Мектеп
мақтанышы
Ұстаздар қауымы - жас ұрпақты
тәрбиелеуші тұлғалар. Олар Қазақстанның болашағы болып табылатын
жас мамандарға сапалы білім береді. Шәкірттерін білім нәрімен
сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерін бойына дарытып,
адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде
ерекшеленеді.
Осындай ұстаздарымыздың бірі
де бірегейі, мектебіміздің мақтанышы, информатика пәнінің оқытушысы
-Тасмағанбетова Фарида. Ол –өте еңбекқор, әр сабағын өзіндік
қырымен, қызықты да тартымды өткізетін, талап қоя білетін ұстаз.
Облыс бойынша өткізілетін конференцияларға және семинарларға
қатысып, ашық сабақтар көрсетіп, өз тәжірибесін әріптестерімен
бөлісуден жалыққан емес.
Фарида 2015 жылы Республикалық
қашықтық олимпиадасына қатысып «Үздік нәтиже» сертификатының иегері
атанды. 2015 жылы 8 «Ғ» сынып оқушысы Мұңалбаева Гүлназ «Балалар
интеллектуалдық клубы» жобасының информатика пәнінен қашықтық жеке
пәндік Блиц-турнирінде II дәрежелі дипломмен марапатталып, оқушы
дайындағаны үшін Фаридаға «Алғыс хат» берілді. Фарида апай шәкірті
2015 жылы 8 «Ғ» сынып оқушысы Қанжарова Ақбаян «Ана-әлемдегі ең
қастерлі есім» тақырыбындағы презентация жасаушылар байқауының
аудандық кезеңінде «Ізденімпаз оқушы» номинациясын иеленген
болатын. Фарида Алпысбайқызы 2016 жылы «Информатика сабағында жаңа
технологиялы әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану» тақырыбындағы
информатика пәні мұғалімдерінің аудандық семинарынды
«Диаграммаларды құру. Кестені баспаға дайындау» тақырыбында сабақ
өткізді.
2016 жылы 9 «Ғ»сынып оқушысы
Қанжарова Ақбаян Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясының
42-ші ғылыми –тәжірибелік конференциясының 27 наурыз күні Ақтау
қаласында өткен облыстық кезеңінде II орын , 15-16 мамыр күндері
Ақтөбе қаласында өткен Республикалық –аймақтық кезеңінде III орын
иеленді.
Сонымен қатар Фарида
республикалық, облыстық баспасөз беттеріне өз материалдарын
жариялап, әріптестерімен іс-тәжірибесін бөлісіп
отырды.
Атап айтсақ, 2014-2016 жылдары
«Компьютер құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері», «Қарапайым
мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі», «Мәтінді пішімдеудің
негізгі әдіс тәсілдері», «Компьютерлік графика түрлері», «Есептеу
техникасының даму тарихы. Компьютердің буыны» тақырыптарындағы ашық
сабақ үлгілері ustaz.kz «Ашық сабақтар сайтына» және multiurok.ru
«Мультиурок» сайттарына жарияланды. 2015 жылы «Информатика
негіздері» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналының № 5 санында
«Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері» тақырыбындағы ашық сабағы
жарияланды.
Тасмағанбетова Фарида - жас
ұрпаққа білім мен тәрбие беруде шығармашылықпен еңбек ететін,
ізденімпаз, еңбексүйгіш, педагогикалық ұжымда сыйлы маман.
Фариданың әлі де талай жетістіктерге жететініне сеніміміз
мол.
Жадыра
АТАШОВА,
Ы. Алтынсарин атындағы
орта
мектебінің математика
пәні
мұғалімі, Бейнеу
ауданы.