Дюсенбаева Лаура
Асылбековна
«Балдырған» бөбек
жай-
балабақшасының
әдіскері,
Алматы облысы,Көксу
ауданы,
Жарлыөзек
ауылы
Мектепке дейінгі балалардың
ойлау қабілетін арттырудың тиімді
жолдары
Ақыл-ой қабілеті тұлғаның
жан-жақты дамуының негізі. Балалардың ақыл-ой қабілетінің жан-жақты
дамуы төрт-бес жасынан бастап оянуына түрткі болуы, оны әрі қарай
жетілдіру-қазіргі таңда балабақшалар мен шағын орталықтардың өзекті
мәселелерінің бірі десекте артық айтпаймын. Бұл өзекті мәселені оқу
барысында балалардың ойлау қабілетін арттыру олардың өз бетінше
ынта ықыласын ойлау әрекетін дамытатындай етіп жоғары деңгейде
ұйымдастыру абзал. Баланың өзіндік, сезімдік танымы негізінде ойлау
қабілетін арттыру әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болмақ. Тіпті
тарихқа үңіліп қарасақ дүниежүзі мәдениеті мен ғылымының негізін
салушы,Шығыстың Аристотелі-Әбу Насыр Әл-Фараби адамның өзін,
ақыл-ойын дамыту жолдарын қарастырған. Адамның
ақыл-ойын,қабілеттерін тынымсыз іздену, оқуүйрену арқылы
жетілдіруге шақырған.
Дегенменде, «Ойлау» дегеніміз
не ол ? Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс
қатынастарының миынызда жалпылай және онаша түрде сөз арқылы
бейнелеу. Ойлау,қабылдау, елестермен тыыз байланысты. Түйсік пен
қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан олардан тыс ешбір
ойлау болмайды.
Ақыл-ой тәрбиесінің басты
міндеттері: балаларды табиғат, қоғам, адам жайындағы негіздермен
қалыптастыру; сенімдерін қалыптастыру; балалардың ақыл ойын дамыту
болып табылады. Менің ойымша тәрбиеші сабақ үрдісін
ұйымдастырушы,бағыттаушы адам ролінде болады. Ал шешім табылған
кезде бала өз еңбегінің дұрыс бұрыстығын өзінше дәлелдей білуге
үйренеді. Сондай ақ мектеп жасына дейінгі балалар өз ойларын
білдіріп,пікір айтуға мүмкіндік беріледі. Әрине , жауаптар барлық
жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенменде әр бала өз жасаған еңбегінің
нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәрбиесін
қорытындылауға үйренеді.
Мен әдіскер тәрбиеші ретінде
мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігіне қарай
математикалық стильін былай көрсеткім келеді. Мысалы: дидактикалық
мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық
емептерді шығару.Сандарды, фигураларды салыстыруды үйрету.
Тәрбиелік мәні: Балалардың білімін кеңейтуге,жетілдіруге, қарапайым
қарапайым түсініктерін қалыптастыра отырып тәрбиелеу. Менің ойымша
баланың жеке басының қалыптасуы және оның ақыл-ойының өсуі әр түрлі
әрекеттер процесінде жүзеге асады.