін және ЖИ- ді қолдана отырып, баларға көрсетемін, тыңдатамын. Енді сол өзім айтқан ертегілерді бала тілін дамыту үшін кезек - кезек бірінен соң біріне жалғастырта отырып тыайтқызамын. Әсіресе тілінде кемшілігі бар балаларды көбірек қатыстырамын, өзім айтып, соларға қайта айтқызамын. Осындай ерінбеген еңбегімнің арасында тобымдағы 6 баланың үшеуі толық сөйлеп кете алса, қалған 3 баламның екеуінде ілгерілеу бал. Ал қалған 1 балам әлі де қорқақтайды. Онымен жеке жұмыс жүргізе отырып, жыл соңына дейін өзгеріс енетініне сенімдімін. Бастысы баланың өзіне деген сенімін қалыптастыру. Енді осы балалардың тіл ерекшелігін дамыту мақсатында жаңылтпаш айтқызып жүрмін.
Ата- бабаларымыз баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, сөздік қорын молайтып, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған. Сондықтан өзім күнделікті жаңылтпашты көбірек қолданамын. Себебі, кейбір балалар тілі шығып, балдыраған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде, кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлету үшін, қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сөйлегенде де мүдірмей, өз ойын толық жеткізе болады. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, сөздік қоры молаяды. Көбінесе балалардың тілінде кездесетін ақауы бар әріптерден төмендегі жаңылтпаштарды ала отырып, балаларға күнделікті айтқызып отырамын.
Омартаға
балалар барар,
Балаларды аралар талар.
Күш, күш,
күшігім,
Қарда жатсаң үсідің.
Кір, кір, үйге, күшігім,
Ки көкемнің ішігін!
Еңбек ет, Ермек
жөндеп,
Терлесең, еңбек өнбек.
Шошытқан үш
құсты
Шошып үш құс ұшты.
Қапыда ит қапты,
Қатты қапты,
Қапты қатты.
Үйреншікті істі,
Үйреткішсіз-ақ
Үйреністі.
Зерек зергер зерделеп,
Зергерлеуші зер зерлеп.
Зерлілер затын зерлеткен
Зергерлік те зерделік.
Қай кезде де болмасын, алдымыздағы балалардың ертеңіне үлкен сеніммен қарап, күнделікті уақытымызды солардың қажетіне жарата біліп, сол еткен еңбегіміздің жемісін көсек болды. Бізге басқа нәрсе қажет емес. Тек төккен теріміз заяға кетпесе болды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала Мектеп жасына дейінгі балаларының тілін дамытуда ертегі мен жаңылтпаштың ерекшелігі

шағым қалдыра аласыз