Материалдар / Мақала "Музыка өнерінің құдіреті"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала "Музыка өнерінің құдіреті"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіршілікті музыкасыз елестету мүмкін емес. Музыка – адам санасын еріксіз билеп алатын құдіретті күш. «Адамды адам еткен дыбыс», деген А. Сейдімбектің пайымдауына сүйенер болсақ, дыбыстан сөз және музыка құралады. Сөз сана арқылы қабылданады, ал, музыка бірден түпкі санаға өтеді.Санада ойлау операциялары жүргізіледі. Адам қандай да бір ақпаратты қабылдаған кезде оны талдайды, саралайды. Түпкі санада ойлау операциялары жүргізілмейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2022
1395
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Картбаев Нурлан Еркинович

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

51 гимназия КММ

музыка пәнінің мұғалімі



Музыка өнерінің құдіреті



Ойдың сарқылмас құдіретті көзі – музыка.Музыкалы тәрбиесіз ақыл-ойдың кемелдене дамуы мүмкін емес.

В. А. Сухомлинский



Тіршілікті музыкасыз елестету мүмкін емес. Музыка – адам санасын еріксіз билеп алатын құдіретті күш.

«Адамды адам еткен дыбыс», деген А. Сейдімбектің пайымдауына сүйенер болсақ, дыбыстан сөз және музыка құралады. Сөз сана арқылы қабылданады, ал, музыка бірден түпкі санаға өтеді.Санада ойлау операциялары жүргізіледі. Адам қандай да бір ақпаратты қабылдаған кезде оны талдайды, саралайды. Түпкі санада ойлау операциялары жүргізілмейді. Түпкі санаға өткен ақпарат адамды сол ақпараттың мазмұныны сай өзгертеді. Музыканың құдіреттілігі де осында. Музыка бірден түпкі санаға өтіп кететін болғандықтан да өте құдіретті күшке ие. Музыканың бұл қасиеті құпия емес, біздің дәуірімізге дейінгі уақытта өмір сүрген адамдардың өзі бұл құдіретті күшті шебер пайдалана білген.

Платонның пікірі бойынша, мемлекеттің күштілігі, құдіреттілігі – ондағы айтылатын ән ырғағы мен оның музыкалық ладына тікелей байланысты. Платон – мемлекеттегі адамгершілік әдепті, адамаралық қатынасты бұзудың ең сұрқия жолы - әдепті, арлы музыкадан ауытқу деп есептеді. Дарақы әуен мен ырғақтарды тыңдау арқылы адамдардың ішкі жан дүниесінде дарақылық, бұзақылық, азғындық орнығып бастау алады. Платон және оның ізбасарлары, музыка адамға мемлекеттік талап деңгейіне көтеріліуге сол қоғамның белсенді мүшесі ретінде сезінуіне көмектесетін болуы керек деп есептеген.

Музыканы адамды қоғамдық өмірмен үйлесімде дамуына ықпал жасаушы құрал ретінде пайдалануды Платоннан кейін Аристотель дамытты. Аристотель өз еңбектерінде мимесис жайындағы ілімін жасап шықты. Бұнда адамның ішкі жан-дүниесі жайында ашып көрсетті және оған өнердің көмегімен ықпал ету жайында айтылады. Аристотель мимесис теориясында катарсис тұжырымдамасын жасады. Бұл тұжырымдама бойынша ежелгі грек трагедиясында көрерменнің, тыңдаушының жандүниесінде зиянды аффектілерден босатылу жүріп отырған. Аристотелдің пікірі бойынша адам қандай да бір зиянды күйзеліске түсіп қиналғанда, оның жандүниесі қоғамдық өмірден ерекшеленіп жалғызсырайды. Ал терең сезіну процесін бастан өткізген жағдайда ол аффекті жағдайынан арылады, жандүниесі өзінің жеке жалғыздық күйінен жалпы қоғамдық деңгейге көтеріледі. Адам психикасын қалыптандырудың бұндай принципі бүгінгі күнге дейін сақталған. Бүгінгі таңда адамды адамгершілік, психикалық тұрғыда сауықтыратын әдістемелер көптеп саналады.

Аристотель адам психикасын музыкалық ладтардың қайсысы қай бағытқа өзгертетінін дәл жүйелеп баяндап берді. Бір ладтағы музыка адамды мүсәпір, бейшара күйге түсірсе, енді бір ладтағы музыка адамның делебесін қоздырады, еліртеді.

Антикалық еңбектерден музыканың адам психикасына ықпалы жайында баяндайтын оқыйғаларды көптеп-ақ кездестіре аламыз. Мысалы, Спартаның қатал, қатыгез патшаларының бірі Ликург, өз әскері үшін музыканы өзі шығарған және сол музыканы труба мен барабандардың үнінен тыңдап, қанығып әскери рухы ұшталмай әскерді соғыс алаңына еш уақытта шығармаған.

Белгілі грек философы Демокрит, жұқпалы ауру кезінде музыка тыңдауды ұсынған. Платон өз ауруларына дәрі-дәрмек бергенде, керемет дуалы ән тыңдау міндетті болған - олай етпеген жағдайда дәрінің әсері болмайды деп есептеген.

Ежелгі Қытайда музыка, тәрбиенің маңызды бір элементі болып саналған және міндетті түрде оқытылатын ғылымның саласына кірген.

Әбу Насыр әл-Фараби музыка туралы трактатында муыканың адамның жандүниесіне ықпалы, яғни жағымды немесе жағымсыз көңіл-күйді қалай тудыратыны, адамның сұлулық талғамы, яғни әсемдік пен ұсқынсыздықты, көріксіздікті бағалай алуы, музыканың адам организмін бір қалыпты күйге келтіруі жайлы сөз қозғайды, эстетикалық талғам мен этикалық түсініктің тығыз байланыстылығын айтады. Әбу Насыр әл-Фараби– «Бұл ғылым (музыка, ән), – өзінің байсалдылығынан айрылған адамды түзетуге, қызба адамды бірқалыпты ұстауға құдіреті әбден жетеді»деп жазды.

Бұл ақпараттар музыканың жәй ғана көркемдеуші ғана емес, одан әлде қайда жоғары, құдіретті күш екенін дәлелдейді.

Бүгінгі таңда бүкіл әлемдік танымалдыққа ие болған кино өнерінің жұлдызы Жерар Депардьенің бір кездерде кекеш және өзіне сенімді емес болғанын біреу білсе біреу білмейді. Оны осы аурудан музыкалық терапияның көмегімен емдеген белгілі психотерапевт, Альфред Томатис. Ж.Депардье «А. Томатиспен кездескенге дейін бірде-бір ойымды толық жеткізе алмаушы едім.Маған ол және Моцарт көмектесті», дейді. Бұл естеліктен психотерапевттің актерді Моцарттың шығармалары арқылы емдегенін байқаймыз.

Музыканың ғажайып құдіреті туралы көп мысалдар келтіре беруге болады. Мәселе, осы ғажайып өнерді білім беру жүйесінде біз қалай қолданып жүрміз? осы жөнінде болып отыр.

Бүгінгі таңда Платонның айтқанындай елімізге еш бөгетсіз ағылып кіріп жатқан дарақы музыкалар ұлттық санамызды улап бара жатқаны көз алдымызда өтіп жатыр. Бұл үдерісті тоқтату мүмкін емес. Бұл үдеріске қарсы тұру үшін, кезінде «Егер адамдардың бейбіт өмір сүргенін қаласаң, балалардан бастау керек», деп М.Ганди айтқандай мектепке ораламыз. Мектеп жасындағы балаларды бүгінгі техникалық прогресс жағдайында тыйым салу арқылы дарақы музыкадан бас тартқыза алмаймыз. «Ит – қорыған жерге өш», дегендей адамның табиғатындағы әуестік тыйым салған нәрсеге одан әрі күшейіп кетеді. Ұлттық санамызды шетелдік арсыз, дарақы музыкадан тазартудың, болмысымызды сақтаудың асыл жолы – ұлттық музыкамызды, өнерімізді мемлекеттік деңгейде дәріптеу, оның қолдану аясын перзентханадан бастап, жоғары оқу орындарына дейінгі аралықта қамти отырып кешенді бағдарлама әзірлеу деп есептейміз.

Мектептегі музыкалық тәрбиенің негізгі формасы – музыка сабағы. Музыка сабағында бағдарламада қарастырылған әндерді орындау, музыкалық шығармаларды тыңдау және мәтіндерді оқып мазмұнын түсіну жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген. Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген 5, 6 сыныптарға арналғанмузыка пәнінің оқу бағдарламасында пәнді меңгеру нәтижесінде оқушы халықтық және әлемдік мәдениеттің мұраларын меңгерген және өмірлік тәжірибеде қолдана білетін, рухани толысқан тұлға ретінде қалыптасады делінген. Ал,пәннің оқыту мақсаты: «1) білім алушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру;2) тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту;3) әлемдік музыкалық бейнелерді меңгеру.» деп көрсетілген.

Жоғарыда көрсетілгендей рухани толысқан тұлғаны қалыптастыруға бағдарламаның пәрмені жетпейді. Ол осы бағдарламаны жүзеге асырушы мұғалімнің рухани және кәсіби деңгейіне тікелей байланысты. Сол себепті музыка пәнінің мұғалімдерін дайындау барысында оның музыкалық психологияны терең меңгеруі назардан тыс қалмауы керек.

«Қаз болам деген қарға оңбайды, қарға болам деген қаз да оңбайды» деп, бұрынғы дана бабаларымыз текке айтпаса керек. Бүгінгі қарқыны күшті жаһандану үдерісінің соққысына төтеп беріп, өз болмысымызды сақтап, әлемдік өркениетте өз орнымызды алу үшін ұлттық музыкамызды ұлықтап, оның құдіретті күшін ұлттық рухымызды біріктіріп, болмысымызды сақтап, тұтастығымызды нығайту жолынды пайдаланудың барлық амалдарын жасауымыз керек.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!