Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мақала "МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ӘДIСТЕМЕЛIК ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ БЕЛСЕНДI НЫСАНДАРЫ КӘСIБИ ҚҰЗЫРЕТТIЛIГIН АРТТЫРУ"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ақмола облысы
Көкшетау қаласы
М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде
оқытатын мамандандырылған гимназиясы
Р.Командир
-ғылыми-әдістемелік жұмысқа жетекшілік ететін
директордың оқу- тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ӘДIСТЕМЕЛIК ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ БЕЛСЕНДI НЫСАНДАРЫ КӘСIБИ ҚҰЗЫРЕТТIЛIГIН АРТТЫРУ
Бүгінгі өскелең ұрпақ уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі , толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар жүрері анық.
Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе - ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы мектеп, ал мектептің жаны- мұғалім екендігі баршаға мәлім.
А.Байтұрсыновтың «Мектепке керектері» еңбегінде былай делінген : «Мұғалім қандай болса, мектеп һәм осындай болмақшы. Яғни , мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң , ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогика әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».
Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» дегеніндей,ертеңгі ел тұтқасы болатын жас буынға білім беріп отырған мектеп-гимназиясында еңбек етіп жүрген 98мұғалімнің 92-сі жоғары білімді, 6 -уы кәсіптік арнаулы орта білімді болса,магистрлар саны-9,педагог зерттеуші 44, жоғары санатты- 5,педагог-сарапшы 13, бірінші санатты -3, педагог-модератор 8, екінші санатты -9,сантсыз 16 ұстаз қызмет етуде.Педагог кадрдың 20 пайызы 1-5 жылға дейінгі еңбек өтілі бар жас ұстаздар қауымын құрайды. (1-3 жылға дейінгі 11, 3-5 жылға дейінгі -7). Бүгінгі заман талабына сай педагог – ол рухани дамыған, педагогикалық технологияның қыр-сырын жетік меңгерген шығармашыл тұлға болуы тиіс.
Ұстаздың педагогикалық шеберлігі мен кәсібилігінің айырылмас құрам бөлігі ретінде оның кәсіби құзыреттілігі саналады. Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін заман талабына сай педагог қауымының өзін-өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Кәсіби құзыреттіліктің бірнеше түрін бөліп көрсетеді де, олардың болуы адамның кәсіби жетілгендігінің көрсеткіші деп санайды:
Арнайы құзыреттілік;
Әлеуметтік құзыреттілік;
Білім беру құзыреттілік;
Арнайы құзыреттілік-өзінің кәсіби қызметімен жоғары деңгейде айналысатын және кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет.
Әлеуметтік құзыреттілік- бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті. Қызмет ету, басқару кәсібінде қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білу.
Білім беру құзыреттілігі- білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субьективтілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыруда гимназияда жүргізілетін әдістемелік жұмыстардың берері мол. Ғылыми-әдістемелік жұмыстың өзекті мәселесі «Білім беру мазмұнын жаңартуда заманауи инновациялық технологияларды кеңінен пайдаланып, мұғалімдердің шығармашылық дағдысын көтеру, бәсекелестігін арттыру».Әдістемелік бірлестік әдістемелік қызметтің негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады..
Білім беру мазмұнының жаңартылуы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, педагогикалық шеберлігін шыңдау, білім мазмұнын ғылыми әдістермен ұштастыру талаптарын қойды. Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім болады. Мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, жеке басының мүмкіндіктері мен кәсіби қызметінің мүмкіндіктepін жетілдіру,біліктілігін арттыру сынды мәселелер мектеп-гимназия алдында тұрған жауапты ісі. Қазіргі таңда білім беру саласында күрделі өзгерістер мен жаңашылдықтар болып жатыр.Бұндай өзгерістер болашақ ұрпаққа сапалы білім берумен байланысты. Осы ұрпақты саналы да, сапалы етіп тәрбиелеу ұстаздардың еншісінде. Білім – адам сапаларының өзгеруін басқаратын үрдіс болғандықтан, ол педагогикалық мамандықтың кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады. Біліктілік – бұл білімді меңгерудегі, тәжірбиедегі білімділікті, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік. Біліктілікті арттыру курстары арқылы мұғалімдерді жетекшілік, бағыт берушілік, ұйымдастырушылық, түзетушілік әрекеттерді атқаруды үйретеді.
Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс:
-
Мұғалімнің кәсіптік жұмысының мәнін үйлесімді өзгерту, яғни күтетін нәтижеге жету үшін оқу үрдісін шығармашылықпен үйлестіру.
-
Білім беру барысында мұғалімнің зерттеушілік бағыттағы қызметін күшейтуге байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету.
Біліктілікті арттырудың негізгі аспектілерінің ішінен мыналарды бөліп алуға болады.
-
Қызметтік (Мақсаты, міндеті, жұмыс мазмұны, формасы, әдістер және нәтижесі).
-
Мазмұндық (Әдістемелік, ғылыми-теориялық білімді практикада қолдана білуге жағдай туғызу.)
-
Басқарушылық (Талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу.)
Осы 3 аспект бойынша біліктілігін жетілдірген мұғалім өз қызметіне талап деңгейінде қарайтыны белгілі.
Жылдан-жылға педагогикалық ұжым мүшелерінің шеберліктері шыңдалып, оларға қойылып отырған талаптар күшеюде. Сондықтан олар өз білімдерін арнаулы курстардан, семинарлардан өтіп, әдістемелік кәсіптік шеберліктерін жетілдіруде.
Жылдар |
2017-2018 |
2018-2019 |
2019-2020 |
Мұғалімдер саны |
22 |
54 |
34 |
Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді, ізденістерін, тәжірибелерін жалғасытырып, тың жолдарын іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.
«Педагогикалық технология» дегеніміз не? «Педагогикалық технологиялар дегеніміз- оқыту процесін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі»,-деп түсіндіреді. Ал, XX ғасырдың басындағы ұлттық ойшылдарымыздың бірі Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру - үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол - жаңаны табатын өнер», - деген.
Педагогикалық технологиялық әдіс-тәсілдерді мектеп өміріне енгізу, оны әр пән мұғалімінің тиімді пайдалана білуі – бүгінгі таңда білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы. Мұның өзі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының артуына, біліктілігінің, пәннің идеялық-эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдауға мүмкіндік туғызып, оқырмандық белсенділіктерін арттырады. Сондай-ақ, оқушының оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу әрекетін жандандыра отырып, сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп-тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болады.
Инновацияны қолдану арқылы
мұғалім өз іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір
нәтижеге жету- педагогиканың ең асыл заты болып табылады. Ушинский
К.Д. айтқандай, іс- тәжірибе толық көшіріліп алынбайды, тек оның
негізгі ойы ғана алыну мүмкін. Осы негізгі ойды түсініп оларға
шығармашылық көз қараспен қараған мұғалім технология бойынша жұмыс
атқара алады. Өмір талабы бойынша оқушы қазіргі кездегі сабақта
қонақ болып отырмай, оның негізгі кейіпкері болу керек. Осыған
қарай нәтижеге жеткізсе, әр технология
тиімді. Әрбір пән мұғалімінің ешкімге тәуелсіз кәсіби
бағыты болуы керек. Сонда ғана мұғалім мен ұжым қызметінің желісі
оқу - тәрбие жұмысының нәтижесі бүгінгі күннің талабына үлес
қоспақ.
Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің
бірі методика саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық алдыңғы
қатарлы тәжірибені жетік игеру. Демек сапалы, тиімді, нәтижелі
ізденіс ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы болса керек. Оқу
тәрбие үрдісінің дұрыс жүргізілуіне сабақта мұғалімнің әр алуан
оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін оқушылардың мүмкіндіктеріне және
жағдайларына қарай таңдап алуы да ізденістен жүзеге асатын шара
болмақ.Мұғалімдер оқу үрдісіннің
тиімділігін арттыру жолдарының жаңашыл технологиялармен танысып,
оларды оқып, үйренуге бет алды.
ізденіс нәтижесінде жүзеге асатын тиімді
оқыту әдісі оқушыларды алғырлыққа, байқампаздыққа, шығармашылыққа,
еңбекқорлыққа, ең бастысы, ғылыми негізде ынтасын арттыруға
мүмкіндік береді. Оқушыларға саналы білім, сапалы тәрбие беруді
жүзеге асыру үшін ұжымның әрбір мүшесі мектептің жаны болып
саналатын ұстаздар қауымы үнемі шығармашылық ізденісте, жаңа
педагогикалық технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып,
өздерінің кәсіби шеберлігін дамытуды кезек күттірмесі анық.
