Материалдар / Мақала: МИМ-82 ет тартқышы үстелге жеке орнатылатын машина.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала: МИМ-82 ет тартқышы үстелге жеке орнатылатын машина.

Материал туралы қысқаша түсінік
Өндірісте пайдаланылатын ет тартқыштар туралы
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МИМ-82 ет тартқышы үстелге жеке орнатылатын машина.

Ол қаңқа, өңдеу камерасы, тиеу құрылғысы, иірмек 9, жұмыс органдары, сонымен қатар жетекті механизм мен машинаны тетікті басқарудан тұрады. Ет тартқыштың шойын қаңқасы болат қаңылтырмен қапталған, онда электр қозғалтқышты суыту тесіктері орналасқан. Машинаның жұмыс камерасының ішкі бетінде бұрандалы кертіктер бар, ол еттің берілуін жақсартады және иірмекпен бірге айналып кетуіне жол бермейді. Қаңқаның жоғарғы жағында тиеу құрылғысы орналасқан, оның үстінде жұмыс барысында қолды машинаның жұмыс органдарына салудан сақтайтын, сақтандырғыш сақина 10 орнатылған. Ет тартқыштың жиынтығында тесік диаметрлері 3, 5, 9 мм кесу торы 8 (25) мен екі жүзді екі пышақ бар. Пышақ пен тор, бірінің-артына бірі иірмекке киіледі және жинақталған күйінде қысу бұрандасының 6 көмегімен бір-біріне тығыз жабысқан. Жұмыс камерасының ішінде иірмек орналасқан 9, ол айналмалы жүрісті бір ендірмелі бұранда, етті қармап алып, оны пышақ пен торға жеткізу қызметін атқарады. Иірмектің бір басында кертікті артқы ілмек бар, ол арқылы жетектен айналыс алады, оның бір жағында екі жүзі бар саусақ орналасқан, оған пышақ пен тор орнатылады.

Жұмыс камерасындағы торлар қозғалмайды, ал пышақтар иірмекпен бірге айналады. Алдымен тілікшелі тор орнатылады, оның үш сыртқа турау жиегі бар, одан кейін жиектері сағат тіліне қарсы кесетін екі жүзді пышақ пен кез келген бетімен ірі тор орнатылады. Ары қарай екінші екі жүзді пышақ, ұсақ көзді тор, тірек сақинасы және қыспа сомын орнатылады. Ет тартқыштың жетегі электр қозғалтқыштан 2 және екі сатылы цилиндрлі қисық тісті реттегіштен тұрады. Ет тартқыштың бүйірінде «Іске қосу» және «Тоқтату» деген басқару батырмалары бар тетік орналасқан.

Машинаны іске қоспас бұрын, оның қаңқасы орнықты бекітілгеніне, ал қыспа сомынның дұрыс орнатылғанына көз жеткізу керек. Жерге тұйықталуды тексеріп, электр қозғалтқышты іске қосқаннан кейін бұранданы болар-болмас шуыл шыққанша бұрау қажет. Алдын ала 50...200 г. мөлшерде туралған ет пен балық, сүйек, сіңір, қабықшалардан тазартылып, ағаш итергішпен машинаның мойнына тығылады. Сонымен қатар өнімді иірмекке қатты қысуға тыйым салынады, бұл артық салмақ тудырып, электр қозғалтқышын істен шығаруы мүмкін. Еттің берілуі бірқалыпты, аса күштеусіз болуы тиіс. Ұзақ уақыт жұмыс істеген ет тартқышты арасында тоқтатып, пышақтары мен торларын сіңірден тазартып тұру қажет. Ет тартқышты бос күйінде қолдануға тыйым салынады, өйткені ол пышақтары мен тордың тозуына әкеледі. Ет тартқышта қатқан нан, қант немесе тұзды тартуға кеңес берілмейді, өйткені бұл тағамдар машинаның жұмыс органдарының жылдам тозып, өтпей қалуына алып келеді. Ет тартқышта сақтандыру сақинасынсыз жұмыс істеуге және оны жұмыс кезінде қараусыз қалдыруға болмайды. Жұмыс аяқталғаннан кейін, машинаны өшіріп, бұзады. Ет тартқыштың жұмыс камерасынан иірмек, тор, пышақты алу үшін арнайы ілмекті пайдаланады. Барлық бөлшектерді жентек қалдықтарынан тазартады, ыстық сумен жуады және кептіреді. Иірмек, пышақ, тор мен жұмыс камерасын кептіргеннен кейін тұздалмаған маймен майлайды. Машинаны жинаған кезде, пышақ және тор сияқты оның жұмыс органдарын дұрыс орнатуға ерекше маңыз беріледі, өйткені машина дұрыс жиналмаған жағдайда, істен шығуы мүмкін. Егер қыспа сомын қатты қысылып тұрса, пышақтар торға қатты жабысып, жұмыс үрдісінде металл үйкелісі салдарынан қызып, істен шығатынын естен шығармау керек. Қыспа сомынды әлсіз бұрауға да болмайды, ондай жағдайда пышақ пен тор арасында кеңістік пайда болып, етті турау сапасы төмендейді; ет тартқыштың сапасы мен өнімділігі күрт төмендейді. 70 Ет тартқыштың жақсы жұмыс істеуінің негізгі шарттарының бірі — пышақ пен тордың машинаның жұмыс камерасына дұрыс қайралып, орнатылуы. Сондықтан пышақтар мен торлар қажеттілікке сай, қайралып және жаңасына ауыстырылып отыруы қажет









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!