Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала Мектеп жасындағы баланың мектепке бейімделуі жөнінде психологиялық кеңес

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасындағы балардың ата-аналарына арналған мектпеке биімделуі жөнінде психологиялтерқ кеңесе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп жасындағы баланың мектепке бейімделуі жөнінде психологиялық кеңес



Ата - анаға баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығы бойынша кеңес беру 1. Баланы біртіндеп мектеп күн тәртібіне бейімдеу керек.
2. Бала мұғалімді дұрыс тыңдауы үшін оған беретін нұсқауларыңыз анық, аз сөзді, жылы лебізді, жайдарлы әрі жайлы болуы қажет. Баланы мектепте болатын қиындықтармен қорқытпаңыз.
3. Мектеп алдында әрі оқу кезінде баланың көру және есту сезгіштігін тексертіп отырыңыз.
4. Оқуға дайындық: 6 - 7 жастағы бала әліппенің баспа әріптерінің барлығын білуі тиіс. Кейбір балалар буындап, кейбірі тұтас мәтінді де оқи алады. Балалардың дайындығы әр түрлі болғанымен барлық балалар оқу процесінен жылдам шаршайды.
Сабақты демалыспен кезектестіріңіз. Балаңыз айна алдында дыбыстарды нақты, дауыстап, жекелеген дыбыстарды бөліп әрі созып айтуына мүмкіндік беріңіз. Бұл сөйлеу апаратын дамытады.
5. Жазуға дайындық: қаламды бала дұрыс жаттыққан қолмен ұстауы тиіс. Бояуды трафарет және штрихтаумен алмастыру. Сызықтар төменнен жоғары, оңнан солға, егер ол қисық болса, онда сағат тіліне қарсы болуы тиіс. Сызықтардың арасы 0, 5 см болуы тиіс, бұл жазба әліппесінің негізгі принципі. Есіңізде болсын, сабақтан қалай шаршаса, оқудан да солай шаршайды.

Есіңізде сақтаңыз!
Балаңызды мектепке дайындағанда сіз өзіңізге мұғалім ролін алмай, балаңыз үшін оны жақсы көретін және түсінетін ата - ана болып қала беруіңіз керек. Бала өзінің қолынан келетіндердің бәрін бар ықыласымен орындайды. Сондықтан ол жалқау бола алмайды.
Балаңыздың жетістігін ешқашан өз жетістігіңізбен және үлкен бауырының, сыныптас құрбысының жетістіктерімен салыстырмаңыз. Тек қана сіздің шыдамдылығыңыз бен сүйіспеншілігіңіз балаңыздың оқуда алға ұмтылуына кепіл бола алады.

2. Педагогтерге оқушының баланы мектептегі оқуға психологиялық дайындау бойынша кеңес беру
- Бала үшін жағымды психологиялық ахуал орнату;
- Оқу түрткісін өзектендіру, оқушыға өзінің оқуы үшін жауапкершілікті түсініп, оны мойнына алуға үйрету;
- Балаға «Оқушы» позициясын алуға көмектесу;
- Қарым - қатынаста коммуникативтік дағдыларын дамыту;
- Баланы мұғаліммен, оқушылармен оқу ынтымақтастығына тәрбиелеу;
- Баланың тұлғалық дамуына қолайлы психологиялық жағдай жасау.
3. Ата - анаға: Балалардың қорқыныш, үрей сезімінен арылту бойынша психологиялық кеңес беру:
Егер сіз өзіңіз бірдеңеден қорықсаңыз қорқынышыңызды балаға көрсетпеуге тырысыңыз. Әлемді өлімге апарар ауру кезіп жүр, қалада қанішер адам пайда болды және т. б. дегенді үнемі айта берудің қажеті жоқ.
1. «Қорқынышты» фильмдерді көрсетуге рұқсат етпеңіз.
2. Баланы қорқыту үшін өзіңізге қорқынышты кейіпкерлерді, мыстан кемпірді, қапшығы бар ағаны, ашулы полицейді және т. б. одақтас етіп алғанды доғарыңыз.
3. Күрделі жағдайларда (ажырасу, отбасында жаңа мұрагердің пайда болуы, жөнді танымайтын туысқандарға көшіп бару) баланың эмоционалдық жай - күйіне көңіл аударыңыз – жағымсыз жағдайларда ол ересектердің назарын өзіне аудару үшін санасынан тыс қорқынышты пайдалану мүмкін.
4. Баланың ұйықтау мен сергек жүру тәртібінің жасына сай екендігіне, күні бойы оның жеткілікті мөлшерде жағымды әсер алуына көз жеткізіңіз.
5. Егер балаға қараңғылықтан қорықпауды үйреткіңіз келсе, күштеу шараларын қолданбаңыз, бұл қараңғы бөлмеге кіруге қатысты бастаманы баланың өзі көтергенде ғана мүмкін болмақ.
6. Баланы тым күшті қорқыныш билеген кейбір кездерде, психологтар жаны түршігер құбыжық немесе қорқынышты оқиғаның суретін салып, бұдан соң салтанатты түрде күлге айналғанын баланың көзіне көрсеткен дұрыс дейді. Бұл рәсімді қаншалықты қажет болса, сонша істей беруге болады.
7. Баланың қорқынышты жеңуге деген талпынысын мақтаңыз. Ол өз мінез - құлқының оңды беки түскенін қалайды.
8. Балада қорқыныш пайда болған жағдайда денелік жақындасудың маңызы зор – оны құшақтап, құшағыңызда тербетіңіз, сүйіп, босаңсытатын массаж жасаңыз.
9. Үйде бала өзін қауіпсіз сезінетіндей ахуал қалыптастыруға тырысыңыз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.06.2021
323
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12