Мектеп-гимназиясының ұстаздарының
қолданып жүрген технологияларына көз
жүгірсек:
№ |
Технология атауы |
Қолданатын мұғалімдер саны |
1 |
Саралап деңгейлеп оқыту (Қараев Ж.А) |
3 |
2 |
Модульдік оқыту технологиясы (Жампеисова М.М) |
5 |
3 |
Дамыта оқыту технологиясы (Тұрғымбаев Т.,Эльконин Д.Б. Давыдов В.В.,Зайцев В.) |
10 |
4 |
Проблемалық оқыту технологисы (Монахов М.) |
1 |
5 |
Денсаулық сақтау технологиясы; |
6 |
6 |
Жобалау әдістемесі (Дж. Дьюи) |
4 |
7 |
Сын тұрғысынан ойлау |
25 |
8 |
БиС технология |
23 |
9 |
Ойын технологиясы |
5 |
10 |
АКТ технологиясы |
15 |
11 |
Аудио-лингвальный технологиясы |
1 |
12 |
Какот технологиясы |
1 |
Педагогтардың біліктілігін көтерудің тағы бір жолы педагогикалық шеберлік орталығы жасаған Деңгейлік бағдарламаның жоғары миссиясы Кембридж университетінің білім беру факультетінің сарапшыларымен серіктестік, біздің білім беру жүйесін қадамды, бірте - бірте өзгерту, мұғалімге кәсіби түсінік беру – оқыту мен оқушылар және өз практикасын түсіну және жетілдіру үшін зерттеу нәтижелерін қалай қолдану керектігі туралы терең теориялық білім беру.Сертифицикатталған педагогикалық кадрлерге коучинг пен оқу-тәрбие үдерісі арқылы сабақ беру практикасын, педагогикалық қоғамның кәсіби, тораптық іс-әрекетін түрлендіруге, ХХІ ғасырда белсенді және табысты қызмет етуге оқушылардың дайындығын қалыптастыруға көмектесетін қажетті білім беру жүйесін жасауға, сындық ойлау, өзін-өзі уәждеу, өзін-өзі реттеу, оқи алу дағдыларын бойына сіңіруге мүмкіндік береді. Мектеп-гимназиясында деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің құрамынан құрылған топ жұмыс атқаруда. Топтық құрамында басшылар деңгейлік курсынан өткен 2 ,1 деңгейлік курсынан өткен 5 мұғалім, 2 деңгейлік курсынан өткен 5 мұғалім, 3 деңгейлік курсынан өткен 11 мұғалім,барлығы 23 мұғалімдерден құралған шығармашылық топтар жұмыс атқаруда.
Бағдарламаның идеясын (7 модуль) деңгейлік бағдарламалар бойынша оқудан өткен және мектеп-тренерлерінен басқаруымен (өтпеген) әріптестерге қолдау және сабақ беру практикасына енгізуге көмек көрсету мақсатында мектеп-гимназиясында 9 шағын топтар жұмыс жасайды. Шығармашылық топ мүшелері коучинг, пікір талас, ашық сабақтар, шеберлік сабақтар өткізу арқылы мұғалімдерді үйрету.
Инновациялық-педагогикалық қызметін дамыту, кәсібилік шеберліктерінің өсуіне қолдау жасау,педагогикалық шығармашылығының нәтижесі авторлық оқу бағдарламасын құрастыру болып табылады. Білім мазмұнын жаңарту, педагогтардың кәсіби шеберлігін және шығармашылығын арттыру, озық педагогикалық тәжірибені,оқыту және тәрбиелеудің жаңашыл әдістері мен технологияларды анықтауға ықпал ету,педагогтардың шығармашылығын қолдау, авторлық бағдарламаларды әзірлеуге ынталандыру, вариативтік бағдарламаларды кеңінен пайдалануға мүмкіндік беру мақсатында мұғалімдер пән бойынша оқу курсы мазмұнына авторлық концепцияны басшылыққа алады.
Авторлық бағдарламаны мектептің білім беру үрдісіне енгізу келесі іс - әрекеттерді қамтиды:
1. Рецензия алу.Ішкі,сыртқы рецензия. Ішкі рецензия - әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестікте талқылау.Сыртқы рецензия – ғылыми - әдістемелік ұйымдар, мамандардан алу.
Облыстық, республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауларында педагогикалық жұмыста зор табысқа жетіп,өзін-өзі іс жүзінде көрсете алған шебер ұстаздар ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Г.К.Шапенова, А.С.Уразбекова, Балташева З.Н., тарих пәнінің мұғалімі Т.К.Рахымжанова, бастауыш сынып мұғалімі Р.Б.Абылкалыкова, Махметова Г.О, жас болса да еңбекқор ұстаздардың бірі физика пәнінің мұғалімі Савельев Р.А.,орыс тілі пәнінң мұғалімдеріі Ж.О.Уалиева,Даулбаева Б.Т,информатика пәнінің мұғалімі Е.Хавдеш,директордың ғыылми әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Р.Командир,математика пәнінің мұғалімі Каиржанова Р.Б., психолог А.Тауфих сияқты мұғалімдерді атауға болады. Бұл да әдістемелік бірлестіктердің озат тәжірибені таратудың басты формасының бірі деп санаймыз.
Педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс. Көпшілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі – бұл педагогикалық ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі. Педагогтардың іс тәжірибесін қала , облыс көлемінде тарату бойынша мектеп-гимназиясында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.
Атап айтсақ, биылғы оқу жылы жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытатын пән мұғалімдердің «CLIL – «Үштілділік» оқыту бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді технологиясы», Физика пәні мұғалімдерінің қалалық семинары «Сабақ барысында оқушылардың өздігінен жұмыс істеу қызметін ұйымдастыру-білім сапасын көтерудегі тиімді тәсілі», Педагогикалық шеберлік деңгейін жоғарылату, жаңа технологияларды меңгеру бойынша деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің іс-тәжірибесін практика барысында қолдану жолдарын тарату мақсатында желілік қоғамдастық мектептер арасында «Критериалды бағалау-сапалы оқу кепілі» тақырыбында
семинарлар ұйымдастырылды. Ақмола облысы білім басқармасы «Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің» ұйымдастыруымен «Жаратылыстану-математика циклы пәндерін ағылшын тілінде оқыту: мүмкіндіктері мен қиындықтары» атты облыстық семинары болды.Семинарда ағылшын тілі мұғалімдері Г.К.Шапенова, жас ұстаз С.Т.Рашатова «CLIL – тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту» тақырыбына мұғалімдермен тренинг өткізіп іс-тәжірибелерімен бөліссе,информатика пәнінің мұғалімі Е. Хавдеш «Информатика пәнін ағылшын тілінде оқытудың ерекшеліктері» тақырыбына мастер – класс өткізді. Семинарлар барысында мұғалімдер жаңа форматтағы ашық сабақтар көрсету, шебер сағаттарын көрсету,коучинг ұйымдастыру сияқты жұмыстар жоспарланып өткізілді.
Оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру жөніндегі озық тәжірибелерді қорыту және тарату мақсатында кәсіптік байқауларға да педагог қауымы белсене қатысады.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Карасартова Ш.К. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері атағына ие болса, жас ұстаз Сайлаубекова Рауан Шоматовна Облыстық «Өндірістің үздік жас маманы» байқауының жеңімпазы, Республикалық «Еңбек жолы” конкурсына қатысушысы болды.Жас ұстаз Савельев Руслан Александрович «Болашақ» шәкіртақы фонды ұйымдастырған жаңа инновациялар «Жас Отанға» атты байқаудың жеңімпазы атанды.
Жыл сайын Өрлеу» Ақмола облысы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру инистуты ұйымдастыратын халықаралық педагогикалық инновациялар жәрмеңкесіне 2017 жылы 12 мұғалім қатысты. «Алтын сертификат» иегері ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Шапенова А.С, «Күміс сертификат» иегері педагог-психолог Амангуль Тауфих, «Қола сертификат» иегерлері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Баймакова Жанаргуль Даулетовна, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.С.Уразбекова.
Мектептегі ұстаздардың кәсіби құзыреттілігін арттыру,мамандардың біліктілігін көтеру, білім үрдісін мазмұны жағынан жаңарту, оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін күнделікті сабаққа енгізу басты назарда. Қорытындылай келе, мектепке қазіргі заман талабына сай тек қана педагогикалық шеберлігі жоғары, өзінің іс-тәжірибесін сын тұрғысынан қарастырып, іске асыра алатын және сабақтарында ғылыми жетістіктерді қолдана алатын құзыретті мұғалім қажет. Сондықтан әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, мектептің даму жоспарында ең негізгі бағыт болып саналады.