Ойыңды өзгерт! Табысқа
жет!
Бүгінгі мақаламда сіздермен
түрік жазушысы Мұхаммед Боздагтың «Ойыңды өзгерт! Табысқа жет!»
атты кітабынан алынған тың идеялармен бөліскім келіп отыр. Бұл
кітап маған яғни менің өміріме тың өзгерістер әкелді деуге
болады.
Кітап аты айтып тұрғандай
әрбір істің бастамасы ойдан бастау алатынын, ойымызды өзгертпейінше
өміріміз өзгермейтінін атап өткен.
Бұл кітап әрбір студент
жастардың, жеткіншектердің, столында тұруы
тиіс!
Сонымен кітап мазмұны 10
бөлімнен тұрады.
Бастама
Ой өрісіңді дамыту, ойыңды
шыңдау. Адам ойламайтынды ойлап табу.
Табысқа жетудің бірден –бір
жолы ойлай білуде . Жұмысыңды жақсарту үшін, ойыңды жан-жақты
дамыт! Адамның ойлау жүйесіне жасаған өзгерісі , оның өміріне
жасаған өзгерісі. Ой өзгермей өмірде өзгермейді. Басқа адамдар
бізді өзгертеді десек өміріміз өтіп кетеді. Ой сананы шектеу,
іс-әрекетіңді шектеу болып табылады. Арманың мен мақсатың болмаса
өмір сүру жағдайың да төмендей бастайды. Осы бөлімнен еркін ойлай
білуді үйренесіз. Бұрын соңды , ешкімнің ойында болмаған тың
дүниелерді , жан-жақты ойлай білуді
үйренесіз!
-
Тақырыптың
маңыздылығы
Ойлай білу жетістіктің
бастамасы. Қандай бір-іс әрекет қандайда бір ойдан бастау алады.
Сіздің ойыңыздың арқасында ісіңіз алға басып, арманыңыздағыдай өмір
сүре бастайсыз!
-
Әрбір іс ойлаудан
басталады.
Әрекет ең алдымен адамның
ойынан туындайды. Егер сен болашағыңның жарқын болуына қазірден
бастап көңіл бөлсең яғни болашағың жайлы ойлай бастасаң , қазірден
бастап, аз-аздан ойыңды жүзеге асатындай, жоспар жасай
білу. Армандарыңның бәрі
орындалмауы мүмкін, бірақ мүлдем армансыз болу ол нағыз ақымақтың
әрекеті.
Біздің ой санамызды жаулаған
әрбір ой уақыт өте келе айқындала түседі. Бұл ойың сенің жұмысыңа
әсер етіп, өмірді әсерлендіре түседі. Сондықтан атқарған жұмысың,
жасаған жетістіктерің, сенің таңдауың бір кездері біздің санамызды
жаулаған ойдың нәтижесі деп айтуға болады. Зүбэер Гүндүзалптың
айтқанындай «Адамның ойы қандай болса, өзі сондай.» Шындығында
тұрмысы бірқалыпты адамның ойы да бірқалыпты. Бұл сол адамның ой
санасының деңгейіне еш қатысы жоқ, қайта армандай білу, ойлай
білуінде. Ой санаң қаншалықты армандай білсе , сен соншалықты өсіп
өркендеп, өзіңді жетілдіре аласың.Сен өмірде қаншалықты байлыққа ие
болғың келеді , соның барлығы сенің ойыңнан туындайды. Жетістікке
жету туралы жазылған кітаптың барлығында «Ой сананың күші», «Мидың
әсері», «Ойлай білу» тағы басқа сөздің мағынасын түсіндіргенде
«жоқтан бар жасай білу» деген.
-
Сіз ойлау жүйеңізді өзгерту
арқылы дами бастайсыз.
Біздің ой санамыз әрбір
ісәрекетіміздің бастауы. Әрекетімізден әдетіміз анықталады. Ал
әдетімізден жеке адами қасиетіміз мінез құлқымыз анықталады.
Әдетіміз біздің келешегімізді жасайтын негізгі күш болып табылады.
Сондықтан бүгіннен бастап, мүлде ойламаған нәрсені ойлай бастау
керек. Біз болашағымызды өзіміз таңдауға толық құқымыз бар. Адам
өмірінің соңына дейін неге қол жеткізгісі келсе , соған қолы
жетеді. Өрмелелеп бара жатқан сатының соңында неге жететініңді
білетін боласын. Әрбір іс терең ойдан басталады. Осы уақытқа дейін
мүлдем ойламағанды ойлай бастау керек. Давид. Ж.Шварц « Ұлы
армандаудың ғажайыбы» деген кітапбында бір қызықты тәжірибе
жасаған. АҚШ-нда ірі компанияларға 10 мың доллар жалақыға өтініш
берген адамнан 50мың доллар жалақысы бар жұмысқа орналасуға өтініш
берген адам саны 50-250 есе аз болған. Көп адамдар аз жалақысы бар
жұмысқа өтініш береді. Оның себебі анық: Біз өзімізді өте төмен
бағалағандықтан, үлкен жұмыстан бастап кетуден қорыққандықтан;
Бүркіт бізден биік пе? Сіз жұмысқа кірерде қандай міндет атқарамын
– деп ойлайсыз? Көп адамдар жұмыс болса болды- деп ойлайды. Жалпы
адамдар жоғарғы жұмысты атқара алмаймын деп – ойлайды. Адамдар неге
өз іс әрекетіне , қабілетіне сенімсіздікпен қарайды? Өмір бойы
біреудің қыспағында болатынын біле тұра , мемлекеттік мекемелерге
қызмет атқаруға тырысады, ұзақ жылдар бойы сынақтан өтім, емтихан
тапсырады. Пара беріп, қызметін жоғарлатады. Оның орнына жеке
компанияның басшысы болу үшін қабілетін жетілдіруге бір күнін
арнамайды. Қазіргі кездегі бай қуатты адамдардың өмірі мен
өмірбаянына көз жүгіртсек олардың көбісі қалтасында соқыр тиыны
болмасада жігері мен қайратының арқасында өмірге деген көзқарасы
ойлай білуінің арқасында жетістікке жеткенін аңғарамыз. Басқа
адамдар ұйқыда жатқанда олар не істеу керек? Арманына қалай жету
керек? Оны қалай іске асыру керек? т.б ойлармен ұйқысыз таңды
атыратын болаған. Олардың ойы нәпсі құмарлық емес, жасаған
іс-әрекеті жайында болған. Ешкімнің жасамағанын жасап шығару,
ешкімнің ойына кірмеген нәрсені ойлап табу
болған. «Адам нені қанша қаласа
, сонша алады». Алла тағала: «Менен сұра қалағаныңша ал, ал
қаламасаң қалай бағалайын?» деген.
Үлкен ізденіс болмайынша
ұлы іс, жаңалық ашу болмайды. Ұлы адамдар әрбір минут секунт сайын
өз іс-әрекетін бақылай отырып, жетістікке жеткен ........ ( жалғасы
бар).