400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала "Мен таңдаған мамандық''

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала "Мен таңдаған мамандық'. Мектепті бітірер түлектің өміріндегі басты жауапты қадам – мамандық таңдау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен таңдаған мамандық

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан.

АБАЙ

Биыл менің елім үшін елеулі жыл.Өйткені, елімнің тәуелсіздігіне отыз жыл толып отыр.Отыз жылда еліміз үлкен жетістіктерге жетті. Болашақта елімнің патриоты, азаматы ретінде әрі қарай өркендеуіне, ғұмырын ғылым мен білімге арнап,қазақ аспанындағы жарық жұлдызындай жарқ еткен Шоқан мен оқу-білімді шырақтай маздатып жандырған Ыбырай, жырларымен сусындата білген Абай даналардың ізімен жүріп тәуелсіз еліме өз үлесімді қосқым келеді.Осы мақсатта мен оқу-білімді таңдадым.Кезінде "Кел,балалар, оқылық!" - деп педагог-ағартушы Ыбырай атамыз айтқандай, білім ол барлығын жеңетін құрал екендігін түсіндім.Осы сөз менің өмірлік ұстанымыма айналды.Себебі, мен өзім Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балалар мектебінің түлегімін.

Мектепті бітірер түлектің өміріндегі басты жауапты қадам – мамандық таңдау. Көптеген әртүрлі, бір-біріне мүлдем ұқсамайтын мамандықтардың ішінде адам өзіне ұнайтын мамандықты таңдайды. Адам белгілі бір мамандықты таңдау үшін өз қабілеті мен іскерлігіне сүйенуі керек. Таңдаған мамандығы әр адамның өмірге деген қызығушылығын оятып , жаңа өмірге аяқ бастырады. Білімімді ары қарай жалғастыру мақсатында бүгінгі таңда журналист мамандығын таңдап отырмын.Журналист болудағы мақсатымның бірі, белгілі бір әлеуметтік мәселелерді шешу арқылы елімнің, халқымның дамуына үлес қосқым келеді. Осы мамандықты таңдай отырып, қазақ журналистикасында ойып орын алған осы күні бақилық болып кеткен Бейсен Құранбекті үлгі тұтамын. Халықтың мұңын жоқтап,әлеуметтік мәселелерді көтерген, мұқтаж жандарға барынша көмек көрсете білген еліміздің абыройлы азаматы. "Қазақстан" ұлттық телеарнасында күнделікті өтетін "Қарекет" бағдарламасын көретінмін. Бағдарламада сан қилы өмір жайлы түрлі сюжеттер болатын.Осыны көре, ойға түйе отырып өз жаныма жақын мамандықты таңдауымада себеп болды деп ойлаймын.Тәуелсіз елімізде бейбітшілік болып, әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш тілей отырып, болашақта менде осы кісідей елдің қамын ойлайтын журналист болуды мақсат етемін.

  Жоғарыда атап өткендей ,биылғы, 2021 жылы еліміздің Тәуелсіздігіне отыз жыл толып отыр. Бұл біздің ата-бабаларымыз армандаған маңызды күн. Тарих үшін отыз жыл бұл тез өтіп кететін уақыт болса, біздің халқымыз үшін бұл қиындықтар мен қуаныштардың дәуірі болды. Бүгінде халқымыз тыныш бейбіт өмір сүріп отырғаны мені қуантады. Сондықтан да біз достық пен бейбітшілікті қадірлеуді үйренуіміз керек. Қазақстандықтардың өзара татулық пен келісімде, толеранттылық жағдайында болуы келешек ұрпақ үшін үлкен бақыт. Ата-бабаларымыздың аңсаған арманы – тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп, еркін өмір сүріп жатқан біздер шынайы бақытты жандармыз. Ендігі мақсат, осы еркіндікті баянды ету және әр азамат пен азамтшаның елімізге деген еңбегі сіңуі.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
351
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі