Мақала «Мектептегі баскетбол»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала «Мектептегі баскетбол»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі баскетбол туралы және оның пайласы туралы қысқаша түсінік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мектептегі баскетбол»


Баскетболдағы ойын үрдісі техникалық және тактикалық дағдыны қажет ететін көптеген арнайы тәсілдерге толы, ал бәсекелестіктен пайда болған рух матч қатысушыларының жоғары қызығушылығын оятады.

Ойын үрдісінде адамға бұлшық еттің әртүрлі топтары қажет. Бұл бұлшық еттер спортшының жан-жақты дамуы үшін күрделі маневрлік қозғалыстарды, жүгірулерді және жоғарғы секірулерді жүзеге асыру үшін қажет.

Қарсыласынан басым түсу үшін қажет уақытта жүгіруді көбейту немесе арнайы секіру мен лақтырудың көмегімен доппен шапшаң және тез жылжу қажет. Баскетболдағы барлық техникалық әдіс-тәсілде рефлекстер өте жақсы дамиды және дене бұлшық еттерін тонуста ұстап тұрады. Матч жүрісінің үнемі өзгеруі спортшыны жарыстың жалпы уақытының шамамен 40% санын күрделі қозғалыс жасауға ынталандырады. Бүгінде бір жарыстың өзінде ойыншы 7 километр жүгіреді, онымен қоса әртүрлі секірулер, лақтырулар және басқа да техникалық қозғалыстар жасайды.

Баскетбол ойыны дегенмен болжап болмайтын ойын, сондықтан ойыншыға үнемі әртүрлі допты игеру икемділігін, дағдыларын дамытып және ойын тактикаларын меңгеріп отыру керек. Арнайы қозғалыстарды меңгеру адамның жалпы физикалық дайындығының дамуына үлкен үлесін қосады, және осымен бірге денсаулықты нығайтады.

Баскетболды үйрену ойыншының физикалық күшінің дамуына ғана қолайлы жағдай жасап қоймайды. Доппен ойнаған кезде адам қозғалыс белсенділігі үрдісінде өзінің координациясын өте жақсы дамытады, сонымен қоса ұзақ жаттықтырудан кейін шапшаң күрделі лақтыру, секіру, жүгіру және

жылжу кездерінде тыныс алу аппараты көбірек шыдамды болады. Баскетболдағы қозғалыс организмді ойын кезінде сағат сияқты реттілікпен жұмыс істеуге мәжбүрлейді, сондықтан ішкі секреция және ас қорыту жүйесі де қолайлы жағдайға түседі.

Нерв жүйесі үнемі органдардың белсенділігін бақылаудың арқасында дамиды және оған белгілі бір жүк түседі. Үнемі баскетболмен айналысқан адам өзінің шеттік көруін жақсартады, ал ол бұл жақсы, себебі көру қабілетінің тиімділігіне үлкен әсерін тигізеді. Жоғарғы айтылғандардың барлығы баскетболдың қаншалықты балаға пайдасын тигізетінін көрсетеді.

Сонымен бірге баскетбол ойыны жүрек-қан тамырлары жүйесіне көмектеседі, яғни адамда қалыпты физикалық жүктеме болады. Ойыншының жүрек соғуы 180-нен 230 дейін минутына соқса, ал артериалды қысым 180-200 сынап бағанасы миллиметрінен аспайды.

50-60 циклге жететін дем алу қозғалысының жоғары жиілігінің арқасында бір минутта шамамен 120-150 литрге өкпенің өмірлік сыйымдылығы ақырындап өседі. Дем алу мүшесінің біртіндеп дамуы адамды жігерлі және шадамды етеді, яғни ол әрине денсаулыққа жақсы әсер етеді.

Баскетболдағы бір ойынға кететін аз емес энергетикалық шығын шамамен 900-1200 килокалорияны құрайды. Нәтижесінде жұмыс істейтін бұлшық еттер жетпеген энергияны тұтынушы үшін май қыртыстарының елеулі мөлшерін пайдаланады, ал ол адамды артық салмақтан бірте-бірте арыта бастайды. Сымбатты адамдар бұл жағдайда тамаша дене бітімін сақтауды жалғастырады.

Баскетболдың кейбір жаттығуларының пайдалы болғаны соншалық, оларды көптеген емдеу-сауықтыру дене шынықтыру курстарына қосқан. Мысалы, допты себетке лақтыру қолдың буындарын, аяқ пен жауырын бұлшық еттерін дамытады, яғни буын ауруларының жақсы алдын-алу шарасы бола алады.

Баскетбол ойыны тек ғана ересек адамдар ойнайтын спорт түрі емес. Баскетбол ойынын оқушылар төменгі сыныптардан бастап үйрене бастайды.

Сондықтан баскетбол ойыны тек қана физикалық дамуға әсер етіп қана қоймай, бұл ойын мінезді тәрбиелеуге көмектеседі, топта жұмыс істеуге үйретеді, тез шешім қабылдауға, стандарт емес шешімдерді іздеуге үйретеді. Сонымен қатар баскетбол баланы тәртіпке салады, әлеуметтік дамуына көмегін тигізеді, жауапкершілік сезімін дамытады, өзін-өзі бағалауын жоғарылатады.

Баскетбол ойнаңыздар және дендеріңіз сау болсын!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2024
127
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі