Материалдар / Мақала "Мемлекеттік тілде сауатты сөйлеуге үйрету"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала "Мемлекеттік тілде сауатты сөйлеуге үйрету"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша мектепте оқыту барысында қазақ тілін үйрету, балаларды қазақша сөйлете білуге үйрету, ауызекі тілде сөйлеуді дамыту шараларын жүзеге асыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
346
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Павлодар қаласының № 15 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

Мемлекеттік тілде сауатты сөйлеуге үйрету

Зкенова Гульняз Шариазденқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, 2018ж.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша мектепте оқыту барысында қазақ тілін үйрету, балаларды қазақша сөйлете білуге үйрету, ауызекі тілде сөйлеуді дамыту шараларын жүзеге асыру.
Өзектілігі: Біздің міндетіміз – мемлекеттік тілдің мерейін үстем етіп, аясын кеңейтіп, мемлекеттік тілімізді өрге бастырып, тіл дәрежесін көтеру болып табылады. Тәуелсіз елдің елдігі- жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыру. Сондықтан туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезеңнен басталуы тиіс.

Алдымен сөйлеу дағдыларын меңгеруге, белгілі бір тақырыпқа диалог - әңгімелер құра білуге, қарапайым сөйлемдер құрастыруға, берілген мәтіннің мазмұнын түсініп, айта білуге оқып үйренуді көздейтін жаңа әдіс-тәсілдер қажет.

Жаңашылдығы: Барлық баланың бойында ананың сүтімен сіңірген тілге, ана тіліне деген сезім қалыптасады. Қазіргі таңда далада жүрсін, қоғамдық орындарда болсын, жұмыс бабымен адамдар қазақ тілінде сөйлесіп, қазақ тілінде қарым-қатынас жасайтыны қуанарлық жайт. Оқушының бойында жасырынып жатқан сезімді, мүмкіндіктерін дамыту, тілін, дінін дамыту-біздің басты міндетіміз.

Ізденушілік сипаты: Оқушы балалардың жаңа сөздерді, жаңа салттарды қабылдауында қызығушылық басым болады. Оны жаңа шығармашылық жұмыстарда немесе жаңа технологиялар арқылы қабылдауында аңғаруға болады. Ол үшін осыған арналған шараларды өте қызықты, тартымды етіп беру керек. Жаңа технологияларды қолдануына жағдайлар жасау керек.

Құрылымы: жинақтау, талдау, жүйелеу, анализ,сұрыптау.

Практикалық мәні: оқушылардың оқу орнында, қоғамда ана тілінде сөйлеп, қарым-қатынас жасауға әсер етеді.












Н.Ә.Назарбаевтың қанатты сөзі:

«Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса

қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай

балқыған,өмірдің кез келген орайында әрі

қару, әрі қалқан, әрі байырғы әрі мәңгі жас,

отты да ойнақы ана тілінен артық қазақ

үшін бұл дүниеде қымбат не бар?».

Қазақстандағы ұлт өкілдерін топтастырушы тіл - үлкен фактор. Осыған орай елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: "Қазақстан Республикасының топтастырудың факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы",- деп айтқандай, мемлекеттік тіл-

ді дамытуда, қоғамдық ортада әлеуметтік қолдану аясын кеңейтуде біраз шара-

лар жүзеге асырылуда.

Кез келген дамыған өркениетті елде көп тіл білу-басты мақсат екенін біз жақсы білеміз. Қазақстан Республикасының "Тілдерді қолдану мен дамытудың" мемлекеттік Бағдарламасында: "Тіл дамуын табысты жүзеге асырудың неғұр-

лым маңызды шарттарының бірі қоғамдағы жалпы мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылатын тілдерді оқытудың толыққанды жүйесінің тұрақты қызмет етуін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету болып табылады. Талап етілетін білім мен дағдыны толық әрі терең игеру үшін барлық оқу орындарында жетекші пән болуы тиіс, мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек",-делінген.

Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде. Тіліміздің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де орыс тілінің қолданылуындай дәрежеде болып қолданылуы үшін қолдан келгеннің бәрін істеу керек.

Мемлекеттік тілді оқушылар мен студенттерге оқыту дегеніміз - Қазақстан азаматтарының бір-бірімен түсініс және қарым-қатынас құралы ретінде ұтымды пайдаланудың тәсілдерін игеруге толық әдістемелік жағдай жасау, "Тіл турал Заңды" бұлжытпай орындауды талап ету. Қазіргі күннің талабы - таңдап алған мамандығы бойынша жұмысқа орналасу үшін мемлекет-

тік тілді білу міндет.

Білім беру ісінде барлық уақытта ұстаз басты, әрі шешуші тұлға болып келеді. Бүгінгі күн мемлекеттік тілді меңгертуде әр түрлі обьективтік және субъективтік мәселелерден арылу оңай болып отырған жоқ. Басты қиындықтың бірі -ол орта.

Екіншіден, өз мамандығына деген үлкен сүйіспеншілігі, терең білімі, дайын қойылған мақсаты-бала жүрегіне жол табар қыл көпір міне осы деп, қазақ тілі сабағын беретін ұстаз ұлтын шын сүю керек. Өз ұлтын сүю арқылы ұстаз бала бойына ұлтжандылықты, елге, тілге деген құрметті дарытады.

Міне осыған байланысты мемлекеттік тілді оқытуда қазақ тілі пәні мұғалі-

мінің алатын орны ерекше. Осы талап тұрғысынан қазақ тілі мұғалімінің басқа-

лардан ерекшеленетін жақтары болуы тиіс. Қазақ тілі мұғалімінің бітім жараты-

лысына қоса, оған ғажайып қабілет, қазақтың киелі қазынасы-сөз өнеріне жетік болуы, қазақтың сөзін, ғылыми педагогикаға сүйене отырып, ұрпақ санасына жұғысты ету қазақ тілі мұғалімінің барша саналы өмірінің мазмұнын құрайды.

Сабақ үстінде көркем әдебиет шығарма жайын айта ма, тілдік материалдың

сырын таныта ма, лексикалық тарихи, атамекендік, не тарихи тұлға туралы айта ма мұғалім теориялық талғамдарын логикалық тұрғыда жеткізе дәлелдейтін, ұсынар мағлұматтың қыр-сырын шәкірттердің алдында жанды суретке айналдырады. Шәкіртті баурап, билеп алып, тәнті қылу ұстаз сабағындағы ой мен сезім тереңдігінен, парасат биіктігі мен пайым кеңдігінен туады. Мұғалім-

нің қазақ сөзіне құдірет бітіруінен әр көңілге, әрине, шәкірт көкірегіне керемет бір нұрлы шуақ таратары сөзсіз.

Келесі айтарым - білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейтесті мәселелерінің бірі: білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша мектепте оқыту барысында қазақ тілін үйретудің білім-деңгейі нақты бағдарламамен берілген. Пәннің негізгі мақсаты - балаларды қазақша сөйлете білуге үйрету болғандықтан, мұндағы негізгі жұмыс – балалардың сөздік қорларын молайту. Сонымен қатар сабақ барысында жаңа әдіс–тәсілдерді қолдана отырып, балаларға қазақша сөздерді дұрыс айта білуге, қойылған сұрақтарға жауап беруге, естіген сөздерін бұзбай жеткізе білуге, әсіресе құра-

мында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтуға, сөйлемді дұрыс құрауға, ауызекі тілде сөйлей білуге үйрету.
Қазіргі кезде қазақ тілін оқытуда инновациялық технология әдістерін қолдана отырып, сапалы білім беру, балалардың ойлау, есте сақтау, көру қабі-

леттерін жетілдіре отырып, танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, баланың оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу–басты мақсат болып

табылады. Жалпы жаңа педагогикалық технологиялар баланың жеке тұлғалық күшін арттырып,шығармашылық ойының дамуында,тілдерінің дамуында басты

рөл атқарады. Баланың жан-жақты дамып, жетілуіне, шығармашылықта жұмыс істеуге бейімделуіне, топта, жұпта жұмыс істей алу қажеттілігіне жетелейтін бірден - бір әдіс. Атап айтсақ,сын тұрғысынан ойлау, Эйлер Венн диаграммасы, тірек-сызба технологиясы, дамыта оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту техноло-

гиясы және т. б.

Инновациялық технологияның бірі-деңгейлеп оқыту технологиясы бала-

ның жеке мүмкіндігіне, жеке тұлғаның жан - жақты дамуына бағытталған. Деңгейлеп оқыту технологиясында баланың жан - жақты мүмкіндігін ескере отырып, жеңілден ауырына қарай деген принципті қолданып, өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің дамуына ықпал етіледі.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты:
1. Әр баланы оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту.
2. Деңгейі төмен балалармен жеке жұмыс жасау, қолдау көрсету;
3. Дарынды баланың тереңірек білім алуына жағдай жасау;
4. Баланың ынтасын, қабілетін арттыру.
5. Оқу үрдісінде баланың сөздік қорын байытып, тілін дамыту.
Ерекшелігі:
1. Таланттар, дарынды балалар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер тіл үйренуге ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.
2. Балалардың оқуға деген ынтасы артады. Балалардың деңгейлері әртүрлі болғандықтан тапсырмаларды да деңгейлеріне қарай беру арқылы оларға тіл үйретуде елеулі жетістіктерге жетуге болады.

Жаңа технологияларды оқу іс-әрекетінде қолдану тиімді. Соның бірі – “Сын тұрғысынан ойлауды дамыту” (СТО) технологиясы. Мұнда әр баланың ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады, бала өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады.

Инновациялық технологияның тағы бір түрі - Эйлер Венн диаграммасы. “Венн”диаграммасын қолдану арқылы заттардың ұқсастығы мен айырмашы-

лығын көрсетуге болады.

Қазақ тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді.
1. Мұғалімнен кейін қайталау арқылы сөздердің фонетикалық жағын меңгерту.
2. Балалардың тыңдау зейінің қалыптастыру,сөзді дұрыс айтуға дағдыландыру.
3. Балалардың сөздік қорын молайтып, оны дұрыс қолдана білуге үйрету
4. Жай грамматикалық құрылымдарды меңгерту.
5. Балалардың ойын дамыту, дұрыс айту, қазақ тілінде дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Сонымен қатар, балалардың тілдерін дамыту үшін әр сабақта өлең–тақпақ, жұмбақ, мақал–мәтел, жаңылтпаш, сергіту сәттерін жиі пайдаланамыз. Және де сабақтан тыс шаралар өткізіледі.

Осы технологияларды қолдану барысында балаларға қазақ тілін үйретуде тек қана сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен көрнекілік-

тер арқылы үйреткен тиімді болып табылады.

Біздің міндетіміз – мемлекеттік тілдің мерейін үстем етіп, аясын кеңейтіп, мемлекеттік тілімізді өрге бастырып, тіл дәрежесін көтеру болып табылады.

Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт -санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдігі- жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Егеменді ел болып, ес жиып, етек жия бастаған бұл күндері осындай ойға қонбайтын, солақай сорақыларды көзбен көріп, қолмен ұстай отырып қазақ тілі мәселесі жөнінде толғанбай тұра алмаймыз. Ұлттың мәдениеттің гүлденуі мен адамдар-

дың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы ана тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты. Сондықтан туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезінен басталуы тиіс. Айналаңды танып білу, туған тіліңді білуден басталады.

"Тіл тағдыры-өз тағдырың" дегендей, оған қалай болса солай қарау-өзіңді сыйламау, құрметтемеу. Қазақ тілін үйрену, үйрету оңай іс емес. Мектептерде

тілді үйренудің санқилы тәсілдері мен әдістері қолданылып жүр.

Менің мұғалім ретінде айтар ойым, "Үйретудің тиімді жолдары осы екен?"- деп қазақ тіліндегі грамматикалық ережелер мен анықтамаларды сабақ бағдарламасына үйіп төгуге болмайды. Алдымен сөйлеу дағдыларын меңгеруге, белгілі бір тақырыпқа диалог-әңгімелер құра білуге, қарапайым сөйлемдер құрастыруға, берілген мәтіннің мазмұнын түсініп, айта білуге оқып үйренуді көздейтін жаңа әдіс-тәсілдер қажет. Сонымен қатар қазақ тілі пәнін өз дәрежесінде өткізу үшін батыл ізденістер мен іргелі жұмыстар қажет.

Қысқасы, мемлекеттік тілді оқытудың сапасын арттыру - өмір талабы. Өмір талабының орындалуы - барлығымыздың абыройлы парызымыз.





Пайдаланған әдебиеттер:

1. Л.П.Ақтанова, "Мемлекеттік тілді оқытудың негізгі мәселелері".

"Қазақстан кәсіпкері" ғылыми-әдістемелік журнал №9, қыркүйек 2006ж.

2. А.Б.Токаева, "Мемлекеттік тілде сауатты сөйлеуге үйрету".

"Ашық сабақ. Факультативті сабақтар"журналы. №2, наурыз-сәуір 2010ж.

3. Н.М.Жақсыбекова, «Қазақ тілі: кеше, бүгін»,

"Ашық сабақ. Факультативті сабақтар"журналы. №1, қаңтар-ақпан 2010ж.

4. А. Байтұрсынұлы «Тіл құралы». Алматы - 1989
5. Еденбаева З. Д., Искакова Р. А. «Қазақ тілі» әдістемелік құрал. Алматы - 2006
7. Абдибаева Ж. А. «Қазақ тілі оқу іс – әрекеттерінде инновациялық технологияларды енгізу арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілді меңгеруге қызығушылығын арттыру» баяндамасы.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!